Қалдықтарды басқару

КПО компаниясындағы қалдықтарды басқару әрекеті компанияның өндірістік қызметі нәтижесінде түзілетін қалдықтардың адамдар мен қоршаған ортаға нақты және ықтимал қаупін азайтуға бағытталған.

Біз объектілеріміздегі қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, полигондарға шығарылатын қалдықтар көлемін және көмілген қалдықтардың кері әсерін азайту, сондай-ақ жаңа әдістер мен технологияларды зерттеу және қолдану мақсаттарын көздейміз.

Мониторингтің жұмыс бағдарламасына сәйкес, КПО тұрақты негізде кен орны аумағында қалдықтарды көму және жинақтау объектілерінде қоршаған ортаның жай-күйіне өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) жүргізеді.

2023 жылы жүргізілген бақылаудың нәтижесінде қоршаған орта компоненттеріне тікелей теріс әсер байқалмады. ӨЭБ шеңберінде орналастыру көлемдерін, сондай-ақ қалдықтардың жинақталу көлемі мен уақытын есепке алу мақсатында қалдықтардың қозғалысына сандық бақылау жүзеге асырылады. 

Компания қалдықтарының қоршаған ортаға өндірістік әсер ету қаупін барынша азайтуға бағытталған жұмысымыздың нәтижелері төмендегі кестеде және мәтінде берілген.

44-кесте.Қалдықтарды басқару саласындағы міндеттер

Біздің 2023 жылдағы мақсаттарымыз

Орындалуы

Міндеттерді орындау үшін 2023 жылы жүзеге асырылған шаралар

2024 жылға мақсаттарымыз

ҚМГКК үшін қалдықтарды басқару бағдарламасына, сондай-ақ Үлкен Шаған МАС және Атырау МАС қалдықтарын басқару бағдарламаларына сәйкес 2023 жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру.

Орындалды

Жыл ішінде қалдықтарды басқару бағдарламасы бойынша 2023 жылға жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды

ҚМГКК үшін қалдықтарды басқару бағдарламасына, сондай-ақ Үлкен Шаған МАС және Атырау МАС қалдықтарын басқару бағдарламаларына сәйкес 2024 жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру.

КПО шикізатты өндіру, дайындау және тасымалдау процестері, сондай-ақ арнайы жабдықтарды, материалдарды және осыған қажетті басқа да ресурстарды пайдалану қалдықтардың пайда болуымен байланысты.

КПО-да түзілген қалдықтардың көлемін азайту, қалдықтарды жинау, оларды жинау және тасымалдау кезінде экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау, қалдықтардың қауіпті қасиеттері мен көлемін сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу және азайту, оларды ҚО үшін қауіпсіз көму жөніндегі шаралар адамдарға және қоршаған ортаға теріс әсерді едәуір төмендетуге ықпал етеді. 

КПО-ның 2023 жылға арналған Қалдықтарды басқару бағдарламасында жинақталған және түзілетін қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттерінің деңгейін біртіндеп төмендету көрсеткіштері мен шаралары көзделген. Компанияда қалдықтарды өңдеудің келесі әдістерін қолданады, атап айтқанда:

  • қалдықтарды өндірістік үдеріске қайта жіберу;
  • қалдықтарды Эко орталық қондырғыларында қайта өңдеу;
  • қалдықтарды Эко орталық объектілерінде көму;
  • қалдықтарды кейіннен қайта өңдеу, қайта пайдалану немесе жою мақсатында мамандандырылған мердігер ұйымдарға тапсыру. 

2023 жылы КПО объектілерінде түзілген қалдықтардың жалпы мөлшері 52 387 тоннаны құрады. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы КПО қалдықтарының көлемі 15 144 тоннаға өсті, бұл негізінен ұңғымалық операциялардың артуына, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан және жаңа жобалар санының артуына байланысты. 26-сызбада КПО қалдықтарының барлық түрлері көрсетілген.

Біріңғай республикалық қалдықтар бойынша есеп берудің ақпараттық жүйелер формасына сәйкес 2023 жылғы түзілген қалдықтардың жалпы көлеміне түзілген қалдықтар, сондай-ақ қайта өңделген қалдықтар да жатады.

26-cызба.2020–2023 жылдары КПО нысандарындағы түзілген қалдықтар мөлшерінің динамикасы, тоннамен

Ескерту: Өндірістік қалдықтармен салыстырғанда елеусіз көлемде (6 % – дан аз) болғандықтан, коммуналдық қалдықтар осы есепте ескерілмеген. Коммуналдық қалдықтар төменде қалдықтарды басқару әдістері туралы кестеде берілген.

Қалдықтарды қайта өңдеу және көму 

Компанияның өндірістік және тұтыну қылдықтарын қайта өңдеу қалдықтарды кәдеге жарату кешені мен Экоорталық объектілерінде жүргізіледі. Бұл объект қатты және сұйық қалдықтарды тиімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз кәдеге жарату мен қаөңдеуді қамтамасыз етіп, Батыс Қазақстан аймағындағы бұрғылау қалдықтарын басқаруда озық тәжірибе үлгісі болып есептеледі.

Бұрғылау қалдықтары тек көлемді азайтуға және олардың қауіптілігін азайтуға ғана емес, сонымен қатар қалдықтардан құнды компоненттерді шығаруға, сондай-ақ оларды қайта пайдалану үшін өңдеуге мүмкіндік беретін технологияларды қолдана отырып қайта өңделеді.

Компания қолданатын қалдықтарды өндіріс процесіне қайтару тәжірибесі – түзілген қалдықтарды қайта пайдаланудың оңтайлы әдісі.

КПО Экоорталығында қалдықтарды өңдейтін бес қондырғы және оларды қауіпсіз көму полигоны бар.

2023 жыл ішінде КПО оның 2023 жылға арналған Қалдықтарды басқару бағдарламасы бойынша барлық жоспарланған іс-шараларды, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды, қайта пайдалануды, өңдеуді, қалдықтардың көлемін және қауіпті қасиеттерін азайтуды аяқтады. 2023 жылы Экоорталықта келесі шаралар жүзеге асырылды:

45-кесте.2023 жылғы Экоорталық қондырғылары мен қалдықтарды қайта өңдеу іс-шаралары.

Экоорталық қондырғылары

2023 жылғы қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі іс-шаралар.

Бұрғылау қалдықтарын термомеханикалық тазалау қондырғысы (БҚТТҚ)

Мұнай негізіндегі қайта өңделген бұрғылау қалдықтарынан базалық май мен суды бөлу технологиясының арқасында 2023 жылы көмілген КПО қалдықтарының көлемі 13 %-ға азайды.

2023 жылы 15 759 тонна қалдық өңделіп, 1 975 тонна базалық май мен су бөлініп алынды және термомеханикалық өңдеуден өткен 13 784 тонна қалдық қатты қалдықтарды көму полигонында жинақталды.

Жалпы мақсаттағы пеш (ЖМП)

Қалдықтарды жалпы мақсаттағы пеште жағу нәтижесінде пештен шығу кезіндегі қалдықтар көлемі 88 %-ке қысқарды. 2023 жылы 525 тонна қалдық жағуға жіберіліп, кейін 64 тонна күл Экоорталықтың өнеркәсіптік қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды.

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы (СҚТҚ)

2023 жылы 7 632 тонна сұйық қалдықтар өңделді. Өңделгеннен кейін қайта пайдалану үшін, яғни тұздықтар мен бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін 6 086 тонна тұздықтар мен ерітінділер тазартылды.

Қалдықтарды сұрыптау қондырғысы (ҚСҚ)

2023 жылы 757 тонна қатты тұрмыстық қалдықтың 525 тоннасы жалпы мақсаттағы пеште жағуға жіберілсе, қалдықтардың 117 тоннасы, оның ішінде макулатура, метал сынықтары, әйнек пен пластик мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеу және қайта пайдалану мақсатында жіберілу үшін сұрыпталды. Қатты тұрмыстық қалдықтың 115 тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигондарында көму үшін мамандандырылған ұйымдарға берілді.

Тамақ қалдықтың 242 тоннасы қордалау әдісімен қайта өңдеу үшін мамандандырылған ұйымға берілді.

Қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигоны

2023 жылдың аяғында қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында 16 ұяшық жабылды.

2023 жылы Компания Ескі қатты қалдықтарды сақтау алаңында жиналған қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтарын сақтау алаңынан қалдықтарды алу, оларды шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысында өңдеп, кейін қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастыру жұмыстарын жалғастырды. Полигонда қалдықтарды көму ҚР Экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2023 жылы қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтықтарын сақтау алаңынан 2 817 тонна қайта өңдеуге жіберілді. 2024 жылы ескі алаңдағы қалдықтарды одан әрі қайта өңдеу жоспарланған.

46-кестеде 2023 жылғы КПО-ның қалдықтарды өндеу тәсілдері көрсетілген.

46-кесте.2023 жылғы КПО-ның қалдықтарды өңдеу тәсілдері, тонна

Қалдықтармен жұмыс істеу әдістері

Қауіпті түзілген қалдықтар

Қауіпсіз түзілген қалдықтар

Коммуналдық

қалдықтар

БАРЛЫҒЫ

1

Кәсіпорында 2023 жыл басында болған көлем

350 262

8

4

350 274

2

Есептік жыл ішінде түзілген

49 749

1 763

874

52 387

3

Кәсіпорында қайта пайдаланылған

7 650

0

0

7 650

4

Кәсіпорын қондырғыларында қайта өңделген

30 006

133

658

30 797

5

Энергия алмай жалпы мақсаттағы пеште жағу

0,1

0

524,8

524,9

6

Қатты өнеркәсіптік қалдықтарын көму полигонында көмілген

20 806

0

0

20 806

7

Экоорталықтың № 35 А/Б ұяшықтарында сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау

4 584

0

0

4 584

8

Мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға берілген

1 453

1 615

310

3 378

9

Кәсіпорында 2023 жылдың аяғында болған көлем

364 798

23

23

364 844

Ескерту: қалдықтардың тоннамен саны Экоорталықтың таразында оларды қайта өңдеуге, сұрыптауға, жоюға, көмуге және басқа да операцияларға әкету алдында қалдықтардың әрбір партиясын өлшеу жолымен айқындалады. Қалдықтардың мөлшері жөніндегі деректер жүк ілеспе құжаттарына (бақылау талондары, қабылдау-тапсыру актісі) енгізіледі және кейін Компанияның қалдықтарды есепке алу дерекқорына енгізіледі.

Компания қалдықтарының басым бөлігі ұңғымаларды бұрғылаудан және жөндеуден түзіледі. Бұл ретте, қолданылатын бұрғылау ерітіндісі түріне байланысты су немесе мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы түзіледі. 2023 жылы түзілген қатты және сұйық бұрғылау қалдықтарының көлемі 17 552 тоннаны құрады (қайта өңдеуге дейінгі бастапқы түзілген қалдықтар көлемінің 68 %). Бұрғылау қалдықтарының көлемі екінші бұрғылау қондырғысын қолданудың нәтижесінде ұңғымалардың жұмысының артуына байланысты айтарлықтай өсті.

47-кестеде бұрғылау қалдықтарының негізгі түрлері мен оларды өңдеу әдістері бөлініп көрсетілген. Кестеге сүйенсек, Экоорталықтың 35 А/Б чектерінде тек су негізіндегі тұнбалар, су негізіндегі ерітінділер және тұзды ерітінділер сақталады, ал су негізіндегі тұнбалар полигонға көмілуге ​​жатады. Мұнай негізіндегі бұрғылау қалдықтары алдын ала өңделіп, құрамынан мұнай негізі алынып тасталғаннан кейін көмуге жіберіледі.

47-кесте.2021–2023 жылдары қолдану әдісіне қарай ұңғымалық операциялардан шыққан қалдықтар

Қалдық түрі

Түзілген қалдықтар, тонна

Өңдеу тәсілі

2023

2022

2021

1

Пайдаланылған су негізіндегі бұрғылау ерітінділері

579

1 154

382

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

3 873

3 467

383

Экоорталықтың № 35 А/Б ұяшықтарында сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау

2

Су негізді бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қоқыры

1 369

2 716

987

Көму

98

0

0

Экоорталықтың № 35 А/Б ұяшықтарында сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау

223

0

0

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

3

Пайдаланылған мұнай негізді бұрғылау ерітіндісі

2 596

1 257

432

Қалдықтарды термомеханикалық тазалау қондырғысында (ТТҚ) және сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

4

Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдықтары

15 779

5 760

2 776

Мұнай негізі мен суды алумен және қатты бөлігін кейнгі көмумен ШТТҚ-да қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

5

Пайдаланылған тұздықтар

2 931

3022

1 438

ШТТҚ және СҚТҚ қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

503

155

189

Экоорталықтың № 35 А/Б ұяшықтарында сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау

6

Мұнайлы қалдықтар

19

21

60

Айналмалы пеште термиялық өңдеу, ҚТТҚ-да қайта өңдеу

Келісімшарттар талаптарының шеңберінде Компания қалдықтардың бір бөлігін кәдеге жаратуға мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға береді. Олар КПО-дан қабылданған қалдықтарды әрі қарай өңдеу әдістерін өздері анықтап, тоқсан сайын қалдықтарды орналастыру бойынша үшінші тараптарға есеп береді. Қалдық түріне байланысты мамандандырылған ұйымдар қалдықтарды кейін тұтыну тауарларын дайындауға қайта өңдеуге, сондай-ақ сынаптан арылту, регенерация, термиялық өңдеу, өртеу, физикалық және химиялық өңдеу, және құрамдас бөліктерге бөлшектеп, мүдделі кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға жібереді.

Полигонда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтарын және полиэтилентерефталатты қаптаманы, макулатураны, картонды, қағаз қалдықтарын, әйнек сынықтарын орналастыруға тыйым салатын ҚР Экологиялық кодексінің 351-бабының күшіне енуіне байланысты мердігер ұйымының қатысуымен Компания офис ретінде пайдаланатын ғимараттарда аталмыш қалдықтарды сұрыптауды және бөліп жинауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Кейін бұл қалдықтар қайталама шикізат ретінде пайдалану үшін мамандандырылған кәсіпорындарға жіберіледі. 

2011 жылдан бастап 2023 жылдың аяғына дейін макулатураны бөліп жинау нәтижесінде шамамен 915 тонна өнім жиналып, тұтыну тауарларын дайындау үшін жергілікті кәсіпорындарға берілді. Компанияның барлық кеңселерінде пайдаланылған батарейлерді бөліп жинау ұйымдастырылған. 2023 жылы 133 кг батарейлер жиналған. 

Тамақ қалдықтарын қайта өңдеу 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарын орындау мақсатында 2021–2022 жылдары КПО Қарашығанақ кен орнындағы тамақтандыру объектілерінде пайда болатын тамақ қалдықтарын басқарудың ең тиімді әдісін енгізді. Тағам қалдықтарын биоқордалау бойынша келісім-шарт жасалды. 2023 жылы Компания Қарашығанақ кен орнының тамақтандыру объектілерінен 242 тонна тамақ қалдықтарын қайта өңдеу кәсіпорнына берді. Алынған биокомпост ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында топырақ құнарлығын қалпына келтіру және жақсарту үшін органикалық компост ретінде пайдаланылады.

БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Қауіпті өндірістік қалдықтар, сондай-ақ оларды жинау және орналастыру орындары қауіпсіз айналыста болмаған кезде қоршаған ортаға қауіп төндіреді және атмосфералық ауаны, жер асты және жер үсті суларын, топырақ пен өсімдіктерді ластаудың ықтимал көзі бола тұра қоршаған орта мен адам денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін.

КПО компаниясы қоршаған ортаға теріс әсер етудің алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді, яғни қалдықтарды жинаудың жабдықталған орындарында ғана көмуді және жинақтауды жүргізіп, қалдықтарды нормативтен тыс көмуге және жинақтауға жол бермеуді, сондай-ақ қалдықтарды жинақтау орындарынан уақтылы шығаруды қадағалайды.