Есеп туралы
Компанияның негізгі міндеттері
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (бұдан әрі – КПО) негізгі міндеті – Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнын табиғатқа қамқорлық және экономикалық тиімділік қағидаттары негізінде және жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы және өркендеуі үшін мүмкіндіктер жасай отырып игеру.
Бұл мақсатқа жету жолында КПО өз қызметіне тұрақты даму қағидаттарын енгізуді жалғастырып келеді және келесі шарттарды орындауда өз үлесін қосады:
- Компанияның шарушылық қызметімен байланысты ықтимал теріс әсерді азайту және мүмкіндіктерді барынша арттыру;
- Қарашығанақ кен орнын игеру барысында қабылданатын өз шешімдерінің ұзақ мерзімді салдарларын ескеру;
- Мүдделі тараптарды сындарлы сұхбатқа тарту;
- Өндірісті ұйымдастырудың озық әдістерін енгізу және ашықтықты қамтамасыз ету.
Есепті қолдану аясы мен шегі
КПО тұрақты даму туралы есебінің шегі компанияның Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны мен Қарашығанақ-Орынбор (ҚОТЖ), Қарашығанақ-Атырау (ҚАТЖ) экспорттық құбыр жүйелері аумағындағы барлық қызметіне қатысты.
Осы есеп КПО компаниясының 2020 жылғы қызметін қамтиды. Құжатта біздің 2020 жылғы нәтижелеріміз де, 2021 жылға жасаған жоспарларымыз да берілген. Қызметіміздің тұрақтылығын көрсету мақсатында маңызды тақырыптар бойынша көрсеткіштеріміз алдыңғы бірнеше жылмен салыстыра жарияланған. Өзіміз айқындаған маңызды аспектілеріміз есептің мазмұнында да, бір аттас тарауда да берілген. Қалыптасқан тәртіпке сай біз қол жеткізген жетістіктерімізді де, тап болған қиындықтарымызды да сипаттаймыз. 2020 жыл бойынша есеп КПО директорлар комитетімен мақұлданды, және акционер компаниялардың тұрақты даму бойынша қосалқы комитет мүшелерімен келісілді.
Тұрақты даму бойынша 2019 жылғы, яғни былтырғы есеп 2020 жылдың қыркүйек айында жарияланды. Барлық есептердің мұрағаты КПО веб парақшасындағы «Тұрақты даму» бөлімінен табуға болады. Сонымен қатар, біздің есеп GRI ұйымының сайтында www.globalreporting.org және корпоративтік жауапкершілік туралы есеп берудің әлемдегі ең үлкен электронды анықтамасы болып табылатын Corporate Register анықтамасының деректер қорында жарияланған (www.corporateregister.com).
КПО компаниясы – Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнының акционерлер атынан әрекет ететін оператор және 1998 жылы Нидерлан елінде тіркелген оператор. Бүгінгі таңда КПО халықаралық консорциум құрамына «Шелл» (29,25 %), «Эни» (29,25 %), «Шеврон» (18 %), «ЛУКОЙЛ» (13,5 %) және «ҚазМұнайГаз» (10 %) ҰК компаниялары кіреді. КПО өз қызметін акционерлер мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (бұдан әрі – ӨБТК) шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Филиалды акционерлер қаржыландырады және, ӨБТК-ге сәйкес акционерлердің бекітілген құқығын ескере отыра, КПО салған немесе сатып алған барлық негізгі мүлік есептен шығарылмайды, сарқылмайды және амортизацияланбайды. ӨБТК қарыз немесе капитал бойынша капиталдандыруды қарастырмайды. Осылайша, КПО қаржылық есеп беруі сату көлемдерін және қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерін қамтымайды. КПО қызметінің нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі мен акционерлер арасында бөлініп, олар, өз бетінше, қаржылық қызметтері туралы мәліметтерді, соның ішінде кіріс, таза сатылым, каптиталдандыру және басқа да ақпаратты өз қаржылық есептерінде жариялайды.
Тұрақты даму саласында қолданылатын есеп беру бойынша стандарттар
GRI стандарттары талап ететін ақпараттың ашықтығы мен дұрыстығын қажетті деңгейде қамтамасыз етуді жалғастыру маңызды.
Осы есеп КПО үшін едәуір елеулі тақырыптар бойынша бірқатар көрсеткіштерді анықтаумен GRI стандарттарының «негізгі» нұсқасы талаптарына сәйкес дайындалды. Сонымен қатар біз GRI G4 нұсқаулығынан мұнай-газ бойынша бірнеше индикаторларды да ашып баяндадық.
КПО 2008 жылдан бері тұрақты даму есептерін жариялап келеді. Одан бұрынғы есептер GRI G3 үшінші нұсқаулығы бойынша дайындалған болатын. 2013 жыл мен 2016 жыл аралығында шығарылған КПО есептері GRI G4 есеп беру бойынша жаһандық бастаманың төртінші нұсқаулығына сәйкес дайындалды және КПО Қазақстан аумағында осы GRI G4 нұсқаулығының талаптарын қолданған алғашқы компаниялардың бірі болды. 2017, 2018 және 2019 жылдар басылымдары GRI стандарттары талаптарына сай жасалды.
Ақпараттың тәуелсіз расталуы
Бұл есепте GRI стандарттарының «негізгі» нұсқасы талаптары аясында жарияланатын 10 іріктемелі көрсеткіштерді тәуелсіз растау үшін КПО Компаниясы EY (Ernst & Young) Компаниясының көмегіне жүгінді. EY Компаниясының ішінара көрсеткіштерді тәуелсіз растау туралы есебі келесі сілтемеде берілген.