ҚОҚ саласындағы басқару тәсілдері

Экологиялық менеджмент жүйесі

КПО компаниясы қоршаған ортаға әсерді басқаруда ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 50001:2018 халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біріктірілген менеджмент жүйесін, сондай-ақ осы саладағы көрсеткіштерді тұрақты жақсартуға бағытталған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы саясатын қолданады. 2023 жылы КПО ISO 14001 бойынша бақылау аудитінен сәтті өтіп, стандарт талаптарына сәйкестігін растады.

КПО-ның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының негізгі экологиялық міндеттемелері мынадай маңызды мақсаттарды қамтиды:

  • қоршаған орта ластануының алдын алу,
  • парниктік газ шығарындыларын азайту,
  • биотүрлілікті және экожүйені сақтау,
  • табиғи ресурстарды қорғау,
  • ҚОҚ саласындағы көрсеткіштерді үздіксіз жақсарту.

Экологиялық басқарудың тиімді жүйесін қолдау шеңберінде және Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келу мақсатында КПО ҚОҚ саласындағы процедураларды уақтылы қайта қарайды.

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес КПО ең үздік қолжетімді техникаларды (ЕҮҚТ) енгізу міндеттемесін орындауға тиіс. 2023 жылы ЕҮҚТ сәйкестігіне кешенді технологиялық аудит жүргізілді. Кешенді технологиялық аудит ұғымы (КТА) ҚР Экологиялық кодексіне 2021 жылдан бастап енгізілген және ҚР ең үздік қолжетімді техникалары бойынша анықтамалықтарды (бұдан әрі – ЕҮҚТ бойынша анықтамалық) әзірлеудің және (немесе) қайта қараудың бірінші кезеңі болып табылады.

Экологиялық аспектілерді басқарудың электрондық жүйесі

Экологиялық аспектілерді басқару үшін КПО EnvAR экологиялық аспектілер тізілімін басқарудың әзірленген электрондық жүйесін пайдаланады.

Компания бөлімшелерінің экологиялық аспектілерінің тізілімдері ағымдағы жағдайдың өзгеруін ескере отырып, жыл сайын қайта қаралып, жаңартылады. Компания бөлімшелерінің тізілімдері негізінде неғұрлым маңызды экологиялық аспектілердің жиынтық тізілімі қалыптастырылып, олар бойынша қауіп-қатерді азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін қосымша іс-шаралар / бақылау шаралары әзірленеді. 2023 жылы КПО-ның маңызды экологиялық аспектілерінің жиынтық тізіліміне келесі аспектілер енгізілді:

  1. атмосфераға ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындылары,
  2. Қалдықтардың түзілуі және қалдықтарды басқару,
  3. Қалдықтарды рұқсатсыз орналастыруды анықтау,
  4. Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту және ағызу,
  5. Өндірістік сарқынды сулардың түзілуі және су бұру,
  6. Төгілулер,
  7. Су ресурстарын пайдалану.

Экологиялық сәйкестікті қамтамасыз ету

КПО өз қызметін Қазақстан Республикасының (ҚР) экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Компания ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен ластаушы заттардың шығарындыларына, төгінділеріне нормативтерді, қалдықтарды жинақтау және көму лимиттерін белгілейтін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсатын жыл сайын алады.

2023 жылы 2021–2022 жылдардағы оқиғаларға байланысты, жалпы сомасы 214,52 млн теңге құрайтын, қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) саласындағы екі әкімшілік айыппұл салынды. КПО атмосфераға ластаушы заттардың нормативтен жоғары шығарындылары үшін 164,4 млн теңге мөлшерінде айыппұл төледі. Қазіргі уақытта Компания ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін асырғаны үшін 50 млн теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл салу туралы шешімге сот тәртібімен ішінара шағымдануда.

Экологиялық кодекстің талаптарын енгізу

2023 жылы Компания ҚР Экологиялық Кодексінің талаптары шеңберінде:

  • 2024 жылға арналған ҚМГКК объектілеріне үшін қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алды;
  • 2024–2030 жылдарға арналған «Атырау терминалы» объектісі үшін экологиялық рұқсат алды;
  • 2024–2030 жылдарға арналған «Үлкен Шаған МАС» объектісі үшін экологиялық рұқсат алды;

2023 жылы ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарын енгізу жоспары 90 %-ға орындалды.

2023 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «KAZENERGY» қауымдастығының жұмыс топтары құрамында Компания 84 отырысқа қатысып, ҚОҚ саласындағы ҚР нормативтік құқықтық актілерінің (НҚА) 74 жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар ұсынды. Нәтижесінде тиісті нормативтік құқықтық актілерге мынадай өзгерістер енгізілді:

  1. 2023 жылғы 7 шілдеде ҚР Экологиялық Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты экологиялық рұқсаттар (ЭР) беру ережелеріне және Объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа:
  • Экологиялық рұқсат (ЭР) нысаны құрылыс кезеңіне арналған лимиттерді және пайдалануға арналған лимиттерді бөледі;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) және қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі жұмыстарды I, II, III немесе IV санаттарға жатқызу критерийлері анықталды. КПО-ның кейбір өндірістік емес құрылыс-монтаждау жұмыстары (уақытша жолдар мен алаңдар және т.б.) экологиялық рұқсат алуды талап етпейді, өйткені олар III немесе IV санаттарға жатқызылды.
  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мұнай және газ өндіру бойынша ең үздік қолжетімді техникалары бойынша анықтамалығы бекітілді, оның негізінде кешенді экологиялық рұқсат (КЭР) алу үшін қажетті жобалық құжаттама әзірленеді.
  2. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің ережелеріне өзгерістер енгізілді: Негізгі өзгерістердің ішінде:
  • қоғамдық тыңдауларды мемлекеттік экологиялық сараптама (МЭС) өткізілгенге дейін және экологиялық рұқсат алуға өтінім бергенге дейін өткізуге рұқсат етіледі;
  • Қоғамдық тыңдауларды аралас форматта – ашық жиналыстар мен бейнеконференциялар түрінде өткізуге болады;
  • экологиялық рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайта өтініш берген кезде қоғамдық тыңдаулар өткізу талап етілмейді.

Әлі талқылануда:

  • әр бес жыл сайын міндетті экологиялық аудит өткізу жөніндегі Қазақстан Республика Экологиялық Кодексіне толықтырма;
  • қолданыстағы санитариялық-гигиеналық нормалардың (ШРК) орнына ауа, су, топырақ және физикалық факторларға арналған сапа бойынша экологиялық нормативтерінің жаңа жобасы;
  • Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуына байланысты жаңа Су кодексінің жобасы.

ҚОҚ бойынша қоғамдық тыңдаулар

2023 жылы Компания әсер етуге экологиялық рұқсат алу жөніндегі өтініш материлдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізген болатын:

  • 2024 жылға ҚМГКК аумағында орналасқан КПО объектілері үшін. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, қоғамдық тыңдаулар 2023 жылғы 8-9 қазанда ашық жиналыс түрінде Бөрлі ауданының 4 ауылдық өңірлерінде өтті (Успен, Приурал, Жарсуат және Пугачев). Қоғамның қарауына 84 құрылыс жобалар, 3 эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік бақылау бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылды.
  • 2024–2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында орналасқан ҚӨК – Үлкен Шаған – Атырау экспорттық құбыр желісінің объектілері бойынша қоғамдық тыңдаулар, 2023 жылғы 8 қарашада ашық жиналыс түрінде Бәйтерек ауданының Көшім ауылдық өңірінде өткізілді (Үлкен Шаған ауылы). Қоғамның қарауына бір құрылыс жобасы, екі эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік бақылау бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылды.
  • 2024–2030 жылдарға арналған Атырау облысында орналасқан ҚӨК – Үлкен Шаған – Атырау экспорттық құбыр желісінің объектілері бойынша қоғамдық тыңдаулар, 2023 жылғы 22 қарашада ашық жиналыс түрінде Махамбет ауылдық өңірінде өткізілді (Бейбарыс ауылы). Қоғамның қарауына екі құрылыс жобалары, екі эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік бақылау бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылды.

Жоспарланған қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілдеріне бірыңғай экологиялық порталда, мерзімді баспасөз басылымында (газет), телеарнада және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының хабарландыру тақталарында орналастыру арқылы жеткізілді.

2023 жылы қоғамдық тыңдауларда талқылауға шығарылған барлық жобаларды мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық мақұлдады. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларында көрсетілген. Қоғамдық тыңдауларда ұсынылған құжаттар пакеті және талқылау қорытындылары https://ecoportal.kz/ веб-сайтына жүктелген.

Жеткізушілерді экологиялық тұрғыдан бағалау

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексіне сәйкес КПО ҚМГКМ объектілерінің және ҚӨК – Үлкен Шаған – Атырау экспорттық конденсат құбырының операторы ретінде экологиялық рұқсат алуға міндетті, сондай-ақ бұл міндет КПО объектілерінің аумағында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін тартылатын мердігер ұйымдарға да қатысты. Мердігер ұйымдар осындай Экологиялық рұқсаттың шарттарын сақтауға міндетті, сондай-ақ оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Осының негізінде, 2021 жылдан бастап Компанияда жеткізушілермен өзара әрекеттесуді жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2021–2022 жылдар аралығында мердігер ұйымдарды бақылау жүйесі енгізілді және де бұл жүйе 2023 жылы одан әрі дамытылды.

МЕРДІГЕР ҰЙЫМДАР ОСЫНДАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТЫҢ ШАРТТАРЫН САҚТАУҒА МІНДЕТТІ, СОНДАЙАҚ ОЛАРДЫ САҚТАМАҒАНЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ.

2023 жылы келісімшарттың «Д»-қосымшасында көрсетілген ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы Компанияның талаптары қайта қаралды. Бұл қолданыстағы келісімшарттарға толықтыруларды енгізуді бастауға мүмкіндік берді, олар бойынша бірқатар жеткізушілер КПО объектілерінің аумағында пайда болатын қалдықтарды жеке басқаруға тиіс. Кейіннен КПО объектілерінде жұмыстарды орындайтын барлық жеткізушілер жұмыс орындарында қалдықтарды қауіпсіз жинауды жүзеге асыруға міндетті, ал қалдықтарды одан әрі жинау мен тасымалдауды мамандандырылған мердігер ұйымды тарта отырып, КПО жүзеге асыратын болады.

2023 жылы КПО мердігер ұйымдардың КПО Экологиялық рұқсаты шарттарын сақтауын тексеру үшін КПО Коршаған ортаны қорғау басқармасының күштерімен мердігер ұйымдарға мақсатты аудит жүргізуді енгізді. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша стационарлық шығарындылар көздерінің отынды тұтынуын есепке алу жүйесі және мердігерлердегі қалдықтардың қозғалысын есепке алу жүйесі жақсартылды. 2024 жылы осы аудиттердің шеңберінде жұмыстарды орындау кезінде ішкі экологиялық бақылау жүйесі немесе операциялық экологиялық бақылау тексеруге жатады.

Экологиялық хабардарлықты арттыру, экологиялық менеджмент жүйесін жақсарту және келісімшарттардың «Д»-қосымшасы талаптарын орындау шеңберінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда Компания мердігер ұйымдардың экологтары үшін жаңа Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарымен танысу бойынша семинар өткізді, оған 57 мердігер ұйымның өкілдері қатысты. Бұл семинар қатысушыларға Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарымен егжей-тегжейлі танысып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы оператор мен мердігер ұйымдар жауапкершілігін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

2023 жылғы ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспары 

Қоршаған ортаны қорғауға қатысты алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО жыл сайын Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын (әрі қарай ҚОҚШЖ) әзірлейді. Жоспарда айқындалған шаралар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ҚОҚ саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, табиғат қорларын тиімді пайдалануға және ISO 14001 мен ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін сақтап тұруға бағытталған.

2023 жылы КПО өндірістік қызметін берілген экологиялық рұқсаттардың шарттары негізінде жүргізді. Алынған рұқсаттардың әрқайсысына бөлек ҚОҚШЖ әзірленді.

27-кесте.КПО-ның 2023 жылғы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарлары және берілген экологиялық рұқсаттары

2023 жылғы ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспарлары

2023 жылға алынған рұқсаттар

Рұқсатты беретін орган

1

КПО-ның 2023 жылға арналған ҚМГКК үшін ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспары

Қоршаған ортаға әсер ету рұқсаттары (жарамдылық мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін)

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғат ресурстарының министрлігі

2

ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау (БҚО) экспорттық конденсат құбыр желісіне арналған КПО-ның 2021–2030 ж. ж. ҚОҚШЖ

2020 жылы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар (жарамдылық мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін):

  1. Атмосфераға тасталатын ластаушы заттар шығарындыларының мониторингі
  2. Тұрмыстық сарқынды сулармен бірге жерасты қабаттарға төгілетін ластаушы заттар шығарындылары;

БҚО әкімдігі, Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

3

КПО-ның 2023–2030 ж. ҚОҚШЖ (Атырау облысы)

Қоршаған ортаға әсер ету рұқсаттары (жарамдылық мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтардан 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін):

Атырау облысының әкімдігі, Атырау облысы бойынша табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

2023 жылы ҚМГКК үшін ҚОҚ бойынша іс-шараларды орындауға жұмсалған жалпы нақты шығындар жоспарланған 1,5 млрд.теңгемен салыстырғанда 118 % құрайтын 1,8 млрд. теңгеге тең болды.

КПО-ның ҚОҚ бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бөлімдер бойынша 28-кестеде келтірілген.

28-кесте.2023 жылғы ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспарын орындау, %

ҚОҚ шаралар жоспарының бөлімдері

Процентте көрсетілген 2022 жылғы КПО іс-шараларының орындалуы:

- Қарашығанақ кен орнында

- ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық конденсат құбыр желісінде (БҚО)

- ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық құбыр желісінде (АО)

1

Әуе бассейнін қорғау

100 %

100 %

100 %

2

Су қорларын қорғау және ұтымды пайдалану

207 %

* ШҚ

* ШҚ

3

Жер қорларын қорғау

100 %

* ШҚ

* ШҚ

4

Флора мен фаунаны қорғау

100 %

* ШҚ

100 %

5

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу

190 %

* ШҚ

* ШҚ

6

Басқару жүйелері мен озық технологияларды енгізу

88 %

* ШҚ

* ШҚ

7

ҚОҚ саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстары

100 %

100 %

100 %

8

Экологиялық ағарту және насихаттау

* ШҚ

100 %

100 %

 

БАРЛЫҒЫ:

(1,8 млрд теңге)

(12 млн теңге)

(22 млн теңге)

* ШҚ – шаралар қарастырылмаған.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырудың экологиялық әсері 29-кестеде келтірілген.

29-кесте.2023 жылы эмиссиялар мен қалдықтарды азайту жөніндегі іс-шараларды іске асырудың экологиялық әсері

Атмосфераға тасталатын  шығарындылар

2023 жылы озық технологияларды енгізумен байланысты іс-шараларды орындау нәтижесінде атмосфералық ауаға ЛЗ нақты шығарындылардың төмендеуі 3 059 тоннаны құрады.

  • Ұңғымаларды игеру кезінде газдың жоғары көлемді үлесі бар өнімді айдау үшін жер үсті сорғысын пайдалану шығарындылардың 2 521 тоннаға азаюына әкелді.
  • Қабатқа әсер ету үшін көмірсутек негізіндегі сұйықтықтарды (Lamix Дизель жанармайы) пайдалану атмосфераға тасталатын ЛЗ көлемін 538 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.

Су тұтыну

  • 2023 жылы тазартылған ағынды суларды, соның ішінде жаңбыр мен еріген суларды екінші қайтара пайдалану көлемі 56 267 м3 құрады, бұл жер үсті көздерінен техникалық қажеттіліктерге алынатын таза су көлемінің азаюына әкелді. Тазартылған ағынды суларды екінші қайтара пайдалану ҚМГКК техникалық қажеттіліктері, шаңды басу және бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін жүргізілді.

Қалдықтарды басқару

  • 2023 жылы ҚТҚ сұрыпталғаннан кейін алынған қалдықтарды (тастандыларды), медициналық қалдықтарды, тұнба алаңдарынан сусыздандырылған тұнбаны қоса алғанда, жоғары температурада жағу әдісімен қайта қолдануға жарамсыз өндіріс және тұтыну қалдықтарының 524,907 тоннасы жойылды. Бұл көмілген қалдықтарды 461,347 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.
  • Қалдықтарды бөлу қондырғысында коммуналдық қалдықтарды сұрыптау нәтижесінде кейіннен мамандандырылған кәсіпорындарға қайта өңдеуге және (немесе) қайта пайдалануға беру үшін 118,316 тонна пайдалы компоненттер (макулатура, пластик, шыны және металл сынықтары) алынды.
  • Сұйық қалдықтарды қайта өңдеу көлемі 7 631,90 тоннаны құрады.
  • Мұнай негізіндегі 15 759,08 тонна бұрғылау қалдықтарын және өзге де өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу процесінде 1 486,16 тонна базалық май алынып, қалпына келтірілді.

Топырақты қалпына келтіру

2023 жылы 51 га алаңда құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған орта мониторингі

КПО өндірістік қызметтің барлық аспектілерін қамтитын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Негізгі бағдарламалардың бірі төменде көрсетілген міндеттерді орындау үшін ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген «Өндірістік экологиялық бақылау» бағдарламасы (ӨЭБ) болып табылады:

  • кәсіпорынның эмиссиялары мен өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді мәліметтер алу;
  • күтпеген оқыс жағдайларға қатысты жедел алдын ала әрекет ету;
  • қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерді азайту;
  • мүдделі тараптарға (жергілікті тұрғындар, мемлекеттік бақылаушы органдар, серіктес компаниялар) кәсіпорынның экологиялық қызметі мен жергілікті тұрғындардың денсаулығына төнуі мүмкін қауіп-қатер туралы хабарлау.

ӨЭБ бағдарламасы шеңберінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға, яғни шығарындыларға, ағынды сулардың төгінділеріне, қалдықтарды қайта өңдеуге, жинақтауға және көмуге, сондай-ақ атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ сияқты қоршаған орта компоненттерінің сапасына бақылау жүргізіледі.

2023 жылы ӨЭБ бағдарламасы шеңберіндегі қоршаған орта компоненттерінің жай-күйін бақылау аясында анықталатын көрсеткіштердің концентрациясы алдыңғы жылдардағы бақылау деңгейімен бірдей болғанын көрсетті. ҚМГКК қызметінің қоршаған ортаға теріс әсері анықталған жоқ.

КПО тұрақты негізде кен орнының аумағында қалдықтарды орналастыру объектілеріндегі қоршаған орта жай-күйіне өндірістік экологиялық бақылауды жүргізеді. 2023 жылы Экоорталықтың қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында, бұрғылаудың сұйық қалдықтарын уақытша сақтауға арналған алаңда, сондай-ақ 35А және 35Б ұяшықтарында жер асты сулары мен топырақты бақылау нәтижелері бойынша қоршаған орта компоненттеріне тікелей теріс әсер анықталмады. Қалдықтардың қозғалысын сандық бақылау көму көлемін, сондай-ақ қалдықтардың жинақталу көлемі мен уақытын есепке алу мақсатында жүзеге асырылады.

Ауа сапасының мониторингі аккредиттелген зертхана арқылы сынамаларды іріктеу және талдау негізінде, сондай-ақ 18 стационарлық автоматты ЭМС көмегімен жүзеге асырылады. Атмосфералық ауаның сапасын бағалау үшін санитарлық-гигеналық нормативтер, яғни шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРК) қолданылады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін бақыланатын компоненттердің тіркелген концентрациясы ШРК-мен салыстырылады және үлес түрінде көрсетіледі.

2023 жылы ӨЭБ бағдарламасын жүзеге асыру барысында зертхана көмегімен 100 мыңнан астам сынама алынып, 115 мыңға жуық зертханалық талдау және 28 мыңға жуық өлшеу жүргізілді.

Компания кен орнының аумағында, СҚА шекарасында және Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендерде атмосфералық ауаны қорғауға ерекше назар аударады.

Санитариялық-қорғау аймағы

Қазіргі есептік санитариялық-қорғау аймағы (СҚА) ҚМГКК аумағында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. КПО 2018 жылы бастаған ауаны экологиялық мониторинг станцияларын көшіруді 2021 жылы сәтті аяқтады. Станцияларды қөшіру ауаның үздіксіз мониторингінің дұрыс көрсеткіштерін және Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін санитариялық-қорғау аймағы көлемінің өзгеруіне байланысты болды. 2023 жылдың аяғындағы СҚА көрсетілген ҚМГКК сызбасын КПО веб-сайтында Тұрақты даму/Қоршаған ортаны қорғау/Санитариялық-қорғау аймағы бөлімінде көруге болады.

2023 жылы КПО «ҚМГКК есептік санитариялық-қорғау аймағын ұйымдастыру және абаттандыру» жобасының «ҚМГКК есептік СҚА көгалдандырудың бірінші кезеңі және оның шекараларын белгілеу» 3-кезеңін іске асыруды жалғастырды. Жобаның мақсаты – өсіп жатқан екпе ағаштарына күтім жасау және жаңа ағаштарды отырғызу, сондай-ақ СҚА шекарасында ақпараттық белгілерді орнату.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін ықтимал теріс әсерден қорғау мақсатында жоба сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының шекараларында тиісті белгілерді орнатуды көздейді. Бұған дейін, 2019 жылы КПО осы тақырып бойынша ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастырған болатын (толығырақ ақпарат КПО-ның 2019 жылғы тұрақты даму есебінде берілген, 85-88 беттер).

2023 жылы тарихи-мәдени мұра объектілерінің ақпараттық белгілері мен қорғау аймақтарының шекараларын орнатуды қоса алғанда, СҚА шекаралары белгіленді.

Барлық жоба кезеңінде көгалдандыру шеңберінде жоспарланған учаскелердің жалпы ауданы 249,1 га құрайды, оның 151,9 га – жаңа орман алқаптарын құру алаңы, 97,2 га – қолданыстағы екпелерді жаңарту жұмыстарын жүргізу алаңы.

Бүкіл жобаны іске асырудың жалпы мерзімі 2023 жылдың көктемінен бастап 2028 жылға дейінгі кезеңді қамтиды:

  • 2022 ж. – ізденіс жұмыстары, далалық жұмыстар, жобаның жұмыс құжаттамасын әзірлеу.
  • 2023 ж. – СҚА шекараларын белгілеу.
  • 2024 ж. – ТММ ескерткіштерінің қорғау аймақтарының шекараларында ақпараттық белгілерді орнату.
  • 2023 – 2026 жж. – орман алқаптарын жаңарту.
  • 2025 – 2028 жж. – жаңа орман алқаптарын егу.

Жобаны іске асыру барысында күрделі объектілерді салу көзделмеген. Жұмыстар мердігер ұйымның күшімен жүргізіліп жатыр. «2023–2028 жылдарға арналған ҚМГКК есептік СҚА аумағын ұйымдастыру мен абаттандырудың негізгі жобалық шешімдері» сызбасы КПО вебсайтының Тұрақты даму/Қоршаған ортаны қорғау/санитарлық-қорғау аймағы бөлімінде көруге болады. СҚА шекарасын абаттандыру және көгалдандыру объектілерін орналастырудың жиынтық схемалары мүдделі тараптармен, шаруашылық ұйымдармен және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен келісілген.

Атмосфералық ауа сапасына автоматты экологиялық мониторинг станциялары (ЭМС) арқылы бақылау жүргізу

ҚМГКК және СҚА периметрі бойынша атмосфералық ауа мониторингінің бірыңғай автоматты жүйесіне біріктірілген 18 автоматты жылжымайтын экологиялық мониторинг станциялары (ЭМС 001 – 018) орнатылды.

18 ЭМС ішінен төртеуі кен орнының аумағында және СҚА шегінде орналасқан. 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша есептік СҚА шекарасында 13 ЭМС орналасқан: 006-018; ЭМС 005 Ақсай қаласының маңында орналасқан.

2023 жылы ҚМГКК аумағындағы СҚА шегінде орналасқан ЭМС станцияларымен тіркелген бақыланатын компоненттердің орташа жылдық шоғырлануы 30-кестеде келтірілген. Бұл кестеде «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы әрбір ЭМС-ке бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

30-кесте.2023 жылы ЭМС тіркеген бақыланатын компоненттердің шоғырлануының орташа жылдық мәндері

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

ШРК б.м.10, мг/м3

ШРК-ның артуы, б.м.*

H2S

0-ден 0,001-ға дейін

0,008

жоқ

SO2

0,002-ден 0,007-ға дейін

0,5

жоқ

NO2

0,002-ден 0,007-ға дейін

0,2

жоқ

CO

0,1-ден 0,2-ға дейін

5,0

жоқ

* СҚА шекарасында ауа сапасының өлшемшарты болып ШРКб.м. қолданылады. ЭМС станциялары ШРК б.м. көрсеткіші артқан кезде белгі беруге бейімделген.

10 ШРК б.м. – елді мекендердің ауасындағы химиялық заттардың рұқсат етілген ең жоғары шекті концентрациясы, мг/м3 . 20-30 минут бойында тыныс алу кезінде бұл концентрация адам ағзасында рефлекторлық реакцияларды тудырмауға тиіс (демді ұстап тұру, көздің шырышты қабығының, жоғарғы тыныс алу жолдарының тітіркенуі және т.б.)

Барлық ЭМС станциялары төрт негізгі ластаушылар (H2S, SO2, NO2, CO) бойынша үздіксіз, яғни тәулігіне 24 сағат бойы, өлшеу жүргізеді.

ЭМС станцияларынан алынған деректер бойынша 2023 жылы бақыланатын компоненттердің нақты орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа тоқсандық және орташа жылдық шоғырлану көрсеткіштері белгіленген санитариялық-гигиеналық стандарттардан аспады.

Бұл ретте, жыл ішінде күкіртсутек бойынша 20 минуттық асып кетудің 177 жағдайы және көміртек тотығы бойынша 1 жағдай тіркелді. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 184-бабы 2-тармағының 8-тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес, Компания БҚО Экология департаментіне ЭМС-017 және ЭМС-007 станцияларында тіркелген асып кету фактілері туралы хабарлама жіберді. 

31-кестеде көрсетілген асып кетулер мен КПО өндірістік объектілерінің қызметі арасында байланыс орнатылмағанын айтып кеткен жөн. Асып кетулер тіркелген кезде КПО-ның барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істеді, КПО ұңғымаларында алауды жағу/тазарту жұмыстары жүргізілмеді.

Технологиялық жабдықтың жұмысындағы ақаулар, ағып кетулер немесе рұқсат етілмеген шығарындылар, технологиялық процестің апаттық немесе жоспарлы тоқтауы тіркелген жоқ. КПО объектілері арасында H2S газының тікелей көздері анықталған жоқ.

31-кесте.2023 жылы ЭМС тіркеген ШРК б.м. мәнінің асып кету жағдайлары

ЭМС №

Бақыланатын компоненттер

ШРК б.м. мг/м3

Арту жағдайларының саны

ШРК б.м. артуының жиілілігі

ЭМС –005

H2S

0,008

4

1,125-тен 2,25-ге дейін

ЭМС –006

H2S

0,008

23

1,125-тен 3,625-ге дейін

ЭМС –006

СО

5,0

1

1,12

ЭМС –007

H2S

0,008

41

1,125-тен 4,875-ге дейін

ЭМС –008

H2S

0,008

44

1,125-тен 7,375-ге дейін

ЭМС –010

H2S

0,008

1

1,375

ЭМС –011

H2S

0,008

1

1,175

ЭМС –012

H2S

0,008

1

1,625

ЭМС –015

H2S

0,008

4

1,125-тен 95,875-ге дейін

ЭМС –016

H2S

0,008

32

1,125-тен 3,625-ге дейін

ЭМС-017

H2S

0,008

26

1,125-тен 17,0-ге дейін

ШРК мәнінің асып кетуі тіркелген күні ҚМГКК аумағына іргелес орналасқан елді мекендердің тұрғындарынан газ иісіне шағымдар түскен жоқ.

КПО-ның барлық 18 автоматты ЭМС-тен алынатын атмосфералық ауаның сапасы туралы деректер «Экомонитор» порталы арқылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментіне онлайн режимінде жіберіледі.

Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау

Кен орнының периметрі бойынша орналасқан Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приуральное, Успен атты алты ауылда және Ақсай қаласында атмосфералық ауаны бақылаудың стационарлық бекеттері орнатылды. Ауа сынамаларын алуды аталған ауылдардың тұрғындары болып табылатын мердігерлік зертхананың штаттық қызметкерлері тәулігіне 4 рет (МЕМСТ талаптарына сәйкес сағат 01:00-де, 07:00-де, 13:00-де және 19:00-де) жүзеге асырады. 2023 жылы стационарлық бекеттерде атмосфералық ауаның 52 мыңға жуық сынамасы іріктеліп, талданды.

МЕМСТ талаптарына және басшылық құжаттарға сәйкес Ақсай қаласының зертханасында іріктелген ауа сынамаларының бес негізгі компонентіне химиялық талдау жүргізіледі: күкіртсутек (H2S), күкірт диоксиді (SO2), азот диоксиді (NO2), көміртегі тотығы/көміртегі тотығы (CO) және метилмеркаптан (СH3SH). Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстардың: бензол (C6H6), толуол (C7H8), ксилол (C8H10) құрамына 10 күнде 1 рет бақылау жүргізіледі.

Атмосфералық ауа мониторингінің ай сайынғы нәтижелері ақпараттық тақталарға орналастыру үшін ауылдарға жіберіледі, сондай-ақ ай сайын КПО вебсайтына жүктеледі. Стационарлық бекеттерде газдың иісін сезген кезде тұрғындардан шағымдар түскен жағдайда ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу жүргізіледі.

2023 жылы елді мекендердің атмосфералық ауасында бақыланатын көрсеткіштердің орташа тәуліктік ШРК мәнінің бірде-бір асып кетуі тіркелген жоқ.

2023 жылы Қарашығанақ кен орнына іргелес орналасқан елді мекендердің тұрғындарынан газдың иісіне 19 шағым түсті. Елді мекендерде атмосфералық ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу жүргізіліп, олардың талдау нәтижелері бақыланатын компоненттердің шоғырлануы белгіленген ШРК б.м. аспағанын көрсетті. Газ иісіне қатысты әрбір шағым бойынша шағым берушілерге кері байланыс берілді.

Жеті елді мекендегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2023 жылғы орташа шоғырлануы 32-кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді. Елді мекендердегі ауа сапасын бағалау критерийі ретінде ШРК т.о. көрсеткіші қолданылады.

32-кесте.ҚМГКК кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауасындағы бақыланатын компоненттер шоғырлануының 2023 жылғы орташа жылдық мәндері.

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

Тәуліктік орташа ШРК т.о.11,мг/м3

ШРК т.о. артуы

H2S

0,002

0,008**

жоқ

SO2

0,003 – 0,004

0,05

жоқ

NO2

0,023-ден 0,026-ға дейін

0,04

жоқ

CO

0,428 – 0,455

3,0

жоқ

С6Н6

0,166-ден 0,178-ға дейін

0,3**

жоқ

С7Н8

МАШ-тан төмен *

0,6**

жоқ

С8Н10

МАШ-тан төмен *

0,2**

жоқ

СH3SH

анықталмады

0,006**

жоқ

* Тіркелген мәндер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей: С7Н8 – 0,14 мг/м3; С8Н10 – 0,14 мг/м3.

** ШРК б.м. Күкірт сутегі және метилмеркаптан үшін ШРК т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ б.м. қолданылады; сондай-­ақ РШШ б.м. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды іріктеу және талдау жиілігі – 10 күнде 1 рет.

11 ШРК т.о. – елді мекендердің ауасындағы химиялық заттың орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациясы, мг/м3. Бұл концентрация адамға белгісіз ұзақ уақыт бойында (жылдар) тыныс алу кезінде тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі керек.