Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Ұзақ мерзімді бастамалар
Ұзақ мерзімді бастамалар
2020 жылдың қараша айында қол қойылған Келісім шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, Қазақстан машина жасаушыларының одағы және үш ірі оператор КПО, «Теңізшевройл» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» арасында 2021 жылы мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы (IMBC) құрылып, өз жұмысын бастады. Халықаралық орталық мүдделі министрліктермен, «PSA» ЖШС уәкілетті органымен, отандық мұнай-газ машина жасауды дамытумен айналысатын мұнай және машина жасау бірлестіктерімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, үш оператордың атынан қызмет атқаратын болады.
Бұл орталықтың негізгі міндеті үш оператордың (ТШО, НКОК және КПО) сұранысын талдау және операторлардың талаптарына сәйкес осы тауарларды жеткізе алатын жұмыс істеп тұрған өндірушілердің жергілікті нарығын зерттеу арқылы сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту болып табылады. Сондай-ақ, орталықтың қызметі жергілікті тауар өндірушілердің өндірістік қуаттарын кеңейтуге және қажет болған жағдайда олардың әлеуетін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Сонымен қатар, олардың өндірісін Қазақстан Республикасында оқшаулауда, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға және технологиялар мен ноу-хау трансфертін жеңілдету арқылы инвестиция тартуда шетелдік компаниялармен тығыз ынтымақтастық күтілуде.
2022 жылы КПО қауымдастық мүшелерінің келесі жалпы жиналыстарына қатысты:
- Қаңтар — IMB орталығының 2021 жылғы нәтижелері, жұмыс бағдарламасы мен бюджеті және де 2022 жылға арналған ТНК көрсеткіштері талқыланды.
- Шілде — IMB орталығының бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланды.
КПО IMB орталығына талдау үшін «B» тобы тауарларының (сорғыштар мен тығыздағыштар, желілік құбырлар, технологиялық сүзгілер, ЖЖАБ) техникалық талаптарын / сипаттамаларын ұсынды.
Орталық ұйымдастыратын іс-шаралар аясында 2022 жылдың ақпанында Қауымдастық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс нәтижесінде ҚР Энергетика министрі жергілікті қамтуды дамыту жол картасын дайындап, операторларға жолдады. Жол карасын жасаудағы мақсат — Операторлардың 3 санат тауарларын (клапандар, БӨАмА және электр жабдықтары) сатып алуын ұлғайту. Жол картасын жүзеге асыру аясында сатып алудағы мәселелерді талқылау үшін КПО ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп 2022 жылы мамыр айынан қыркүйек айына дейін апта сайынғы кездесулер өткізді:
- Жалпы сомасы 93 млн АҚШ долларын құрайтын 6 келісімшарт жасалды;
- 4 келісімшарт қол қою кезеңінде;
- 1 келісімшарт әзірлену кезеңінде.
ҚР аумағына инвестициялар тарту және өндірісті дамыту мақсатында КПО 2022 жыл бойы қол қойылған жол карталарын жүзеге асыру үшін жаңа өндірушілерді тарта отыра бірегей жабдық өндірушілермен (OEM) жұмысты жалғастырды. Аталмыш жабдық түрін өндіруді жергіліктендіру бастамасы күшіне енген кезден бастап КПО тауарларды жергіліктендіруге бағытталған 16 «жол картасына» қол қойып, бірегей жабдық өндірушілерімен жалпы сомасы 10,4 млн АҚШ долларын құрайтын 4 келісімшарт жасасты. КПО 13 жол картасын жүзеге асыруын жалғастырады. Оның аясында жалпы сомасы 11 млн АҚШ долларынан асатын инвестиция жасау және жаңа 350 жұмыс орнын құру жоспарланған.