Мемлекетке төленетін төлемдер
Компания операторы ретінде КПО өз өндірістік қызметтерін Қарашығанақ жобасы акционерлері мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің (бұдан әрі – ӨБТК) шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Акционерлер филиалды қаржыландырады, және ӨБТК-ге сәйкес қаражатты пайдалану жөніндегі акционерлердің бекітілген құқығын ескеріп, КПО салған немесе сатып алған барлық негізгі мүлік есептен шығарылмайды, сарқылмайды және амортизацияланбайды. ӨБТК қарыз немесе капитал бойынша капиталдандыруды қарастырмайды. Осылайша КПО қаржылық есебінде сату көлемдері мен қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелері қамтылмаған. КПО қызметінен түскен табыс Қазақстан Республикасының Үкіметі мен акционерлер арасында бөлініп, олар қаржылық қызметі туралы мәліметтерді, соның ішінде кіріс, таза сатылым, капиталдандыру және басқа да ақпаратты өз қаржылық есептерінде жариялайды.
КПО компаниясының салық режимі өнімді бөлісу туралы келісіммен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық туралы заңнамасымен реттеледі. ӨБТК 19-бабының шарттарына сәйкес жоғарыда аталған келісім бойынша ағымдағы қызмет үшін Қазақстанда корпоративтік табыс салығы төленбейді. Корпоративтік табыс салығы КПО-ның құрушы компаниялары немесе акционерлері үшін міндетті және оны олар өз қаржы есептерінде жариялайды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асыру жөніндегі ұлттық есептерде КПО екінші ірі салық төлеуші болып танылды, ол елдің мемлекеттік бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінің айтарлықтай бөлігін құраған.
КПО сыйластық және ашықтық қағидаттарына сүйене отырып, ҚР салық органдарымен ашық диалог құрып, ынтымақтастық орнатуға ұмтылып келеді. Бұл бизнесті дамытуға, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын жақсартуға қолайлы жағдай туғызып тұр. Салықтық жеңілдіктер беріліп, салықтан босатылған жағдайда да КПО олардың ашықтығын және заңнамаға сәйкестігін көрсетуге тырысады.
Іс жүзінде КПО-ның салық стратегиясы салықтарды дұрыс есептеп, қосарланған салық салу қатерін азайтып, салық органдарымен қандай да бір даулардың алдын алуға бағытталған. Осыған байланысты Компанияның басты қағидаты салықтық міндеттемелерді уақытылы төлеу және тиісті органдарға заң бойынша талап етілетін немесе тиесілі салықтарды дұрыс анықтауға қажет барлық ақпараттың уақытылы ұсыну.
Қазақстан Республикасындағы салықтық тәуекелдерді басқару бойынша қолданыстағы жүйеге (ТБЖ) сәйкес салықтық тексерулерді жоспарлау және ұйымдастыру кезінде салық органдарының деректері бойынша КПО-ға 2023 жыл бойы мемлекетке қатысты салықтық міндеттемелерді ықтимал орындамау тәуекелінің орташа дәрежесі тағайындалды.
ТБЖ-ін пайдаланып ҚҚС қайтарудың жаңа ережелеріне сәйкес КПО үшін тәуекелдің орташа дәрежесі ҚҚС қайтару сомасына әсер етуі мүмкін, себебі салық төлеушінің тәуекел дәрежесін анықтау критерийлері (төмен/орта/жоғары) көп жағдайда ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару сенімділігін растау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесінің критерийлеріне ұқсас.
КПО ҚР-ның салық салу саласындағы заңнаманы қатаң ұстанып, салықтық қатынастарды мұнайгаз және тау кен саласындағы кірістер мен есеп берудің ашықтығын қамтамасыз ететін өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы бойынша әлемдік стандартына сай жүргізіп келеді.
Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы
КПО Қазақстан Республикасы (ҚР) табиғи ресурстарын басқаруда кірістердің және құн жасаудың толық тізбегінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) қолдайды.
2023 жылы ӨСАБ толтыру талаптарына сәйкес КПО ҚР бюджетіне салық және төлемдер ретінде (SAP ішкі бухгалтерлік есеп жүйесі бойынша) 2,156 миллиард АҚШ долларын төлеген. Бұл деректер Өндіруші салалардың 2023 жылғы ашықтығы бастамасы бойынша Ұлттық есепте берілуі тиіс.
КПО компанияның салық міндеттемелері бойынша ӨСАБ есептерін ҚР-ның құзыретті органдарына 2014 жылдан бері өз бетімен ұсынып келеді.
54-кестеде КПО-ның 2014 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі төлемдері туралы деректер берілген.
54-кесте.КПО төлеген салықтар мен міндетті төлемдер, 2014–2023 жж. (АҚШ доллары)
2014 |
2015 |
2016 |
2017* |
2018 |
2019 |
2020** |
2021 |
2022 |
2023 |
2,1 млрд |
1,2 млрд |
0,369 млрд |
0,746 млрд |
1,9 млрд |
1,6 млрд |
0,971 млрд |
1,6 млрд |
3 млрд |
2,156 млрд |
Ескертпе:
* 2017 жылғы тұрақты даму туралы есепте жарияланған 897 млн сомадағы сәйкессіздік төлеуші мен алушының деректерін салыстырып тексеруден кейінгі кезеңде қайтару сомасының көрсетілуімен түсіндіріледі.
** 2020 жылдан бастап Қазақстандық теңгені АҚШ долларына айырбастаған кезде КПО есепті кезең соңындағы ҚР ҰБ бағамы бойынша емес, SAP бухгалтерлік есептің ішкі жүйесіне сәйкес төлем сәтіндегі бағам бойынша есептеуді орындайды.
КПО компаниясының ҚР мемлекеттік бюджетіне төлеген салықтары жөніндегі мәліметтер http://egsu.energo.gov.kz сілтемесі бойынша «ҚР мұнай-газ және тау-кен өндіру секторларының төлеушілердің салықтық және салықсыз төлемдер/түсулер бойынша қорытынды есептеме» бөлімінде баршаға қолжетімді етіліп жарияланған.