Тұрақты даму бойынша қағидаттарымыз бен мақсаттарымыз
КПО компаниясы тұрақты дамудың кодексінде айқындалған 10 тұрақты даму қағидатын басшылыққа алады.
Аталмыш кодекстің 10 қағидатын, сондай-ақ еңбек пен денсаулықты қорғау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік инвестициялар, жергілікті қамту үлесін ұлғайту және басқа да салалардағы бағдарламаларымызды ескеріп, Біріккен ұлттар ұйымының 17 тұрақты даму мақсатынан (ТДМ) біз өзіміз үшін 12 мақсатты айқындап алдық.
Бұған қоса, тұрақты даму саласындағы сарапшылардың пікіріне сүйеніп, 2021 жылы тұрақты даму қағидаттары бойынша шараларды жүзеге асыру кезінде аса назар аудару керек алты басым мақсатты анықтадық. Бұл мақсаттардың құрамына келесілер кіреді:
- 12-мақсат –Жауапты тұтыну және өндіріс,
- 13-мақсат – Климаттың өзгеруімен күрес,
- 8-мақсат – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу,
- 9-мақсат – Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым,
- 10-мақсат – Теңсіздікті қысқарту,
- 17-мақсат – Тұрақты даму үшін серіктестік.