Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету
Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етудің басты мақсаты – ауқымды апаттардың алдын алу. “Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы ұйымының (IOGP)” № 456 стандартында анықталғандай, бұл мақсатқа жетуге қондырғылар мен жабдықтардың құрылымдық-механикалық күйінің сенімділігі, сондай-ақ олардың дұрыс лайықты түрде падаланылуы ықпал етеді.
КПО өз қызметіне төнуі ықтимал қауіп-қатерлерді бақылауға тырысады және қорғаныш тосқауылдары жүйесін қолдану арқылы жоғары деңгейдегі тәуекелдерді азайту бойынша жұмысты жалғастыруда. КПО нысандар тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі тосқауылдардағы ауытқуларды («тесіктерді») анықтау және кез келген оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қорғаныш тосқауылдарының күйін үнемі бағалап отырады.
18-кесте. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету саласындағы міндеттер
2020 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2020 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2021 жылға қойылған міндеттер |
«Тосқауылдар моделінің» жаңа бағдарламалық жасақтамасын қабылдау бойынша қорытынды тестілеуін өткізу |
Орындалды |
2020 жылы КПО талаптарына сәйкес «Тосқауылдар моделінің» жаңа бағдарламалық жасақтамасын реттеу бойынша жұмыс жүргізілді. Қорытынды қабылдау тестілеуі аяқталды және пайдаланушыларға жаңа тосқауыл моделі бойынша оқыту өткізілді. «Тосқауылдар моделінің» жаңа бағдарламалық жасақтамасы 2020 жылғы желтоқсан айында іске қосылды |
Барлық тартылатын қызметкерлер үшін «Тосқауылдар моделінің» бағдарламалық жасақтамасын қолдану бойынша танысу сессияларын өткізу |
ҚӨК, ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3 объектілерінде шағын өлшемді клапандардың (ССК) қолданылуын зерттеу және бұған талдау жүргізу |
Жаңа міндет: орындалуда |
Шағын клапандармен байланысты тәуекелдер анықталды және тіркелді. КПО нысандар тұтастығын қамтамасыз ету және өндіріс бөлімдері осы клапандарға қатысты қауіп-қатерді бағалау жұмыстарын жүргізді |
КПО нысандарындағы шағын көлемді ССК ауыстыру әрекетін қадағалауды жалғастыру және онымен байланысты тәуекелдерді «Тосқауылдар моделінің» дерекқорына тіркеу |
ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3 нысандарындағы «Пайдалану сипаттамалары және қауіпті факторларға ақырғы талдаулар» (ПСҚФТ) бойынша ұсыныстарды енгізу. |
Жаңа міндет: орындалуда |
Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді: ГКДҚ-2 нысанының 2018 жылғы ақырғы ПСҚФТ бойынша іс-шаралардың 81,4%-ы (356 шараның 290-ы), ГКДҚ-3 нысанының 2019 жылғы ақырғы ПСҚФТ бойынша іс-шаралардың 26,5%-ы (200 шараның 53-і) жабылды. Іс-шаралардың орындалуы «Synergi» деректер қоры арқылы қадағаланады |
Өндірістің тұтастығы мен технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Synergi» деректер қорында PSR модулін қолдана отырып ПСҚФТ іс-шараларын жабуда нысандарға қолдау көрсетуді жалғастыру |
Бекітілген өзгертулерді апаттық дабылдарды оңтайландыру жобасына енгізу |
Орындалды |
«Апаттық дабылдарды оңтайландыру бағдарламасының» жобасы дайындалып, іске асыру үшін орталық техникалық қызмет көрсету бөліміне ұсынылды |
|
Технологиялық қауіпсіздіктен хабардарлықты арттыру бойынша науқанды жалғастыру және бақылауды күшейту мен қолданыстағы тосқауылдарға бақылау жүргізуді жақсарту үшін алынған кері байланыс негізінде іс-шаралар жоспарын дайындау |
Кейінге қалдырылды |
Технологиялық қауіпсіздіктен хабардарлықты арттыру науқаны коронавирус пандемиясымен байланысты шектеулер салдарынан кейінге қалдырылды. |
Технологиялық қауіпсіздіктен хабардарлықты арттыру науқанын жалғастыру және IOGP стандарттары негізінде іс-шаралар жоспарын дайындау |
Негізгі мақсат – адамдарға, қоршаған ортаға, мүлікке және Компанияның беделіне қауіп төндіретін факторлардың алдын алу және оларды азайту. Осы тапсырманы орындау үшін жабдық, адамдар және процестер сияқты санаттарда қорғаныш тосқауылдары анықталды. Осылайша, ауқымды апаттардың қауіптілігі ең төменгі іс жүзіндегі лайықты деңгейге дейін азайтылды.
КПО өндіріс тұтастығын басқару жүйесі – ірі ауқымды апаттардың алдын алу және Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін барлық КПО қызметкерлерінің, мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің қауіпті факторлар туралы хабардарлығын арттыру бойынша шаралар кешені.
2014 жылы енгізілген өндірістік тұтастықты басқару жүйесі аясында КПО келесі құралдарды қолданады:
- Тосқауылдар моделі,
- Өндіріс тұтастығы тиімділігінің негізгі көрсеткіштері,
- Қолданыстағы нысандарды модификациялау бойынша өзгертулерді басқару жүйесі,
- Технологиялық процесс қауіпсіздігінің негіздері бойынша іс-шаралар.
Тосқауылдар моделі
2020 жылы өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі Microsoft Excel бағдарламасының негізінде «Тосқауылдар моделі» құралын жетілдіру мақсатында мамандандырылған бағдарламалық жасақтама дайындаушы «Risk Poynt» компаниясы жасаған бағдарламалық кешеннің конфигурацияларын реттеу бойынша жұмыстар жүргізді. Осындай жаңа шешім өндірістік қауіп-қатерлерді басқарудың инновациялық құралы болып табылады. Ол ұйым активтері үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін талдаудың мәліметтері мен көрсеткіштерін ұсынады.
«Тосқауылдар моделінің» бағдарламалық жасақтамасы КПО талаптарына сай жаңартылып, осылайша жедел деректер есебінен үдерістің тиімділігін айтарлықтай арттыруға және анықталған ықтимал қауіпті факторлармен жұмыс жасау кезінде әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Онлайн тәртібіндегі жүйе 2020 жылғы 22 желтоқсанда іске қосылды.
Алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы
Жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы (АҚҚТБ) – технологиялық жабдықтың, оның ішінде уытты емес және жанбайтын заттардың, алғашқы қорғаныш қабатынан кез келген заттың жоспарланбаған немесе бақыланбайтын ағып кетулер. КПО-ның АҚҚТБ көрсеткіштері туралы 2020 жылғы есебінде алғашқы қорғаныш қабатының бұзылуымен байланысты 2020 жылы орын алған оқыс оқиғаларын, сондай-ақ келесілерге қатысты тағайындалған түзету іс-шараларын талдау берілген:
- Түпкі себептер ( оқиғаларды тергеудің «Tap Root» әдістемесіне сәйкес),
- «Технологиялық процесс қауіпсіздігінің негіздері» ережелерін сақтау деңгейі,
- Түзету іс-шараларының статусы,
- Ағып кетулерді тіркеу кітабы.
Ірі ауқымды апаттардың орын алуына әкелуі мүмкін қауіпті факторларды бақылау және талдау технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалардың алдын алудың және олардың күрделілік дәрежесін төмендетудің негізі болып табылады. Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиға орын алған жағдайда, «Synergi» дерекқорында тіркелумен тиісті тергеу басталады. КПО тергеу тобы түпкі себептерді талдап, оларды жою бойынша ұсыныстар мен тиісті шаралар жоспарын дайындайды. Жоспардың орындалуы «Synergi» дерекқоры арқылы қадағаланады.
2018–2020 жылдар бойынша өткізілген статистикалық сараптама 2019 жылға қарағанда 2020 жылы алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуымен байланысты орын алған оқиғалардың саны 12 %-ға дейін өскенін, сонымен қатар олардың күрделілік дәрежесінің де артқанын көрсетті. АҚҚТБ-мен байланысты 2-дәрежелі 1 ғана оқиға тіркелді. Бұл жағдай ҚӨК нысанында орын алды: 6-сызбада көрсетілгендей, ҚӨК объектісіндегі бөлінген газдардың компрессоры ғимаратында газдың шығуы.
6-сызба. Өндірістік нысандар бойынша технологиялық жабдықтың алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы жағдайлары, 2018–2020 жж.
Ескерту: Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалар (1/2/3 дәрежелі) анықтамасымен танысу үшін “Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы ұйымының (IOGP)” № 456 стандартынмен танысып шығыңыз.
Өндіріс тұтастығы тиімділігінің негізгі көрсеткіштері
КПО-ның нысан тұтастығы тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің (ТНК) мақсаты – сайып келгенде неғұрлым ауыр салдарға әкелуі мүмкін оқиғалардың себептері мен шарттарын анықтау немесе олардың орын алуының алдын алу. КПО нысан тұтастығы ТНК туралы есеп беру бойынша API RP 754 ұсынылған тәжірибесіне, IOGP 456 стандарты ұсынымдарына, «Эни» және «Шелл» компанияларының басшылық ететін қағидаттарына сәйкес кешікпелі және ескертпелі көрсеткіштерді қадағалап отырады. КПО құрушы компанияларының 2020 жылғы аудит нәтижесіндегі ұсыныстар шеңберінде ТНК процесі бұрын қолданылмаған «жарық индикаторларын» енгізу арқылы жетілдірілді.
2020 жылы өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі КПО-дағы нысан тұтастығы тиімділігінің негізгі көрсеткіштері және өндірістік қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштері туралы есептерді ай сайын және тоқсан сайын беруді жалғастырды.
КПО процесстерінің қауіпсіздігі бойынша ақпараттық панельдерде КПО-ның барлық өндіріс нысандары бойынша орташа және жалпы көрсеткіштер бар.
Үздіксіз жетілдіру және хабардарлықты арттыру мақсатында ТНК пирамидасы 1-3 деңгей коэффициентімен толықтырылды. Бұл коэффициент деңгейіндегі оқиғалар санының мердігерлер мен қосалқы мердігерлер жұмыс істеген адам-сағаттың жалпы санына қатынасын көрсетеді.
Бағалау карталары мен ақпараттық панельдерге кірме деректерді цифрландыру және деректерді автоматтандырылған өңдеу бойынша 2020 жылға қойылған міндетін орындау коронавирус пандемиясы мен шектеулі ресурстарға байланысты мүмкін болмады.
2020 жылы өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі ТНК мен ақпараттық панельге қажетті деректерді (КПО бойынша жалпы және объект бойынша бөлек көрсеткіштер) ай сайынғы жинақтау, құрылымдау, мерзімді жаңарту және талқылау бойынша жұмыстарды жалғастырды.
Қолданыстағы нысандарды модификациялау бойынша өзгертулерді басқару жүйесі
Өзгертулерді басқару жүйесінің негізгі мақсаты – жабдықты модификациялау бойынша кез келген өзгертулер енгізілмес бұрын бағаланғанын, мақұлданғанын және құжатталғанын және, осылайша, өндірістік қондырғылар мен процестердің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда, жабдықты модификациялау үдерісіне қатысатын КПО бөлімдері аталмыш жүйені кеңінен қолданып келеді. Жалпы алғанда, 2020 жылдың соңында жүйеде 1946 электронды өзгерту тіркелді, оның 9,8 %-ы жыл ішінде жүйеге енгізілді. Жалпы жүйеде барлығы 814 электронды өзгерту жабылды, оның 136-сы – 2020 жылы жабылды.
Кен орнындағы барлық нысандардың белсенді қолдануы арқасында өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі мерзімі өткен электронды өтінімдердің азаюына қол жеткізді. Өткен жылмен салыстырғанда мерзімі өткен электронды өтінімдердің саны 58,8 %-ға азайып, 247 құрады. 2021 жылы біз мерзімі өткен өтінімдердің санын азайту және ашық өтінімдердің жиналуын болдырмау мақсатында жүйенің тиімділігін арттыруға ден қойдық.
Апаттық дабылдарды басқару
2020 жылы «Апаттық дабылдарды оңтайландыру бағдарламасының» ақырғы нұсқасы орталық қызмет көрсету бөліміне іске асыру үшін жіберілді (3 фаза). 2020 жылдың бірінші тоқсанында аталмыш жобаныс іске асыру кезеңіне дайындық ретінде орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің операторлары мен супервайзерлері үшін қысқа дайындық курсы өткізілді.
Технологиялық процесс қауіпсіздігінің негіздері бойынша іс-шаралар
Технологиялық процес қауіпсіздігі негіздері (ТПҚН) бойынша іс-шаралар 2017 жылы басталды. Бұл бастама өндірістік нысандарды пайдалану кезінде орын алуы мүмкін қауіптер туралы өндірісте қызмет ететін қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Коронавирус пандемиясымен байланысты шектеулер салдарынан 2020 жылы бұл іс-шаралар уақытша тоқтатылды.