ҚазРусEng
КПО тұрақты даму саласында есеп берудің Азия елдері арасындағы сайыс (ASRA) нәтижесі бойынша салтанатты шарада марапатталды.

КПО 2019 жылғы 6 наурыз күні Сингапурда өткен тұрақты даму саласында есеп берудің Азия елдері арасындағы 4-сайысында «Азияның үздік экологиялық есебі» және «Лайықты еңбек шарттарын қамтамасыз ету бойынша Азияның үздік есебі» номинациялары бойынша финалға қатысушысы атағына ие болды.

ASRA марапаты Азиядағы корпоративтік есеп берудің сапасын мойындаудың ең жоғарғы көрсеткіші болып табылады.  Сайыс коммерциялық емес CSRWorks International ұйымымен Сингапурда өткізіледі. Сингапурдағы британдық жоғарғы комиссар Скотт Вайтманмен ұйымдастырылған марапаттау салтанатына 15 елден 100-ден астам жетекші компанияның басшылары қатысты. Шарада ғылым, коммерциялық емес ұйымдар, елшіліктер, сауда қауымдастықтары және қоғамдық ұйымдар өкілдері де болды. Конкурсқа қатысу үшін 17 номинация бойынша 16 елден 400-ден астам өтініш берілді.  Тәуелсіз қазылар алқасы жеңімпаздарды қатаң критерийлер бойынша бірнеше кезең ішінде анықтайды. Осыған қоса, финалға шыққан компаниялар арасында жеңмпаздарды анықтау кезінде олардың қоғам және басқа да мүдделі тараптар алдындағы беделі не ескерілді. Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген кезде, CSRWorks International басқарушы директоры және сайыс ойлап шығарушы Раджеш Чхабара:  «Тұрақты даму туралы есептер инвесторлар мен мүдделі тараптар үшін компанияның жалпы бағасын бақылаудың маңызды құралына айналды.  Сапасы жоғары есеп және ақпараттың ашықтығы ұйымдардың өз акционерлеріне қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективада табыс әкелуді жалғастыра отырып, өз қызметінен туындаған жағымсыз әсердің алдын алу, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік салалардағы қауіп-қатерлерді басқару бойынша дайындығын қоғамға көрсетуге мүмкіндік береді.    КПО есебі тұрақты даму туралы есеп берудегі компанияның көшбасшылығын және ақпараттың ашықтығы, айқындығы және экономикалық тиімділік қағидаттарына ұстанымдығын көрсетеді», - деді. Аталмыш сайыста Орталық Азия елдерінен КПО компаниясы ғана қатысты. Тұрақты даму саласында есеп берудің Азия елдері арасындағы сайысы туралы толық ақпаратты

 

www.csrmatters.com сайтынан табуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін келесі тұлғаларға хабарласуыңзды сұраймыз: Сергей Пушкарев: 

 

PushkS@kpo.kz Гульнара Шарибаева: 

 

ShariG@kpo.kz КПО корпоративтік байланыстар бөлімі