Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Энергиялық тиімділік
Энергиялық тиімділік
Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі — төмен көміртекті технологияларға көшуді жүзеге асыра отырып, өсіп келе жатқан энергия қажеттілігін қанағаттандыру.
Біздің мақсатымыз — қоршаған ортаға тиетін әсерді азайту, сондай-ақ өндірістік және қосалқы процестерде энергия ресурстарын тиімді пайдалану. КПО қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін энергия тиімділігін арттыру бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқаруда.
Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар шеңберінде КПО энергетикалық талдау және энергия тиімділігіне мониторинг жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша КПО компаниясының энергия сыйымдылығы 2014-2020 жылдар аралығында салыстырмалы түрде тұрақты болды, ал ауытқулар 1-2% шегінде болды. 2021 жылы КПО энергия сыйымдылығының 2014 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға артқаны байқалады, бұл өсім Оренбург мұнай өндеу зауытына газ жеткізу бойынша шектеулерге және ГКДҚ-2 нысанының тоқтатылуына байланысты көмірсутектерді өндірудің төмендеуімен байланысты.
Салыстырмалы талдау нәтижесі КПО энергия сыйымдылығы IOGP-ге есеп беретін компаниялардың энергия сыйымдылығының орташа көрсеткішінен төмен екенін көрсетті. Осы талдау нәтижелері энергетикалық саясатты айқындау және компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын белгілеу үшін негіз болып табылады.
Энергетикалық менеджмент жүйесі
ISO бойынша сертификаттау КПО-ның заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес болу үшін қажетті шараларды қабылдайтын Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі ретінде іскерлік беделін одан әрі нығайтуға себептес болады.
2021 жылдың тамызында КПО-да ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша аудит сәтті өткізілді. Аудит нәтижесінде КПО-ның энергетикалық менеджмент жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталды.
Энергияны сақтау шаралары
КПО-ның энергияны сақтау мен тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жоспарына сәйкес 2021 жылы келесі шаралар жүзеге асырылды:
- Өндірістік және қосалқы нысандарда шамдарды жарық диодты шамдарға алмастыру жұмыстары жалғасты. 2021 жылы шамдардың 4 917 данасы ауыстырылды. Шамдарды ауыстыру шараларының нәтижесінде жылына үнемделген электр энергиясының есептелген көрсеткіші шамамен 754 600 кВт/сағ құрады. 2019-2021 жылдар аралығында 10 385 шам ауыстырылып, 1 271 230 кВт*сағ көлемінде энергия үнемделді.
- Отын газы бойынша есеп беру процесін жақсарту бойынша жұмыстар жалғастырылды:
- ҚӨК нысанының 5-340 учаскесінде ультрадыбыстық шығын өлшегішті орнату — 2022 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған;
- кері айдау компрессорларының газ турбинасында отын газының шығын өлшегішін орнату.
- Өндірістік бөлімдердің қызметкерлеріне арнап ISO 50001:2018 энергетикалық менеджмент жүйесі бойынша оқыту сессиялары өткізілді.