ҚазРусEng
Новое поколение (Алматы), № 71 (723), 30.06.2011г.

АҚСАЙ, Батыс Қазақстан облысы, 28 маусым 2011 ж. – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В» (КПО) компаниясы Ақсай қаласында Технопарк құрылысын бастайды.

 

Құрылыстың «алғашқы кірпіші» қалануымен белгіленген Ақсай қаласындағы технопарк сынама жобасының ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Гумар Дюсембаев, Өкілетті орган (ЖШС «PSA») техникалық тобының жетекшісі Айбек Крамбаев, Сервистік қамтамасыз ету бойынша КПО директоратының басшысы Паоло Репетти, КПО қызметкерлері, қазақстандық мердігерлер және шетел инвесторлары қатысты.

 

Технопарк кешені әрқайсысының көлемі 2500 м2 болатын өнеркәсіптік шеберханалар секілді басты ғимараттар, аспалы крандар және газ тарату жүйесі, электрикалық және бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика бөлімдері, дәнекерлеу цехтары, құрылысқа қажетті саты ағаштар дайындау цехтары, оқыту орталығы, сынақ лабораториялары, кеңселер және қойма бөлмелерінен тұратын болады.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Гумар Дюсембаев өз сөзінде былай деп мәлімдеді: «Ақсай қаласындағы технопарк құрылысы сынама жобасы - бұл бағытта жүзеге асқалы тұрған Қазақстандағы алғашқы жоба. Бұл жобаның облыс көлемінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл елге маңызы зор және қазақстандық қамтуды әрі қарай дамытуға үлкен үлес қосады».

 

Сервистік қамтамасыз ету бойынша КПО директоратының басшысы Паоло Репетти: «КПО қазақстандық компаниялардың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуын ұлғайтуға бағытталған үкімет бастамаларын барынша қолдайды. Осы ретте біз мемлекеттік өкілетті органдармен тығыз жұмыс атқарудамыз. Біздің жұмысымыздың басым бөлігі қазақстандық компаниялардың әлеуетін ұлғайту және оларға озық тәжірибелерді табыстау арқылы қалыптасатын орнықты дамуға бағытталған.

 

«Жобаның басты мақсаты – жергілікті кәсіпорындардың көмегімен Қазақстан Республикасында өз өнімін шығару үшін халықаралық инвесторлар мен мүдделі топтарды Батыс Қазақстан облысы аумағына тарта алатын және оларға қолдау көрсету мүмкіншілігін беретін жоғары сапалы нысандар кешенін дайындау болып табылады» - деп атап көрсетті Қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің басшысы Қайрат Капашев.

 

КПО – республикадағы қазақстандық жабдықтаушыларды дамыту бағдарламасын сәтті орындаған алғашқы компаниялардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда, компания дерекқорында 3000-нан астам жергілікті кәсіпорындар тіркелген. 2010 жыл барысында КПО тауарлар, еңбек және қызмет көрсетулерді қамтамасыз етуші 300-ге жуық қазақстандық компаниялармен барлығы 527 миллион АҚШ долларын құрайтын келісім-шарттарға отырды. Ал 1997 жылы Өнімді бөлі туралы түпкілікті келісім бекітілгеннен бері жүзеге асырылған келісім-шарттардағы қазақстандық қатысым құны 3,5 миллирд АҚШ долларынан асты.