Энергия тиімділігі
Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – төмен көміртекті технологияларға көшуді жүзеге асыра отырып, өсіп келе жатқан энергия қажеттілігін қанағаттандыру
Біздің мақсатымыз – қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту, сондай-ақ өндірістік және қосалқы процестерде энергия ресурстарын тиімді пайдалану. КПО қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін энергия тиімділігін арттыру бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқаруда.
32-кесте. Қоршаған ортаны қорғаудағы міндеттеріміз
2020 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2020 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2021 жылға қойылған міндеттер |
ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ |
|||
Келесі энергия аудитін ұйымдастыру, энергияны сақтау әлеуетін анықтау және 2021–2026 жылдарға энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жоспарын әзірлеу. Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001: 2018 стандарты жаңа нұсқасы талаптарына сәйкестігіне сертификаттау аудитін жүргізу. |
Жартылай орындалды |
COVID-19 пандемиясына байланысты энергия аудиті жұмыстары жартылай орындалып, 2021 жылға қалдырылды 2020 жылдың тамызында ISO 50001: 2018 стандарты жаңа нұсқасы талаптарына сәйкестікке қайта сертификаттау аудиті өткізілген болатын, нәтижесінде КПО-ның энергетикалық менеджмент жүйесі тиімді танылып, халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталды |
Энергия аудитін аяқтау, және энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру бойынша бес жылдық жоспарды әзірлеу Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарт талаптарына сәйкестігіне бақылау аудитін жүргізу |
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
ISO бойынша сертификаттау КПО-ның заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін қажетті шараларды қабылдайтын Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі ретінде іскерлік беделін одан әрі нығайтуға себептес болады.
2020 жылдың тамызында КПО-да ISO 50001: 2018 стандарты жаңа нұсқасы талаптарына сәйкестікке сертификаттау аудиті өткізіліп, сәтті аяқталған болатын. Биыл аудитті жаңа RINA сертификаттау органы жүргізді.
Аудит нәтижесі бойынша Компания ешқандай сәйкессіздіктер жібермеген, сондай-ақ КПО-ның энергетикалық менеджмент жүйесі тиімді танылып, халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталған болатын.
Энергияны тұтыну
2020 жылы энергия ресурстарын жалпы тұтыну мөлшері 2019 жылғы 1 021 946 шартты отын тоннасымен салыстырғанда 1 067 135 шартты отын тоннаны құрады. 33-кестеде энергия түрлері бойынша энергияны тұтыну көлемдері берілген.
33-кесте. 2018–2020 жж. КПО-ның энергия ресурстарын тұтыну мөлшері
Энергия түрі |
Өлшем бірлігі |
Энергияны тұтыну, физикалық өлшем бірліктері |
Энергияны тұтыну,, шартты отын тоннасы |
Энергияны тұтыну, ГДж |
||||||
2018 |
2019 |
2020 |
2018 |
2019 |
2020 |
2018 |
2019 |
2020 |
||
Отын газы |
мың м3 |
841 943 |
826 806 |
863 029 |
1 037 274 |
1 018 625 |
1 063 251 |
30 402 505 |
29 855 886 |
31 163 893 |
Электр энергиясы (сатып алынған) |
МВт/сағ |
6 707 |
7 244 |
6 236 |
825 |
891 |
767 |
24 181 |
26 115 |
22 482 |
Дизель жанармайы |
м3 |
839 |
739 |
1 188 |
1 058 |
932 |
1 498 |
30 997 |
27,468 |
43 905 |
Бензин |
м3 |
245 |
226 |
199 |
271 |
249 |
220 |
7 934 |
7 301 |
6 439 |
Жылу (жалға алынған кеңселерде) |
Гкал |
8 219 |
8 731 |
9 781 |
1 175 |
1 249 |
1 399 |
34 449 |
36 595 |
40 994 |
Барлығы |
|
|
|
|
1 040 603 |
1 021 946 |
1 067 135 |
30 500 065 |
29 953 365 |
31 277 713 |
2020 жылғы энергияны жұмсау көрсеткіші бір тонна көмірсутекке шаққанда 1,08 Гдж құрады, бұл IOGP14 (1,50) өз есептерін берген компаниялардың энергияны жұмсау орта көрсеткіштерінен төмен.
22-сызба. Энергияны жұмсау динамикасы, 2018–2020 жж.
Энергияны сақтау шаралары
КПО-ның энергияны сақтау мен тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жоспарына сәйкес 2020 келесі шаралар жүзеге асырылды:
- Өндірістік және қосалқы нысандарда шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру жұмыстары жалғасты. 2020 жылы шамдардың 683 данасы ауыстырылды. Шамдарды ауыстырудан электр энергиясын үнемдеудің есептелген көрсеткіші шамамен 132 950 кВт*сағ құрады.
- Жанармай газын есепке алуды жақсарту, соның ішінде өлшеуіш құралдарын орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілді.
14 Деректер көзі – Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жылдық есептері – «Қоршаған орта қызметінің көрсеткіштері – 2019».
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 12
КПО «ТАБИҒАТТЫ ҚҰРМЕТТЕУ» ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ НАСИХАТТАЙДЫ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
Компания «жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Жасыл кеңсе – бұл қызметкерлер ресурстарды үнемді пайдаланатын, қоршаған ортаға қамқорлық жасайтын және экологиялық сананы насихаттайтын кеңсе.
Мақсаты:
Ұзақ мерзімді перспективада біз бұл бастаманы Компанияның кеңселерінде қалдықтардың пайда болуын, электр энергиясы мен суды тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді деп күтеміз.
КПО корпоративті мәдениетіне «жасыл кеңсе» қағидаларын енгізу жұмыста ғана емес, сонымен бірге үйде, жанұя мен достар арасында экологиялық ойлау мен экологиялық таза өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы алғанда, Компания қызметкерлері қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың үлгісі болып, қоғамға оң ықпал тигізеді деп көзделуде. Компания экологиялық қызметіне қызметкерлердің көбірек санын тартуы КПО компаниясының қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімділік көрсеткіштерінің артуына себептес болады.
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
КПО экология саласы бойынша сауаттылықты арттыру Компанияның ресурстары мен табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, сондай-ақ қызметкерлер арасында жасыл технологиялар мен экологиялық тәжірибелерді енгізуге деген адалдықты арттыруға ықпал ететін басым бағыт ретінде анықтады.
2020 жылы экологиялық хабардардылықты арттыру бойынша өткізілген бір қатар шараға 500-ден астам қызметкер қатысты. Бір қатар шараның ішінде:
- КПО басшылығының қатысуымен өткізілген семинар, онда компанияның экологиялық көрсеткіштерін жетілдірудің мүмкіндіктері, соның ішінде кеңсе кеңістігін көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру жөніндегі іс-шаралар талқыланды;
- Эко-жаттықтырушы, мотивациялық спикер, эко-блогер, «Жасыл драйвер. Экологиялық таза өмір салтын ұстанудың коды.” кітабының авторы Роман Саблинді қатысуымен Компания қызметкерлеріне арналған мотивациялық экологиялық тренинг жүргізілді;
- Компания қызметкерлерімен өткізілетін экологиялық семинарлар, онда қызметкерлер әлемдік экологиялық мәселелерді және қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендетуді және «экологиялық ізді» азайтуға қосатын әр адамның жеке үлесінің рөлін талқылады.
Одан басқа, оң өзгерістердің орын алуына себепші болуға және қызметкерлерді әрекет етуге насихаттауға және жеке адамның және жалпы Компанияның қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту мақсатында КПО компаниясы өзінің «Жасыл ережелерін» және экологиялық постерлерін дайындап шығарды.
«Жасыл кеңсе» пилоттық жобасы үшін Компанияның екі кеңсесі – Орал кеңсесі және Қарашығанақ бизнес орталығы таңдалды, онда экологиялық белсенділер өз еркімен тренинг өткізіп, қызметкерлер арасында «жасыл» ойлауды насихаттайды.
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 13
КПО «ЭНЕРГЕТИКА АПТАСЫ»
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
2020 жылғы 11 мен 17 қараша аралығында Компания Қазақстан Республикасының Энергия үнемдеу күніне орайластырылған КПО Энергетика апталығын өткізді. Осы іс-шара шеңберінде энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі саланың кәсіби спикерлерінің қатысуымен бірқатар онлайн форматтағы веб-семинарлар өткізілді, сонымен қатар «Энергия үнемдеу – балалардың көзімен» тақырыбында балалар суреттер байқауы өткізілді.
Мақсаты:
- КПО мен мердігер ұйымдар қызметкерлерінің энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын қазіргі тенденциялар, технологиялар мен тәжірибелер туралы хабардарлығын арттыру.
- «Энергия үнемдеу – балалардың көзімен» балалар суреттер байқауы жас ұрпаққа экологиялық сана мен тұрақты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Байқауға қатысу балаларды энергияны үнемдеу қағидаларын танып білуге ынталандырып, олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді.
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
«Энергетика апталығының» вебинарларының тақырыбы кең ауқымды мәселелерді қамтыды: энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы жобаларды іске асыру тетіктері, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіндегі өзгерістер, «Жасыл кеңсе» қағидаттары, энергияны үнемдеу саласындағы форсайтты зерттеу және цифрландыру және т.б.
Оқыту тренингі ретінде ересек балалар үшін энергетика саласындағы ҚР алдыңғы қатарлы ЖОО және Германия Westküste қолданбалы университеті оқытушыларының қатысуымен келешегі зор оқу бағыттары бойынша қысқаша шолу өткізілді, ал қоршаған ортаны қорғау мұғалімі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің елшісі жас балалармен «Энергия үнемдеу дегеніміз не және ол неге маңызды?» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.
Мұндай деңгейдегі іс-шараны онлайн форматта өткізудің алғашқы рет өткізілуіне қарамастан, ұйымдастырушылар қатысушылардан көптеген оң пікірлер алды. «Энергия үнемдеу – балалардың көзімен» атты балалар суреттер байқауына КПО қызметкерлері мен мердігерлерінің 100-ден астам балалары қатысты. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және алғыс грамоталарымен марапатталды. Іс-шара аясында КПО-ның бас директоры Эдвин Блом энергетикалық менеджмент жүйесінің ISO 50001 стандартына сәйкестігін сертификаттауға үлкен үлес қосқан компания қызметкерлерін марапаттады.