ҚазРусEng

Тұрақты даму

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біріктірілген басқару жүйесі

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы қауіп-қатерлерді жүйелі түрде басқару мақсатында КПО компаниясы ISO 14001:2015 (Экологиялық басқару жүйесі), ISO 45001:2018 (Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік) және ISO 50001:2018 (Энергияны тұтынуды басқару) халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификатталған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы интеграцияланған басқару жүйесін қолданады.

2009 жылғы жүйені алғашқы сертификаттау кезінен бастап КПО аккредиттелген тәуелсіз тараптармен жыл сайынғы бақылау аудиттерді ұйымдастырып келеді. 2018 жылы наурызда шығарылған ISO 45001:2018 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша стандарт OHSAS 18001:2007 стандартын ауыстырды. КПО басшылығы жаңа ISO 45001:2018 стандарты бойынша ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы интеграцияланған басқару жүйесіне сертификаттауды өткізуді қолдады.

ISO 45001:2018 талаптарына сәйкес кемшіліктерді анықтау үшін 2018 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқару жүйесінің қолданыстағы құжаттамасын талдаудың бірінші кезеңін өткізді.

2019 жылы КПО сертификаттауға дайындығын және бірінші кезеңнен кейінгі ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ішкі құжаттарына енгізілген талаптардың орындалуын тексеру мақсатында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқару жүйесін талдаудың екінші кезеңін өткізді. Екі талдаудың нәтижелері бойынша кемшіліктер анықталды, оларды 2020 жылғы қайта сертификаттау аудитіне дейін жою жоспарланды.

2020 жылы КПО сертификаттаудан қайта өтіп, 14001:2015 (Экологиялық басқару жүйесі), ISO 45001:2018 (Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік) және ISO 50001:2018 (Энергияны тұтынуды басқару) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін растайтын сертификаттарды алды. Бұл мақсатқа жету сертификаттау процесі мен компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қатысты міндеттемелерінің орындалуына COVID-19 індеті еш әсер етпегенін көрсетеді.

2021 жылы КПО ISO халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау үшін қайта сертификаттаудан өтті. Бұл процесті қолдау бағытында КПО мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері үлкен жұмыс атқаруда. Қоршаған ортаға мейлінше аз әсер етіп, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үздіксіз жетілу мен адал қызмет Компания үшін айрықша маңызға ие.

КПО-ның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы талаптары Компания ішінде де, одан тыс та кең таралған және Компанияның барлық келісімшарттарының арнайы қосымшасында көрсетілген. Әлеуетті қауіп-қатерді төмендету және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін КПО-да тиісті процедуралар енгізілген.

Жыл сайын КПО-да ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар бағдарламалар, тренингтер, бастамалар мен науқандар өткізіледі. Мұндай бастамалар кіріспе нұсқамаларды, мамандандырылған кәсіптік оқытуды, сондай-ақ «Көшбасшылық және қауіпсіздік техникасы бойынша мәдениет бағдарламасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карточкасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ынталандыру бағдарламасы», «Денсаулыққа қауіп-қатерлерді бағалау», «Экологиялық мәдениетті дамыту және хабардарлық деңгейін арттыру» және т.б. бағдарламаларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

Бұдан басқа, КПО жыл сайын еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ішкі аудит бойынша өз жоспарын орындайды. Мысалы, 2021 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында 14 аудит жүргізді.