Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Апаттық әрекет ету жүйесі
Апаттық әрекет ету жүйесі
Апаттық жағдайларға қарсы әрекет ету және дағдарыстық жағдайларды басқару КПО-дағы маңызды үдерістердің бірі болып табылады. Апаттық жағдайларға дайын болу және оларға қарсы әрекет ету апаттар мен күтпеген жағдайларды анықтау, сонымен қатар олардың пайда болуының алдын алу мен адамдарға, қоршаған ортаға, мүлікке және Компанияның беделіне әсерін барынша азайтуды қамтиды.
Оқиға, апат немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда КПО-да жедел іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ олардың ауқымын бағалау, оларды оқшаулау мен жою және салдарын жою жөніндегі жоспарды әзірлеу үшін қажетті сенімді үш деңгейлі әрекет ету жүйесі қолданылады. КПО үш деңгейлі әрекет ету жүйесі графикалық түрде төменде көрсетілген.
2021 жылы КПО компаниясы апаттық басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды енгізді. Атап айтқанда, кен орнындағы және Ақсай қаласындағы II деңгейдегі апаттық басқару топтары штаб жұмысының тиімділігін арттыру үшін бірыңғай командаға біріктірілді, сондай-ақ:
- қызметкерлер арасындағы байланыс жақсарды;
- ақпаратты қайталамай шешім қабылдау уақыты қысқартылды;
- функционалдық міндеттер бойынша еріктілердің жалпы резерві құрылды, бұл өз кезегінде ұзаққа созылған сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қосымша персоналды жұмылдыру мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, апаттық-үйлестіру орталықтарының технологиялық әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылды. Ақсай қаласы мен кен орнындағы апатты басқару орталықтары арасында дөңгелек үстел форматында бейне байланыс жүйесі орнатылды. Осының арқасында штабтың жұмысын қатаң карантиндік шектеулер жағдайында жүзеге асыруға және қызметкерлердің бір бөлігін штаб жұмысына қашықтан қатыстыруға мүмкіндік туды.
Оқу жаттығулары
I деңгейдегі күштер мен құралдарды дайындау шеңберінде, 2021 жылы Компанияның барлық қауіпті өндірістік нысандары ай сайын Апаттық басқару штабының (АБШ), апаттық-құтқару қызметтерінің және КПО мен мердігерлік ұйымдар персоналының қатысуымен апатқа қарсы жаттығулар өткізді.
2021 жылы бірінші деңгейдегі апаттық басқару штабтарының және апаттық-құтқару құрамаларының іс-қимылдарын пысықтау үшін КПО нысандарында 103 оқу-жаттығу сабақтары өткізілді (2020 жылы 80).
2020-2021 жылдары өткізілген оқу-жаттығу сабақтары
ІІ және ІІІ деңгейдегі штаб мүшелері дайындық деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік берген келесі нақты мобилизациялар мен оқу-жаттығуларға қатысты:
2021 ж. өткізілген II және III деңгейлі оқу-жаттығулары
Оқу-жаттығу түрлері | Өткізілген күні | Міндеттері | Қатысушылар |
«АВРОРА» кешенді оқу-жаттығуы | тамыз 2021 ж. | Қолданыстағы процедураларды тексеру, сондай-ақ жақында дайындықтан өткен апаттық басқару тобы мүшелерінің дағдыларын дамыту | II деңгейдегі апаттық басқару тобы, III деңгейдегі дағдарысты жағдайларды басқару тобы |
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу | тамыз 2021 ж. | ҚАТЖ-де апат кезінде мұнай дағын ұстап қалу үшін Көшім каналында бондық бөгеулерді жаю бойынша күштер мен құралдардың іс-қимылдарын пысықтау. | Үлкен Шаған МАС АБШ, өртке қарсы қызмет |
2021 жылы барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтық талаптарын сақтай отырып, КПО апаттық-құтқару қызметтерін қатыстыра отырып, апта сайын теориялық және практикалық оқу-жаттығу сабақтары өткізілді, атап айтқанда:
- өрт сөндіру қызметтері;
- газдан құтқару қызметі;
- ерікті газдан құтқару құралымдары;
- медициналық қызметкерлер.
Бұдан басқа, 2021 жылы КПО ҚР Заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық оқыту жүйесі базасында азаматтық қорғау бойынша персоналды оқытуды жалғастырды.
2021 жылы КПО апаттық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдері ауыл шаруашылығы нысандарының, шаруашылық құрылыстарының дала өрттерін сөндіруге және орман белдеулерінің жануына қолдау көрсету үшін елді мекендерге 25 рет шықты.
КПО мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін күкіртсутектің әсерінен қорғау жөніндегі стратегия
Кен орны аумағында көмірсутектердің ықтимал авариялық шығарындылары жағдайында күкіртті сутектің (H2S) әсер ету тәуекелін төмендету мақсатында 2019 жылдан бастап КПО компаниясы «КПО персоналын және мердігер ұйымдарды күкіртті сутектің әсерінен қорғау жөніндегі стратегияны» іске асыруда. Осы стратегия шеңберінде Компания өз қызметкерлеріне, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне және кен орнына келушілерге фильтрлі құтқарғыштар мен жеке газ детекторларын ұсынады. Қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету үшін Ақсай қаласында ТОЖҚҚ беру орталығы жұмыс істейді.