ҚазРусEng
Білімге жасалған қамқорлық

«Жас Қазақ», 31 Қараша 2012 жылы

Көптеген ірі өндірістік компаниялар үшін өздері орналасқан қалалар мен аудандардың әлеуметтік дамуы барысына өз үлестерін қосу – қарапайым тәжірибеге айналды десек, артық айтқанымыз болмас. Мұндай үрдіс көбіне білім саласында басым болады. Өндірістік компаниялар бөлген қаражатқа балабақшалар мен мектептер салынып қана қоймай, түгелдей жиһаз, заманауи құрал-жабдықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілуде.

Жақында мемлекеттік «100 мектеп және 100 аурухана» бағдараламасының аясында «Қарашағанақ Петролеум Оперейтинг»  (бұдан әрі – ҚПО) компаниясының  қаржыландырылуымен, Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданына қарасты Көнекеткен ауылында 198 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп ашылды.   

Аталмыш компанияның бұл жобаға бөлген қаржының жалпы көлемі 2,9 млн АҚШ долларын құрайды. Құрылысқа қатысқан мердігерлік ұйымдар ішіндегі   бастыларының бірі – оралдық «Отделстрой» компаниясы болды.

Мектептің салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облысының және Теректі ауданының басшылығы, аудандық ағарту бөлімі, ҚПО мен мердігерлік компаниялардың өкілдері қатысты.

«Жаңа мектеп салу – бұл ҚПО-ның өсіп келе жатқан ұрпаққа деген қамқорлығының көрінісі. Өйткені 50 жыл бұрын салынған ескі мектеп апаттық жағдайда болған еді», - деп ағынан жарылды мектеп директоры Өтеш Жумашев.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, мектептер мен ауруханалар салу – мемлекет саясатының, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жоғарлатудағы маңызды бағыттарының бірі болып саналады.  Бүгінгі күні ҚПО-ның демеушілігімен тағы 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр. «Бұл мектепке еліміздің мемлекеттік қайраткері Ораз Исаевтың аты берілген, сондықтан да, мұндай атақты есім – мұғалімдер мен оқушыларды аса жауаптылыққа, өз абыройын жоғары қалыпта сақтауға, бастысы – лайықты білім алуға тырысуға шақырады», - деп толықтырды Нұрлан Ноғаев.   

Өтеш Жұмашев өз кезегінде ауыл тұрғындарын мектеп басшылығының атынан жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, балаларға терең білім, ал мұғалімдерге – шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, жаңа мектепте 178 оқушы  білім алып, оларға 39 мұғалім дәріс беретінін айтты.

КПО бөлген қаражатқа мектепті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жиһаздар, компьютерлер, сонымен қатар әдістемелік материалдар сатып алынды. Екі қабатты мектепте оқу сыныптары, денешынықтыру және салтанатты жиындарға арналған залдар, химия, физика, биология кабинеттері орналасқан. Сонымен қатар, өндірістік жабдықтарға арналған шеберханалар, асхана, кітапхана және киім тігетін шеберхана бар.   Мектептің ауласы да  да безендіріліп, көркейтілген.

ҚПО әлеуметтік құрылымның дамуы бағдарламасы аясында жоғарыда айтылған мектептермен шектеліп қалмай, Орал қаласында 1 мектеп, Ақжайық ауданына қарасты Ақсуат ауылында және Қаратөбе ауданына қарасты Үшағаш ауылында 2 мектеп салды. Сонымен қатар,  аталмыш компания Батыс Қазақстан облысындағы Бүрлі ауданындағы Успеновка ауылының мектебін  қайта жөндеп шығуға ат салысты.  «Бұл аудандардың балалары қазіргі заман талабына сай мектептерде сапалы білім алатындығына өте қуаныштымын. Мектептердің құрылысы мемлекеттік «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес, жергілікті әкімдіктің келісімімен жасалып отыр. Бұл білім беру ошақтары толықтай компьютерлермен жабдықталып қана қоймай, ғаламтор желісіне де қосылған. Яғни, мұндағы оқушылардың жан-жақты білім алып, білім деңгейлерін жаңа сатыға көтерулеріне мол мүмкіндік жасалып отыр», - деді ҚПО бас директоры Дамиано Рати.

Оның айтуынша, ҚПО, корпоративтік жауапкершіліктің және тұрақты дамудың қағидаларына сүйене отырып, жыл сайын 20 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны аумақтың әлеуметтік құрылымының дамуына жұмсайды екен.  Сонымен қатар, Дамиано Рати ҚПО -ның Қарашағанақ кен орнын игерудегі жоғарғы көрсеткіштерін алға тарта отырып, кен орнының өз кезегінде,  аумақтың және бүкіл еліміздің игілігіне жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндігін баса айтты.

Жоғарыда айтылғандай, ҚПО-ның әлеуметтік бағдарламасының негізгі бағыты – медицина мекемелерін, білім беру, мәдениет және спорт салалары нысандарының салу. Бұл  ретте нысандар құрылыстарының маңыздылығын облыс басшылығы айқындайды. Мұдай серіктестіктің нәтижесінде Батыс Қазақстан аумағында көптеген жаңа мектептер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, ауруханалар, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы мекемелер және кең көлемде жол жөнделді.

Бұл игі жұмыстардың барлығы Елбасының Халыққа Жолдауындағы көрсетілген міндеттерге сай жасалып жатыр. Соның ішіндегі маңыздысы – әр азаматтың қаржылық жағдайының өсуі мен оның заманауи технологияларды игеруінің қажеттілігі.   Бұл – өз кезегінде еліміздің білімнің жаңа – жоғарғы деңгейіне қол жеткізіп, бәсекеге жарамды қоғам пайда болуына ықпал етеді.