Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Электр қуатын Батыс Қазақстан облысына жеткізу
Электр қуатын өндіру
КПО Қарашығанақ кен орнының өндірістік қажеттіліктеріне электр қуатын өзінің газ турбиналы электр станциясы арқылы (бұдан әрі — ГТЭС) өндіреді. Бұл электр энергиясының көлемі компания нысандарына: ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, өнімді жинақтау жүйесі, Экоорталық, Пилот қалашығы, Ақсай қаласындағы АТжТ бөлімінің деректер орталығы және Қарашығанақ-Атырау тасымалдау жүйесі, оның ішінде Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы мен 1-26 ілмекті арматура станцияларына жіберіледі.
КПО газ турбиналы электр станциясында (ГТЭС) төрт турбина орнатылған және жұмыс істеуде. Олардың үшеуі — қосотынды. Сонымен қатар, КПО БҚО тұрғындары қажеттіліктеріне қысқы кезеңде 25 МВт-қа дейін, ал жаз уақытында 20 МВт-қа дейін электр қуатын жеткізіп келеді.
2021 жылы ГТЭС нысанында № 1 және № 2 генераторларында шағын тексеріс жүргізілсе, № 3 генератор күрделі жөндеуден өтті. Жоспарланған тексеру кезінде оқшауламадан ақау табылғандықтан ескі статор орамаларын демонтаждау бойынша қосымша жұмыс көлеміне байланысты № 4 генератордың күрделі жөндеуі 2021 жылдың қазанынан мамырына дейін созылды. Жаңа статор орамасын дайындау, жеткізу және оны орау, генераторды өндірушіге жіберместен ГТЭС-те жүзеге асырылды. COVID-19 пандемиясының жұмыс барысына әсер етуіне және бөлшектерді жеткізудегі кідірістерге байланысты жұмыстың ұзақтығы өсті.
Сонымен қатар, 2021 жылы № 1, 2 және 3 турбиналардың ыстық газ трактіне тексеру жүргізілді, сондай-ақ № 4 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл бойына, үш турбинадағы генераторлардан блоктық трансформаторларға қуат беру мүмкіндігін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл турбиналарды жөндеуден кейін қайта іске қосу кезіндегі электрлік ажыратып-қосулар мен онымен байланысты қауіп-қатерлерді азайтты.
Электр қуатын Батыс Қазақстан облысына жеткізу GRI 203-1
Өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісім аясында (1 бап, 1.1 бөлім), КПО компаниясы электр қуатын өндіріп, Батыс Қазақстан облысына жеткізеді.
КПО «Ақсайэнерго» ЖШС және «Батыс Энергоресурсы» ЖШС сияқты электр энергиясын жеткізушілерге электр қуатын жеткізеді, ал олар өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының жергілікті халқы мен соңғы тұтынушыларына жеткізеді.
2021 жыл ішінде КПО аймақтың электр тарату жүйесіне 20 МВт-тан 34 МВт-қа дейін электр қуатын жеткізді, ал БҚО үшін электрмен жабдықтаудың жалпы көлемі ~225,6 млн кВт/сағ немесе аймақтағы электр энергиясын пайдаланудың шамамен 35%-ін құрады. № 4 газ турбиналы генераторын жоспардан тыс жөндеуге және үш турбинаға күрделі жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге байланысты 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы электрмен жабдықтау 20%-ға төмендеді. Бұл өз кезегінде, КПО ГТЭС нысанында жалпы электр энергиясын өндірудің төмендеуіне және нәтижесінде аймақ үшін электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуіне әкелді. Электр энергиясын өндірудің төмендеуіне себепкер болған тағы бір елеулі фактор ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу (ҚГӨША) жобасының жаңа учаскесінің іске қосылуы болатын, бұл 2021 жылдың екінші тоқсаннан бастап КПО компаниясының меншікті энергия тұтынуын 7-8 МВт-қа біртіндеп артуына алып келді.
2019-2021 жж. кезеңінде электр қуатын және отын газын жеткізу әрекеті төмендегі кестеде берілген.
2019-2021 жж. КПО электр энергиясын және отын газын жеткізу
Түсіндірмесі | Өлшем бірлігі | 2021 | 2020 | 2019 |
БҚО жеткізілген электр энергиясы, соның ішінде | млн кВт/сағ | 225,56 | 296,93 | 330,26 |
| млн м3 | 26,28 | 26,35 | 26,28 |
| млн м3 | 199,28 | 270,58 | 303,98 |
БҚО үшін электр энергиясын өндіру үшін отынды газды пайдалану, оның ішінде: | млн м3 | 75,88 | 99,35 | 112,06 |
| млн м3 | 70,98 | 89,95 | 88,98 |
| млн м3 | 4,90 | 9,40 | 23,08 |
2021 жылы электр энергиясы негізінен ішкі газ есебінен өндірілді. БҚО қажеттілігі үшін электр энергиясын өндіруге арналған үшінші тарап жеткізушісінен газ сатып алу ГТЭС-тегі жалпы тұтынудың шамамен 6,5%-ін құрады. Бұл негізінен ҚӨК 5-339 учаскесіндегі отын газын өндіру қондырғысының тұрақсыз жұмыс істеген кезеңде орын алды.
2021 жылдың мамыр және қазан айларында Батыс Қазақстан өңірлік электр энергетикалық компаниясының сыртқы электр желілерінде іркілістер (апаттық оқиғалар) орын алды, бұл КПО өндірісіндегі болмашы шығындарға алып келді.