ӨНДІРІС
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Экономика
|
Іскерлік мақсаттарымызға жетудің және акционерлеріміз бен Қазақстан Республикасы үшін тиімді жағдайлар туғызудың елеулі факторы - ұзақ мерзімді пайдалылықты қамтамасыз ету. |
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
ҚОҚ
|
Біз қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін төмендету жолдарын үнемі іздеудеміз |
КПО ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРІ
КПО-да көмірсутекті өндіру мен өңдеу жұмыстары бір-бірімен байланысқан үш негізгі қондырғыны қамтиды: Қарашығанақ өңдеу кешені (ҚӨК), ГКДҚ-2 және ГКДҚ-3. 2 000 км-ге жуық құбыр желiсiн қамтитын ішкі өндірістік жүйе негiзгi объектiлердi тиiмдi байланыстырып, өнімді ұңғымалардан қондырғыларға қарай және қондырғылар арасында бағыттайды. Сонымен қатар, жүйе 4-суретте көрсетілгендей, Мұнайды бастапқы өңдеу станциясы (МБӨС) мен Экоорталықты қамтиды.
КПО пайдаланатын тасымалдау жүйесі екі бағытты қамтиды:
- Қарашығанақ-Атырау тасымалдау жүйесі (KATS):
- ҚӨК-де және Үлкен Шағанда сорғы станцияларымен жабдықталған.
- КПО Атырау терминалында өнімді қабылдау және сақтауға арналған нысан
- Қарашығанақ-Орынбор тасымалдау жүйесі (ҚОТЖ):
- Ресей Федерациясында орналасқан Орынбор газ өңдеу зауытына газ тасымалдау үшін пайдаланылады.
2023 жылдың аяғына қарай Қарашығанақ кен орнының жалпы қоры 572 ұңғыманы құрады, оның ішінде 126 өндіру мен 21 кері айдау ұңғымалары жұмыс істейді. 2023 жылы ұңғымалардың арнайы қорына 94 ұңғымадан тұратын «Жер үсті қалдықтары мен сарқынды сулардың жинақталу аймақтарын бақылау ұңғымалары» жаңа санаты қосылды, сондай-ақ осы санаттағы бір жойылған ұңғыма U2-GN-1. Осылайша, арнайы ұңғымалардың саны 95 ұңғымаға көбейді және 01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 279 ұңғымадан тұрады.
2023 ЖЫЛДЫҢ АЯҒЫНА ҚАРАЙ ҚАРАШЫҒАНАҚ КЕН ОРНЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚОРЫ 572 ҰҢҒЫМАНЫ ҚҰРАДЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ 126 ӨНДІРУ МЕН 21 КЕРІ АЙДАУ ҰҢҒЫМАЛАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.
Есепті кезеңде 4 өндіру және 3 газ айдау ұңғымасы бұрғыланды. 2023 жылдың 4-тоқсанында екі өндіру ұңғымаларында бұрғылау жұмыстары жүргізілді, олар 2024 жылдың 1-тоқсанының соңында аяқталды. Үш ұңғымада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
4-сурет.Қарашығанақ кен орны нысандары мен өнімдері (2023 жылдың соңында)
КПО компаниясы Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 км2-дан астам аумақты алып жатырған Қарашығанақ мұнай, газ конденсатты кен орнының (ҚМГКК) операторы болып табылады. Қарашығанақ – күрт континенталды климатты аймақта орналасқанына байланысты пайдалану шарттары күрделі бірегей кен орны. Кен орнының қор қалыңдығы 1 600 м-ді құрайды, әрі аса күрделі және ерекше болып табылатын үстіңгі қабаты 3 500 м. тереңдікте орналасқан. Өндірілген көмірсутектерінің құрамында 4,5 %-ға дейін улылығы жоғары күкіртті сутегі (H2S) және белгілі бір жағдайларда коррозиясы жоғары болуы мүмкін көмірқышқыл газы (CO2) бар.
Қарашығанақ кен орнындағы мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорын қайта есептеу туралы соңғы КПО есебінің бағалауы бойынша (ҚР қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның 17.11.2017 күнгі отырысында қабылданған), Қарашығанақта 13,6 млрд баррель сұйықтықтар мен 59,4 трлн. текше фут газ бар, оның ішінде сұйықтықтардың 15,5 % және газдың 14,5 %-на жуығы 2023 жылға дейін өндірілген.
КПО Компаниясы экономикалық кірісті тұрақты көбейтуге және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға едәуір қаражат салады. 1997 жылы Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге қол қойылғаннан бері 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша Қарашығанақ кен орнын игеруге жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 31,3 млрд АҚШ долларынан асты. 2023 жылдың соңында КПО ұжымында 4 080 адам еңбек етуде.