ӘЛЕУМЕТТІК ЫҚПАЛ

ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Жұмыскерлер
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Жергілікті қауымдастықтар

Ескерту: қағидалар бөлімнің тиісті тарауларында толығырақ сипатталған.

Қауіпсіздік техникасы саласындағы тәжірибе

ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз жетілдіруге қол жеткізу үшін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін қолданамыз.

Осы мақсатта біз осы мәселелерді қызметтің маңызды түрлері ретінде қарастыра отырып, стандарттарды белгілеп, үздіксіз жетілдіруге бағытталған мақсаттарды қойып, шараларды қолданамыз, сонымен қатар бағалау жүргізіп, жұмыс нәтижелері туралы сыртқы тараптарға есеп береміз.

Компаниядағы қауіпсіздік техникасына қатысты қауіп-қатерлерді және Компанияның әсерін азайту мақсатында бірқатар міндеттер қойдық. Оларды іске асыру нәтижелері төменде келтірілген.

6-кесте.Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы міндеттеріміз

2023 жылға қойылған міндеттер

Орындалу статусы

2023 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2024 жылға қойылған міндеттер

Көшбасшылық пен мінез-құлық аспектілеріне ерекше назар аудара отырып, КПО-дағы қауіпсіздік мәдениетін жақсарту. Қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет бағдарламасын енгізу.

Орындалды

Қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет бағдарламасы 2023 жылдың шілдесінде іске қосылды. КПО-ның барлық жұмыскерлері мен мердігерлеріне қауіпсіздік мәдениеті бойынша кіріспе сабақтарын өткізу мақсатында компания персоналы арасынан коучтер таңдалды. 2023 жылға қойылған міндет – КПО компаниясы мен мердігер ұйымдардың 4 500 жұмыскерін қамту; барлығы 5 506 адам қамтылды.

  • КПО мен мердігер ұйымдардың 10 000 жұмыскерін қамти отырып, кіріспе сессияларды өткізуді жалғастыру.
  • Жетекшілер мен жұмыскерлерге арналған сессиялар өткізу үшін коутерді оқыту.
  • 25 жетекші коучтен тұратын топ құру және ұзақ мерзімді нәтижеге жету мақсатында ішкі ресурстарды дамыту.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау

Орындалды

2023 жылға жоспарланған іс-шаралар мен науқандар 100 % сәтті жүзеге асырылды.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау.

ISO 39001 стандарты бойынша қадағалау аудитінен сәтті өту

Орындалды

2023 жылы КПО осы стандарт бойынша алғашқы қадағалау аудитінен сәтті өтті.

ISO 39001 стандарты бойынша екінші қадағалау аудитінен сәтті өту.

ЕҚ және ҚТ бойынша көрсеткіштер 

Біз қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласындағы қызметімізді дамуымыздың қарқынын қадағалай және әлемде болып жатқан оқиғаларды ескере отырып жоспарлаймыз. Біз белгілі бір жұмыс көлемін орындау кезінде болған оқиғалардың жиілігін адам-сағат санын ескере отырып өлшейміз. Біздің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша көрсеткіштеріміз 2018–2023 жылдарды қамтиды, алайда 2023 жылға баса назар аудара отырып ұсынылды.

3-кестеде еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖ)2 мен тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі (ТТЖЖ)3 көрсетілген.

2023 жылы КПО-да тіркелуге тиіс жарақаттар саны аздап өсті, 2022 жылы 13-тен 2023 жылы 14-ке дейін өсті. Сонымен бірге, еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар саны айтарлықтай төмендеді: 2022 жылғы жетіден 2023 жылғы екі жарақатқа дейін азайды. 2023 жылы КПО-дағы ЕҚЖЖ 0,05 (2022 жылы 0,22-мен салыстырғанда) болса, ал ТТЖЖ – 0,37 (2022 жылы 0,40 болған) құрады.

Болашақта қайталануына жол бермеу мақсатында КПО-да әрбір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, біз мердігерлермен және басқа да мүдделі тараптармен оқиғалардан алынған сабақтар туралы ақпарат алмасамыз және қауіпсіздікті жақсарту мақсатында басқа компаниялардың тәжірибесін өзімізде енгіземіз.

3-cызба. ЕҚЖ және ТТЖ жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2018–2023 жылдар

Ескертпе: КПО-дағы ЕҚЖ және ТТЖ жиілігін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады:
2 Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (ЕҚЖЖ) = еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + өлімге әкелген оқиғалар) x 1 000 000 / адам-сағат саны;
3 Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі = тіркелуге тиіс жарақаттар саны (еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар + медициналық емделуге әкелген оқиғалар + жеңіл жұмысқа ауыстыруға әкелген оқиғалар) x 1 000 000/адам-сағат саны).

7-кестеде КПО-ның ЕҚЖЖ бойынша көрсеткіштері мердігер ұйымдардың соңғы төрт жылдағы ЕҚЖЖ көрсеткіштерімен салыстырып көрсетілген. КПО және мердігерлік ұйымдардың деректері бөлек көрсетілген. Жиынтық көрсеткішті алу үшін деректерді қосып жиынтық мәнін шығарудың орнына есептеу формуласын қолдану керек.

7-кесте.Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2020–2023 жылдар

Тиімділік көрсеткіштері

2023

2022

2021

2020

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (КПО)

0,00

0,00

0,14

0,00

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,06

0,27

0,00

0,07

8-кестеде КПО-ның ТТЖЖ бойынша көрсеткіштері мердігер ұйымдардың соңғы үш жылдағы ТТЖЖ көрсеткіштерімен салыстырып көрсетілген.

8-кесте.Тіркелуге тиіс жарақаттар жиілігі: КПО және мердігер ұйымдар, 2020–2023 жылдар

Тиімділік көрсеткіштері

2023

2022

2021

2020

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (КПО)

0,00

0,00

0,14

0,00

Еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі (мердігер ұйымдар)

0,06

0,27

0,00

0,07

Ескертпе: Алғашқы медициналық көмек көрсетуге әкелген жағдайлар өндірісте алған жарақаттарды есептегенде есепке алынбайды.

КПО жұмыс істеуге қауіпсіз жағдай жасауға ұмтылады. Осыған қарамастан, 2023 жылы Компанияда он төрт оқиға орын алып, онда КПО мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлері түрлі жарақаттар алды.

9-кесте.2023 жылы орын алған оқиғалар (тіркелуге тиіс жарақаттар).

Жарақат түрі

Сипаттамасы

Саны

Еңбек ету қабілетінен уақытша айрылуға әкелген жағдайлар

Ірі ЖКО нәтижесінде алынған қабырға жарақаты

1

Қысып алу нәтижесінде алынған саусақ жарақаты

1

Тіркелуге тиіс жарақаттар (яғни жұмыскер медициналық емдеу алғаннан кейін жұмысын жалғастыра алды немесе жеңіл жұмысқа ауыстырылды)

Бұрыштық тегістеуішпен жұмыс жасау барысында алынған иек жарақаты (кесік)

1

Қысып алу нәтижесінде алынған саусақ жарақаты

3

Қысып алу нәтижесінде алынған қол жарақаты

1

Тепе-теңдікті жоғалту және құлау нәтижесінде алынған шынтақ жарақаты

1

Аяқты қайырып алу нәтижесінде алынған табан жарақаты (көгеру және созылуы)

1

Құлау нәтижесінде алынған тізе жарақаты

2

Арыққа құлау нәтижесінде алынған аяқ жарақаты

1

Сүріну нәтижесінде алынған аяқ жарақаты

1

Биіктіктен құлаудың нәтижесінде алынған бел мен аяқ жарақаты

1

БАРЛЫҒЫ

14

2023 жылы бір елеулі (ірі) ЖКО тіркелді – мердігер ұйымдарға тиесілі екі көлік құралының Газель автокөлігінің мен КАМАЗ бетон араластырғышымен соқтығысуы); ЖКО нәтижесінде Газель көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алды.

1 млн км қашықтыққа есептегендегі жол-көлік оқиғаларының жиілігі (ЖКОЖ4) 2023 жылы КПО мен мердігер ұйымдарда 0,02 (2022 жылы 0) құрады. 2023 жылы КПО көлік құралдары жүріп өткен қашықтық 41,8 млн км болған болса, ал 2022 жылы 39,3 млн км-ді құрады. 

2023 жылы КПО мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлері 37 823 703 адам-сағат жұмыс істеді: Оның 18 % (6 652 986 адам-сағат) КПО персоналына тиесілі, ал 82 %-н (31 170 717 адам-сағат) мердігер ұйымдардың жұмыскерлері атқарды.

4 КПО-да қолданылатын ЖКОЖ есептеу әдісі: ЖКО жиілігі = ЖКО саны (елеулі) x 1 000 000 / жүріп өткен км саны.

10-кесте.Жұмыс істелген адам-сағаттар саны: КПО және мердігер ұйымдар, 2020–2023 жылдар

Көрсеткіштер

2023

2022

2021

2020

Жұмыс істелген адам-сағат саны (КПО)

6 652 986

6 629 709

6 924 081

7 269 825

Жұмыс істелген адам-сағат саны (мердігер ұйымдар)

31 170 717

25 885 889

25 340 974

26 955 757

Барлығы

37 823 703

32 515 598

322 65 055

34 225 582

2023 жылы КПО-да бірде-бір ықтимал қауіпті оқиға тіркелген жоқ (ЫҚО).

11-кесте.Ықтимал қауіпті оқиғалардың саны (ЫҚО): КПО және мердігер ұйымдар, 2020–2022 жылдар.

Көрсеткіштер

2023

2022

2021

2020

ЫҚО саны (КПО)

0

0

0

1

ЫҚО саны (мердігерлік ұйымдар)

0

7

1

1

Барлығы

0

7

1

2

2023 жылы Компанияда 125 ықтимал қауіпті жағдай (ЫҚЖ)5 тіркелді: оның 74-ы (59 %) оқиғалар туралы хабарлау процедурасы арқылы, 51-і (41 %) ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталарының көмегімен анықталды. Әрбір ЫҚЖ үшін, әрбір оқиға бойынша, КПО мұқият тергеу жүргізеді, олардың себептері анықталады және кемшіліктерді түзетуге және оқиғалардың қайталануын болдырмауға бағытталған ұсынымдар әзірленеді.

12-кесте.Ықтимал қауіпті жағдайлардың саны (ЫҚЖ): КПО және мердігер ұйымдар, 2020–2023 жылдар

Көрсеткіштер

2023

2022

2021

2020

ЫҚЖ саны (КПО)

41

24

22

27

ЫҚЖ саны (мердігерлік ұйымдар)

84

58

43

46

Барлығы

125

82

65

73

2019–2023 ЖЫЛДАРДАҒЫ КПО ЖӘНЕ МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАРДА ӨЛІММЕН АЯҚТАЛҒАН ОҚИҒАЛАРДЫҢ ЖИІЛІГІ НӨЛГЕ ТЕҢ БОЛЫП ҚАЛАДЫ.6

5Ықтимал қауіпті жағдай (ЫҚЖ) – тіркелуге тиіс жарақаттарға, мүлікке, қоршаған ортаға зақымға немесе технологиялық қауіпсіздікке байланысты оқиғаға әкелу ықтималдығы болған кез-келген жоспарланбаған немесе басқарылмайтын оқиға немесе оқиғалар тізбегі, бірақ түрлі жағдайлардың арқасында мұндай оқиғалар орын алмаған.

6КПО қолданатын өлімге әкелетін оқиғалардың жиілігін есептеу әдісі: өлімге әкелетін оқиғалардың жиілігі (миллион жұмыс істеген адам сағатына) = өлімге әкелетін оқиғалардың саны x 1 000 000 / жұмыс істеген адам сағаты.

Саладағы басқа компаниялармен салыстыру 

Жыл сайын біз қызметіміздің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін (ТНК) Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (бұдан әрі – IOGP) есебінде ұсынылған оператор компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырамыз. IOGP қауымдастығы ЕҚ және ҚТ саласындағы тиімділік негізгі көрсеткіштерін жыл сайын www.iogp.org сайтында жариялайды.

2023 жылы КПО-да еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттардың саны азайды (2022 жылы тіркелген жеті жарақатпен салыстырғанда 2023 жылы екі жарақат). Егер КПО-ның 2023 жылғы көрсеткіштерін саланың басқа компанияларымен салыстыратын болсақ, еңбекке еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкелген жарақаттар жиілігі бойынша КПО көрсеткіші IOGP-дің орташа көрсеткіштерінен жақсырақ, бірақ IOGP бойынша 10 үздік компанияның көрсеткіштерінен төмен. (4-ші сызбаны қараңыз).

4-cызба.КПО көрсеткіштері мен IOGP көрсеткіштері, 2010–2023 жылдар

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары 

Жоспардың басты мақсаты – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ басқару жүйесін оңтайландыру, қауіп-қатерлерді одан әрі бақылау, жұмыскерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу. Бұған «мақсатты элементтерді» және Компанияның күнделікті өндірістік қызметінен тыс, айтарлықтай пайда алуға және жақсартуларға қол жеткізуге бағытталған бірқатар іс-шараларды қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Аталмыш Жоспар мен ТНК бір біріне сәйкес болуы үшін және қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін 2023 жылы КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауда құрылымдық тәсілді қолданды.

13-кесте.ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары өзара байланысты бағыттардан тұрады:

ДЕҢГЕЙ I (негізгі):

Жарақат алу бойынша нөлдік көрсеткіші және өндірістердің тұтастығын қамтамасыз ету

ДЕҢГЕЙ II (көмекші):

  • Жұмыскерлердің денсаулығын қорғау
  • Персонал қауіпсіздігі
  • Объектілердің тұтастығы және өндіріс қауіпсіздігі
  • Жол қауіпсіздігі
  • Қоршаған ортаға ықпалды азайту

ДЕҢГЕЙ III (бұған қалай қол жеткіземіз):

Стратегия мен мақсатты элементтер

I, II және III деңгейлердің тапсырмалары бойынша жоспардың мониторингі «бағдаршамдар» (жасыл, сары, қызыл) жүйесінің көмегімен жүзеге асырылды.

Компания мүдделі тараптармен бірлесіп жоспарларды іске асыру және қауіпсіздік тосқауылдарын нығайту бойынша жұмыс істейді. Жоспардың міндеттерін шешу үшін неғұрлым
егжей-тегжейлі көмекші жоспарлар қолданылады.

Келесі параграфтарда біз ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық дағдыларды дамыту және мәдениетті арттыру бойынша 2023 жылы орындалған іс-шараларды, сондай-ақ жол қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі жоспардың іс-шараларын сипаттаймыз. Қоршаған ортаны қорғау, өндірістің тұтастығы, қауіп-қатерлерді басқару және денсаулықты қорғау туралы ақпарат есептің тиісті тарауларында берілген.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық және мәдениет

Оқиғалардың орын алуына жол бермеу және жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ адамдарымызды, қоршаған ортаны және активтерімізді қорғау мақсатында 2023 жылдың шілдесінде қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және мәдениет бағдарламасы іске қосылды. Іске асыру жолы – ішкі мүмкіндіктер мен ресурстарды дамыту.

Осы мақсатта және белгілі бір критерийлер негізінде «Оқытушыны оқыту» курсына үміткерлер таңдалды. 200-ге жуық үміткер сұхбаттасудан өтіп, олардың ішінен КПО мен мердігер ұйымдардың 88 жұмыскері іріктеліп, оқытылды. Олар үш күндік «Оқытушыны оқыту» курстарына қатысып, қауіпсіздік мәдениеті бойынша кіріспе сессияларын өткізетін ҚСКМ жаттықтырушылары атанды. 372 сессия өткізіліп, КПО-ның 5 506 жұмыскері мен мердігерлері қамтылды, белгіленген мақсатқа сай 4 500 жұмыскерді қамту көзделген болатын.

Қауіпсіздік мәдениеті бағдарламасының жоспарлары мен жалпы көрінісін іске асыру мақсатында КПО компаниясы үшін қатер дәрежесі жоғары және орташа жұмыстарды орындайтын КПО басшылары мен мердігерлеріне қатысты қабылданған міндеттемелер бойынша екі семинар өткізілді.

Бағдарламаны іске асыруды үйлестіру мақсатында құрамы анықталып, жобаны басқару кеңсесі (ЖБК) құрылды. ЖБК-нің тоғыз жиналысы өтті. ЖБК негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • Жалпы басқару, көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті бағдарламасын енгізу бағыты мен стратегиясын анықтау;
  • КПО мен мердігер ұйымдар арасындағы тұрақты әріптестікті дамыту;
  • Қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіретін мәселелерді шешу.

2023 жылдың шілдесі мен желтоқсанында қауіпсіздік мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында анонимді жедел сауалнамалар жүргізілді. Аталмыш жедел сауалнамаларға КПО мен мердігерлердің жұмыскерлері қатысты. Сауалнама нәтижелері мен көшбасшылардың қауіпсіздік жөніндегі міндеттемелері бойынша семинарларының ҚТ кіріспе сессиялары кезінде алынған кері байланыс негізінде 2024 жылы жақсартуды және белсенді жұмысты қажет ететін кейбір салалар анықталды.

Желтоқсан айында 2023 жылдың қорытындысы бойынша көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті бойынша коучтерді марапаттау рәсімі өтті.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру құралдары

Компанияның негізгі міндеті – қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қызметтерінің бірлескен жұмысының арқасында 2023 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы коммуникацияны жақсарту жөніндегі барлық жоспарланған іс-шаралар мен науқандар 100 % орындалды.

Тоқсан сайын ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша викторина жүргізілетін болды. Әр жұмыскер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ туралы негізгі білімін тексеріп, ұтып алған жағдайда сыйлық ала алады. Сонымен қатар, күн сайын экран бетіне шығатын хабарламалар және өзекті тақырыптар бойынша әлсін-әлсін шығарылып тұратын «ҚТ бойынша қысқаша ақпарат» арқылы жұмыскерлерді жедел ақпараттандыру және хабардарлығын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілді. Жыл бойы әртүрлі тақырыптағы 15 «ҚТ бойынша қысқаша ақпарат» шығарылды, мысалы, есту қабілетін қорғау, ықтимал қауіпті жағдайлар туралы хабарлаудың маңыздылығы, КПО-да орын алған қол және саусақ жарақаттары және т. б.

2023 жылғы сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында КПО-да 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы үздік көрсеткіштер үшін марапаттау рәсімі өтті. «КПО бөлімдері арасында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жылдың үздік көрсеткіші» номинациясы бойынша бас жүлдені ГКДҚ-2 ұжымы алса, ал мердігер ұйымдар арасында үздік көрсеткіштер үшін «Елжас» компаниясы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, «Шлюмберже» компаниясы қауіпсіздік техникасы саласындағы бейілділігі мен қауіпсіздікті жақсартудың озық тәжірибелері үшін құрмет марапатына ие болды. Сонымен қатар, ықтимал қауіптер мен қауіпті іс-әрекет туралы хабарлағаны және араласқаны үшін жеке марапаттардың жеңімпаздарына ақшалай сыйақы берілді. Бұған қоса, қауіпсіздік техникасын жақсартуға ерекше үлес қосқан және негізгі жұмысына қосымша еңбекті қорғау саласындағы түрлі бастамалар мен науқандарды іске асыруға жәрдем көрсеткен жұмыскерлер де көтермелеу ақшалай марапаттарға ие болды.

2023 жылдың тамыз айында барлық КПО объектілерінде «Жұмысты тоқтату құқығы» тақырыбында қауіпсіздік күні өтті. Бағдарлама 2022–2023 жылдар аралығындағы жарақаттар туралы статистиканы, бас директордың бейне хабарламасын және кез келген қауіпті жұмыс немесе әрекетті тоқтату құқығы мен міндетін насихаттау және орындау туралы еске салуды қамтиды.

Көптеген жылдар бойы коммуникацияның ажырамас бөлігі болып келген шара – жыл сайынғы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ форумы. 2023 жылдың қарашасында КПО бизнес-серіктестердің қатысуымен «Өзгерістер жағдайындағы көшбасшылар» тақырыбында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелері бойынша жыл сайынғы форум өткізді. Форумға КПО-ның жоғары басшылығы мен негізгі мердігерлер қатысты. Форум тікелей эфирде де көрсетілді, бұл көптеген қатысушыларға форумға онлайн қосылуға мүмкіндік берді. Форумның мақсаты ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы орын алып жатқан өзгерістер мен сын-қатерлер туралы ой бөлісу, түрлі өзгерістерді тиімді енгізудегі, сонымен қатар жалпы Қарашығанақ кен орнында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттырудағы көшбасшының рөлі туралы бірлесіп талқылау болды.

Форум аясында ҚР Экологиялық кодексіндегі және КПО қалдықтарын басқару үдерісіндегі өзгерістер, кездейсоқ алкогольге тестілеу үдерісіндегі өзгерістер және КПО мен бизнес-серіктестердің кәсіптік жарамдылығы; ЖКО және бұзушылықтар; жұмыстарды тоқтата тұру; көшбасшылық және қауіпсіздік мәдениеті сияқты тақырыптар қаралды.

Талқы тиімдірек жүру үшін және талқыға әр қатысушыны тарту үшін форум барысында топтық интерактивті сессиялар, топтық тапсырмалар мен сауалнамалар өткізілді. Мұндай жаттығулар бұрыннан қалыптасып қалған мінез-құлық аспектілері мен мәдени сенімдердің себептерін жан-жақты талдауға, сондай-ақ оларды жақсарту және алдын алу шараларын жоспарлауға ықпал етті.

2023 жылдың шілдесінде КПО келісімшарт ұстаушыларымен/ уәкілетті тұлғаларымен мердігер ұйымдардың ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ көрсеткіштерін басқару саласындағы негізгі міндеттер мен үміттерге арналған семинар өткізілді. Семинар бас директордың төрағалығымен өтті, ол процестің маңыздылығын және «Жарақаттар мен ағып кетулерге жол бермеу» атты ортақ мақсатымызға жетудегі КҰ/КУӨ рөлін атап өтті. Семинар мердігер ұйымдардың ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ көрсеткіштерін басқарудағы негізгі міндеттерді, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша шолып тексеруге мердігер ұйымдардың жоғары басшылығының қатысуын арттыруды, процесті одан әрі жақсарту жөніндегі проблемаларды/ұсыныстарды/іс-қимылдарды және т. б. талқылауды қамтыды.

Қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылға арналған еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыскерлерге жыл сайынғы сыйақы үшін міндетті түрде келесі белсенді көрсеткіштер/міндеттер айқындалды:

  • Тіркелген ықтимал қауіпті жағдайлардың (ЫҚЖ) адам-сағаттың жалпы санына арақатынасы 2,6 көрсеткішінен төмен болмауға тиіс;
  • Жыл соңына дейін жұмыскерлер «Өмірлік маңызды ережелер – биіктікте жұмыс істеу» бойынша электрондық оқытудан өтуі, сондай-ақ кем дегенде бір рет қауіпті әрекетке араласуы немесе әріптестерімен ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелерін талқылауы тиіс болатын.
  • КПО ЫҚЖ санының адам-сағаттың жалпы санына қатынасы бойынша жоспарлы көрсеткішке (кемінде 2,6) қол жеткізді және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша сыйлықақы электрондық оқытудан уақытында өткен және араласу туралы есепті толтырған КПО мен агенттіктердің жұмыскерлеріне төленді.

Жұмыс учаскелерінде басшылықтың болуы

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жалпы көрсеткіштерін қадағалау және басшылықтың жергілікті жұмыс алаңындағы қызметкерлермен өзара әрекеттеуін қамтамасыз ету мақсатында КПО ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексерістер өткізеді. ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша тексеріс екі деңгейде орындалады: орта буын басшыларының аралап тексеруі және КПО директорларының/басқарушыларының және мердігерлік ұйымдардың қатысуымен жоғары басшылықтың аралап тексеруі.

2023 жылы жоғары басшылық ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша жалпы саны 176 тексеріс өткізді (83 тексеріс өткізу жоспарлаған болатын, яғни жоспар 212 %-ға асыра орындалды), ал орта буын басшылары 350 тексеріс өткізуді жоспарлап, іс жүзінде 944 тексеріс өткізді (жоспар 270 %-ға орындалды).

2023 ЖЫЛЫ ЖОҒАРЫ БАСШЫЛЫҚ ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ БОЙЫНША ТЕКСЕРІСТЕР ЖОСПАРЫН 212%-КЕ, АЛ ОРТА БУЫН БАСШЫЛАРЫ 270%-КЕ ОРЫНДАДЫ.

Жол қауіпсіздігі 

Жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша тұрақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында КПО ЖҚ жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын іске асыруды жалғастыруда. 2023 жылы компания жоспардағы іс-шаралардың 88 %-н орындады.

2023 жылы ЖҚ бойынша жеткен негізгі жетістіктер/орындалған іс-шаралар:

  • ISO 39001: Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару жүйесі-1-ші қадағалау аудитінен сәтті өту (сәйкессіздіктердің мүлдем болмауы);
  • КҚБЖ / бейнетіркегіштерді басқару және жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі рәсімдерді жаңарту;
  • ЖҚ бойынша көрсеткіштері ең төмен 13 мердігер ұйымдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігін (ЖҚҚ ) қамтамасыз етудің тиімділігі тексерілді;
  • Жүктерді қауіпсіз тасымалдау және жүргізушілердің қажуын басқару бойынша мердігер ұйымдарға арналған семинарлар;
  • Тәжірибе алмасу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар алу үшін жүргізушілермен шағын форумдар;
  • Қыста көлік жүргізуге байланысты қауіптерге, соның ішінде жолда жануарлармен соқтығысу қаупіне қатысты жүргізушілерге арналған кезектен тыс жиналыс;
  • Төрт бірлескен кәсіпорынның (ТШО, НКОК, КҚК және КПО) жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша ынтымақтастық аясындағы кездесулері;
  • КПО-ның апаттық әрекет ету және денсаулық сақтау бөлімдерінің қатысуымен апатты ЖКО бойынша оқу-жаттығу жұмыстары;
  • Жүргізушілерді жол қауіпсіздігі туралы барлық негізгі ақпаратпен/талаптармен қамтамасыз ету мақсатында барлық көлік құралдарына QR код жапсырмаларын қолдану;
  • Негізгі маршруттарға қатысты КПО жолдағы қауіп-қатерлерді бағалау құжатының жаңартылуы (жаңа қауіптер, қатерлер, бақылау шаралары, жаңа формат) және КПО Интранетіне жүктелуі.
  • КҚБЖ RAG есебіне «көк» жүргізуші санатын (100 балл) енгізу және «жасыл», «сары» және «қызыл» жүргізуші санаттары бойынша ұпайларды қайта қарау;
  • 200-дан астам жүргізушінің құзыреттігін кездейсоқ таңдау әдісімен, сондай-ақ қатерлерді талдау тәсілін қолдана отырып бағалау, мысалы, КҚБЖ-ден шығатын BRAG есептерді, көлік құралының түрі, тасымалдайтын жүк түрі, жүріп өткен қашықтығы негізінде таңдалғандары да болды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен және халықпен өзара іс-қимыл шеңберінде КПО ЖҚ жақсарту мақсатында 2023 жылы келесі іс-шараларды өткізді/қатысты:

  • Бөрлі ауданының білім бөлімінің бастамасымен, 2023 жылдың мамыр және маусым айларында КПО балаларға арналған ЖҚ бойынша хабардарлықты арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысып, сайыстар өткізіп, қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етті;
  • Компания Ақсай қаласындағы ЖҚҚ тақырыбындағы билбордтарды жаңартты;
  • 2023 жылдың маусым айында КПО мемлекеттік органдарға Ақсай қаласындағы кен орнына апаратын айналма жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту туралы ұсыныс туралы хат жолдап, бұл мемлекеттік органдармен жүзеге асырылды.
БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндіріс тұтастығы – кез келген мұнай, газ және конденсат кен орнын игеру мен пайдаланудағы табыстың негізгі факторлары. Күкіртсутек шығарындылары, өнімнің ағып кетуі және ЖКО сияқты қауіп-қатерлермен байланысты өндірісте жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігі компания үшін басты міндет болып табылады. Әр жұмысшы үйіне аман-есен оралуы керек, ал өндірісте ағып кету жағдайлары мүлдем болмауы керек.

КПО ұйымда да, одан тыс жерлерде де тиімді ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін енгізіп сақтауға көп күш жұмсайды.