Жеткізілімдерді ұйымдастыру
КПО өз қызметін этикалық нормаларға және барлық тиісті заңдар мен ережелерге сәйкес жүргізуге міндеттенеді. Сондықтан КПО жоғары стандарттарды ұстанатын, сондай-ақ жеке және өндірістік қауіпсіздікті, этика мен нормаларды сақтауға және орнықты өсуге қатысты міндеттемелерді көрсететін жеткізушілермен және мердігерлермен шарттық қарым-қатынас жасасады. Осы іргелі қағидаттарымыз келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін келісімшартық жұмыс және сатып алу процесінің әр кезеңіне енгізіледі және бағаланады.
2020 жылы КПО жеткізушілермен және мердігерлермен 500-ден астам келісімшарт және келісімшартқа қосымшалар жасасты, оның ішінде 80 %-ы жергілікті кәсіпорындар.
26-сызба. 2017–2020 жж. КПО жеткізушілері және мердігерлері
27-сызба. 2017–2020 жж. келісімшарттар мен келісімшарттарға қосымшалар құны (АҚШ долл.)
2020 жылы КПО тауарларды жеткізу бойынша құны шамамен 180 млн АҚШ долларын құрайтын 800-ге жуық келісімшарттар мен келісімшарттарға қосымшаларға және қызметтер көрсету бойынша құны шамамен 880 млн АҚШ доллары болатын 700-ге жуық келісімшарттар мен келісімшарттарға қосымшаларға қол қойды.
Біз келісімшарттар мен сатып алу қызметтерін заңнамаға және Қарашығанақтың басқару бойынша бірлескен комитетінің Қарашығанақ жобасы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды реттейтін тендерлік процедураларына сәйкес жүргіземіз.
2020 жылдың сәуірінде КПО «Жаңа тендерлік процедураларды» қабылдады. Процедуралар электрондық құжаттармен алмасу мен оларды өңдеуге, соның ішінде тендер құжаттарын қабылдау мен оларды бағалауға мүмкіндік берді. Бұл әрекет, өз кезегінде, COVID-19 пандемиясы кезіндегі әлеуметтік арақашықтық сақтау мен онлайн жұмысқа көшумен байланысты мәселелерді шешті. Тендерлік процедуралардың жаңа нұсқасында ерте тендерлер, сынақ тапсырыстары, инвестициялар үшін келісімшарт ұсыну, конкурстық өтінімдерді шартты төмендету және тек қана қазақстандық компаниялар қатысатын тендерлер арқылы тауарларды Қазақстан Республикасында өндіруді, оның ішінде жергілікті қамтуды дамытуға да басты көңіл қойылады.
Жергілікті ықтимал мердігерлер мен жеткізушілердің бәсекелестікке қабілеттіліктерін арттыруға көмектесу үшін және осындай компаниялар үшін тендерге қатысу құқығынан айыру тәуекелдерін азайту үшін КПО тендер алдындағы әрекеттесудің құрылымданған сессияларын өткізуге баса назар аударды. Осы сессияларда тендерлерге қатысушыларға КПО тендерлік талаптарының нақты түсіндірмелері, сондай-ақ бұл саладағы сабақ болған жағдайлар ақпарат беріледі.
КПО компаниясы «Атамекен», «KazService» және мұнай-газ секторының басқа да ұйымдарымен және қауымдастықтарымен өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Көптеген сан алуан мүмкіндіктерді пайдалана отырып, КПО өз талаптарын жергілікті нарық қатысушыларына белсенді түрде ұсынып отырады. Компания осы жергілікті нарық қатысушыларының дамуын және өсуін қолдап, соның ішінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді халықаралық деңгейде танымал және тәжірибелі жеткізушілерімен ынтымақтастық құру арқылы барынша ынталандырады. Жергілікті қамту бойынша мақсаттарға қол жеткізу КПО-ның Қазақстан Республикасы алдындағы маңызды міндеттемесі болып табылады және КПО оны анық түсінеді.
Қызметін ашық және айқын тәртіпте жүргізетін оператор ретінде КПО сатып алу бойынша өз жоспарларын https://kpo.kz/kz/zhetkizushilerge/kelisimshart-zhospary парағында жыл сайын жариялап отырады.
КПО тендерлеріне қатысуға мүдделі ықтимал жеткізушілерге КПО жеткізушілер дерекқорында (толығырақ https://kpo.kz/kz/ КПО вебсайтында) тіркеліп, өздері туралы ақпаратты жаңартып отыру, немесе Қазақстанның «АЛАШ» біріңғай жеткізушілер дерекқорында тікелей тіркелу ұсынылады. Сонымен қатар КПО ресурстарды іздеу стратегиясына енгізілу үшін ықтимал жеткізушілерге өздерінің біліктілігі мен тиісті жұмыс тәжірибесі туралы сенімді ақпарат беру маңызды.