Бас
директордың
алғысөзі

Джанкарло РуюКПО бас директоры

Құрметті оқырмандар,

2020 жылғы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Қазақстандық филиалының тұрақты даму туралы есебін назарларыңызға ұсыну мен үшін үлкен құрмет.

Мен KПО-ға жақында қосылғаныма қарамастан, Компанияның көптеген жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан тұрақты даму саласындағы қызметі маған үлкен әсер тигізді. COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жыл барлығымыз үшін күтпеген тәжірибе болды, өйткені ол жалпы қоғамға, салаға және Компаниямызға үлкен өзгерістер тудырды. KПО компаниясы дағдарысты меңгеріп, оны ерте кезеңдерде жеңе алды, сонымен қатар тұрақты даму саласындағы жетістіктерді қоса алғанда, өндірістік көрсеткіштерін де жоғары деңгейде сақтай алғанын мақтанышпен айта алмын.

2020 жылғы жетістіктердің ішінде Компанияның көптеген салаларда, соның ішінде қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, жергілікті халықпен қызмет жасау және медициналық қолдау көрсету тұрақты түрде жетілдірілгеніне ерекше көңіл аударғым келеді. Сондай-ақ, жергілікті қызметкерлер мен тауарлардың, жұмыс және қызмет көрсету пайызын арттыру, әсіресе өндіріс пен жобаларды даму салаларында, атап айтсақ, Газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы, 4-ші газды кері айдау компрессоры жобасы және Қарашығанақты кеңейту жобасы-1 тәрізді жобаларын дамытуда оң динамиканы атап кеткен жөн. Технологиялық қауіпсіздік саласына, оның ішінде, өндірістік нысандарда көбінесе ГКДҚ 3-те жабдықтары тұтастығының жаңғыртуына бірнеше маңызды жақсартулар енгізілді. Сонымен қатар, жеке және жол қауіпсіздігі деңгейі де айтарлықтай өсті.

Алау шығарындылары туралы айтатын болсақ, КПО әрдайым әлемдік деңгейде өндірістік көрсеткіштерін көрсетті, алайда ұлттық заңнамадағы соңғы өзгерістер мен қоғамның үміттерін ескере отырып, одан да әрі ілгерілік енгізілуге қажет болатыны күмәнсіз.

Біз үшін мұнай және газ саласында қол жеткізген көрсеткіштерге қанағаттана отырып, босаңсуға болмайды, сол себептен көшбасшылық, инновациялар және ынтымақтастық арқылы жер мен болашақ ұрпақ үшін тұрақты мұра қалдыруға тырысуымыз қажет.

Мен KПO-ның тұрақты даму практикасын жалғастыру мен кеңейтуді және тәжірибемізді барлық мүдделі тараптармен ашық және айқын түрде бөлісу мүмкіндігін асыға күтемін.

Сіздерді шын жүректен қошеметтеп, КПО-ның тұрақты даму туралы есебінің 13-шығарылымын назарларыңыз­ға ұсынуға рұқсат етіңіз. Сіз бұл ақпаратты бүгінгі Қарашығанақ жобасын түсінуге өте мазмұнды әрі пайдалы табасыз деп үміттенемін.

Келесі бөлім
Есеп туралы