Өндіріс және кен орнын игеру жобалары
ШОЛУ
«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Қазақстан филиалы (бұдан әрі – КПО) Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы аймағында өндірістік және геологиялық барлау қызметін жүргізетін халықаралық мұнай және газ компаниясы. «Шелл», «Эни», «Шеврон», «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» АҚ құрылтайшы компаниялары атынан КПО компаниясы Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан әлемдегі ең ірі мұнай-газ, конденсат кен орындарының бірі болып табылатын Қарашығанақ кен орнының операторы болып табылады.
Қарашығанақ мұнай, газ конденсатты кен орны Қазақстанның күрт континенталды климаты бар аймақта орналасып, 280 км2-ден астам аумақты алып жатыр. ҚМГКК – пайдалануға аса күрделі шарттарымен сипатталатын бірегей орын. Үстіңгі қабаты 3 500 м тереңдікте орналасқан, ал өнімді қабатының қалыңдығы шамамен 1 600 метрді құрайды. Көмірсутектердің құрамында 4,5 %-ға дейін улылығы жоғары және коррозиолық күкіртті сутек (H2S) және белгілі бір жағдайларда коррозиясы жоғары болуы мүмкін көмірқышқыл газы (CO2) бар.
Қазақстан Республикасы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның 17.11.2017 күнгі отырысында қабылданған Қарашығанақ кен орнындағы мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорын қайта есептеу туралы соңғы КПО есебінің мәліметі бойынша Қарашығанақта 13,6 млрд баррель сұйық көмірсутек пен 59,4 трлн текше фут газ бар, және сұйық көмірсутектерінің 13,6 %-ы және газдың 12,9 %-ға жуығы бүгінгі күнге дейін өндірілген.
Жыл сайын КПО Компаниясы экономикалық кірісті тұрақты көбейтуге және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға жұмсап келеді. 1997 жылы Өнімді түпкілікті бөлу туралы келісімге қол қойылғаннан бері 31.12.2020 жылғы жағдай бойынша Қарашығанақ кен орнын игеруге жұмсалған жалпы инвестиция саны 27 млрд АҚШ долларынан асты. 2020 жылдың соңында КПО-ның көп ұлтты ұжымында 4 368 адам еңбек етуде.
КПО ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРЫ
Көмірсутекті шикізатты өндіру, дайындау және өңдеу жұмыстары келесі үш негізгі, өзара байланысқан қондырғыда іске асады: Қарашығанақ өңдеу кешені (ҚӨК), Газды кешенді дайындау қондырғысы № 2 (ГКДҚ-2) және № 3 (ГКДҚ-3). Негізгі өндірістік нысандарды өзара байланыстыратын және шикізатты ұңғымалардан және нысандар арасында таситын ішкі кәсіптік құбырлар желісі ұзындығы шамамен 2 000 км құрайды. Бұл нысандарға сондай-ақ Мұнайды бастапқы өңдеу станциясы (МБӨС) мен Экоорталық жатады. Қарашығанақ кен орнының жалпы көрінісі 3-суретте берілген.
Тұрақтандырылған сұйық көмірсутектердің негізгі экспорттық бағыты – «Қарашығанақ – Атырау» тасымалдау жүйесі (ҚАТЖ) – оған кіретін екі сорғы станциясы, біреуі ҚӨК, ал екіншісі Үлкен Шаған ауылында, сондай-ақ КПО-ның Атырау терминалында өнімді қабылдау және сақтауға арналған нысандары – КПО-да қолданылатын тасымалдау жүйесіне кіреді. Екінші экспорттық бағыт – бұл көмірсутекті өнімдерді Ресей Федерациясында орналасқан Орынбор газ өңдеу зауытына экспорттау үшін КПО қолданатын «Қарашығанақ-Орынбор» тасымалдау жүйесі (ҚОТЖ).
2020 жылдың аяғында Қарашығанақ кен орнының жалпы қоры 467 ұңғыманы құрап, оның ішінде 114 өндіру ұңғымасы мен тазартылмаған газды кері айдайтын 19 ұңғыма жұмыс істейді. 2020 жылы КПО жалпы ұңғымалар қоры алдыңғы жылмен салыстырғанда бір жаңа жазық ұңғымаға артты (466 ұңғыма 2019 жылы). COVID-19 пандемиясы бұрғылаудың уақытша тоқтауына және 2020 жылы ұңғымалар қорының баяу өсуіне әкелді.
3-сурет. Қарашығанақ кен орны нысандары мен өнімдері
4-сурет. КПО экспорттық бағыттары
БІЗДІҢ ӨНІМДЕР ЖӘНЕ ЭКСПОРТТЫҚ БАҒЫТТАР
КПО тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутектерді, тазартылмаған газды және жанармай газын өндіреді және өңдейді. Алынған көмірсутек өнімдерінің басым көпшілігі сатудан түсетін кірісті көбейту мақсатында экспортталады.
2020 жылы өндірілген сұйық өнімнің 99,8 % жуық көлемі тұрақтандырылған мұнай күйінде батыс нарықтарына келесі жолдар арқылы сатылды:
- Каспий құбыр консорциумы (КҚК)
- Атырау-Самара құбыр желісі және одан әрі «Трансмұнай» құбыр жүйесі арқылы.
КҚК құбыр желісі арқылы КПО мұнайы Новороссийсктің Қара теңіз портына (Южная Озереевка ауылы) жеткізіледі, ал Атырау-Самара құбыр желісі мұнайды Балтық теңізіндегі Усть-Луга портына жеткізуге пайдаланылады (4-сурет). Таза бағасы ең жоғары құбыр желісі болып табылатын КҚК желісі – мұнай сатудың негізгі экспорттау бағыты Атырау – Самара бағыты қосалқы тармақ ретінде қолданылады.
2020 жылы КПО компаниясы тұрақты мұнайдың 10,86 млн тоннаны құрайтын рекордтық көлемін экспорттарды, оның ішінде мұнай көлемінің 10,51 млн тоннасы Компания үшін табыстығы жоғары КҚК құбыр желісі арқылы экспортқа жіберілді. Табысты барынша ұлғайту мақсатында Атырау-Самара құбыры арқылы 0,34 млн тонна экспортталып, оның ішінде 0,19 млн тонна таза бағасы жоғарырақ бағамен сату мақсатында КҚК құбырына бағытталды. КӨҚ ребойлерін жуған кезде, сұйық көмірсутектер «Конденсат» АҚ-ның мұнай өңдеу зауытына жеткізіледі.
Кен орнында алынған газ:
- қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа айдалады,
- «КазРосГаз» ЖШС-мен жасалынған Газды сату бойынша ұзақ мерзімді келісім бойынша тазартылмаған газ күйінде сатылады,
- КПО нысандарының қажеттіліктері және жергілікті электр қуатын таратушы компаниялар үшін электр энергиясын өндіру мақсатында күкіртті сутектен (H2S) тазартылады.
2020 КПО компаниясы шикі газдың 8,9 млрд м3 «КазРосГаз» ЖШС Орынбор ГӨЗ-на өңдеу үшін сатты. 2020 жылдың желтоқсан айында ҚӨК нысанынан ГКДҚ-3 нысанына дейін орнатылған 26-дюймді газ құбырын пайдалануға берген соң, Қарашығанақ кен орынан Орынбор ГӨЗ дейін тазартылмаған газ құбырларының максималды өткізу қабілетін анықтау үшін қысқы сынақ өткізілді.
Газды өңдеу қызметінің тұрақтандырылмаған конденсат жеткізілімдеріне тәуелділігін жою жобасының аяқталуымен, 2018 жылғы 17 қыркүйектен бастап, КПО тұрақтандырылмаған конденсатты Орынбор бағытында жіберуді тоқтатты. Осылайша, компания сұйық көмірсутектер ағынын Орынбор бағытынан КҚК құбыр желісіне және «Конденсат» АҚ-ның мұнай өңдеу зауытына жіберу арқылы табысты ұлғайтуға мүмкіндік алды.
2020 ЖЫЛДАҒЫ ӨНДІРІС ЖӘНЕ САТЫЛЫМДАР
2020 жылы КПО компаниясы тұрақты және тұрақсыз сұйық көмірсутек пен газ күйіндегі 143,9 млн баррель мұнай эквивалентінде (БНЭ) өнім өндірді. 2020 ж. газды жеткізу көлемі ~20,2 млрд текше метрге жетті. Қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында 2020 жыл бойы КПО компаниясымен қабатқа кері ~ 10,4 млрд м3 газ айдалды, бұл өндірген жалпы газ көлемінің ~51,3 %-на тең.
1-кесте. 2020 жылғы өндіріс көлемі
Түсіндірмесі |
Өлшем бірлігі |
2020 |
2019* |
2018 |
Жалпы өндіріс көлемі |
мұнай эквивалентіндегі млн баррель |
143,9 |
137,9 |
147,5 |
Тұрақтандырылған мұнайдың жалпы көлемі |
мың тонна |
10 941 |
10 147 |
10 953 |
Газ өндірісінің жалпы көлемі |
млн м3 |
20 214 |
18 614 |
18 913 |
Газды қабатқа кері айдау |
млн м3 |
10 362 |
8 710 |
8 589 |
Тазартылған газ, кен орны қажеттіліктеріне пайдаланылған |
млн м3 |
761 |
685,4 |
723,6 |
* Жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жылы
2-кесте. 2020 жылғы сатылымдар
Түсіндірмесі |
Өлшем бірлігі |
2020 |
2019 |
2018 |
Сатылымның жалпы көлемі |
мұнай эквивалентіндегі млн баррель |
139,4 |
134,7 |
143,5 |
Тұрақтандырылған сұйық көмірсутектер |
мың тонна |
10 857 |
10 160 |
10 365 |
Тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутектер |
мың тонна |
24 |
9,9 |
615 |
Тазартылмаған газ |
млн м3 |
8 986 |
9 113 |
9 493 |
Отын газы |
млн м3 |
90 |
89 |
95 |
* 2018 ж. қыркүйегінен бастап конденсаттың Орынборға жеткізілуі тоқтатылды. Конденсат «Конденсат» АҚ-ның мұнай өңдеу зауытына ғана жеткізілді
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРУ
КПО Қарашығанақ кен орнының өндірістік қажеттіліктеріне электр қуатын өзінің газотурбиналы электр станциясы арқылы (бұдан әрі – ГТЭС) өндіреді. Бұл электр энергиясының көлемі компания нысандарына: ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, өнімді жинақтау жүйесі, Экоорталық, Пилот қалашығы, Қарашығанақ-Атырау тасымалдау жүйесі, оның ішінде Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы мен СЗА 1-26 желілік тораптарына жіберіледі.
КПО газтурбиналық электр станциясында (ГТЭС) төрт турбина орнатылған және жұмыс істеуде. Олардың үшеуі – қосотынды. Сонымен қатар, КПО БҚО тұрғындарына қажетті электр қуатын өндіріп және қысқы кезеңде 42 МВт-қа дейін, ал жаз уақытында 27-ден 42 МВт-қа дейін жеткізіп келеді.
2020 жылы ГТЭС нысанында № 2 және № 4 генераторларында шағын тексеріс жүргізілді және турбинаның жану камералары тексеріліп, жөндеуден өтті. № 4 генератордың жоспарланбаған жөндеуі 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін жоспарланған тексеру кезінде анықталған ақаулыққа байланысты болды және статор орамаларының толық оралуына әкелді. Жұмыстың ұзақтығы COVID-19 пандемиясының жұмыс барысы мен бөлшектерді жеткізудегі кідірістерге әсер етуіне байланысты өсті.
Электр қуатын Батыс Қазақстан облысына жеткізу
Өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісім аясында (I бап, 1.1 бөлім), КПО компаниясы электр қуатын өндіріп, Батыс Қазақстан облысына жеткізеді.
Компания электрмен жабдықтауды «Ақсайэнерго» ЖШС мен «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-не ал олар өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының соңғы тұтынушыларына жеткізеді.
2020 жыл ішінде КПО аймақтық жүйеге 26-дан 41 МВт-қа дейін электр қуатын жеткізді, ал БҚО үшін электрмен жабдықтаудың жалпы көлемі ~297 млн кВт/сағ немесе 39 %-ды құрады. ГТГ-4 генераторын жоспардан тыс жөндеуге байланысты 2019 жылмен салыстырғанда электрмен жабдықтау 10 %-ға төмендеді. 2018–2020 жж. кезеңінде электр қуатын және отын газын жеткізу әрекеті 3-кестеде берілген.
3-кесте. 2018–2020 жж. КПО электр энергиясын және отын газын жеткізу
Түсіндірмесі |
Өлшем бірлігі |
2020 ж. |
2019 ж. |
2018 ж. |
БҚО-на жеткізілген электр энергиясы, соның ішінде |
млн кВт/сағ |
296,93 |
330,26 |
305,06 |
|
млн кВт/сағ |
26,35 |
26,28 |
29,90 |
|
млн кВт/сағ |
270,58 |
303,98 |
275,16 |
БҚО үшін электр энергиясын өндіру үшін отынды газды пайдалану, оның ішінде: |
млн м3 |
99,35 |
112,06 |
101,82 |
|
млн м3 |
89,95 |
88,98 |
94,91 |
|
млн м3 |
9,40 |
23,08 |
6,91 |
2020 жылы электр энергиясы негізінен ішкі газ есебінен өндірілді. Өңірдің қажеттілігі үшін электр энергиясын өндіруге арналған үшінші тарап жеткізушісінен газ сатып алу ГТЭС-тегі жалпы тұтынудың шамамен 10,4 %-ды құрады және бұл негізінен ҚӨК 5-339 учаскесіндегі отын газын өндіру қондырғысы 2020 жылдың ақпан және наурыз айларында тұрақсыз жұмыс істеген кезеңде орын алды.
Есеп беру жылы Компания өндіріс бойынша бөгде электр желілерінің әсерінен туындайтын жоғалтуларға тап болған жоқ.
ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
КПО-ның жоспарлы жөндеу бойынша стратегиясы қауіпсіз үздіксіз өндірісті және заң нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, техникалық қызмет көрсету арасындағы аралықты арттырып, оларды іс жүзінде жүргізу уақытын азайту есебінен өнім алуды оңтайландыруға және шығындарды төмендетуге бағытталған.
2020 жылы жоспарлы жөндеу жұмыстары (ЖЖЖ) ГКДҚ-3 өндірістік нысанында ғана жүргізілді. COVID-19 пандемиясы барысында жұмыс нысандарындағы қызметкерлердің санын азайту мақсатында ГКДҚ-2 нысанындағы газды құрғату және сығу жүйесіне техникалық қызмет көрсету мерзімі 2021 жылдың сәуір айына ауыстырылды.
ГКДҚ-3 нысанында ЖЖЖ дейін және барысында жүргізілген күнделікті ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бақылау жұмыстары мен COVID індетін алдын алу бойынша стандарт шаралардан басқа, КПО компаниясы жұмыстарды уақытында аяқтауға кедергі келтіруі ықтимал ауру жайылуының пайда болу мүмкіндігін төмендетуге және жұмыс алаңдарындағы қызметкерлердің денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған пандемияның салдарын жұмсарту бойынша бір қатар қосымша шара қабылдады. Осы шараларды атап өтсек:
- Жұмысқа тартылған қызметкерлердің санын азайту мақсатында жұмыс көлемін қыскарту;
- ЖЖЖ кезінде көптеген бетпе-бет жиналыстарды өткізу барысында әлеуметтік қашықтықты арттыру мақсатында қосымша және кең кеңселермен қамтамасыз ету;
- Мердігерлеріміз өз қызметкерлер тұратын көп орынды бөлмелер санын қысқартты;
- КПО компаниясы қызметкерлер жұмыс ауысымына келген соң 7-ші күні қосымша ПТР талдамасынан өтуді барлық қызметкерлерден талап етті. Бұл шара ГКДҚ-3 нысанындағы қызметкерлердің арасында COVID-19 белгілері жоқ, алайда індет тасымалдаушылары болып табылатын қызметкерлерді жедел түрде табу қажжетілігімен негізделді.
Осы шараның нәтижесінде ГКДҚ-3 нысанында COVID-19 ауруын жұқтырған бір де бір жағдай тіркелген жоқ.
ЖЖЖ барысында атқарылған барлық сағат саны 185 мың адам/сағ құрады, бұл кезде тіркелген оқиғалардың нөлдік көрсеткішіне қол жеткізілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша тағы бір негізгі көрсеткіштердің бірі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша жүргізілетін 3-деңгей тексерісі – ЖЖЖ уақытында 723 тексеріс өткізіліп, 178 сәйкессіздік айқындалды.
Жалпы, ЖЖЖ көзделген мерзімнен бұрын аяқталды, ал жоспарланған жұмыс көлемі 99 % іске асырылды.
СУ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ
Қарашығанақ кен орнындағы ең маңызды мәселелердің бірі – өндіріс барысында пайда болған суды және ағын суды кәдеге жарату.
КПО компаниясының су қорларын басқару стратегиясы қабаттағы суды пайдалануға қатысты өндірістік шектеулерді алып тастауды көздейтін өзара байланысты бір қатар жобаларды іске асырудан және қызметкерлердің қауіпсіздігін, жабдықтардың тұтастығын және экологиялық талаптарды орындауды қамтамасыз етуден тұрады.
2020 жылы жоспарланған төрт жобаның екеуі толықтай іске асырылды. 2021 жылы жобаларды пысықтау және іске асыру соның ішінде жаңа жетілдірілген Пайдаланылған каустикті бейтараптандыру қодарғысының базалық жобалауын дайындау бойынша жұмыстар жалғасатын болады. COVID-19 пандемиясының осы жобаға тигізетін ықпалына байланысты, жаңа пайдаланылған каустикті бейтараптандыру қодарғысын іске қосу 2022 жылдан 2023 жылға ауыстырылды.
Өнеркәсіптік ағындыларды мұнайдан тазарту үшін қажет газарындық флотациялық қондырғы мен еңіс иілімді сепараторлардың ыдыстарын ауыстыру жобасын іске асыру мерзімі 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр. Осы есепті дайындау сәтінде пандемияның осы жобаға әсері болмашы болды: жұмыстар кестеге сай жұмыс жоспардан ауытқу жағдайында жеткілікті икемділікпен жүріп жатыр. Ыдыстарды ауыстыру – ең алдымен нысанның тұтастығын қамтамасыз етуге қосар үлес, сонымен қатар жаңа қондырғылардың жоғары өткізгішітік қабілеті болатын болады, бұл өз алдына КПО су қорларын басқару стратегиясын іске асырудың маңызды бір бөлігі
4-кесте. 2020 жылы іске асырылатын су қорларын басқару саласындағы жобалар
Жоба |
Іскерлік фактор |
Орындалуы |
Ескертулер |
Ағынды суларды кері айдауға арналған жаңа 10-дюймдік құбырдың салынуы |
|
Сәтті іске асырылды |
Толық ақпаратты Тәжірибе үлгісінен таба аласыз |
ГКДҚ-3 нысанында өнеркәсіптік ағындыларды күкірттісутектен тазарту |
Экологиялық талаптарды сақтау |
Сәтті іске асырылды |
Күкікрттісутектен тазарту технологиясымен жабдықталған ГКДҚ-3тен КӨҚ нысанына өнеркәсіптік ағындыларды жөнелту желісі пайдалануға берілді |
Газолиннің демеркаптанизациясының мификацияланған қондырғысы |
Өндіріс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
Ішінара іске асырылды |
2020 жылы өршіген коронавирус індеті кесірінен, жобаның іске асырылу мерзімі 2021 бірінші жартысына ауыстырылды |
Екі айдау ұңғымасын күрделі жөндеу |
Өндіру деңгейін ұстап тұру |
Ішінара іске асырылды |
Екі сіңіруші ұңғыманы күрделі жөндеуді бір уақытта емес, кезекпен жүргізу туралы шешім қабылданды. Осылайша бірінші ұңғымада жұмыстарды жүргізу барысында алынған ақпарат пен тәжірибе екінші ұңғыманы күрделі жөндеуде тиімді әдістемені қолдану бойынша шешім қабылдауға негіз болады. Екінші ұңғыманы күрделі жөндеу 2021 жылдың ортасына жоспарланып отыр |
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 1
АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ КЕРІ АЙДАУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚҰБЫР ЖЕЛІСІН САЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
Осыған дейін пайдалануда болған ағынды суларды кері айдауға арналған 6-дюймдік желі өндірісті кеңейту тұрғысынан “тар” болды. Өнеркәсіптік ағындыларды Полигон 2 жерасты қабатқа айдауға бағытталатын жалғыз ғана құбыр желісі бола тұра, бұл желі поршеньдеу мүмкіндігін қарастырмады, сонымен қатар желіде нүктелі жемірлеудің орындары болды. Осының барлығы өндірістің үздіксіздігіне қауіп-қатер тудырып, су қорларын басқару бойынша басқа да жобалардың оң әсерін төмендетті.
Мақсаты:
Ілеспе қабатты сулардың болжанған шыңдық көлемін ескере отырып, өндірістік шектеулерді алып тастауға бағытталған жобалардың толық әлеуетін жүзеге асыру және жалпы КПО Компаниясы жүйесінің сенімділігін арттыру.
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
Компания қоймасындағы материалдарды (желілік құбырларды) пайдалана отырып өнеркәсіптік ағындыларды айдауға арналған жаңа 10-дюймдік желіні салу.
Нәтижесі:
Жобаның іске асырылуы келесілерді қамтамсыз етуге мүмкіндік берді:
- Өнеркәсіптік ағындыларды кері айдаудың қолданыстағы желесінің өндірістік қуатын кеңейтуге бағытталған қысқа мерзімді шаралардың әлеуетін толықтай ашу.
- Нысандардағы суды тазартудың жалпы қуаттылығын арттыру (2019 жылмен салыстырғанда осы уақытта 30%-ға, ал “тар” жерлерді жою бойынша қалған жобаларды іске асырған соң 50%-ға артатын болады) және су тазартумен байланысты сұйық көмірсутектерді өндірудегі шектеулерді алып тастау.
- Қолданыстағы 6-дюймдік суды кері айдау желісімен байланысты нысанның тұтастығына төнетін ықтимал қауіп-қатерлерді азайту.
Нәтижесінде, 2027 жылы ескі 6-дюймдік қайта айдау желісінің қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, өнеркәсіптік ағындыларды қайта айдаудың жаңа құбыр желісі өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз етуді көздейді.
Бұрғылауда қолданылатын технологиялар
2020 жылы КПО компаниясы ұңғымаларды бұрғылау мен оларға қызмет көрсету үдерістерінің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін барынша азайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Өткен жылдардағыдай, біз парниктік газдар шығарындыларын және су мен ресурстарды тұтынуды азайту бойынша шаралардың көмегімен нөлдік эмиссия мақсатына жеткізетін жолымызды жалғастырдық:
- Судың орнына көмірсутек негізіндегі игеру және қарқындауға арналған ығыстырушы сұйықтықты пайдалану.
- Ұңғыма жабдығын (шарлар мен қондырмалы орындарды) ластауыш сұйықтықтықтың пайда болуын және жануын болдырмауға мүмкіндік беретін арқанды техника мен ажырату муфталарының қалпын ауыстыру мен бұрғылауға арналған электр қондырғыларын бұрғылау. Осыған дейін бұрғылау иілгіш құбыр қондырғысымен және ұңғыма түбіндегі турбиналық қозғалтқышпен іске асырылатын.
- Алауда жағуға мәжбүр болған кезде экологиялық тиімділігі жоғары шөгінділердің қалуын төмендететін оттықтарды пайдалану.
- Ұңғыманы тазарту және ағынды белсендірген кезде, HGVF сорғысын өндірілген көмірсутекті алауда жағудың орнына жоғары қысымды өндіріс желісіне кері айдау үшін пайдалану.
- Өндірілген суды буландыру.
КПО компаниясы бұрғылау жұмыстарын жетілдіруге бағытталған ұңғымалық операциялар саласындағы технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша үздіксіз жұмыс жасап келеді. Осы тұрғыда 2020 жылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Ұңғыманың айдау жылдамдығы күніне 6 млн станд. м3 құрайтын жаңа газ айдау көлденең ұңғымасы жұмысқа берілді;
- Өндірісті арттыру үшін бір жаңа мұнай өндіруші ұңғыма салынды;
- Кен орнында бұрғылау жұмыстарының жалпы көрсеткіштері мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін RFID активті айналым клапаны сияқты бұрғылаудың жаңа технологиялары алғаш рет қолданылды.
Аймақтық оқшаулаудың жоғары сапасына қол жеткізу үшін КПО инженерлері мен цементтеу қызметін көрсетуші мердігеріміз ұңғымаларды салу уақыты мен құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік беретін 2019 жылы ойлап тапқан цемент ертіндісін дайындаудың оңай әдісін қолданды.
КЕН ОРНЫН ИГЕРУ ЖОБАЛАРЫ
Қазақстан Республикасының мердігері ретінде КПО компаниясының мұнай кен орындарын пайдаланудың оңтайлы тәжрибесіне сәйкес, Қарашығанақ кен орнын дамытуға қажетті барлық операцияларды іске асыру мен келісілген аумақта мұнай өндіру бойынша міндеттемесі бар.
Қарашығанақты игерудің ІІ кезеңінің бастапқы бағдарламасын 2003 жылы аяқтаған соң, КПО өндірістік қызмет бағдарламасының ІІ сатысын қаржыландырып және жүзеге асырып келеді. Бұл саты Қарашығанақ кен орынын одан әрі дамытуды, оның ішінде жаңа пайдалану ұңғымаларын бұрғылауды, бұрыннан бар ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізуді, өндірістік нысандарды жетілдіруді, өндірістің жоғары деңгейін сақтауға Қазақстан Республикасының игілігі үшін қажетті басқа да жобаларды қамтиды.
Газ факторының артуы қолданыстағы нысандарда газ дайындау бойынша шектеулерге алып келуі мүмкін, сондықтан КПО компаниясы газ факторының артуын болдырмау мақсатында 2014 жылы КПО компаниясы өндіріс деңгейін арттыру жобаларының бағдарламасын дайындап шығарды. Өндіріс деңгейін арттыру жобаларының қатарына келесі жобалар кіреді:
- Қарашығанақ өңдеу кешені газы бойынша өндірістік шектеулерді алу жобасы, бұл жоба тиісті қондырғылардың өнімділігін арттырудың арқасында газ дайындау қуатын жетілдіруді көздейді.
- 4-ші газды кері айдау компрессоры, оның мақсаты – қабатқа айдалатын газдың жылдық орташа тәуліктік көлемінің деңгейін арттыру және қабат қысымын ұстап тұру тиімділігін арттыру.
- 5-ші ішкі құбыр желісі және газды кері айдау ұңғымалары жобасы жаңа ішкі құбыр желісінің, бұрғылау мен жаңа кері айдау ұңғымалардың аяқтаудың көмегімен ГКДҚ-2 ағынынан төмен кері айдау жүйесінің өнімділігін жетілдіруге бағытталған.
1 Мұнайды пайдалану бойынша әлімдік оңтайлы тәжірибе дегеніміз – халықаралық мұнай өнеркәсібінде шығындарды азайту, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мақсатында саналы операторлар әдетте қорларды түпкілікті игеру кезінде экономикалық тиімділікті арттыру үшін тиісті әдістер мен үдерістерді пайдалануға байланыста апектілерге қатысты қолданылатын алдыңғы қатарлы, қауіпсіз және тиімді өндірістік қызмет пен рәсімді білдіреді. Бұл анықтама «Аgencia Nacional de Hidrocarburos, Барлауға және көмірсутектерді өндіруге келісімшарт атты 2008 жылғы № 09 басылымында берілген, la Cuerva»
Өндіріс көлемін арттыру жобаларының портфолиосы бірнеше жылдар бойын дайындалып, жетілдірілді. 2019 жылдың желтоқсан айында 5-ші ішкі құбыр желісі және газды кері айдау ұңғымалары жобасы пайдалануға беріліп, үш кері айдау ұңғымалардың біріншісі іске қосылды.
2020 жылы KПO кен орнын игеру жобаларын COVID-19 пандемиясынан туындаған күрделі әлемдегі күрделі жағдайларға және соған байланысты бизнестің шектеулеріне, соның ішінде сатып алулардың кешіктірілуіне, кейбір жеткізушілер жариялаған форс-мажорлық жағдайларға, КПО жобасын басқаратын топ жұмысшыларының сапар шегу шектеулеріне жұмыс орындарындағы қызметкерлер санын азайту талабына, жұмыскерлер арасындағы пандемия ошақтарының туындауына және басқа факторларға қарамастан жалғастырды.
Қарашығанақ өңдеу кешені газы бойынша өндірістік шектеулерді алу жобасының құрылыс-монтаждау бойынша ауқымды жұмыс көлемі аяқталды – Drizo мен құрғату қондырғыларын, қосалқы станция және құбырлық эстакадаларды қондырумен байланысты жұмыстар аяқталды. 2020 жылғы қыркүйек айында құбыр желісі мен қосылу 108 пайдалануға берілді, осының арқасында ГКДҚ-3 нысанында болған ЖЖЖ барысында өндіріс жоғалтулары көлемі кеміді. 2021 жылдың наурыз айында жоба сәтті аяқталып, пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ал 2021 жылдың 3-ші тоқсанында Өндіріс директоратына тапсыру жоспарланып отыр.
Өткен жылы 4-ші газды кері айдау компрессоры жобасын іске асыруда елеулі табысқа қол жеткізілді. Компрессорлы қондырғы іргетасқа тұрғызылды, қазіргі уақытта компрессордың ғимаратын салу аяқталып жатыр. Ұзындығы 8,5 км құрайтын ГКДҚ-2 нысанына ҚОТЖ дейін құбыр желісінің құрылысы аяқталды. Құбырлы қосылуларды, электр жабдықтарды монтаждау мен БӨҚА бойынша жұмыстар жылдам қарқынмен іске асырылуда. 2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы, ал 2021 жылдың 4-ші тоқсанына қарай іске қосу-реттеу мен пайдалануға беру жұмыстары орын алатыны күтілуде.
Қарашығанақ кеңейту жобасы
Қарашығанақ кеңейту жобасының (ҚКЖ-1) 1-сатысы шеңберінде КПО Компаниясы Қарашығанақ жобасын кезеңдік игеруін жалғастыруда. ҚКЖ-1 кен орнында өсіп келе жатқан газ факторын реттеуді көздейтін қосымша ұңғымаларды, технологиялық нысандар мен газды керу айдауды ескере отырып, тұрақтандырылған сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін ұстап тұрудың арқасында Қарашығанақ жобасының құрылтайшы компаниялары мен Қазақстан Республикасы үшін қосымша пайда алып келеді.
2020 жылдың желтоқсан айында Қарашығанақ жобасының құрылтайшы компаниялары ҚКЖ-1 санкциялау туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау бойынша және 4-ші газды кері айдау компрессоры жобаларын ескере отырып, Қарашығанақ кен орнын игеруді жалғастыруда жаңа белесті белгілеген тағы бір маңызды жайт болды. Жергілікті мердігер ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру мақсатында жергілікті қамту үлесін барынша арттыру – ҚКЖ-1 іске асырудағы КПО басымдылықтарының бірі. Одан басқа, жоба аясында қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
ҚКЖ-1 жұмыс көлемінің бірінші кезеңі ҚКЖ-1А 5-ші газды кері айдау компрессоры жобасы 5-газды кері айдау компрессоры мен басқа да ілеспе нысандарды қамтиды. Жоба қосымша ақпаратты пайдалануға бағытталған газды кері айдау әлеуетін арттыру үшін, инженерлік желілер мен өндірістік нысандардың жұмыс көлемдерін біріктіре отырып, Қарашығанақ өңдеу кешенінде газ бойынша шектеулерді алып тастау жобасы шеңберінде орнатылатын құрғату бойынша қуаттылықтарды жұмысқа қосу жоспарланып отыр. Бұндай әдістеме біріктіру себебінен синергиялық нәтиже мен капиталды шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 2021 жылы жоба аясында дайындау мерзімі ұзақ материалдарды сатып алу және жобалау, сатып алу және құрылыс бойынша мердігерді жұмысқа жұмылдыруды дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Коллектордың техникалық сараптамасы нәтижесінде 2020 жылдың наурыз айында ҚКЖ-1 бағдарламасынан бөліп алынған 6-шы магистралды құбыр желісі мен 3 кері айдау ұңғымасы жобасының мақсаты – кен орынындағы кері айдаудың алаңын кеңейту арқасында сұйық көмірсутектерді өндірісін барынша арттыру. Жобаны іске асыру нәтижесінде газ факторы төмен жақын маңдағы ұңғымалардағы қысымды ұстап тұру және коллекторды басқаруды жетілдіру мақсатында кен орнының оңтүстік-батыс алаңындағы газды кері айдауды қайта бөлінетін болады.
2020 жылдың қараша айында 6-шы магистралды құбыр желісі жобасы тиімділікті бағалаудың 3-ші кезеңінен сәтті өтті, ал 2021 жылдың 1-тоқсанында шлейф пен ішкі құбыр желісінің жұмыс көлемі бойынша жобалау мен сатып алу жұмыстары басталып кетті.
ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ
КПО цифрлық трансформацияны бизнесті ұйымдастыру мен процестерді жеңілдетудің және жақсартудың басты тетігі ретінде қарастырады.
“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында КПО өз технологиялық жаңғырту және цифрландыру жоспарын әзірледі. Компанияның цифрлық жол картасы басында 30-ға жуық түрлі цифрландыру жобасын қамтыған қажетті макро салалар бойынша әртүрлі 11 тақырыпты қарастырған болатын. Аталмыш цифрлық жол картасы Компанияға қағазды басып шығарумен байланысты процестерді барынша азайтуға және цифрлық жұмыс процестерін арттыруға мүмкіндік береді. Цифрландыру жүзеге асырылғаннан кейін жобаларды кейінгі дамыту жалғасады деп күтілуде.
2020 жылы КПО назарында келесі жобалар болды:
- Жаппай цифрлық қолтаңбаны енгізумен құжаттаманы оңтайландыру. Компания бизнес процестерін, соның ішінде қашықтан жұмысты жеңілдету үшін КПО басшылары мен қызметкерлеріне 1200 астам ЭЦҚ берілді.
- Өндіруді оңтайландыру жобалары, соның ішінде нысандардағы KPI мониторингі жүйесін енгізу, DINO бағдарламалық жасақтамасын жаңарту, ерекше жағдай қағидаты бойынша ұңғымаларды басқарудың пилоттық жобасын орындау және ұңғымалар телеметриясы жобасын іске қосу. Бұл жобалардың мақсаты жүйе өнімділігін арттыру және жабдық қуатын максималды пайдалану арқылы көмірсутектерді өндіру деңгейін арттыру болып табылады.
- Пайдалануға дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ оның бағасын түсіру және техникалық қызмет көрсету мерзімін азайту үшін өнімділік негізіндегі айналмалы жабдықтың жай-күйін жетілдірілген бақылауды енгізу арқылы критикалық маңызды жабдық мониторингісін жүргізу, бұл тек қажетті араласуды орындауға мүмкіндік береді.
- Штрих кодтау жүйесін енгізу және EWM бағдарламалық жасақтамасын жаңарту арқылы қоймаларды басқару. Жобаның мақсаты қойманы басқару тиімділігін арттыру және сақталатын қорларды азайту.
- PSA өкілетті орган қолдауымен Қазақстандағы ірі мұнайгаз компаниялары үшін ортақ электрондық сатып алулар платформасын анықтау, орнату және енгізу арқылы электрондық сатып алу жүргізу. Аталмыш жоба мақсаты ашық процесі бар және авторландыру процесі қатысушыларымен деректерді тез алмасуды қамтамасыз ететін тиімдірек платформаны құру.
Оған қоса KAZENERGY қауымдастығымен бірге КПО Қазақстанның ірі университеттерінің студенттері қатысқан Student Digital Fest байқауын қолдады. Байқаудың соңғы кезеңі 2020 жылғы ақпанда аяқталады.