Қауіпсіздік

КПО өндірістік нысандардың тұтастығын сақтап, барлық Компания және мердігер қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшін салып келеді.

19-кесте. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттеріміз

2020 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2020 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2021 жылға қойылған міндеттер

КПО экспорт құбыр желілеріне заңсыз қосылу жағдайларын мүлдем болдырмау

Орындалды

Экспорттық құбыржолдарды жүйелі бақылау мобильді патрульдер күшімен және «Optasense» бақылау және хабарлау жүйесімен жүргізілді.

КПО экспорттық құбыржолдарына заңсыз қосылу жағдайларын болдырмау

«Optasense» жабдықтары мен бағдармалық жасақтамасын жаңарту

Орындалды

Хабарлау жүйесінің бағдармалық жасақтамасы «Sintela» 5.0 нұсқасына жаңартылды

 

 

Жаңа міндет

 

Заңсыз әрекеттердің алдын алу мен оқиғалар деңгейін төмендету бойынша бірқатар шараларды жүргізу

Күзет қызметкерлерін қауіпсіздіктің және адам құқықтарының ерікті қағидаларына (ҚжАҚЕҚ) оқытуды жалғастыру

Орындалды

2020 жылдың соңында күзет ұйымдардың барлық қызметкері аталмыш оқудан өтіп шықты.  

2016 жылдан бері ҚжАҚЕҚ оқыту туралы ереже қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін көрсету бойынша жаңа келісімшарттар талаптарына енгізілген.

Күзет қызметкерлерін қауіпсіздіктің және адам құқықтарының ерікті қағидаларына (ҚжАҚЕҚ) оқытуды жалғастыру

Жобалау кезеңін және электронды қауіпсіздік жүйесін құру мен орнатуды кемінде 50 %-ға аяқтау;

Үлкен Шаған МАС-да қорғаныш қоршаулары мен электронды қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша жұмыс көлемін дайындауды бастау.

Орындалуы жалғасуда

Жоба толықтай дайын. КВИ шектеулеріне байланысты электронды қауіпсіздік жүйесін құру мен орнату фазасы басталған жоқ

Электронды қауіпсіздік жүйесін сатып алу және оны Компания нысандарында орнатуға кірісу

Үлкен Шаған МАС-дағы ықтимал қауіпсіздік қызметі көрсетушісін анықтау.

Чип орнатылған және мүмкіндіктері көбірек электронды бейдждің жаңа түрін жұмыс ортасына енгізу

Орындалуы жалғасуда

Жаңа электронды бейдждерді жеткізу келісімшарты жасалып, бағдарламалық жасақтама әзірленді

Бірнеше әртүрлі және қолданыстағы электронды бейдждерді/сертификаттарды біріктіру

2020 жылғы КПО қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі қызметінің қорытындысы бойынша 521 бұзушылық анықталып, құқық қорғау органдарына жолданған 5 өтінішпен қоса 26 ішкі қызметтік тексеру жүргізілді.

2020 жылы Компания 92 млн теңгені құрайтын КПО және мердігер ұйымдар активтерін рұқсатсыз шығару/алып кету фактілерін анықтап, оларға жол бермеді. Бұған қоса, КПО қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі мен Бөрлі ауданы құқық қорғау органдарының күшімен ұрланған мүлік қайтарылды.

Экспорттық құбыржолдарда кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін күзет ұйымының қызметкерлері БҚО құқық қорғау органдарына мал ұрлығымен және сирек кездесетін жануарлардың дериваттарын заңсыз пайдаланумен байланысты қылмыстарды ашуға көмектесті.

Қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдірудің екінші кезеңін іске асыру шеңберінде 2020 жылы қолданыстағы бақылау және хабарлау жүйелерін жаңарту үшін келесі іс-шаралар қабылданды:

  • Sintela жаңа бағдарламалық жасақтамасын енгізу және орнату үшін құжаттама пакеті дайындалды;
  • Жаңа жабдықтар сатып алынып, нысандарда орнатылды, іске қосу-реттеу жұмыстары басталды;
  • жаңартылған бағдарламалық жасақтаманың процестері мен алгоритмдері біріктірілді;
  • ықтимал қауіптерді қабылдаудың дәлдігін жақсарту және жаңылыс іске қосуларды азайту үшін жаңа алгоритмдер қосылды;
  • жерге тұйықтау мыс кабельдерін ұңғымалардан рұқсатсыз алу фактілеріне байланысты материалдарды кіргізуді және әкелуді/әкетуді бақылаудың жаңа алгоритмдері енгізілді және күшейтілді;
  • 2020 жылдың желтоқсанында операторларды Sintela жүйесін басқаруға оқыту процесі басталды.
7-сызба. 2020 жылғы бұзушылық фактілері