ҚазРусEng
Интерфакс-Қазақстан, 15.06.2011

КПО жаңа D атты сұйық көмірсутектер технологиялық желісін іске қосуда

2011 жылдың 14-ші Маусымда Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. қосымша D атты сұйық көмірсутектерді тұрақтандыру технологиялық желісін Қарашығанақ Өңдеу Кешенінде (ҚӨК) сәтті іске қосу жөнінде хабарлады.

Іске қосылған жаңа мұнай өндеу күші Қарашығанақтағы қосымша үш технологиялық тұрақтандыру желімен бірге конденсат өнімін жылына 2,57 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Қарашығанақ Өңдеу Кешені (ҚӨК) Қарашығанақ кен орнындағы ең негізгі зауыт болып табылады. Бұл зауыттан өңделген мұнай Атырау арқылы халықаралық нарыққа шығарылады. Осымен бірге Қарашығанақ Өңдеу Кешені Қарашығанақ кен орнындағы электростанция және жергілікті тұрғындар үшін жанар газ өндіреді.

КПО-ның қосымша D атты сұйық көмірсутектерді тұрақтандыру технологиялық желісін салу үшін жалпы жұмсалған капиталдың мөлшері 1 миллиард доллардан астам болды. Негізгі құрылыс жұмыстары Қазақстандағы 14 мердігерлік компаниялармен атқарылды. Құрылыс жұмыстарға жалпы 650 миллион доллар жұмсалды және 2900 жергілікті мамандар жұмысқа тартылды.

КПО бас директоры Джузеппе Пази жобаның аяқталуына байланысты айтқан сөзінде, “Біз тағы бір өндірістік күшті іске қосудамыз және осымен қайтадан КПО-ның Қарашығанақ кен орнын дамытуға бағытталған инвестиция тарту міндеттерін толық атқарып жүргенін дәлелдейміз,” деп айтты.