Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Еңбекті қорғау және денсаулықты сақтау
Еңбекті қорғау және денсаулықты сақтау
КПО мұнай-газ саласындағы өндірістік қызметтер мен өнімдер қызметкерлердің денсаулығына белгілі бір қауіптермен байланысты екенін мойындайды.
Біз ЕҚ мен ҚТ басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейтін ISO 45001 халықаралық стандартында анықталған элементтердің минималды жиынтығын қамтитын Еңбекті қорғау жүйесін құрдық. Минималды элементтер жиынтығы келесілерді қамтиды:
- Компанияның ЕҚ және ҚТ саласындағы жарияланған саясаты;
- қызметкерлерге, мердігерлерге, тапсырыс берушілерге, серіктестерге және ұйымның қызметінен зардап шегуі мүмкін басқа да тұлғаларға әсерін тигізетін қауіп-қатер факторларын бағалау;
- қауіп-қатерлерді бағалау қорытындысы негізінде айқындалған алдын алу мен қорғау шараларын тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, қадағалау, бақылау және талдау бойынша іс-шаралар;
- ЕҚ және ҚТ саласындағы білікті кеңесшілердің қызметіне қолжетімділік;
- қызметкерлерге жұмыс орнындағы қауіптер жайында және қолданыстағы қорғау шаралары бойынша ақпаратты ұсыну;
- қызметкерлерге қауіп-қатерден қорғану шаралары бойынша нұсқамалықтар және оқыту жүргізу;
- жұмыстың жеткілікті және тиісінше бақылануын қамтамасыз ету;
- қызметкерлерге жұмыс орнындағы қауіп-қатерлер және қолданыстағы алдын алу мен қорғау шаралары бойынша кеңес беру.
КПО Денсаулық сақтау бөлімі КПО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне сенімді және білікті қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, келесі функцияларды қамтиды:
- 24/7 шұғыл медициналық көмек,
- Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық куәландыру,
- Жұмыс орнындағы алғашқы медициналық көмек,
- Денсаулыққа төнетін қауіп-қатерді басқару,
- Жұмыс орындарының санитарлық-гигиеналық мониторингі,
- Ауыз судың сапасын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау,
- Денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамдылығын бағалау,
- Медициналық сақтандыру,
- Салауатты өмір салтын насихаттау.