Маңызды тақырыптар және стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу

МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАР

КПО Компаниясының тұрақты даму туралы есебі – стейк­холдерлермен тиімді диалог құрудың маңызды құралдарының бірі. Бұл құжат КПО-ға да, стейкхолдерлерге де әсер ететін аса маңызды мәселелерді шешу жолдарын мүдделі тараптарға жеткізуді көздейді. Мұндай шешімдер өзара әрекеттесу барысында пайда болады.

2008 жылдан бері біз мүдделі тараптарымызға тұрақты даму саласындағы жұмысымыз туралы жыл сайын есеп беріп келеміз. Есепті дайындауда біз құрушы компаниялардың тәжірибесін негізге ала отырып, қаржылық емес есептілік саласындағы көпшілікке танылған халықаралық практиканың талаптарын ұстанамыз.

Тұрақты даму туралы есепті дайындау үрдісі ақпарат алмасу, деректерді жинау және компаниядағы салааралық ішкі және сыртқы қатынасуды қамтиды.

Есепті дайындаумен байланысты бірнеше жылғы жұмысымыз барысында біз өзімізге маңызды болып табылатын тақырыптардың бірқатарын айқындап, олардың даму қарқынын жариялап келеміз. Осы есепте бұрын қозғалған тақырыптардың барлығы 2020 жылы да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұлар 1-суретте көрсетілген.

Маңызды тақырыптар аясын анықтаудың қосымша құралы ретінде біз Есептілік жөніндегі жаһандық бастама (GRI) стандарттарын басшылыққа аламыз. Қызмет тиімділігі бойынша есепте берілген негізгі көрсеткіштер Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы ұйымының (IOGP) көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде жарияланады. Қолданылатын GRI стандарттарын біз Компанияның басқару саласындағы әдістерін және оның қызметтік көрсеткіштерін ескере отырып ашамыз. Сонымен қатар, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер бағаланып, алға қойылған мақсаттар алдыңғы кезеңдердің жетістіктерімен сандық түрде салыстырылады.

Стандарттардың талаптарына қарамастан біз Компания­ның жұмысы туралы мен тұрақты даму саласындағы маңызды тақырыптары жөнінде барынша толық ақпарат беруге тырысамыз. Сондықтан ұсынылған ақпарат GRI көрсеткіштері шегінен айтарлықтай асып түседі.

Есепте талқыланатын маңызды тақырыптар жалпы КПО қызметінен және жеке өндірістік операцияларынан болатын Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік ықпалына қатысты мәселелерді қамтиды. Өзара әрекеттесу ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен де жүзеге асырылады. Осы есепте сипатталатын тақырыптардың өзектілік деңгейін 2-суретте байқауға болады.

Есеп беру жылы ішінде кезеңінде қамтылған тақырыптар құрушы компанияларымызбен, өкілетті орган «PSA» ЖШС-мен, әртүрлі бақылаушы органдармен, бизнес серіктестерімізбен, мердігерлерімізбен, қызметкерлерімізбен, кәсіподақтармен, жергілікті қауыммен және бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдерімен көп тарапты әрекеттестік барысында қадағаланып отырады. Мүдделі тараптар өздрерін толғандыратын мәселелерді жергілікті тұрғындармен өткізілетін консультативтік кеңестер, форумдар, конференциялар, қоғамдық тыңдау­лар, ашық есік күндері сияқты түрлі жиналыстарда, әлеуметтік сауалнамалар мен тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ Компаниямен тікелей байланысу арқылы көтереді.

Есепті дайындау барысында осы құжатта жарияланатын маңызды тақырыптар туралы қызметкерлеріміздің және басқа да мүдделі тараптардың хабардарлығын үнемі арттыруға тырысамыз. Соңғы үш жылғы есептеріміздің қағазға басып шығарылған нұсқаларында оқырмандар толтыратын кері байланыс нысаны бар, ал веб-сайтымыз­да кері байланыстың онлайн формасы бар.

1-сурет. КПО тұрақты дамуының маңызды тақырыптары
2-сурет. КПО стейкхолдерлері және олармен 2020 жылы әрекеттесудің негізгі жолдары

СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Бизнес өкілдері пен мүдделі тараптар арасындағы диалог тиімді болған сайын, тұрақты даму саласындағы табысқа жету соғүрлым жоғары болмақ. Біз мүдделі тараптарымызбен тығыз байланыс орнаттық, олардың пікірлері біз үшін маңызды.

Коронавирус пандемиясы қатынасу қарқыны тұрғысынан мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процестеріне де, сәйкесінше алынған кері байланыстың көлеміне де айтарлықтай әсер етті. Коронавирус инфекциясынан туындаған шектеулерге байланысты көптеген мүдделеі тараптармен өзара әрекетттесуіміз онлайн форматта жалғасты. Жоспарланған кейбір іс-шараларымызды іске асырудың сәті түспеді. Жалпы алғанда, Компания барлық өндірістік жоспарларды, соның ішінде кеңейту жобаларын іске асыруды сәтті аяқтады.

КПО қызметінің ауқымына орай оның стейхолдерлер құрамын көптеген топтар мен ұйымдар құрайды. Біз үшін маңызды стейкхолдерлер топтары және олармен өзара әрекеттесу жолдары 2-суретте көрсетілген. Көптеген мүдделі тараптардың қызығушылығын тудырған тақырыптар: COVID-19 және оның Компания қызметіне әсері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, төтенше жағдайларға әрекет етуге дайындық, қызметкерлермен қатынас, қоршаған ортаны қорғау және экология­лық талаптарды сақтау.

Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу – Компания қыз­метінің ажырамас бөлігі; ол заңнама шеңберінде және компанияның ішкі процедураларына сәйкес жоспарланады, құжатталады және іске асырылады. КПО бөлімдері өздерінің мүдделі тараптарын өз бетімен анықтап, олармен әрекеттесу тәжірибесі туралы осы есепте бөліседі.

Тұрақты даму бойынша жарияланған есептерге қатысты кері байланысты телефон және Sustainability@kpo.kz электрондық поштасы, сондай-ақ www.kpo.kz КПО ресми веб-сайты арқылы жіберуге болады. Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар келесі есепті дайындаған кезде назарға алынатын болады.