ҚазРусEng
КПО компаниясы «Жылдың Үздік Әлеуметтік Жобасы» номинациясы бойынша «Парыз» марапатын алды

ОРАЛ, Батыс Қазақстан облысы, 2022 жылғы 17 қараша — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы «Парыз 2022» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясын жеңіп алды.

 

КПО өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында Орал қаласындағы «Көпсалалы мәдениет сарайы» жобасын іске асырғаны үшін арнайы сыйлыққа ие болды.

 

Аталмыш шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен БҚО бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

 

Көпсалалы мәдениет сарайының құрылысы екі жыл ішінде аяқталды. Бұған КПО 24 миллион АҚШ долларынан астам жалпы капиталдық салым жасады. Жобаны жүзеге асыру үшін негізгі мердігер ретінде Орал қаласының ЖШС «Альтаир» таңдалды.

 

Байқауға жеңімпаздарды анықтаған келесі 5 номинация бойынша 28 ұйым қатысты: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» және «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін».

 

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы жергілікті халықтың әл-ауқатын бұдан әрі арттыру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мен кеңейтуге бағытталған.