Бұрғылау технологиялары

2023 жылы КПО компаниясы ұңғымаларды бұрғылау мен оларға қызмет көрсетудің қоршаған ортаға әсерін барынша азайту үшін жұмыс атқара отырып, соңғы жылдары қаланған берік негізге сүйенуді жалғастырды. Бұрынғыдай, біз шығарындылардың нөлдік деңгейге жету бағытымызды жалғастырдық және парниктік газ шығарындыларын, сондай-ақ су мен ресурстарды тұтынуды азайту мақсатында төменде келтірілген шараларды қолдандық:

  • Мүмкіндігінше алауда жағу және ластанған сұйықтықтарды кәдеге жарату қажеттілігін азайтуға арналған аса тиімді экологиялық таза жанарғылар.
  • Мұнай өндiрудi ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн ұңғымаларды бұрғылауды жалғастыру, жоғары газ факторымен жұмыс iстеп тұрған ұңғымалардың орнын толтыру.
  • Ұңғымаларды сынау/тазарту кезінде жаңа ұңғымаларда «нөлдік» жағуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары қысымды сепараторы бар ұңғымаларды жоғары ағынды сорғылармен қарқынды түрде сынау (жоғары газ факторы бар ұңғыма сұйықтығын айдау сорғылары).
  • Геологиялық-техникалық іс-шараларды аяқтау және екі ұңғымада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қуаттылығы 3 000 л.к. ірі бұрғылау қондырғыларының орнына шағын көлемді күрделі бұрғылау қондырғыларын пайдалану. Бұл мақсаттарымызға жету жолында шығарындыларының төмен деңгейіне және қоршаған ортаға аз әсерге қол жеткізді.
  • Кен орнымыздағы Экоорталық немесе қалдықтарды кәдеге жарату кешені геологиялық-техникалық шаралар ретінде ластанған бұрғылау ерітінділері мен бұрғылау шламдарынан мұнай негізін қайта пайдалану үшін алуға мүмкіндік береді.
  • Парниктік газдар шығарындыларын азайту жоспары басталып, жақсарту бойынша өзге де бастамалар жүзеге асырылды. Біздің кейбір бұрғылау қондырғысыз объектілерде (осы объектілер үшін дәстүрлі дизелді генератор қондырғыларды ауыстыра келе) күкіртсутекті бақылау үшін пайдаланылатын күн энергиясымен жұмыс істейтін мобильді кеңселер енгізілді. Сондай-ақ біздің бұрғылау алаңдарында бірқатар бастамалар жүзеге асырылды, соның ішінде энергия тиімділігін ұлғайтуға ықпал ететін бұрғылау мұнараларына Halo жарықдиодты шамдарын орнату.

КПО ұңғымалық операциялар бөлімі ұңғымаларды пайдалану тиімділігін және өндірістік көрсеткіштерді арттыруға бағытталған ішкі процедураларды, жұмыс процестерін әзірлеу, технологиялар мен инновацияларды жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. 2023 жылы келесі жетістіктер бағындырылды:

  • Ұңғымаларды игеру тиімділігін арттыру үшін «Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жоспарын» әзірлеу мен енгізу. Мұнда цифрландыруға және өнімділікті арттыруға ерекше назар аударылады.
  • Ұңғымалардың тұтастығын және күйін бақылаудың тиімділігін арттыру – ұңғымалардың тұтастығына байланысты қоршаған ортаға бөлінетін шығарындылардың алдын алу және азайту.
  • Жаңа технологияларды қолдану, мысалы өндірудің тиімділігін арттыратын кеңейткіш (қайта бұрғылауды болдырмай ұңғыма оқпанында жергілікті жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді).
ШОЛУ

КПО компаниясы Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 км2-дан астам аумақты алып жатырған Қарашығанақ мұнай, газ конденсатты кен орнының (ҚМГКК) операторы болып табылады. Қарашығанақ – күрт континенталды климатты аймақта орналасқанына байланысты пайдалану шарттары күрделі бірегей кен орны. Кен орнының қор қалыңдығы 1 600 м-ді құрайды, әрі аса күрделі және ерекше болып табылатын үстіңгі қабаты 3 500 м. тереңдікте орналасқан. Өндірілген көмірсутектерінің құрамында 4,5 %-ға дейін улылығы жоғары күкіртті сутегі (H2S) және белгілі бір жағдайларда коррозиясы жоғары болуы мүмкін көмірқышқыл газы (CO2) бар.

Қарашығанақ кен орнындағы мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорын қайта есептеу туралы соңғы КПО есебінің бағалауы бойынша (ҚР қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның 17.11.2017 күнгі отырысында қабылданған), Қарашығанақта 13,6 млрд баррель сұйықтықтар мен 59,4 трлн. текше фут газ бар, оның ішінде сұйықтықтардың 15,5 % және газдың 14,5 %-на жуығы 2023 жылға дейін өндірілген.

КПО Компаниясы экономикалық кірісті тұрақты көбейтуге және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға едәуір қаражат салады. 1997 жылы Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге қол қойылғаннан бері 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша Қарашығанақ кен орнын игеруге жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 31,3 млрд АҚШ долларынан асты. 2023 жылдың соңында КПО ұжымында 4 080 адам еңбек етуде.