ҚазРусEng
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға қойылған бағыт-бағдар

2019 жылы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны ашылғанының 40 жылдық мерейтойын тойлады.

Салыстырмалы қысқа уақыт үшінде Қазақстан Республикасы мұнай өімдерін сату бойынша әлемдік нарықтарда жетекші орындардың бірін иемденді.  Техникалық тұрғыдан әлемдегі ең күрделі кен орындардың бірі болып есептелетін Қарашығанақты игеру барысында көмірсутектерді өндіру мен өңдеудің ең алдыңғы қатарлы, озық және көбіне инновациялық технологиясы қолданылды. Көмірсутектерді өндіру және өңдеу әрекеті КПО компаниясына қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан үлкен жауапкершілікті жүктейді. Копмания тұрақты дамудың қағидаттары мен жоғары стандарттарын ұстанады және Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті ұсынған «жасыл экономика» концпециясына көшу бастамасын қолдайды. Компанияның ең басты мақсаттарының бірі - өндірстің жоғары көрсеткіштерін қоршаған ортаға минималды әсер ете отырып сақтау.  Сәтті әріптестік арқасында КПО газды кәдеге жарату және алауда жағылатын газ көлемін қысқарту бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізді. 2018 жылы Қарашығанақтағы газды кәдеге жарату көлемі 99,94 процентті құрады. Бұл көрсеткіш әлемдік мұнай және газ саласындағы үздік жетістіктерге сәйкес келеді. Газды алауларда жағудың жалпы көлемі КПО өндірген жалпы газ көлемінің 0,06%-ын немесе өндірілген шикізат мың тоннасына шаққанда 0,38 тоннаны құрады. 2017 жылғы жағу нәтижесіндегі шығарындылардың мұндай қарқыны, мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының 2016 жылғы есебінде көрсетілгендей, әрбір мың тоннаға 12,1 тоннадан келген әлемдік орташа өнеркәсіптік көрсеткішпен, және әрбір мың тоннаға 2,9 тоннадан келген орташа еуропалық ) көрсеткішпен салыстырғандағы өте жоғары өндірістік көрсеткіштердің белгісі болып табылады. 2018 жылы КПО жоғары қысым сорғылары мен сепараторларын, сондай-ақ ұңғымаларды тазалау (игеру) кезіндегі атмосфераға тасталатын ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға көмектесетін көмірсутек негізіндегі сұйықтықтарды қолдану бойынша шараларды орындауды жалғастырды. Аталмыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану нәтижесінде сұйықтықты жағу көлемі 60 мың тоннаға азайды. Ұңғымаларды тазарту кезіндегі газды жағу көлемі 40 млн. Мқысқарды. Алауларда жағылатын газ бен сұйықтық көлемінің қысқаруы атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың жалпы көлемін 55 % азайтуға мүмкіндік берді. КПО компаниясы қоршаған ортаға тиетін әсерді барынша азайта отырып, технологияларды жетілдіру және мекеме әлеуетін біртіндеп арттыру бағытында қарқынды жұмыс істеп келеді. Кен орнын игеру кезінде компания ең озық, ал кейбір жағдайларда инновациялық технологияларды қолданады. Мәселен, шикі газды жоғары қысыммен қабатқа кері айдау инновациялық сызбасы алғаш рет дәл осы Қарашығанақта әзірленген және қолданылған. Бұл сызба сұйық көмірсутектерді өндіру көлемін ұлғайту бойынша өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеп, жоба үшін экономикалық тиімді болып шықты. Сонымен қатар, өндірістің қоршған ортаға тигізетін кері әсері айтарлықтай қысқарып, қабаттан алынуы және болашақта пайдаланылуы мүмкін газдың ресурстары да сақталады. КПО мұнай-газ секторындағы Қазақстан Республикасының көшбасшылық орнын сақтауға және «жасыл экономикаға» көшуіне үлесін қосуды жалғастырады.   Компания экология мәселелеріне қатысты кең ауқымды әдістерді өзінің қызмет шеңберімен ғана  шектелмей қолданып, тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын ұстанады. Мәселен, КПО 2017 жылдан бері БҚО әкімшілігі мен ҚР энергетика министрлігінің қолдауымен «Uralsk Green Forum» халықаралық экологиялық форумын өткізіп келеді.   Қалыптасқан дәстүрге сай, бұл форум Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылады. Сондықтан UGF форматындағы үшінші халықаралық экологиялық форумды өткізу 2019 жылғы 6 маусымға жоспарланған. Аталмыш форум қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру бойынша сұрақтарды бизнес өкілдері мен мемлекеттің арасындағы ашық сұхбат арқылы талқылаудың бірегей мүмкіндігін береді. Осындай форумдарды өткізу табиғат қорларын пайдаланушылар мен ҚР өкілетті органдары арасындағы тиімді әрекеттесу жүйесін нығайтуға үлес қосады. Үшінші UGF экологиялық форумында ҚР жаңа экологиялық кодексінің шығуымен байланысты бірқатар сұрақтарды талқылау жоспарлануды. Аталмыш кодекс Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының Экономикалық әріптестік және даму ұйымының экологиялық талаптарына сәйкестендіру және табиғат қорларын пайдаланушыларды «жасыл» технологияларды енгізуге ынталандыру мақсатында ҚР энергетика министрлігімен дайындалуда.