Электр қуатын жеткізу

КПО Қарашығанақ кен орнының өндірістік қажеттілігіне қажет электр энергияны газтурбиналық электр стансасында (әрі қарай ГТЭС) өндіреді. Өндірілген электр энергиясы келесі объектілерге жеткізіледі: ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, жинақтау жүйесі, эко орталық, Пилот қалашығы, Ақсай қаласындағы АТТ деректерді өңдеу орталығы, Үлкен Шаған МАС мен ІАС 1-26 желілік торапты қоса алғанда Қарашығанақ-Атырау тасымалдау жүйесі.

КПО газтурбиналық электр стансасында төрт турбина жұмыс істейді, олардың үшеуі – қосотынды.

2023 жылы ГТЭС-те турбина бөліктерінің ішкі жағдайын диагностикалау мақсатында жыл сайынғы бороскопиялық тексеру жасалды, сонымен қатар наурыз және сәуір айларында 2 және 3-турбиналарының жану камераларын тексеріліп, ауыстырылды. Қарашадан желтоқсанға дейін 1-турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Жұмыстар жоспарланған уақытта кідіріссіз әрі сапалы орындалды. Материалдар мен қосалқы бөлшектер уақытылы жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысына электр қуатын жеткізу 

Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлісу туралы түпкілікті келісім (I бап, 1.1 бөлім) шеңберінде КПО Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына қажетті электр қуатын жеткізеді. Орта есеппен 2023 жылы БҚО халқының қажеттілігіне қажет қыс мезгілінде 25 Мвт жуық және жазда 20 Мвт жуық электр қуаты жеткізілді.

2023 жылы КПО компаниясы «Батыс энергоресурстар» ЖШС және «Ақсайэнерго» ЖШС (2023 жылғы 30 қарашаға дейін, өйткені 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап “Ақсайэнерго” ЖШС өз қызметін тоқтатты) энергия жеткізуші ұйымдарға электр қуатын жеткізді, ал олар өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын және басқа да тұтынушыларды қуат көзімен қамтамасыз етті.

2023 жылы КПО аймақтық желіге 20-35 Мвт электр қуатын жеткізді, БҚО-ға жеткізілген электр қуатының жалпы көлемі ~ 226,8 млн Квт болды. 2022 жылмен салыстырғандағы электр қуатын жеткізудің шамалы төмендеуі 2023 жылы ҚМГКК нысандарында 15 күнге жуық жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болды. Жоспарлы жөндеу жұмыстарының көлемі мен мерзімі ГТЭС негізгі қондырғысының жұмыс сағаттарымен реттеледі. 2021–2023 жж. электр энергиясы мен отын газын жеткізу көлемі 55 – кестеде берілген.

55-кесте.2021–2023 жж. КПО электр қуаты мен отын газын жеткізу.

Сипаттамасы

Өлшем бірлігі

2023 ж.

2022 ж.

2021 ж.

БҚО жеткізілген электр қуаты, соның ішінде:

млн. кВт/сағ

226,79

246,33

225,56

  • «Батыс Энергоресурсы» ЖШС

млн. кВт/сағ

202,74

220,05

199,28

  • «Ақсайэнерго» ЖШС

млн. кВт/сағ

24,05

26,28

26,28

БҚО үшін электр қуатын өндіруге отын газын пайдалану:

млн. м3

77,50

84,74

75,88

  • БҚО үшін электр қуатын өндіруге КПО жеке газын сату

млн. м3

61,07

69,12

70,98

  • БҚО үшін электр қуатын өндіруге сыртқы жеткізуші тарапынан

млн. м3

16,43

15,62

4,90

2023 жылы электр қуаты көбінесе газ есебінен өндірілді. Облыс қажеттілігіне электр энергиясын өндіру үшін сыртқы жеткізушіден газды сатып алу көлемі ГТЭС-тегі газ тұтынудың жалпы көлемінің шамамен 21,2 %-ін құрады. Жоғарыда көрсетілген кезеңнен басқа сыртқы жеткізушілер ҚӨК 5-339 аймағы отын газын өндіру қондырғысындағы кей кездегі тұрақсыз жұмыс уақытында газбен қамтамасыз етті.

Энергетикалық жүйе

Қарашығанақ мұнай, газ және конденсат кен орны жергілікті энергетикалық жүйесі шекара жауапкершілігіне сәйкес үш субъектіге – КПО, «Аксайгазпроэнерго» және «Батыс-Қазақстандық РЭК» ЖШС-ке тиесілі 110 кВ электр желісінен және 35 кВ КПО желісінен тұрады.

Электр желілерінің әсерінен болатын өндіріс шығындарын барынша азайту мақсатында кен орнындағы ішкі энергия жүйесінің апаттарын азайту және тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жоба шеңберінде КПО сарапшыларынан арнайы құрылған жұмыс тобы талдау жасады, оның негізінде 2023 жылы жұмылдырылған үшінші тараптармен жұмыс жүргізіліп, ұсыныстарға талдау өткізілді.

Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) қолдау туралы заң бойынша міндеттемелер 

КПО электр қуатын өз ГТЭС-інде өндіргендіктен ол ҚР-ның «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау» заңына сәйкес ЖЭК шартты тұтынушылар қатарына жатады.

Шартты тұтынушылар ЖЭК пайдаланатын объектілерде өндірілген электр қуатын Республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі жоспарлы тұтынудың өз үлесіне пропорционалды көлемде сатып алуға міндетті. Жауапты субъект ретінде КПО «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құзыретті компаниясынан ЖЭК бойынша тиесілі электр қуаты көлемін сатып алады, осылайша заңнама талаптарын орындап, Қазақстандағы жасыл энергетиканың дамуына өз үлесін қосып келеді.

2023 жылы КПО осындай энергияның 18 811 317 кВт*сағат көлемін (67 817 Гдж баламалы) 675 млн. теңгеге сатып алды.