Жергілікті қамтуды дамыту
КПО-ның Қарашығанақ жобасындағы «Жергілікті қамту саясатына» сәйкес, 2001 жылдан бері КПО жергілікті қамтуды дамытудың екі жылдық бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырып келеді.
2020–2021 жылдарға арналған бағадарламаның мақсаттары ҚР машина жасауды дамыту, индустриализациялау және цифрландыру бойынша мемлекеттік бастамаларымен сәйкес келеді. Бұл бағдарлама жегілікті қамтуды дамытуға қатысты мақсаттық салаларды, сонымен қатар қызметті қадағалау және тиімділігн бағалау үшін негізгі көрсеткіштерді анықтайды.
КПО-ның жергілікті қамтуды дамытудағы бастамалары келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызды:
- Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесі 2020 жылы 59,3 %-ды құрады (586,7 млн АҚШ долларына тең);
- Сатып алудың жалпы көлемінің 33 %-ын (оның ішінде жергілікті қамту СТ-КЗ15 бойынша 16,2 %-ды құрайды) құрайтын Қазақстанда өндірілген тауарлар 45,5 млн АҚШ долларына сатылып алынды.
28-сызба. КПО сатып алудың жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014–2020 жж.
КПО Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алу бойынша жергілікті қамту үлесінің көбеюіне ерекше көңіл бөледі. Жалпы көрсеткіштердің тұрақты түрде ұлғаюына 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан өндірісті жергіліктендіру шаралары есебінен қол жеткізіледі.
2020 жылы Қарашығанақ жобасына қажетті жылу алмастырғыш, механикалық бөлшектер, тетіктер, баллондарды сақтауға арналған контейнерлер, қырғышты жіберу/қабылдау қондырғысына арналған қосалқы бөлшектер, ауа арқылы салқындатқыштар, каустик сақтауға арналған ыдыстар, компрессор сепараторлары, еңіс пластиналы сепараторлар мен флотацияға арналған ыдыстар секілді тауарларды ҚР-да шығаруға жалпы сомасы 4,3 млн АҚШ долларын құрайтын 20 келісімшартқа қол қойылды. «Қазақстандық тендерлерді» өткізу жергілікті өндірушілер мен жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. 2020 жылы КПО жалпы сомасы 399 млн АҚШ долларын құрайтын 35 қазақстандық тендерді тек қана жергілікті компаниялар арасында өткізді. Нәтижесінде, КПО жалпы құны 1,7 млн АҚШ долларын құрайтын 10 келісімшартты жергілікті компанияларға берді. Қалған келісімшарт бойынша тендерлер жалғасуда.
1997 жылы «ӨБТК-ға» қол қойылғаннан бастап 2020 жылдың аяғына дейін тауарлар сатып алу, жұмыстар мен қызметтер көрсетудегі жергілікті қамтудың жиынтық үлесі 8,2 млрд АҚШ долларынан асты.
КПО өзі орналасқан аймақтың, яғни Батыс Қазақстан обылысы өндірушілерінің тұрақты дамуына мақсатты түрде өз үлесін қосып келеді. Мұнай және газ өнеркәсібіне арналған машина жасауды дамыту бойынша «Ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік меморандумы» аясында КПО «БҚО мұнай-газ өнеркәсібіне машина жасау» кластеріне қатысушы кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп және оларды тауарларды жеткізуге, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған тендерлерде нарықты зерттеуге қатысуға тұрақты түрде шақырады.
Жасасқан келісімшарттар нәтижелерінде 2020 жылы КПО Батыс Қазақстан обылысы кәсіпорындарына тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізу үшін 318,8 млн АҚШ долларын төледі, мұндағы жергілікті қамту үлесі 226 млн АҚШ долларын немесе 70,9 %-ды құрады.
15 Тауардың Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе қайта өңделгенін растайтын сертификат. Бұл сертификат Қазақстан аумағында қолдану үшін арналған, мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында немесе Мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде айналысқа арналған.
Жергілікті жеткізушілердің әлеуетін дамыту
Бәсекеге қабілетті жергілікті жеткізушілерді тарту мүмкіндігі жергіліктендіруге бағытталған бастамаларды сәтті жүзеге асыруда анықтаушы фактор болып табылады.
2020 жылы 160-тан астам тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші қазақстандық компаниялар, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдері Компания өткізген шаралар мен тренингтарға жұмылдырылды.
2020 жылы КПО Батыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған бизнесті басқаруда және әртараптындырудағы басты біліктіліктерін дамытуға арналған сынақтық бағдарламаны іске қосты. КПО мен Бөрлі ауданы әкімдігінің бірлескен бастамасы аясында, қызмет түрлері тікелей мұнай және газ өнеркәсібіне қатысты емес 146 шағын және орта бизнес субъектілерінің 150 өкілдеріне мамандандырылған онлайн-семинарлар өткізілді.
Қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, 2020 жылы КПО кезекті «ASME» және «API» халықаралық стандарттары бойынша сертификаттау бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Бағдарламаға қатысу үшін сегіз жергілікті өндіруші таңдалып алынды, олардың ішінен «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мен «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ-ы біліктілік іріктеуден сәтті өтіп, 2021 жылы «ASME» және «API» бойынша сертификаттауды күтуде.
КПО және «Дүниежүзілік банк» пен ҚР Үкіметі жергілікті компанияларды дамыту мәселелері бойынша кеңесші ретінде бекіткен «Euroconsultants S.A.» компаниясының ынтымақтастығының нәтижесінде, 17 қазақстандық компания ISO 14001, 18001, 9001, 45001 стандарттары бойынша сертификаттаудан өтті.
Жергілікті қамту мәселелері бойынша өзара әрекеттесу
Жергілікті өндірісті дамытуға инвестиция тарту үшін, КПО Ұлыбританияның халықаралық сауда департаментімен біріккен жұмысын жалғастыруда. Өзара әрекеттесудің мақсаты, біріккен кәсіпорындар ашу үшін және қазақстандық компанияларға технологияны табыстауға жәрдемдесу үшін халықаралық компаниялармен қарым-қатынас орнату болып табылады.
2020 жылы 13 қарашада КПО шетел инвесторлары кеңесі жанындағы энергетика мәселелері жөніндегі британ-қазақстандық жұмыс тобының онлайн мәжілісіне қатысты, мәжіліс барысында нарықтың ағымдағы жағдайының әсері, ғаламдық пандемия мен Қазақстанның ДСҰ-на мүшелігі, сонымен қатар, ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару мәселелері) аспектілері және Қарашығанақ кенорынының тұрақты дамуы саласындағы басымдылықтарды жүзеге асыру үшін жергілікті қамту бойынша талаптарға шолу талқыланды.
2020 жыл бойына Компания мұнай газ саласындағы жергілікті қызметтер жеткізушілеріне қолдау көрсету бойынша Энергетика Министрлігінің, «KazService» және «Petrocouncil» қауымдастықтарының онлайн мәжілістеріне қатысты, сонымен қатар тендерлік процедураларға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, тендер үдерісін түсіндіру бойынша вебинар өткізді.
Ұзақ мерзімді басымдықтар
2020 жылы КПО, «PSA» ЖШС-і және «KAZENERGY» қауымдастығы арасында қол қойылған «Отандық өнеркәсіпті дамыту бойынша өзара түсіністік меморандумы» аясында және ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС-і және КПО арасында қол қойылған «Бірегей жабдықтарды өндірушілерінің тауарларын Қазақстанда өндіру бойынша өзара түсіністік меморандумы» аясында бекітілген ұзақ мерзімді бастамаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырды.
2020 жылдың қараша айында ҚР-ның Индустрия мен инфраструктуралық даму министрлігі, ҚР-ның Энергетика министрлігі, Қазақстан машина жасаушыларының одағы мен үш ірі операторлар КПО, «Тенгизшевройл» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» арасында «Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын» ашу жөніндегі ниет туралы келісімге қол қойылды. Халықаралық орталық үш оператордың атынан қызмет атқарып, отандық мұнай және газ саласындағы машина жасауды дамытуға қатысып жүрген министрліктермен, «PSA» ЖШС-і өкілетті органымен және мұнай және машина жасау қауымдастықтарымен тығыз қарым қатынаста болады.
Бұрын қол қойылған жергіліктендіруге қатысты өзара түсіністік туралы меморандум аясында, КПО 2020 жылы бірегей жабдықтарды өндірушілерімен бірге жол карталарын құрау жұмыстарын жалғастырды. Ел аумағында шығарылуы ықтимал тауарлар мен қосалқы бөлшектер санаттары, жүзеге асыру мерзімі және ҚР-да шығарылатын есепті көлемдері анықталды. 2020 жылдың аяғында «Бейкер Хьюз», «Ханивел», «энВент» және «Стюарт Бучанан» компанияларымен бірлесіп жол карталарына қол қойылды.