ҚазРусEng
Деловой Казахстан, 20.05.2011

Жергілікті мекемелердің құрамы артуда /Серік Байтанаев

Астанада Комплексті Құрылыстар және Қосалқы Бөлшектер атты жабдықтаушылар форумы өтті. Форумды Қазақстандағы KAZENERGY мұнайгаз және энергетикалық комплекс ассоциациясы, ҚазМұнайГаз және де Қазақстанда іс-әрекет етіп жүрген үлкен мұнай және газ операторлар Карашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО), Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В. (НКОК) өткізді.

Бұл форум барысында НКОК, Тенгизшевройл және де 50-ден астам Қазақстандық машина жасайтын және инженерлік мекемелер, 40-тан астам шетел өндірушілер, Мұнай және Газ Министрлігі, Жаңа Технология және Өнеркәсіп Министрлігі, Қазақстанның Машина Жасаушы Қауымы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының әкімшіліктері ұлттық нарықты дамыту, комплекстік мұнайгаз жабдықтар, қосалқы бөлшектер шығару саласында тауар және қызмет өндіру жөнінде көптеген ұсыныстар жасады.

Форумда Қарашығанақ, Оңтүстік Каспий және Тенгиз кен орындарының жобалары көрсетілді. Ұйымдастырушылар форумның мүшелерін комплексті жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді өндіру қажеттілігімен орташа және ұзақ мерзімге таныстырды.

Шынында, ҚПО Қазақстан жабдықтаушылар бағдарламасын ең бірінші еңгізген мекеме болып табылады. ҚПО-ның үлкен дерекқорындағы пайда болған 3000 жергілікті мекемелер компанияның күмәнсіз сәтті екенін білдіреді. Осымен, өткен жылы ҚПО 300-ге жуық компаниямен тауар, қызмет алу және жұмыс атқаруға негізделген келісім шарттарға қол қойып $527 миллион төледі.

Осы мәселе бойынша ҚПО бас директоры Джузеппе Пази былай дейді:

“Біз үлкен инвестициялық жобаларға қатысып жүрген Қазақстандағы мекемелердің ұлттық құрамы асыруға негізделген үкімет бастамаларын жанжақты қолдаймыз. Қазақстандық жабдықтаушыларды қолдау үшін ҚПО мұнайгаз саласындағы қоршаған орта және еңбек қорғау, өндірістік қауіпсіздік халықаралық стандарт талаптарына лайық болу үшін біршама бастамаларды іске асыруда. Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеттегі өндірілген тауарларды және қызметтерді қолдану, жергілікті компанияларды дамыту әлеуетін стратегиялық дәрежеде қарастырады. Бұл мәселе мекемелердің жұмыс тиімділігін, республика және аудандық экономиканың мүмкіндіктерін арттыру үшін маңызды болып келеді.

Қайрат Қапашов, мекемелерді дамыту бөлімінің басшысы бұл ойды әрі былай жалғастырады:

“ҚПО Қарашығанақ кен орны үшін қажетті қосалқы заттарды және жабдықтарды өндіруге мүмкіндік туғызатын біршама жобаларды іске асырып жатыр. Осындай жобалар ең алдымен жергілікті және шетел өндірушілердің қарым-қатынастарын ұлғайтып, қазақстандық мекемелерді дамыту, жоғары технологияларды жергілікті өндіріске енгізу үшін көптеген қолайлы жағдайлар жасайды.

Қазіргі кезде мұнайгаз жобалардың жүзеге асырылуы жергілікті экономиканы дамытуға үлкен үлес қосады. Осындай ортаны құрған ұлттық мекемелер бизнес-секторда жиналған дүниежүзілік тәжірибені қолданып бәсекелеске қабілетті болып келедію Сонымен бірге, бұл тәжірибе мұнайгаз саласынан тыс қолданылу да мүмкін.”

 

Жергілікті мекемелерді дамыту эксперті Элмира Кенжеғұлова осы ойды былай жетілдіреді:

“Стандарт бойынша өндірістік қауіпсіздігіне, сапа және баға талаптарына сәйкес болу үшін Қазақстандағы мекемелер ынтымақтастықты арттыруға тырысу керек. Біз келісім шарттардың мазмұнында Қазақстандағы компанияларды мердігерлік жұмыс атқаруға шақыру, олармен тәжірибе және технология алмасу және жергілікті мамандардың біліктілігін жоғарылату міндет түрінде қарастырамыз.

Мысал ретінде, Топан ЖШС атты мекеме әуелде шамалы химиялық реагент жеткізіп тұрды. Содан кейін ҚПО-ның тұтынушы қажеттіліғі артта түсті де, осының нәтижесінде Топан ЖШС қызметі де ұлғая түсті. Осындай серіктестік үлгісі мердігерлік келісім шарт бойынша қызмет істеп жүрген мекемелердің сәтті болатынан айқын көрсетеді. Осымен бірге, ҚПО-ның құрамындағы АВЕНКОМ ЖШС атты мекеменің тапсырыс үлесі 67%-ке жетті.

ҚПО-ның арқасында Қазақстандағы жүздеген жабдықтаушы мекемелер Қашаған және Тенгиз кен орындарын өндіріп және басқа мұнайгаз секторында істеп жүрген компаниялармен жаңа келісім шарт ашуға мүмкіндіктер алды. Бұл саладағы он жыл бойы келісім шартқа отырған Қазақстандағы мекемелердің құрамы 3,5 миллиард доллардан асып кетті.”