ҚазРусEng
Қарашығанақ жобасы жаңа мүмкіндіктерді ашуда

Қарашығанақ жобасы (КПО) - Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы мекемелердің арасында жергілікті өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша көш бастап келетіндердің бірі. Өнімді бөлу туралы түпкілікті келсімге қол қою күнінен бері мыңдаған қазақстандық компания халықаралық деңгейдегі жобада жұмыс істеу арқылы баға жетпес тәжірибе алды.

КПО-мен әріптестіктері арқасында бұл компаниялар өндіріс көлемдерін арттырып, ең жаңа технологиялармен алмаса алды, сонымен қатар консорциумдар мен бірлескен кәсіпорындарды құру үшін серіктестерді тапты. Индустриалды-интеллектуалды дамудың жаңа сатысына көтерліген осы компанияларға мердігерлік шарт бойынша Қазақстандағы барлық ірі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру үшін жұмысқа тарту сұранысы артып, олар өздерінің қызмет аясын кеңейтуге дайын.

2019 жылғы сәуірде КПО компаниясы Бонатти - «Монтажспецстрой» АҚ консорциумімен ГКДҚ-2 нысанында 4-ші газды кері айдау компрессоры жобасын жүзеге асыру үшін шарт жасасты.

4-ші газды кері айдау компрессоры жобасы жетегі арттырғыш берілісі бар редуктор арқылы қосылған үш сатылы ортадан тепкіш компрессоры, MS5002D газ турбинасы және құрғақ күкіртті газды пайдаланатын ілеспе нығыздау жүйесі бар аймақ болып табылады.

Бұл жоспар мақсаттарының бірі - F22 материалынан жасалған және қалыңдығы аса жоғары құбырлы қосылуларды отпен дәнекерлеу үшін білікті мамандардың жеткілікті санын тарту, сондай-ақ бұл күрделі жобаға жергілікті отпен дәнекерлеушілердің барынша көп санын қатыстыру.

Жұмыстарды қауіпсіз орындау дағдыларын дамыту, еңбек тиімділігін және өнімділігін арттыру мақсатында консорциум жобаны жүзеге асыруды бастау сәтінен бастап жергілікті мамандарды оқытуға кірісті.

Бұл мақсатқа жету үшін 2019 жылғы желтоқсан айында консорциум барлық қажетті жабдықты, соның ішінде F22 материалынан жасалған құбырларды имектеп дәнекерлеу үшін жартылай автоматты дәнекерлеу аппаратын Тұңғыш (Бөрлі ауданы) ауылындағы өзінің өндірістік базасына жеткізіп, 2020 жылғы ақпан айында жергілікті дәнекерлеушілері, соның ішінде имектеп дәнекерлеу аппараты операторлары үшін қарқынды кәсіби оқытуды бастады.

Іріктелген 79 үміткерден бүгінгі таңда консорцуим оқыту, біліктілік бойынша бағалау және механикалық сынақтар өткізу нәтижесінде қолмен дәнекерлеудің жергілікті 35 дәнекерлеушісін және жергілкті 4 операторды F22 материалынан жасалған қалыңдығы аса жоғары құбырлы қосылуларды имектеп дәнекерлеуге дайындады. Бұлар қазіргі уақытта жоба жұмыстарына қатысуда және олардың көбі БҚО аумағының тұрғындары болып табылады.

Бұл консорциумды құру бастамасы - Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған шаралар аясындағы КПО мен қазақстандық өндірушілердің арасындағы сәтті әріптестіктің үлгісі.

Қазіргі уақытта КПО жергілікті өндірушілерге бірлескен кәсіпорындар мен консорциумдарды құру мақсатында шетелдік компаниялар қатарынан серіктес табуға қолдау көрсетуде. Бірлескен кәсіпорындар мен консорциумдарды құру жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасап қана қоймай, технологиялармен алмасу және Қазақстанда жаңа өндірістердің дамуына үлес қосып, сонымен қатар жергілікті компанияларға сапаның халықаралық стандарттарына сәйкестікті сақтауға мүмкіндік береді. Сапа деңгейін сақтау - жергілікті компаниялардың болашақта халықаралық нарықтарға шығу арқылы өздерінің өтім нарықтарын кеңейтуге есіктер ашатын критерий. 2020 жылдың бірінші тоқсанында КПО-ның тауарлар мен қызметтерді жеткізу бойынша келісімшарттарындағы жергілікті қамту үлесі 59% жетті.