ҚазРусEng
Панорама, 05.04.2011

2010 жылы КПО Қарашығанақтан 133,7 миллион баррель мұнай тапты

 

2010 жылы Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) халықаралық консорциумы тұрақты және тұрақсыз конденсат, тазартылмаған газ және жанармай ретінде қолданылатын тазартылған газ түрінде 133,7 миллион баррель мұнай эквивалентіндегі өнімді өндіріп шығарды. Бұл туралы КПО Панорама газетіне хабарлады. Осыған қоса, 6,437 миллион текше фут тазартылмаған әрі құрғатылған газ жер қабатына қайта енгіздірілді. Бұл көлем шамамен Қарашығанақта өндірілген бүкіл газдың 43%-на тең.

Алдында хабарланған мәлімет бойынша, 2009 жылы консорциумдағы мұнай шығарудың көлемі 139,4 миллион баррелге жуық болса, 2008 жылы 136,4 миллион баррелді құрады, ал 2007 жылы 133 миллион баррелден астам мұнай эквивалентіне тең болды. КПО-ның хабары бойынша, өткен жыл бойы Қарашығанақ кен орнында мұнай және газ өндіру әдеттегі режимде өтті. Сол жыл бойы 5 жаңа ұңғы бұрғыланып, қазіргі мұнай өндіріп жатқан қорды сақтау үшін тағы 14 ұңғыда күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді.

Газ өндіріп жатқан 2-ші қондырғыда жабдықтар ауыстырылды және газды жер қабатына қайта айдайтын компрессорлар іске қосылды. Консорциумның хабары бойынша, осы істелген жұмыстар компрессорлардың тиімділігін және сенімділігін арттырып, сонымен бірге жер қабатына қайта айдалған газдың көлемін арттырды. 2010 жылдың қыркүйек және қазан айларында мұнай шығаратын құрылыстарда күрделі жөндеу жұмыстары сәтті әрі мезгілінен бұрын өтті.

Осымен бірге КПО хабарламасы бойынша Қарашығанақ Өңдеу Кешенінде (ҚӨК) төрт жыл бойы жүргізілген конденсат тұрақтандыратын әрі газ тазартушы төртінші желі құрылысы осы жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл жоба тұрақты және тазартылған конденсаттың көлемін арттыру және оны кейін дүниежүзілік нарықта сатуға негізделген.

Осы жобаны іске асыру нәтижесінде, мұнай шығару және батыс нарыққа жеткізілетін конденсат көлемі жылына 10 миллион тоннадан арту керек. КПО 2006 жылы шетел партнерлердің қолдауын алды. Осы күнге дейін КПО жобаның құрамына қосымша конденсат тазартушы және тұрақтандыратын технологиялық желісі, мұнай өндіретін құрылыстардың қуатын арттыру жобасы, 13 жаңа ұңғы, екі жаңа кәсіптік құбырлар және тағы басқа құрылыстар кіреді.

Белгілі хабар бойынша, өткен жылы КПО қоршаған ортаны қорғау және халықаралық ИСО 14001 сертификаттау стандарт көрсеткіштерін жоғары қалыпта ұстады. Желтоқсанның 29-да КПО атмосфераға өндіріс шығарындыларын шығаруға үш жылдық рұқсат алды. Жалпы газды пайдаға асыру көрсеткіші 2010 жылы 99,87% жетті және консорциумнің есебі көрсеткендей, бұл көрсеткіш дүниежүзілік практикада бірегей болып табылады.