ҚазРусEng
Панорама, 05.05.2011

КПО-ның экологиялық менеджмент жүйесі ИСО 14001 сертификат талаптарына лайық/Светлана Шестернева

 

Қоршаған ортаға зиянды әсерді барынша төмендету Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. мекемесі өз алдына қойған міндеттерінің бірі болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бастамасы бойынша әр жыл сайын маусымның 5-інде тойланатын Дүниежүзі қоршаған ортаны қорғау күнінде КПО қоршаған ортаны қорғауда кездесетін түрлі өндіріс қиыншылықтарын атап өтеді, себебі бұл мәселе көбінесе мұнайгаз саласындағы мекемелер үшін өзекті мәселе болып тұр. Қоршаған ортаға және климатқа келеңсіз әсерді төмендету үшін КПО Республиканың Экологиялық Кодексіне сәйкес арнайы жоспар құрды.

Бұл жоспар негізгі тоғыз тараудан тұрады. Жоспардың құрамына ауа кеңістігін қорғау, су және жер қорын оңтайлы қолдану, өндіріс және тұтыну қалдықтарына қарау, жаңа қолайлы технологиялар және басқарма жүйесін енгізу, ғылыми және жобалау зерттеу жұмыстар жүргізу, радиациялық, биологиялық, химиялық сақтандыру, экологиялық ағарту және насихатты іске асыру деген мәселелер кіреді.

Атап айтқанда, осы жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемі анағұрлым төмендеді. Ұңғыларды тазарту және зерттеу барысында құрымсыз жағу үшін супер-жасыл жанарғы қолданды, өндірістегі бақылаушы сепараторға жеткізілетін мұнай және конденсат баспа әдісін қолданып, өндіріс құрылыстардағы жабдықтарды жаңарту әрекеттері Қарашығанақ кен орнында жандыру көлемін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта бағыттас және табиғи газдың пайдалану көлемі 99,98%-ке жетті. Осыған қоса, компания ауа жағдайын үздіксіз бақылау жүйесін осы кен орнында енгізді. Жалпы алғанда, 12 тұрақты автоматтық станция және екі жылжымалы экологиялық лабораториялар ауаны тоқтаусыз бақылап отырады. КПО-ның жақын арадағы жоспары бойынша тағы 6 тұрақты автоматтық станция орнатылады деп хабарланды.

Осыған қоса, аса маңызды мәліметтерді жинауға және өңдеп бір орталықтан шығаруға негізделген географиялық хабарландыру жүйесі (ГХЖ) іске қосылды. Бұл жүйе КПО-ның түсіндірмесі бойынша инвентаризация, анализ, мәліметтерді жорамалдау және бағалау тәрізді қолданбалы мәселелерді шешуге, өндіріс процестерді басқарып , қоршаған ортаны бақылауға арналған.

Су қорына келсек, соңғы үш жылда компания 120 000 текше метр су үнемдеді. КПО қызмет барысында тазартылған ағынды суларды қолдану арқылы су қорын оңтайлы пайдаланады. Ағынды сулар бұрғы ерітіндісін даярлауға, шаң басу және егілген ағаштарды суғару үшін қолданады. Бұдан басқа, КПО алдыңғы оператордың қалдырған зарарлы мұрасын жойып жатыр.

Еске салып өтсек, 1987 жылы кен орнындағы ұңғылардың бірінде болған апат газ бен су конденсаты араласқан ерітіндінің атылуына себеп болды. Осы апаттың нәтижесінде 53 гектар жер көлемі тұзды су, көмірсутек және саз араласқан 1 метрге жуық қабаттың астында қалды. Бұл жер ластану себебінен ауыл шаруашылық жұмыстарға пайдасыз болып қалды. Осы апаттан кейін 1999 жылы бұл жерді бұрынғы қалпына келтіру іс-әрекеттері басталып, осы уақытта аяқталуға таяу қалды.

Ауа кеңістігін тазарту, шаңды желден сақтандыру, жер эрозиясын алдын алу мақсаттарын іске асыру үшін КПО Қарашығанақ территориясын және оған жақын ел қоныстанған жерлерді көгалдандыру жұмыстарымен айналасып жатыр. 2005 жылдан 2010 жылға дейін 310 гектар жерге 600 мыңнан астам талдар мен бұталар отырғызылды және жаңа егілген ағаштарды әрдайым суғарып және тыңайтып отырады.

Өндіріс және коммуналдық қалдықтардың көлемін азайтып, олардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту үшін компания жаңа қалдық өндеу кешенін құрды. Бүгінгі күні термодесорбция, бұрғы ерітіндісін тазарту қондырғылары, ерекше міндет жүктелген пеш және айналмалы пеш іске қосылды. Жақын арада қалдықтарды сақтайтын жаңа полигон ашылады.

Қазіргі уақытта КПО өндіріс барысындағы бұрғылау қалдықтарын жаңа әдіс қолданып төмендетті, сонымен бірге, сұйық қалдықтардың құрамында қалған 98% мұнайды қайта өңдеп және өнеркәсіптік суларды терең жатқан қабаттарға қайта айдады. Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В әрқашан өзінің экологиялық қызметін жақсартуға тырысады.

2008 жылы Moody International егемен компаниясы КПО-да ИСО 14001 халықаралық стандарт талаптары бойынша сертификаттау аудитін сәтті өткізді. Сол жылдан бастап жоғары талаптарға лайықтылықты тексеру мақсатымен компанияда инспекциялық тексеру жарты жыл сайын өтеді. Осы жылы компанияның экологиялық басқару жүйесін қайтадан сертификаттау жоспарланып жатыр.