Атмосфераға тасталатын шығарындылар
КПО сияқты өнеркәсіптік мекемелердің қызметі зиянды заттардың атмосфераға тасталуымен әрдайым байланысты болады. Уытты заттардың қоршаған ортада үлкен көлемде шоғырлануы экологиялық тепе-теңдіктің нашарлауына әкеледі. Компанияның бұл тұстағы мақсаты – өзінің қызметінен туындаған теріс әсерді барынша азайту
КПО атмосфераға тасталатын шығарындыларын қоршаған ортаға ластаушы заттар эмиссиясы рұқсатында белгіленген шектеулер негізінде басқарады. Шығарындылардың негізгі көлемі отын газының газтурбиналық қондырғыларында, қазандарда, технологиялық пештер мен компрессорларда, сондай-ақ газ бен сұйықтықтарды алауларда жағу барысында пайда болады.
28-кесте. Қоршаған ортаны қорғаудағы міндеттеріміз
2020 жылға біздің міндеттеріміз |
Орындалуы |
2020 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2021 жылға арналған міндеттер |
АУАҒА ТАСТАЛАТЫН ШЫҒАРЫНДЫЛАР ЖӘНЕ ПАРНИКТІК ГАЗДАР |
|||
Парниктік газдардың салыстырмалы шығарындылар көрсеткішін көмірсутектерді өндірудің бір мың тоннасына шаққанда 67 тонна СО2 көрсеткішінен асырмау |
Орындалды |
парниктік газдар меншікті шығарындылар көрсеткіші өндірілген көмірсутектердің бір мың тоннасына шаққандағы 62 тонна СО2 құрады |
ПГ салыстырмалы шығарындылар көрсеткішін өндірілген көмірсутектердің бір мың тоннасына шаққандағы 67 тонна СО2 көрсеткішінен асырмау. |
Парниктік газдар шығарындылар көрсеткішін СО2 285 мың тоннасына азайту |
88 %-ы орындалды |
Парниктік газдар шығарындылары СО2 251 мың тоннаcына азайтылды. Карантин себебінен 3 тоқсаннан бастап ұңғымалардағы жұмыстардың тоқтауына байланысты жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу мүмкін болмады |
|
Өндіріс шығынын 3,82 %-дан асырмау |
Орындалды |
Өндіріс шығыны 3,61 %-дан асқан жоқ |
Өндіріс шығынын 3,82 %-дан асырмау |
2020 жылы атмосфераға шығарындылардың жалпы көлемі 7 591 тоннаны құрады, яғни өткен жылғы көлем деңгейінде қалды. 29-кестеде 2018–2020 жылдардағы КПО-ға рұқсат етілген және нақты шығарындылары туралы ақпарат берілген.
29-кесте. Ластағыш заттар шығарындыларының рұқсат етілген және нақты көлемі, 2018–2020 жж.
Ластағыш заттар шығарындыларының жылдық көлемі, тоннамен: |
2018 |
2019 |
2020 |
ЛЗ эмиссияларына рұқсат бойынша |
19 986 |
18 544 |
17 527 |
Нақты, оның ішінде: |
7 759 |
7 597 |
7 591 |
Азот оксиді |
1 931 |
1 636 |
1 637 |
Күкірт диоксиді |
3 138 |
3 281 |
3 315 |
Көмірқышқыл оксиді |
1 249 |
1 205 |
1 145 |
Ұшпа органикалық қоспалар |
1 315 |
1 329 |
1 352 |
Күкіртсутегі |
3 |
3 |
3 |
Қатты бөлшектер |
65 |
80 |
74 |
Басқалары |
58 |
63 |
65 |
Ескерту: Шығарындылар көлемі туралы деректер «2-ТП Ауа» статистикалық есептерінің деректеріне сәйкес берілген
КПО-дағы ластаушы заттар шығарындыларын есептеу шығарындылар нормативтерінің жобасында айқындалған және ҚР-да қолдануға ұсынылған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады.
17-сызбада атмосфераны ластаудың негізгі көздері бойынша ЛЗ шығарындылары көрсетілген.
17-сызба. Атмосфераны ластаудың негізгі көздері бойынша 2020 жылға КПО-ның ластағыш заттар шығарындыларының жіктелуі
2020 жылы өндіру бірлігіне шаққандағы үлестік шығарындылар өндірілген көмірсутек шикізатының бір мың тоннасына 0,26 тоннаны құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы меншікті шығарындылардың төмендеуі ЖЖЖ болмауына және газ айдау көлемінің ұлғаюына байланысты өндіру көлемінің өсуімен негізделген.
18-сызба. 2018–2020 жж. көмірсутек шикізатын өндіру және ластауыш заттар шығарындыларының көлемі
ГАЗДЫ АЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДА ЖАҒУ
2020 жылы газды алауларда жағудың жалпы көлемі өндірген жалпы газ көлемінің 0,08 % (2019 ж. 0,09 %-ын) немесе өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққанда 0,47 тоннаны құрады. Артық газды өртеу нәтижесінде шығарындылардың мұндай елеусіз қарқындылығы бір мың тоннаға 10,6 тонна орташа әлемдік өнеркәсіптік көрсеткішпен және мың тоннаға 5,5 тонна12 орташа еуропалық көрсеткішпен салыстырғанда өндірістік көрсеткіштердің жоғары деңгейін көрсетеді, деп хабарлайды IOGP 2019 жылғы есебінде. 2019 жылмен салыстырғанда газ жағу көлемінің азаюы 2020 жылы толық ЖЖЖ болмауына байланысты.
2020 жылы КПО жоғары көлемді газ үлесі бар сұйықтықты айдау үшін (HVGF) сорғыларды қолданды. Аталмыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану нәтижесінде ұңғымаларды игеру барысында өндірілген көлемнің 93 %-на тең болатын сұйықтықтың 26 мың тоннасы жағылмады. Ұңғымаларды игеру кезіндегі газды жағу көлемі 15 млн м3 (немесе үңғымаларды игеру барысында өндірілген көлемнің 49 %-на тең) азайды.
Газды кәдеге жарату
2020 жылы КПО газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,92 %-ды (2019 жылы 99,91 %-ды) құрады. Бұл ретте ілеспе газды өңдеуді дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасы шеңберінде ҚР уәкілетті органы бекіткен нысаналы көрсеткіш 99,58 %-ды құрайды.
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары
КПО-дағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі. КПО шығарындылардың меншікті коэффициенттері (бенчмарк) негізінде 2018–2020 жылдарға арналған көлемі 6 927 159 тонна болатын парниктік газдар (СО2) шығарындыларына квота алды. 2018–2020 жылдары жалпы нақты шығарындылар көлемі СО2 5 242 018 тоннасын, яғни алынған квотадағы көрсеткіштің 76 %-ын құрады.
ПГ шығарындыларын есепке алу көміртек диоксиді (СО2), метан (СН4) және азоттың шала тотығы (N2O) бойынша есептеу әдісімен мекеме қызметі туралы мәліметтер (жанармай шығысы және жанармай құрамы бойынша зертханалық мәліметтер) негізінде жүргізіледі.
2020 жылғы ПГ шығарындыларын түгендеу туралы верификацияланған есепке сәйкес ПГ шығарындыларының жалпы көлемі СО2 эквивалентінде 1 821 604 тоннаны құрады, оның ішінде СО2 үлесіне СО2-экв 1 800 774 тонна келеді. (98,9 %), СО2-экв-да CH4 – 11 993 тонна үлесіне (0,6 %), СО2-экв-да N2O – 8 837 тонн үлесіне (0,5 %).
ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы туралы ақпарат 30-кестеде келтірілген. 2020 жылы ПГ шығарындыларының (2,6 %-ға) сәл азаюы 2019 жылмен салыстырғанда, 11-тәжірибе үлгісінде сипатталғандай, ұйымдастырылмаған шығарындыларды есепке алу әдіснамасының өзгеруіне байланысты болды.
19-сызба. Жағылған ілеспе газ көлемі, 2018–2020 жж. (млн м3)
20-сызба. Газды кәдеге жарату және жағу, 2020 ж.
12 Деректер көзі – Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жылдық есептері – «Қоршаған орта қызметінің көрсеткіштері – 2018».
30-кесте. КПО өндірістік қызметінің салдарынан ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы, 2018–2020 жж.
Парникті газ шығарындыларының жалпы көлемі (СО2 эквивалентінде, тоннамен) |
|||||
Отынды алаулар мен инсинераторларда жағудан |
Отынды тұрақты көздерде жағудан |
Ұйымдастырылмаған шығарындылар* |
2020 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
2019 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
2018 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
141 954 |
1 670 399 |
9 251 |
1 821 604 |
1 870 324 |
1 893 447 |
* ҚР Геология, Экология және Табиғи Ресурстар Министрлігі түгендеу мақсатында қолдануға рұқсат етілген ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдар шығарындыларын есептеудің жеке әдістемесін қолдануды ескере отырып алғанда. |
Парниктік газдардың меншікті шығарындылары
2017 жылы өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындылары 62 тонна СО2 құрады, бұл – өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындыларын 64 тонна СО2 асырмау көрсеткішін сақтау бойынша мақсаттарға толықтай сәйкес келеді.
21-сызбада КПО ПГ меншікті шығарындылар динамикасы Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығымен берілген меншікті шығарындылар көрсеткіштері салыстырылған. КПО ПГ нақты меншікті шығарындылар деңгейі еуропалық көрсеткіштер деңгейінен 23 %-ға, ал халықаралық көрсеткіштер деңгейінен 52 %-ға төмен болды.
Парниктік газдар шығарындылар көлемін азайту
ПГ (СО2) шығарындыларының көлемін жоспарлы азайту аясында, КПО 2020 жылы өндірісті оңтайландыру және қуат тиімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру арқылы ПГ тікелей шығарындыларын 285 тоннаға азайту мақсатын қойды.
ПГ шығарындылар көлемінің нақты азаюы 31-кестеде белгіленген алты жобаны іске асыру нәтижесінде жоспарланған көрсеткіштен 88 %-ға асты. 2020 жылғы 3 тоқсаннан бастап енгізілген карантинге байланысты, ұңғымалық операцияларға шектеулерге байланысты нысаналы көрсеткішке қол жеткізілген жоқ.
21-сызба. Көмірсутек шикізаты өндірісінің бірлігіне шаққанда ПГ меншікті шығарындыларының динамикасы*
Деректер көзі ретінде IOGP Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының «Экологиялық тиімділік көрсеткіштері – 2018 жылғы деректер» атты жыл сайынғы есептері пайдаланылды. Салыстыру үшін 2019 жылы 2018 жылғы деректер пайдаланылды, өйткені 2019 жылғы IOGP есебі осы басылымды дайындау кезінде әлі басылып шығарылмаған
31-кесте. 2020 жылғы ПГ шығарындыларын азайту шаралары
№ |
Шаралар |
Шығарындыларды азайту, мың тонна/жыл |
Орындалу % |
|
Жоспар |
Іс жүзінде |
|||
1 |
Ұңғымаларды тазалау кезінде жоғары қысымды сепараторды пайдалану* |
219 |
10 |
5 % |
2 |
Ұңғымаларды тазалау кезінде жоғары қысымды сорғыны пайдалану |
9 |
0,4 |
4 % |
3 |
Қабатқа әсер ету мақсатында көмірсутек негізіндегі сұйықтықтарды қолдану |
10 |
11,5 |
120 % |
4 |
Жоғары көлемді газ үлесі бар сұйықтықты айдау үшін (HVGF) сорғыларын пайдалану |
6 |
108,6 |
1817 % |
5 |
ҚӨК алау коллекторлары клапандарын жөндеу |
19 |
26 |
137 % |
6 |
4-технологиялық желідегі бу шығынын есептегіш жұмысын реттеу |
10 |
21,6 |
220 % |
7 |
ГКДҚ-2 турбо компрессорларының құбырлық байланыстарын жетілдіру |
13 |
73,1 |
562 % |
|
Барлығы: |
286 |
251,2 |
88 % |
*ПГ шығарындыларын азайтудың 2020 жылға арналған мақсаты КВИ карантиндік шектеулеріне байланысты толық көлемде орындалмады; жоғары қысымды сепараторды пайдалану жөніндегі іс-шара жоспарланған он бір ұңғыманың орнына тек № 9870 ұңғымасында қолданылды.
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 11
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛМАҒАН КӨЗДЕРДЕН ПАРНИКТІК ГАЗДАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІН ДАЙЫНДАУ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
2015–2019 жылдар аралығындағы кезеңде ұйымдастырылмаған көздерден ПГ шығарындыларына мониторинг бойынша жүргізілген науқан нәтижелері негізінде ПГ (метан) нақты шығарындыларының көлемі газды өндіру, тасымалдау және сақтау нысандарында атмосфераға ПГ шығарындыларын есептеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес есептелген ПГ көлемінен әлдеқайда төмен (93 %-ға) екені анықталды. ҚР Экологиялық Кодексінің 94-11 бабын және ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО 14064-1-2010 Ережесін басшылыққа ала отырып, КПО мониторинг нәтижелерін пайдалануға және сол арқылы Қарашығанақ кен орнының нысандарында ұйымдастырылмаған шығарындылар көздерінен ПГ шығарындыларын есептеу кезінде белгісіздікті азайтуға мүмкіндік беретін өз әдістемесін дайындау туралы шешім қабылдады.
Мақсаты:
Жеке әдістеме келесі мақсаттар үшін қажет:
- Скрининг және мониторинг деректеріне сәйкес ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдардың нақты шығарындыларын неғұрлым жоғары деңгейде есептеу үшін,
- ҚМГКК өндірістік нысандарында парниктік газдар шығарындыларын жыл сайынғы түгендеу кезінде қолдану үшін.
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
Меншікті жинақталған материалдарды ескере отырып және EPA-453/R-95-017 басшылығының ережелері негізінде Компанияның қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін әзірлеу және енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді:
- АҚШ-тың (EPA-453 / R-95-017) қоршаған ортаны қорғау агенттігі шығарған жабдықтағы ағып кетуді бағалау жөніндегі нұсқаулықтың материалдары зерттелді.
- Ұйымдастырылмаған шығарындыларды мониторингілеу жөнінде ішкі процедуралар және ұйымдастырылмаған көздерден шығарындыларды есептеу нұсқаулығы дайындалды.
- ҚӨК, ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3 нысандарында ұйымдастырылмаған шығарындылардың скринингі мен мониторингінің нәтижелері зерттелді.
Жаңа әдістемені Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарашығанақ кен орнының өндірістік нысандарында парниктік газдар шығарындыларын түгендеу кезінде пайдалану үшін мақұлдады.
Нәтижесі:
- Жаңа әдістеме Компанияға ҚМГКК көздерінен ұйымдастырылмаған парниктік газдар шығарындыларының (метанның) шынайы деректерін алуға мүмкіндік береді;
- Әдістеме 2020 жылға ПГ шығарындыларын түгендеу кезінде қолданылды. 2020 жылғы түгендеу туралы есепке сәйкес осы әдістемені қолдану КПО ПГ жалпы есептік шығарындыларын СО2 эквивалентінде кемінде 150 мың тоннаға немесе 8 %-ға азайтуға мүмкіндік берді.