ҚазРусEng

Тұрақты даму

Газды алау қондырғыларында жағу

2021 жылы газды алауларда жағудың жалпы көлемі өндірген жалпы газ көлемінің 0,06% (2020 ж. 0,08%) немесе өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққанда 0,38 тоннаны құрады. Артық газды өртеу нәтижесінде шығарындылардың мұндай елеусіз қарқындылығы бір мың тоннаға 8,0 тонна орташа әлемдік өнеркәсіптік көрсеткішпен және мың тоннаға 2,4 тонна1 орташа еуропалық көрсеткішпен салыстырғанда өндірістік көрсеткіштердің жоғары деңгейін көрсетеді, деп хабарлайды IOGP 2020 жылғы есебінде. 2020 жылмен салыстырғанда газ жағу көлемінің азаюы 2021 жылы толық ЖЖЖ болмауына байланысты.

Жағылған ілеспе газ көлемі, 2019-2021 жж. (млн м3)

1Деректер көзі — Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жылдық есептері — «Қоршаған орта қызметінің көрсеткіштері — 2020».