Қауіпсіздік техникасы

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен нысан тұтастығын қамтамасыз ету — кез келген мұнайгаз конденсат кен орнын игеру мен пайдаланудағы табыстың негізгі факторлары. Әлеуметтік жауапты компания ретінде КПО еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың тиімді мәдениетін қолдауға толықтай міндеттенеді. Әрбір қызметкер үйіне аман-есен оралып, өндірісте ешқандай ағып кетулер болмауы тиіс.

2020 жылы басталған коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша үздіксіз ақпараттық жұмыс биыл да жалғасын тапты. COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың коммуникациялық стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық бөлімдер мен ықпал ету құралдары — постерлер, аудио хабарламалар, ақпараттық белгілер, қалқыма хабарламалар, интранет порталдағы жеке бет, Instagram-дағы посттар, электронды оқулар, сондай-ақ Компанияның ішкі ресурстарына және YouTube каналына жүктелген бейнематериалдар іске қосылды. Сондай-ақ мұндай ақпарат Қарашығанақ кен орны жолдары бойында орнатылған ірі жарнамалық қалқандарда да болды.

9-кесте. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы міндеттеріміз

2020 жылғы міндеттеріміз

Орындалуы

2020 жылғы міндеттерді жүзеге асыру үшін қабылданған іс-әрекеттер

2021 жылғы міндеттер

Қауіпсіздік техникасы мәдениетін арттыру және көшбасшылық жоспарын жүзеге асыру

Жаңа міндет – 91 %-ға орындалды

Жоспарды жүзеге асыру «Алтын» және «Өмірлік маңызды ережелер» туралы хабардарлықты арттыруды, сондай-ақ салдарларды басқару, көшбасшылық және тәлімгерлік, марапаттау механизмі, жұмыс учаскелерінде басшылықтың болуы сияқты тақырыптарды қамтиды

Қауіпсіздік техникасы мәдениетін арттыру жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру

 

КПО өндірістік директораты төменгі буын басшыларының еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілігіне 100 %-дық бағалау жүргізу

83,5 %-ы орындалды

Пандемияға және қызметкерлердің жұмыс орындарында аз болуына байланысты төменгі буын басшыларының еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілігін 10 элемент бойынша бағалау 83,5 %-ға орындалды

ҚӨК төменгі буын басшыларының еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілігін 10 элемент бойынша бағалауды аяқтау

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммуникациялар жоспарын әзірлеу және енгізу

Жаңа міндет – орындалды

Жоспар әзірленді. Жыл ішінде оны жүзеге асыру бойынша жиналыстар өткізілді. Жоспар бойынша шаралар коронавирус-шектеулері ескеріліп орындалды

2021 жылға еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы коммуникациялар жоспарын орындау

2020 жылғы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын жүзеге асыру бойынша шараларды орындау

Орындалды

Жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша жоспардың қысқа мерзімді шаралары 98 %-ға (18-дің 14-і) орындалды. Нақты деректер «Жол қауіпсіздігі» бөлімінде келтірілген

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын жүзеге асыру бойынша шараларды орындау

Мердігер ұйымдардың еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін басқару стратегиясын жаңарту және оқыту семинарлар өткізу

Орындалды

Мердігер ұйымдардың еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін басқару стратегиясы қайта қаралып, жаңартылды. Келісімшарттармен жұмыс жасайтын жетекші қызметкерлерге жаңартылған стратегия бойынша оқыту семинарлары өткізілді

 

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР

Біз қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы қызметімізді ілгерілік динамикасы мен әлемдегі оқиғаларды ескеріп жоспарлаймыз. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы жетістіктерімізді адам-сағаты ескерілген белгілі бір жұмыс көлемінің орындалу кезінде орын алған оқиғалардың жиілігімен өлшейміз. Төменде 2020 жылғысы айрықша көрсетіліп, 2012–2020 жылдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштері берілген.

2-сызбада еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі2 (ЕЖОЖ) және есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі3 (ЕТОЖ) көрсетілген.

2020 жылы КПО-да тіркелетін жарақаттардың шамалы төмендегені байқалды. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақат саны бұрынғы деңгейде қалды (2 жарақат). 2020 жылы КПО-да ЕЖОЖ 0,06 (2019 жылғы 0,06-мен салыстырғанда өзгеріссіз) және ЕТОЖ – 0,18 (2019 жылғы 0,28-бен салыстырғанда) көрсетті. КПО оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін олардың барлығын тексереді. Бұдан басқа, біз өзіміздің мердігер ұйымдармен және басқа да мүдделі тараптармен оқиғалардан алынған сабақтар бойынша ақпаратпен алмасамыз, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасын жақсарту мақсатында басқа компаниялардың тәжірибесін де қарастырамыз.

10-кестеде КПО мен мердігер ұйымдардың соңғы үш жылдық ЕЖОЖ жиіліктері салыстырылып берілген. КПО мен мердігер ұйымдардың мәліметтері жеке-жеке берілген. Жиынтық көрсеткішті алу үшін мәліметтерді жинақтаудың орнына, есептеу формуласын қолдану қажет.

2-сызба. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі мен есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2012–2020 жж.

10-кесте. Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2018–2020 жж.

Тиімділік көрсеткіштері

2018

2019

2020

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі (КПО)

0,53

0,13

0,00

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген оқиғалар жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,20

0,04

0,07

11-кестеде КПО мен мердігер ұйымдардың тіркелетін оқиғалар жиіліктері салыстырылып берілген

11-кесте. Есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2018–2020 жж.

Көрсеткіштер

2018

2019

2020

Есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі (КПО)

0,66

0,13

0,00

Есепке алынуы тиіс оқиғалар жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,44

0,33

0,22

Ескерту: Алғашқы медициналық көмек көрсетілген оқиғалар өндірістік жарақат есебіне қосылмайды.

КПО қауіпсіз жұмыс ортасын құруға ұмтылады. Алайда 2020 жылы Компанияда мердігер ұйымдар қызметкерлерінің әртүрлі жарақат алуына әкелген 6 оқиға орын алды.

12-кесте. 2020 жылы орын алған оқиғалар (мердігер ұйымдар)

Жарақат түрі

Сипаты

Саны

2 еңбек ету қабілетін уақытша жоғалту жағдайы

Қолды қысып алу нәтижесінде алған жарақат

1

Көзге бөгде заттың түсуінен болған көз жарақаты

1

Тіркелетін 4 жарақат жағдайы, қызметкерлер жарақаттан кейін медициналық ем алып, жұмыстарын жалғастыра алды (1) немесе жеңіл жұмысқа ауыстырылды (3).

Қалдықтарды сұрыптау кезінде метал жаңқаларынан қолдың жарақаттануы (кесілу)

1

Құлаған құбыр салдарынан болған табан жарақаты

1

Ыстық жылу тасымалдағыштың төгілуінен болған саусақтардың жарақаты (күйіп кету)

1

Аяқтың қайырылып қалуынан табан жарақаты (созылу)

1

БАРЛЫҒЫ

6

2020 жылы бір де бір айтарлықтай жол-көлік оқиғасы тіркелмеді. 2020 жылғы жол-көлік оқиғаларының жиілігі (ЖКОЖ) 1 млн шақырым жүріп өткен жолға шаққанда 2019 жылғы 0,02 көрсеткішімен салыстырғанда 0-ді көрсетті. Жол-көлік оқиғаларының нөлдік көрсеткіші 2020 жылғы жол қауіпсіздігін жақсарту жоспарының аясында орындалған бірқатар іс-шаралармен байланысты болды (іс-шаралар «Жол қауіпсіздігі» бөлімінде сипатталған).

2019 жылғы 42,7 млн км салыстырғанда 2020 жылы КПО көлік құралдарының жүріп өткен жолы 37,9 млн км құрады. Көлік жүрісі азаю себептерінің бірі – КВИ байланысты қызметкерлерді шектеулі тасымалдау.

3-сызба. Ірі жол-көлік оқиғаларының жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2018–2020 жж.

КПО-да қолданылатын ЖКОЖ есептеу әдісі : жол-көлік оқиғаларының жиілігі = ірі жол-көлік оқиғаларының саны x 1 000 000 / км жүріп өткен жол.

13-кесте. Жол-көлік оқиғаларының жиілігі: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2018–2020 жж.

Тиімділік көрсеткіші

2018

2019

2020

Жол-көлік оқиғаларының жиілігі (КПО)

0,00

0,00

0,00

Жол-көлік оқиғаларының жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,03

0,03

0,00

4-сызба. Адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2018–2020 жж.

Ескерту: КПО-да қолданылатын адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігін есептеу әдісі: адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі (жасалған бір миллион адам-сағатқа шаққанда ) = адам қазасымен аяқталған оқиғалардың саны x 1 000 000 / жасалған адам-сағат. 2018 жылы КПО-да адам қазасымен аяқталған бір оқиға орын алды.

14-кесте. Адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2018–2020 жж.

Тиімділік көрсеткіші

2018

2019

2020

Адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі (КПО)

0,00

0,00

0,00

Адам қазасымен аяқталған оқиғалардың жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,05

0,00

0,00

2020 жылы КПО және мердігер ұйымдардың қызметкерлері 34 225 582 адам-сағат жұмыс жасады: олардың 21 %-ы (7 269 825 адам-сағат) КПО қызметкерлері, ал 79 %-ын (26 955 757 адам-сағат) мердігер ұйымдар қызметкерлері жасады.

15-кесте. Жұмыс жасалған адам-сағат саны: КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2018–2020 жж.

Көрсеткіштер

2018

2019

2020

Жұмыс жасалған адам-сағат (КПО)

7 561 991

7 829 313

7 269 825

Жұмыс жасалған адам-сағат (мердігер ұйымдар)

20 417 110

27 339 092

26 955 757

Барлығы

27 979 101

35 168 405

34 225 582

2020 жылы КПО-да екі ықтимал қауіпті оқиға тіркелді: бір ықтимал қауіпті жағдай және бір мүлікке зиян келтіру оқиғасы

16-кесте. Ықтимал қауіпті оқиғалардың саны4 : КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2018–2020 жж.

Көрсеткіштер

2018 г.

2019 г.

2020 г.

Ықтимал қауіпті оқиғалар саны (КПО)

2

3

1

Ықтимал қауіпті оқиғалар саны (мердігер ұйымдар)

5

8

1

Барлығы

7

11

2

4 Ықтимал қауіпті оқиға (ЫҚО) – бір немесе бірнеше адам өліміне әкелуі мүмкін оқиға немесе ықтимал қауіпті жағдай.

2020 жылы 73 ықтимал қауіпті жағдай тіркелді (бұдан әрі – ЫҚЖ): оның ішінде 46 жағдай (63 %) оқиғаларды хабарлау процедурасы бойынша, 27 жағдай (37 %) ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарының көмегімен анықталды. КПО әрбір ЫҚЖ және оқиғаға мұқият тергеу жүргізеді, тікелей және негізгі себептері анықталып, кемшіліктерді түзетуге және алдағы уақытта оқиғалардың қайталанбауына ұсыныстар жасалады.

17-кесте. Ықтимал қауіпті жағдайлар саны5 : КПО және мердігер ұйымдардың салыстырмалы көрсеткіштері, 2018–2020 жж.

Көрсеткіштер

2018 г.

2019 г.

2020 г.

Ықтимал қауіпті жағдайлар саны (КПО)

31

47

27

Ықтимал қауіпті жағдайлар саны (мердігер ұйымдар)

41

64

46

Барлығы

72

111

73

5 Ықтимал қауіпті жағдай (ЫҚЖ) – есепке алынуы тиіс жарақаттануға, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтіруге немесе технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғаға әкелуі мүмкін, алайда түрлі жағдайларға байланысты орын алмаған, кез келген жоспарланбаған және бақыланбайтын оқиға немесе оқиғалар тізбегі.

САЛАНЫҢ БАСҚА ҰЙЫМДАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ

КПО компанияның тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (ТНК) Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы (бұдан әрі IOGP) есебінде көрсетілген оператор компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырады. IOGP қауымдастығы ЕҚ және ҚТ саласындағы тиімділік көрсеткіштерін жыл сайын www.iogp.org жариялайды.

2020 жылы КПО-да еңбек ету қабілетін жоғалту жарақаттар саны айтарлықтай азайды. Егер КПО-ның көрсеткіштерін 2020 жылғы саланың басқа компаниялардың көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, КПО-ның еңбек ету қабілетін жоғалту жарақаттар жиілігі IOGP жетекші 10 компаниясының көрсеткіштерінен және 2019 жылғы IOGP орташа статистикалық көрсеткіштерінен төмен (5-сызбаны қараңыз).

5-сызба. IOGP мен КПО салыстырмалы көрсеткіштері, 2007–2020 жж.

2020 ЖЫЛҒЫ ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ ЖАҚСАРТУ ЖОСПАРЫ   

Компания ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында өз қызметінің қызметкерлер денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін азайту, одан сақтану және алдын алу қағидасын ұстанады. КПО жыл сайынғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жоспарын әзірлеу барысында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы күнделікті қызметке кірмейтін, кейінгі жетілдіруге бағытталған шараларды таңдап кіргізеді.

2020 жылғы аталмыш жоспарды әзірлеу барысында оның тиімділіктің негізгі көрсеткіштерімен сәйкесуі үшін, сонымен қатар ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша біріктірілген жүйені жетілдіру бағытындағы алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін бұрынғы «тақырыптық» тәсіл қолданылды.

Жарақаттанудың нөлдік көрсеткішіне қол жеткізу үшін және өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру бойынша басты тақырыптар «мақсаттық элементтердің» төрт тобына бөлінген:

  1. Көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті;
  2. Қауіп-қатерлерді басқару және нысан тұтастығын қамтамасыз ету;
  3. Қоршаған ортаны қорғау және энергияны үнемдеу;
  4. Жол қауіпсіздігі

2020 жылғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жоспары әр «мақсаттық элементің» тақырыбын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге әзірленген 58 негізгі іс-шарадан және жетілдіру ұсыныстарынан тұрады. Жоспар 80 %-ға орындалды, қалған 20 %-ы 2021 жылғы жоспар аясында жалғастырылатын болады. Жоспарды толықтай орындауға КВИ және сонымен байланысты шектеулер кедергі болды.

Келесі параграфтарда біз көшбасшылық және қауіпсіздік техникасы мәдениетін арттыру жоспарының, сонымен қатар жол қауіпсіздігінің шараларын сипаттаймыз. Қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және қауіп-қатерлерді басқару басқа бөлімдерде берілген.

КПО «Алтын ережелері» және «Өмірлік маңызды ережелері»  

КПО ЕҚ, ҚТ мен ҚОҚ саясаты шеңберінде қауіпсіздік мәдениетін арттыру және оқиғаларды азайту мақсатында КПО-да үш негізгі «Алтын ереже» (2017 ж. бастап) және 11 «Өмірлік маңызды ережелер» (2019 ж. бастап) белгіленген.

«Алтын ережелер» Компанияның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау көзқарасын реттейді: заңнамалық нормаларды сақтауға, қауіп төнген жағдайда араласуға, өзара әрекеттесу кезінде әріптестерді құрметтеуге бағытталған.

«Өмірлік маңызды ережелер» Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) қағидаларына негізделген және мұнай-газ өнеркәсібі ұйымдары арасындағы ЕҚ және ҚТ саласындағы әлемдік қағидаларды стандарттау шеңберінде, сондай-ақ білім, тәжірибе және алған сабақтармен алмасуды жақсарту мақсатында құрылған. Бұл ережелер қауіптілігі жоғары жұмыстардың 11 түрін қамтыған.

Бұл белгіленген ережелер КПО-ның барлық қызметкерлеріне, мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты және Компания қызмет істейтін барлық активтер мен өндірістік нысандарда қолданылады.

9-сурет. Қауіптілігі жоғары жұмыстар түрі

Салдарларды басқару

КПО-да “ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауап­кершілік және салдарлады басқару моделі” жұмыс істейді, ол оң немесе теріс салдары болуы мүмкін, және сол салдарлардың оң немесе теріс болуына байланысты тиісті марапаттауды немесе жазаны анықтап беруге көмектесетін қызметкердің тәртібін жүйелі түрде зерттеу­ді қамтамасыз етеді.

2020 жылы осы модель бойынша КПО қызметкерлері мен мердігер ұйымдар үшін таныстыру сессиялары басталды. Сессиялар 2020 жылдың қаңтар және ақпан айларында өтті, бірақ КВИ шектеулеріне байланысты тоқтатылған болатын. Жұмысты үйден жасап жатқан қызметкерлердің басым бөлігінің хабардарлығын арттыру мақсатында ҚТ корпоративтік бөлімі “ ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы тәртіптік жауапкершілік және салдарлады басқару моделі” бойынша электронды оқу құралын әзірлеп шығарды. 2021 жылы Компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлерін осы модельмен таныстыру жұмыстары жалғасатын болады.

ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ мәселелері бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік

ЕҚ және ҚТ мәдениетін арттыру үшін кәсіпорынның барлық бөлімшелері бірігіп жұмыс атқару қажет. Әдетте, тиімді басшылығы бар топтар жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Осыған орай, оператор компаниялардың қолдауымен КПО ЕҚ және ҚТ бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын әзірледі, ол жобаларды жүзеге асыру директоратында алғаш рет енгізіліп, кейіннен өндірістік директоратта іске қосылды.

Жұмыс орындарында басшылықтың болуы

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жалпы көрсеткіштерін және олардың жұмыс орындарында қызметкерлермен қолданылуын қадағалау мақсатында КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулер жүргізеді. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерулер екі деңгейде өткізіледі: орта буын басшылардың және КПО директорлары / басқарушылары мен мердігер ұйымдардың қатысуымен жоғары басшылық тексерулері.

2020 жылы жоғары басшылықтың қатысуымен 70 ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тексеруі жүргізілді, жоспар бойынша оның саны 60 болған (жоспар 116 %-ға орындалды).

Жол қауіпсіздігі 

Жол қауіпсіздігінің тұрақты көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін КПО жол қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды жалғастыруда. 2020 жылда Компания келесілерді қосқанда, осы жоспардың қысқа мерзімді іс-шараларының 98 %-ын орындады:

  • Жол қауіпсіздігі бойынша міндеттемелерді қабылдаумен Компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саясатын жаңарту;
  • Көлік құралдарын пайдалануды оңтайландыру және көлік жүрісін азайту міндеттері шеңберінде Компанияның Ақсай қаласындағы кеңселері үшін «ортақ пайдалану» көлік жүйесін енгізу;
  • Тоғыз негізгі мердігердің басшылығымен жол қауіпсіздігі туралы кезектен тыс жиналыс өткізу, онда жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, ережелерді бұзуға жол бермеу, қажығандықтың алдын алу, көлік жүргізу кезінде сыртқы факторларды ескеру және т.б. мәселелер көтерілді;
  • Компания және мердігер жүргізушілерімен қыс мезгілінде көлік жүргізу қаупі, оның ішінде жануарлармен соқтығысу қаупі туралы қыс мезгіліндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша кезектен тыс жиналыс өткізу;
  • Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың барлық көлік құралдарына бейнетіркеуішті орнату талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Компанияның негізгі процедураларын жаңарту: жол қауіпсіздігі, көлік құралдарын бақылау жүйесін басқару, жүктерді қауіпсіз тасымалдау;
  • Компанияның жол қауіпсіздігін басқару жүйесін ISO 39001 «Жол қауіпсіздігін басқару жүйесі» халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне салыс­тырмалы талдау жүргізу. Компания аталмыш стандарт бойынша 2022 жылы сертификаттаудан өтуді жоспарлап отыр

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 2

ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ: БАСШЫЛЫҚ ТАРАПЫНАН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:

КПО-да қауіпсіздік техникасының маңызы зор. Алайда КПО-да ұқсас себептермен оқиғалар орын алып, әлі де жалғасуда: бұл қауіп-қатерге үйреніп кету және жұмысқа араласудың болмауы. Сондай-ақ КПО-да Компанияның өндірістік нысандарында бұрын жұмыс жасамаған жаңа қызметкерлер жұмылдырылған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оларға тиісті қауіпсіздік стандарттарын үйрету өте маңызды іс.

Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік супервайзерлер мен шеберлердің көшбасшылық қасиеттеріне және ЕҚ мен ҚТ мәселелеріндегі біліктілігіне байланысты. Cупервайзерлер мен шеберлердің өздері жеке үлгі көрсетіп, қауіпсіздік мәдениетін белгілеп, нығайта алады.

Мақсаты:

Жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қауіпті факторларды анықтау, жұмысшыларды жұмылдыру және топтағы тәлімгерлік бойынша менеджерлердің біліктілігін арттыру.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинары әзірленді, оған қауіп-қатер денгейі жоғары жұмыстарды жүргізуге жауапты КПО мен мердігер ұйымдар супервайзерлері мен шеберлері шақырылды. Семинарлар теория­лық бөлімнен, топтардағы практикалық сабақтардан, сонымен қатар жұмыс орындарындағы коучинг-әңгімелерден тұрды.

2020 жылы КПО басшылығы келесілер үшін ЕҚ мен ҚТ бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді:

  • жобаларды жүзеге асыру директоратының, әсіресе 4-газды кері айдау компрессоры жобасының барлық жұмыс және топ жетекшілеріне;
  • 2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинарларына супервайзерлері мен топ жетекшілері қатысқан өндірістік директораттың басшыларына.

Нәтижесі:

2019 және 2020 жылдары КПО және мердігерлік ұйым­дардың 1200-ден астам супервайзері коучинг, қатысу және араласу бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдірген семинарларға қатысты. Оқу материалы ретінде әдеттегі әдістерден басқа, бейнематериалдар, оқиғаларды тергеу нәтижелері, қалта нұсқаулықтары қолданылды.

Бағдарламаға қатысып, жұмыс орындарында алған білімдерін қолданған ең белсенді супервайзерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ынталандыру жүйесі бойынша марапатталған болатын.

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 3

ТИІМДІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗ ТӘРТІПКЕ ЫНТАЛАНДЫРУ

Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:

Қызметкерлердің жақсы және нашар тәртібі ұйымдағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетіне айтарлықтай әсер етеді.

Мақсаты:

Ережелерді жақсы түсіну және есте сақтау мақсатында Компания және мердігер ұйымдар қызметкерлеріне арналған 2020 жылы “Алтын ережелер” және “Өмірлік маңызды ережелер” бойынша кейінгі тест тапсырумен міндетті электрондық оқу іске қосылды.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

ЕҚ және ҚТ көрсеткіштерін одан әрі жақсарту және мәдениетін арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің электрондық курсты оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында Компания басшылығы электронды оқытуды сәтті аяқтау ТНК орындаудың бір критерийіне айналдыру және ЕҚ мен ҚТ саласындағы жыл сайынғы сыйлықақы беру туралы шешім қабылдады.

Екінші критерий ықтимал қауіпті жағдайлардың тіркелетін жарақаттың 12:1 қатынасына жету болды, яғни әрбір тіркелетін жарақатқа кем дегенде 12 ықтимал қауіпті оқиға тіркелуі тиіс. Екінші критерий қызметкерлерді барлық оқиғалар, тіпті кішігірім және салдары болмаған оқиғалар туралы хабарлауға ынталандыру болды, себебі оларды тергеп, Компания одан да ауыр оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік алады.

Нәтижесі:

2020 жылы Компанияда есепке алынуы тиіс 6 жарақатқа 73 ықтимал қауіпті жағдай тіркелді, яғни 1 жарақатқа 12 ықтимал қауіпті жағдайдың қатынасы бойынша белгіленген көрсеткішке қол жеткіздік. Жыл соңында ұзақ уақыттық демалыста болғандарды есептемегенде, КПО-ның барлық қызметкерлері осы оқу курсынан өтті. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ көрсеткіштеріне қатысты қызметкерлерге сыйлықақы төленді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАБАРДАРЛЫҒЫН АРТТЫРУ ҮШІН ЖАҢА КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫ

Әлем бойынша таралған КВИ пандемиясы КПО компания­сына қызметкерлердің ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы хабардарлығын және осы саладағы байланыс тиімділігін арттыру мақсатында жаңа ресурстар мен әдістерді іздеуге және қолдануға түрткі болды.

2020 жылы КПО ҚТ корпоративтік бөлімі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ең маңызды оқиғалар мен іс-шаралар туралы хабардар ететін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ электрондық журналың шығарып бастады. Бұл формат қашықтан жұмыс істейтіндерге оқиғалардан хабардар болуға, сондай-ақ өз ұсыныстарын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Бұрын электронды жүйеге кіру кезінде компьютер экранында қалқыма хаттар күніне бір рет шығатын, қазір олар кез келген форматтағы материалдарға сілтемесі бар күніне бес рет шығатын болды. Қызметкерлердің назарын аудару үшін хабарламалардың дизайны жақсартылды – әдемі суреттер, мәтіннің аздығы. Бұл өзекті ақпаратты тиімдірек жеткізуге мүмкіндік береді.

Көптеген сұраныстар бойынша біз апта сайынғы ҚТ бо­йынша қысқаша ақпаратты шығардық. Олар кез келген жұмыс жиналысының алдында немесе оның барысында талқылауға пайдалануға болатын ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы өзекті мәселелерді қамтиды. Егер қызметкерге белгілі бір тақырып бойынша материалдар қажет болса, онда ол кітапханадағы барлық шығарылған басылымдарды интранеттегі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ парақшасынан таба алады.

Қысқы уақыттағы қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру науқаны шеңберінде, қысқы ауа-райына байланысты апаттардың алдын алу үшін презентация материалдары мен TikTok платформасы үлігсіндегі бейнероликтер әзірленіп таратылды. Сонымен қатар КПО қызметкерлері мен мердігерлер арасында конкурс өткізілді, оған қатысу үшін келесі тақырыптар бойынша фотосуреттер немесе қысқа бейнематериалдар жіберу керек болды:

  • Қысқа дайындық – жұмыс орнындағы қауіпсіздік;
  • Қысқа дайындық – отбасына қамқорлық жасау;
  • Қысқа дайындық – қауіпсіз көлік.

Конкурс қорытындысы бойынша ең креативті, практикалық әрі пайдалы кеңестердің 10 авторы марапатталды.

Компанияның қолданыстағы барлық құралдары анықтамалық HSEHelp@kpo.kz арқылы кері байланысты білдіреді. Әрбір электрондық хабарламаларда ҚТ бөлімі кез келген сұрақтарды, ұсыныстарды немесе ескертулерді жіберуді сұрайды, сонымен қатар ең пайдалы идеяларды мадақтайды. 2020 жылы HSEHelp@kpo.kz арқылы келіп түскен 387 сұраныстың барлығы қаралды.

Мұнай оператор компанияларымен өзара әрекеттесу

2020 жылы КПО компаниясы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында «Тенгизшевройл» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» мұнай өндіруші оператор компанияларымен ынтымақтастық бастамасын сәтті жалғастырды, оның мақсаты саладағы қауіпсіз тәртіптің тұрақты мәдениетін бірлесіп қалыптастыру болды. Бұл орайда әріптес компаниялармен ақпаратпен, оқиғалардан алынған сабақтармен және озық тәжірибелермен алмасу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бұл бастама мұнай-газ индустриясындағы бірыңғай талаптар мен практикалық шешімдерді жеңілдетуге, стандарттауға және енгізуге бағытталған. Өткен жылы аталмыш ынтымақтастық онлайн форматта жүргізілді.

Кездесулерде КВИ пандемиясына байланысты жұмыс­тарды шектеулер жағдайында ұйымдастыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ жол қауіпсіздігімен, оның ішінде жол-көлік оқиғаларын жіктеуге, көлік мониторингі жүйелері және бейне-камераларды жүргізу кезінде пайдалану, оқиғаларды тергеу процесіне қатысты және т. б. мәселелер бойынша сөз қозғалды.

ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 4

АҚСАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАБАРДАРЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:

Жыл сайын Компания Ақсай тұрғындарының қауіпсіздік техникасы мен жол қауіпсіздігі бойынша хабардарлығын арттыруға және осы мәселелерді насихаттауға зор көңіл бөліп келеді. КВИ пандемиясының шектеулеріне байланысты бірқатар жоспарланған іс-шаралар жаңа форматта өткізілді.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

Жыл сайын КПО Ақсай қаласы балалары мен олардың ата-аналарына 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай жол қауіпсіздігі шарасын өткізетін еді. 2020 жылғы КВИ пандемиясы салдарынан шара басқа форматта өтті.

КВИ пандемиясының шектеуліктеріне қарамастан және «Радио-Ақсай» радиостанциясы әріптестерінің көмегімен ҚТ корпоративтік бөлімінің қызметкерлері Instagram арқылы онлайн байқау өткізіп, қала ата-аналарымен және балалармен сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

Іс-шараға дейін бір апта бұрын бірнеше қысқа бейнероликтер дайындалып, «Радио-Аксай» Instagram парақшасына жүктелген болатын. Оның мақсаты кең таралған қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелері, қауіпсіз мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру және балалардың жарақаттануын болдырмау туралы ескерту болды. Сонымен қатар балалардың үйдегі, көшедегі, жолдағы және т.б. жерлердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен бөлісу мақсатында Ақсай тұрғындарына өз фотосуреттерін және бейнероликтерін жіберуді ұсындық.

Үздік шығармашылық жұмыстар іріктеліп, Балаларды қорғау күні «Радио–Ақсай» тікелей эфирінде жарияланды.

Сондай-ақ 2020 жылы «Ақсай» радиостанциясы толқынында Компанияның түрлі тақырыптары, атап айтқанда күнделікті өмірдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері, өрттің алдын алу, қауіпсіз көлік жүргізу, балалар қауіпсіздігі, сонымен қатар қыс уақыты мен қараңғы уақыттағы қауіпсіздік тақырыптары бойынша аудиороликтерді ойнату жалғастырылды. Қауіпсіздік техникасы мен жол қауіпсіздігі бойынша өзекті тақырыптар бойынша аудиороликтер күніне бес рет ойнатылып, ай сайын жаңартылып тұрады.

Сондай-ақ, жергілікті жол полициясы мен аудандық білім беру бөлімі өкілдерімен бірлесіп, қаланың орта жалпы білім беру мектептерінің төменгі сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау мақсатында ақпараттық іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар аясында балаларға естелік сыйлықтар және қараңғы уақытта қолданылатын 1 мыңнан астам жарық шағылыс­тырғыш фликер сыйға тартылды.