Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа көшу
Көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа көшу
Климаттың өзгеруі мәселесін шешу — бүгінгі күні бүкіл әлемнің алдында тұрған ең үлкен сын. ҚР жаңа экологиялық кодексі ел экономикасын көміртексіздендіру мен экологиялық «жасыл» дамуды ынталандыруға бағытталған.
Өз кезегінде КПО ел экономикасын көміртексіздендіруге өз үлесін қосуға тырысады. 2021 жылдың соңында КПО басшылығы «365 жобасын» құрғаны туралы жариялады, Аталмыш жоба бірқатар өршіл мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған үш бағытты қамтиды — әртараптандыру мен табысты ұлғайту, шығындарды азайту және «жасыл» бетбұрыс.
2021 жылдың қыркүйегінде КПО барлық бас компаниялардың қатысуымен «жасыл» бетбұрыс тақырыбында тікелей семинар өткізді. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша КПО-ның Қарашығанақ кен орнын көміртексіздендіру бойынша ұмтылысы айқындалды — 2037 жылға дейін 1 және 2 қамту аяларында көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа қол жеткізіп, әлемдегі ең ірі, тиімді және тұрақты көмірсутектер мен энергия өндіруші болу. Бұдан басқа, КПО өзінің алдына 2023 жылдың соңына қарай көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі нақты стратегияны әзірлеп, парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі барлық аралық кезеңдерді айқындауды мақсат етіп қойды.
Парниктік газдар шығарындылар көлемін азайту
2037 жылға дейін көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа (1 және 2 қамту аялары) қол жеткізу жөніндегі мақсатты қолдау мақсатында Компания ПГ шығарындыларын одан әрі азайту мүмкіндігін зерттеу бойынша ауқымды жұмысқа кірісті. 2021 жылы бірнеше нұсқаны зерттеу басталды, оның ішінде: пайдаланылған газдардан шығатын жылуды кәдеге жарату, СО2 тұту және сақтау, жаңартылатын энергияны жеткізу, көміртегі шығарындыларына квоталарды сатуға қатысу, энергия тиімділігін арттыру және басқалар. Жұмыс қазір жалғасуда және 2022 жылы жұмыстың аясын кеңейту жоспарда бар.
- Парниктік газдардың тікелей шығарындылары
- Парниктік газдардың меншікті шығарындылары
- Парниктік газдардың жанама шығарындылары
- Тәжірибе үлгісі
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары
КПО-дағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі. 2021 жылы КПО 2 369 945 тонна көлемінде шығарындылардың үлестік коэффициенттері (бенчмарктер) негізінде парниктік газдар шығарындыларына (СО2) квота алды. 2021 жылы нақты шығарындылар көлемі 1 727 683 тонна СО2 эквивалентін құрады, бұл алынған квота көрсеткішінің 73% — ын құрады.
ПГ шығарындыларын есепке алу көміртек диоксиді (СО2), метан (СН4) және азоттың шала тотығы (N2O) бойынша есептеу әдісімен мекеме қызметі туралы мәліметтер (жанармай шығысы және жанармай құрамы бойынша зертханалық мәліметтер) негізінде жүргізіледі.
2021 жылғы ПГ шығарындыларын түгендеу туралы верификацияланған есепке сәйкес ПГ шығарындыларының жалпы көлемі СО2 эквивалентінде 1 745 768 тоннаны құрады, оның ішінде СО2 үлесіне СО2-экв. 1 727 683 тонна келеді (99%), СО2-экв. CH4 — 9 586 тонна үлесіне (0,5%), СО2-экв. N2O — 8 499 тонна үлесіне (0,5%).
ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы туралы ақпарат төмендегі кестеде берілген. 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы парниктік газдардың жалпы шығарындыларының шамалы төмендеуі (4%-ға) есепті жылы көмірсутектерді өндіру қуатының төмендеуіне байланысты жабдықты пайдалану уақытының қысқаруымен байланысты.
КПО өндірістік қызметінің салдарынан ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы, 2019-2021 жж.
Парникті газ шығарындыларының жалпы көлемі (СО2 эквивалентінде, тоннамен) | |||||
Отынды тұрақты көздерде жағудан | Отынды алаулар мен инсинераторларда жағудан | Ұйымдастырылмаған шығарындылар* | 2021 жылғы ПГ жалпы шығарындылары | 2020 жылғы ПГ жалпы шығарындылары | 2019 жылғы ПГ жалпы шығарындылары |
1 602 469 | 136 211 | 7 088 | 1 745 768 | 1 821 604 | 1 870 324 |
* ҚР ЭГТРМ түгендеу мақсатында қолдануға рұқсат етілген ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдардың шығарындыларын есептеудің жеке әдістемесін қолдануды ескере отырып, 2021 жылы ұйымдастырылмаған ПГ шығарындыларының көлемі 2018-2019 жылдары ПГ шығарындыларын түгендеу кезінде қолданылған әдістеме бойынша СО2 эквивалентінде 151 916 тоннаны құрады.
Парниктік газдардың меншікті шығарындылары
2021 жылы өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындылары 63 тонна СО2 құрады, бұл — өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындыларын 67 тонна СО2 асырмау көрсеткішін сақтау бойынша мақсаттарға толықтай сәйкес келеді.
Төмендегі сызбада КПО ПГ меншікті шығарындылар динамикасы Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығымен берілген меншікті шығарындылар көрсеткіштері салыстырылған. КПО ПГ нақты меншікті шығарындылар деңгейі еуропалық көрсеткіштер деңгейінен 23%-ға, ал халықаралық көрсеткіштер деңгейінен 44%-ға төмен болды.
Көмірсутек шикізаты өндірісінің бірлігіне шаққанда ПГ меншікті шығарындыларының динамикасы, 2019-2021 жж.
*Деректер көзі ретінде IOGP Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының «Экологиялық тиімділік көрсеткіштері — 2020 жылғы деректер» атты жыл сайынғы есептері пайдаланылды. Салыстыру үшін 2021 жылы 2020 жылғы деректер пайдаланылды, өйткені 2021 жылғы IOGP есебі осы басылымды дайындау кезінде әлі басылып шығарылмаған.
Парниктік газдардың жанама шығарындылары
2021 жылы импортталатын электр энергиясын тұтыну нәтижесінде пайда болатын ҚМГКК парниктік газдардың жанама шығарындылары елеусіз үлесті құрайды (0,06%), өйткені Компанияда газ турбиналы электр станциясы бар, оның негізгі мақсаты — өз электр энергиясымен қамтамасыз ету. Кен орнының барлық өндірістік кешеніне және жақын елді мекендерге. Бұл шығарындылар бухгалтерлік есепке жатпайды және Қазақстан Республикасының парниктік газдар шығарындыларына ішкі квоталық жүйе шеңберінде есептілікке кірмейді. Олар туралы ақпарат тек бас компанияларға есеп беруде беріледі. 2021 жылы КПО жанама парниктік газдар шығарындылары 1 147 тонна СО2 құрады.
Тәжірибе үлгісі
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛМАҒАН КӨЗДЕРДЕН ПАРНИКТІК ГАЗДАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІН ДАЙЫНДАУ | |
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы: | 2015-2019 жылдар аралығындағы кезеңде ұйымдастырылмаған көздерден ПГ шығарындыларына мониторинг бойынша жүргізілген науқан нәтижелері негізінде ПГ (метан) нақты шығарындыларының көлемі газды өндіру, тасымалдау және сақтау нысандарында атмосфераға ПГ шығарындыларын есептеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес есептелген ПГ көлемінен әлдеқайда төмен (93% — ға) екені анықталды. ҚР Экологиялық Кодексінің 94-11 бабын және ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО 14064-1-2010 Ережесін басшылыққа ала отырып, КПО мониторинг нәтижелерін пайдалануға және сол арқылы Қарашығанақ кен орнының нысандарында ұйымдастырылмаған шығарындылар көздерінен ПГ шығарындыларын есептеу кезінде белгісіздікті азайтуға мүмкіндік беретін өз әдістемесін дайындау туралы шешім қабылдады. |
Мақсаты: | Жеке әдістеме келесі мақсаттар үшін қажет:
|
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | Меншікті жинақталған материалдарды ескере отырып және EPA-453/R-95-017 басшылығының ережелері негізінде компанияның қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін әзірлеу және енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді:
Жаңа әдістемені Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарашығанақ кен орнының өндірістік нысандарында парниктік газдар шығарындыларын түгендеу кезінде пайдалану үшін мақұлдады. |
Нәтижесі: |
|