ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты саясат

Қарашығанақ кен орнын игеру барысында КПО жергілікті қамтуды барынша арттыруға ұмтылады. КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту саясатының негізгі мақсаты импортты азайту және Қарашығанақ жобасының қажеттіліктері үшін сатып алынатын Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерінің (ТЖҚ) үлесін ұлғайту:

 

  • КПО қажеттіліктеріне қажет жеткізулерді жүзеге асыру кезінде жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін анықтау және іске асыру;
  • Жергілікті өндірушілерге Қазақстанда жаңа тауарлар мен жабдықтар өндірісін, соның ішінде жоғары технологиялық өндірістерді игеруге жәрдемдесу;
  • Технологияларды беру және жұмыс орындарын құру мақсатында бірлескен кәсіпорындар құруда жергілікті жеткізушілерге қолдау көрсету;
  • Жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және қауымдастықтармен өзара әрекеттесу.

 

КПО-ның жергілікті қамтуды дамыту іс-шаралары Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, машина жасауды дамыту, индустрияландыру және цифрландыру бағдарламалары сияқты мемлекеттік және индустриялық бағдарламаларына сәйкес әзірленген.