Су қорларын тұтыну және су тарту

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану – бүкіл адамзаттың, сондай-ақ компаниямызның алдында тұрған маңызды және басым міндет. Су – тіршілік көзі және құнды өнеркәсіптік шикізат.

Компанияның су ресурстарын пайдалануға өндірістік әсер ету қауіп-қатерін азайту бойынша жұмысымыздың нәтижелері төменде келтірілген.

Су қорларын тұтыну 

2023 жылы Компанияның жалпы су тұтынуы 353 738 м3 құрады, оның 261 857 м3 – техникалық су, ал 91 881 м3 – ауыз су.

25-cызба.КПО-ның су қорларын тұтыну мөлшері, 2021–2023 жж.

2023 жылы КПО техникалық суды 2022 жылмен салыстырғанда 15 %-ға аз тұтынды. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған суды тұтыну көлемі 2022 жылмен салыстырғанда сәл көп болды, бұл ұңғымалық операциялардың ұлғаюына және жаңа объектілерді салуға байланысты.

2023 жылы өндірістік процестерге және техникалық қажеттіліктерге (су алынғаннан кейін экожүйеге кері қайтарылмаған) қолданған судың тұтыну көлемі 182 419 м3 құрады.

Қоншыбай жырасы жерасты суларынан қоректенбейді, ол көктемгі қар еру мен жауын-шашындардан толып отырады. 2021 жылы аймақта байқалған ұзақ құрғақшылық кезеңі мен аз қарлы су тасқыны Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне әкелді. Осыған орай соңғы екі жыл ішінде Компания техникалық суды тұтынуды оңтайландыруға және тазартылған ағынды суларды, нөсерлі және еріген суларды қайта пайдалануды арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар, ұңғымаларда тәжірибелік-сүзу зерттеулерін жүргізгеннен кейін өндірілген сулар техникалық мақсаттарда қайта пайдалану үшін өндірістік объектілерге жіберілді.

2022 жылғы қаңтардан 2023 жылдың наурызына дейін су қоймасына зиян келтірмеу мақсатында, Қоншыбай жырасындағы су техникалық мақсаттар үшін пайдаланған жоқ.

2023 жылы көктемгі қар ерген кезде Қоншыбай жырасындағы судың деңгейі жобалық деңгейіне дейін жетті, бұл КПО объектілерінің өндірістік қажеттіліктері үшін технологиялық суға деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік берді.

КПО-ның сумен қамтамасыз ету көздері

2023 жылға дейін КПО-ның өндірістік қажеттіліктерін сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы болды. КПО шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне Жарсуат су тоғанындағы суды пайдаланды. Үлкен Шаған кентіндегі мұнай айдау станциясының (бұдан әрі-МАС) шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктерін сумен қамтамасыз ету көздері Серебряков су тоғаны болып табылады, ал Атырау қаласындағы МАС терминалы Қиғаш су тоғанымен қамтамасыз етіледі.

Cу ресурстары институтының Aqueduct Water Risk Atlas көзіне сәйкес ҚМГКК кен орны су тапшылығы жоқ аймақта орналасқан https://www.wri.org.

Сондай-ақ, сумен жабдықтау көздері 08.02.2022 күнгі ҚМГКК аумағындағы Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен берілген № KZ92VTE00093596 КАС сериялы Жайық (жер асты сулары) үшін арнайы су пайдалануға рұқсатқа сәйкес Ақшағыл сулы горизонтының № W4, W9 ұңғымаларының жерасты сулары мен «Industrial Construction Services KAZ» ЖШС шартына сәйкес Қоншыбай жырасындағы № 2 су қоймасынан алынатын техникалық сапалы су болып табылады. Басқа су тоғандарына суды пайдалану су жеткізушілермен жасасқан шарт негізінде жүргізіледі.

2021 жылғы 10 қазандағы (әрекет ету мерзімі 24.05.2025 жылға дейін) Жайық-Каспий бассейндік инспекциясымен берілген № KZ43VTE00079540 КАС сериялы Жайық (жер асты сулары) үшін арнайы су пайдалануға рұқсатқа сәйкес Техникалық сападағы су Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасынан алынады.

Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық және жаңбыр, еріген сарқынды сулар олардың сапасы сәйкес келген жағдайда, техникалық мақсаттарда екінші рет пайдаланылады.

2023 жылы Компания объектілерінің шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне ауыз суы пайдаланылды. Ерекшелік ретінде, сумен жабдықтаудың баламалы көздерінің болмауына байланысты, Үлкен Шаған МАС-да ауыз су өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы резервуарларды толтыру үшін техникалық мақсатта пайдаланылады.

Ерекшелік ретінде, сумен қамтамасыз етудің басқа балама көздері болмағандықтан, Үлкен Шаған
МАС-нда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыз су өрт резервуарларын толтыру үшін ғана қолданады.

38-кестеде КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері көрсетілген.

38-кесте.2021–2023 жж. КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері, м3

Су көздері

Объект

Су сапасы

2023

2022

2021

1

Жарсуат су тоғаны (тұрмыстық қажеттіліктер)

ҚМГКК

жер асты, ауыз су

90 257

82 404

79 852

2

Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы

ҚМГКК

жер үсті, техникалық су

206 140

14 130

310 352

3

Ақшағыл сулы қабатының жерасты суы, №W4, W-9 ұңғымалары

ҚМГКК

жерасты, техникалық су

4 967

4

№ 2 су қоймасынан алынған техникалық сапалы су

 

жер үсті, техникалық су

50 920

172 450

5

Сынақтан кейін ұңғымалардан нөсерлі ағындар мен жер асты суларын КМГКК-ның техникалық қажеттіліктеріне қайталама пайдалану

ҚМГКК

Екінші рет пайдалану

10 445

30 816

6

Серебряков су тоғаны

Үлкен Шаған МАС

жер асты, ауыз су

1 624

1 726

1 407

 

тұрмыстық қажеттіліктерге

 

 

645

670

868

 

өндірістік қажеттіліктерге

 

 

979

1 056

539

7

Қиғаш су тоғаны

Атырау МАС-ы

жер үсті, техникалық су

4 797

2 517

3 775

 

тұрмыстық қажеттіліктерге

 

 

776

749

808

 

өндірістік қажеттіліктерге

 

 

4 021

1 768

2 967

Ескерту: суды тұтыну көлемі есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі, олардың деректері есепке алу журналдарына енгізіледі, содан кейін КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі.

Тазартылған ағынды суларды төгу 

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық, өндірістік-нөсерлік және нөсерлік ағынды сулар үшін үшін КПО арнайы салынған жасанды құрылыстарды пайдаланады. Бұл құрылыстар топырақ және жер асты суларына ластаушы заттардың жайылуын болдырмайды, сонымен қатар техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану үшін тазартылған ағындыларды жинауға, осы арқылы жаңа судың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді. Ағынды суларды жинауға арналған құрылымдардың түрлері 39-кестеде келтірілген.

39-кесте.КПО-ның түрі бойынша сарқынды суларды жинау құрылыстары

Сарқынды сулар түрлері

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар

Өндірістік-нөсерлік сарқынды сулар

Еріген және жаңбырдың сарқынды сулары

Құрылыстар мен орналасқан жері

  • ӘКК-дегі № 1, 2-су жинақтауыш тоғандар,
  • Үлкен Шаған МАС мен Атырау МАС-дағы буландырғыш тоғандар
  • ҚӨК тұнба тоғаны;
  • ГКДҚ-2 тұнба тоғаны;
  • ГКДҚ-3 жиналмалы бассейндері (2 нысан).
  • ҚӨК суландыру лагунасы (2 нысан);
  • ӘҚК суландыру лагунасы;
  • ГКДҚ-2 суландыру лагунасы;
  • Эко орталықтың су жинақтауыш тоғандары.

Көмірсутекті шикізатпен бірге өндірілетін ілеспе-қабат сулар мен өндірістік ағынды сулар тазартылып, өнеркәсіптік ағындарды жер астында көмудің № 1 және № 2 полигондарының тереңде орналасқан жерасты деңгейжиектеріне айдалады. Өнеркәсіптік сарқындарды көму оларды тазарту кезінде тұзды қалдықтардың жер бетінде пайда болуын болдырмайтын сарқындарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі. Деңгейжиектердің берік оқшаулануы және сарқындарды кері айдауға өте қолайлы болып табылатын жер қыртысының қасиеттері сарқындардың жоғарғы деңгейжиектерге кетуін болдырмайды.

2019 жылы Компания ГКДҚ-3-гі бумен тазарту колоннаның нұсқасына балама жер асты қабаттарына айдалатын Сарқынды суларды тазарту нұсқаларының бірыңғай тұжырымдамасын жасады. Оңтайлы шешімді таңдау үшін ең қолайлы деп санаудың екі балама нұсқасы ұсынылды:

  1. Сарқынды суларды ГКДҚ-3-тен ГКДҚ-2-ге дейін, ГКДҚ-2-гі өндірістік суды тазарту жүйесін қолдана отырып бұру (қолданыстағы H2S бумен тазарту колоннасы);
  2. ГКДҚ-3-тен ҚӨК-не дейін салынған қолданыстағы 14 дюймдік конденсат құбыржолына дейін сарқынды суларды бұру.

Ресурстарды оңтайландыруға және ҚР талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге байланысты, Компания ГКДҚ-3 объектісінде бумен тазарту колоннасын орнату жобасын әзірлеуді тоқтатты және 2020 жылдан бастап бірыңғай тұжырымдама бойынша есепте айқындалған ГКДҚ-3 сарқынды суларын тазартудың екінші балама нұсқасы бойынша жұмыс жобасын әзірлеуді жалғастырды.

2020 жылы ГКДҚ-3 техникалық суын ҚӨК конденсат құбырына қайта бағыттау арқылы айдалатын сарқынды сулардағы күкіртсутек концентрациясын азайтуға бағытталған ГКДҚ-3 техникалық су таратқыштың қосқышын орнату бойынша жоба әзірленді. Бұл жоба ГКДҚ-3-те өндірілген суды қайта бағаттауға арнлаған көпірді орнатуды қамтиды. Қазіргі уақытта ГКДҚ-3-те өндірілген су ҚӨК-не, № 1 Полигонның РП-1 және РП-3 ұңғымаларына ГКДҚ-2 мен ГКДҚ-3-ке тұрақсыз конденсатты тасымалдайтын қолданыстағы конденсат құбырлары арқылы жеткізіледі. Су бөлініп, одан әрі ҚӨК-не қолданыстағы өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту жүйесіне жіберіледі.

Ағынды сулардың төгінді көлемі мен шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес компанияның жобалық құжаттамасында есептеліп, негізделеді және арнайы рұқсаттармен реттеледі. КПО-ның шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын сарқынды сулар табиғи су қоймаларына төгілмейді.

Көмірсутек шиказатын өндіру кезінде бөлінген өндірілген су жер асты сулы қабаттарына (полигондарға) айдалады. 2023 жылы бұл көлем 669 443,4 м3 құрады. Өндірілген судың бұл көлеміне өндірілген су, сондай-ақ газды тазалау/кептіру кезінде түзілетін су және каустикті бейтараптандырудан алынған су кіреді. Шикі мұнайды тұзсыздандыру және кері осмос үдерісі үшін Қоншыбай жырасынан алынған су да полигондарға айдалады; 2023 жылы бұл көлем жалпы айдаудың 17,23 % құрады.

40-шы кестеде 2021–2023 жылдарға арналған ағынды су түрлері мен қабылдаушы объектілер бойынша КПО төгінділерінің көлемі көрсетілген.

40-кесте.Ағынды сулардың санаты мен қабылдаушы объект көрсетілген төгінділердің және олардағы ластаушы заттардың (ЛЗ) жалпы көлемі, м3

Қабылдаушы объект

Ағынды су санаты

2023

2022

2021

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Төгінділер көлемі, м3

ЛЗ саны, тонна

Су жинақтауыш тоғандар

Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар

27 484

15,20

42 412

29,44

72 123

44,51

Өндірістік ағындыларды жер астында көму полигондары

Өндірістік-нөсерлік ағынды сулар, технологиялық және ілеспе-қабат ағынды сулар

808 777

68 826

764 139

60 699

780 755

58 935

Үлкен Шаған және Атырау МАС-дағы жер рельефі

Еріген және нөсерлік ағынды сулар

4 501

2,33

3 168

1,81

2 538

1,595

Төгінділердің жалпы көлемі

840 762

68 843

809 719

60 730

855 416

58 981

Ескерту: суды төгу көлемі есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі, олардың деректері есепке алу журналдарына енгізіледі, содан кейін КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі. Ластаушы заттардың төгілу мөлшері, төгу алдындағы ластаушы заттардың нақты концентрациясының төгінділердің нақты көлеміне көбейтіндісі ретінде есептеу әдісімен анықталады.

2023 жылы Компанияның ағынды суларды төгу көлемі, 2022 жылмен салыстырғанда 3,3 %-ға өсті. Оның ішінде 2023 жылы айдалған өнеркәсіптік ағынды сулардың көлемі, 2022 жылмен салыстырғанда 5,1 %-ға өсті. 2023 жылдағы өнеркәсіптік ағынды сулар көлемінің артуы, көмірсутек шикізатын өндіру кезіндегі ілеспе-қабат сулар көлемінің артуымен байланысты. Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардың төгу көлемі, 2022 жылмен салыстырғанда 35,2 %-ға төмендеді, себебі А, В технологиялық желілерінің биотоғандарынан тазартылған шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды ӘҚК-гі № 1, № 2 су қоймаларына жіберу тоқтатылды.

2023 ластаушы заттардың 68 843 тоннасы төгілді (2022 жылғы 60 730 тонналық көрсеткішпен салыстырғанда 11,8 %-ға артық). Бұл төгу көлемінің тек 0,1 тоннасы нормадан тыс болатын. Ластаушы заттардың шамалы ғана нормативтерден тыс төгінділері № 1 Полигонының жерасты қабаттарына айдалатын ілеспе-қабат ағынды сулардан болды, атап айтқанда мұнай өнімдері бойынша шектен шығілар орын алды. Компания ағынды сулардағы ластаушы заттардың бар-жоғын бақылайды. 2023 жылға арналған нормативті рұқсат етілген төгінділер жобасына сәйкес, төгінділердегі ластаушы заттардың құрамына келесілер кіреді: қалқымалы заттар, аммоний азоты, нитраттар, нитриттер, ОБТ 20, ОБТ 5, мұнай өнімдері, сульфаттар, хлоридтер, темір, АББЗ, фосфаттар, ОХТ, құрғақ қалдық, рН мәні, сульфидтер, күкіртсутек, метанол, мыс, мырыш, алюминий.

Компания 2023 жылы пайда болған ластаушы заттардың шығарындылары үшін қажетті төлемдерді жүзеге асырды.

Жалпы алғанда, сарқындар тереңдегі нық оқшауланған жер асты деңгейжиектерге кері айдалатындықтан, бұл әрекет топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемі сияқты қоршаған орта компоненттеріне әсер етпейді. Бұл деңгейжиектердегі сулар жоғары минералданған және шарушылық-ауыз су, бальнеологиялық және техникалық қажеттіліктер үшін, суару және мал шаруашылығы үшін колданылмайды.

Тазартылған ағындылар мен басқа суларды қайталама пайдалану 

Табиғи техникалық су алуды қысқарту мақсатында КПО тазартылған тұрмыстық, өндірістік-нөсерлік ағынды және нөсерлік ағынды суларды ҚМГКК-ның техникалық қажеттіліктеріне, бұрғылау, бұрғылау ерітінділерін дайындау, орман екпелерін суару, жолдар мен салынып жатқан алаңдарда шаңды басу және өрт резервуарларын толтыру сияқты жұмыс түрлерін жүргізуге пайдаланады.

Компания объектілерінде ағынды суларды қайталама пайдалану 2023–2028 жылдарға белгіленген технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

2023 жылы Компания техникалық қажеттіліктерге тазартылған ағынды сулардың 56 467 м3 қайта пайдаланып, олардың негізгі көлемін бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін жұмсады. 41-кестеде тазартылған сарқынды сулар мен суларды пайдаланумен қатысты жұмыс түрлері келтірген.

41-кесте.2021–2023 жылдарда тазартылған ағынды сулар мен жер асты суларын қайта пайдалану, м3

 

2023

2022

2021

Жалпы қайта пайдалану, соның ішінде:

56 467

75 452

35 061

ҚМГКК өндірістік объектілерінің техникалық қажеттіліктері

13 383

42 161

3 362

Бұрғылау қажеттіліктері мен бұрғылау ерітіндісін дайындауға

26 095

18 509

5 317

Суару, гидросынау және өрт резервуарларын толтыруға

1 996

10 376

8 465

Шаң басу және суару

14 993

4 406

17 917

Ескерту: қайта пайдаланылған су көлемін есепке алу бақылау талонын толтыра отырып, жанама әдіспен м3 (мотосағат, автоцистерна көлемі, рейстер саны, сорғылардың өнімділігі және т.б.) анықталады және деректер есепке алу журналына енгізіледі.

Өндірістік ағын суларды басқару

42-кесте.Ағынды суларды басқару бойынша міндеттер

2023 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2023 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2024 жылға қойылған міндеттер

ІІ триас қабатындағы перфорация аралықтарын ұлғайту үшін РП-6 айдау ұңғымасына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Орындалды

II + III триас резервуарындағы РП-6 ұңғымасындағы күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылғы 12 қазаннан 5 қарашаға дейін өткізілді.

Триас резервуарындағы перфорация аралықтарын ұлғайту үшін РП-7 айдау ұңғымасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

  • Техникалық суға деген қажеттілік бойынша жаңартылған жиынтық есепті шығару.
  • Кері осмос қондырғыларына суды толық тазартумен Юра ұңғымаларын пайдалануды іске қосу.
  • Ақсай ТНК жаңғырту жобасын іске асыру мүмкіндіктерін зерделеу.

Орындалды

  • КПО-ның жалпы су балансы және сұраныс болжамдары жарияланды.
  • Юра қабатының 36J ұңғымасын сынақтан өткізу 2023 жылдың 1 тоқсанында кері осмос қондырғысы арқылы жүргізілді.
  • Юра қабатының жер асты суларының пайдалану қорларын бағалау жобасы және оның Қоршаған ортаға әсерін бағалау аяқталды.
  • Ақсай қаласындағы ТНК-нен тазартылған ағынды суларды бұру жөніндегі жобаның тұжырымдамасы әзірленді.
  • Сынақ жұмыстарын және 115 м3/сағ дейін қабат суын өңдеу қабілетін сынау.
  • Юра қабатының жер асты суларын геологиялық зерттеуге лицензия алу.
  • Жер асты суларына іздеу және бағалау жұмыстарын өткізу.
  • ҚМГКК аумағындағы жер асты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының нәтижелері бойынша тұжырымды геологиялық есепті дайындауды аяқтау.
  • Жер қойнауын зерттеу жөніндегі мемлекеттік комиссияда геологиялық есепті қорғау.
  • Юра қабатының ұңғымаларынан арнайы су пайдалануға рұқсат алу.
  • Ақсай қаласының тазарту құрылыстарынан сумен қамтамасыз ету жобасы бойынша ақырғы инвестициялық шешімді қабылдау.

Қарашығанақ кен орнындағы қабаттық және өнеркәсіптік ағынды суларды кәдеге жарату Компанияның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

КПО-ның өндірістік ағындарды басқару стратегиясы жер асты суларын пайдалану тұрғысынан өндірістік шектеулерді алып тастауға, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін, жабдықтың тұтастығын және экологиялық талаптарды сақтауға бағытталған бірқатар өзара байланысты жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

2022 жылға арналған есепте көрсетілгендей, 2022 жылы ағымдағы өнеркәсіптік ағынды суларды айдау жобасына жобалық көрсеткіштерді түзету бөлігінде № 3 Қосымша әзірленді және ықтимал әсерлер туралы есеп жасалды. Бұл құжаттарды өнеркәсіптік Қауіпсіздік комитетінің департаменті келісіп, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің оң қорытындысын алды.

Қабатқа кері айдау жобасына № 3 Қосымшасында 2023 жылдан бастап полигонды пайдалану мерзімінің соңына дейін (2037 ж.) жылына 1 100 мың м3/жыл дейін өнеркәсіптік ағынды суларды айдау көлемін арттыру, сондай-ақ айдаудың мақсатты және перспективалық интервалдарын қосымша перфорациялау және жер қойнауқатын сумен ажырату жұмыстарын жүргізу арқылы айдау ұңғымалары қорының әлеуетін ұлғайту бойынша техникалық іс-шаралар жүргізу көрсетілген.

ҚР Экологиялық кодексінің және «ҚМГКК өндірістік ағынды суларын тереңде жатқан су тұтқыш қабатқа айдау жобасына жобалау көрсеткіштеріне енгізілген түзетулерді қамтитын № 3 қосымшасына және ҚОӘБ бөлімі» бойынша жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес 2024 жылғы қаңтарда жобалық шешімдердің іске асырылуына жобадан кейінгі талдау жүргізу және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің электрондық порталында орналастыра отырып қорытынды әзірлеу жоспарлануда.

Пайдаланылған каустикті бейтараптандыру блогын жаңарту жобасы бойынша жұмыстар 2022 жылдан бастап жалғасты; пайдалануға беруге дайындық 2024 жылға жоспарланған.

2023 жылы жобалық шешімдерді жүзеге асыру шеңберінде және II резервуардағы перфорация аралықтарын ұлғайту мақсатында РП-6 ұңғымасында күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. Өнеркәсіптік ағындыларды айдау жобасының ҚМГКК-ның жобалық көрсеткіштерін түзету бөлігіне сәйкес РП-7 ұңғымасында ұқсас күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделуде.

2-полигонға айдалатын су көлемін ұлғайту жоспарын қолдау мақсатында қазіргі таңда құмды және қорғаныш сүзгілерін жаңғырту жобасы жалғасуда, аталмыш жобаның 2024 жылы іске асырылуы болжанып отыр.

43-кесте.2023 жылы өткізіліп жатқан өндірістік ағынды суларды басқару жобалары

Жоба

Бизнес-фактор

Ескерту

Пайдаланылған каустикті бейтараптандыру блогын жаңарту

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жобаны іске асыру сілтіні залалсыздандыру процесін жақсартуға мүмкіндік береді. Процесті автоматтандыру қауіпті реагенттердің персоналға әсер ету қаупін төмендетеді. Жетілдірілген каустикті бейтараптандыру қондырғысының (ҚБҚ) жобасы кері осмос суын ішінара пайдалана алатынын ескеру маңызды, әйтпесе бұл су кәдеге жаратылатын еді.

Құмды және қорғаныш сүзгілерін жетілдіру

Өндіру деңгейін қолдау

Құмды және қорғаныш сүзгілерін жетілдіру ҚӨК-нің суды тазарту бойынша өнімділігін тәулігіне 115 м3-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақсай қаласының кәріз және тазарту қондырғысынан технологиялық суды жеткізу

Өндіру деңгейін қолдау

КПО компаниясы қазіргі уақытта әкімдіктің қарауында жатқан, Ақсай қаласының кәріз және тазарту құрылыстарын жаңғырту жобасының тиімділігін арттырып, бірлескен іс-шаралардың техникалық-экономикалық негіздемесін өткізді. Тұжырымдама әзірленіп, жобаны жүзеге асыру жалғасуда.

БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Қауіпсіз су ресурстары мен санитарияға қол жеткізу адамның негізгі құқықтарының бірі болып табылады.

Суды шамадан тыс және ұтымсыз тұтыну су ресурстарының сарқылуына және өндіріс пен шаруашылық қажеттіліктері үшін су тапшылығына, су экожүйелерінің нашарлауына және су объектілерінің табиғи көбею мен тазарту қабілетінің төмендеуіне қатысты әсерлерге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Компания міндеті – су қорларын сақтау мақсатында оларды тиімді пайдалану. КПО кәсіпорындағы ауыз суды пайдалануды су қорларын сақтау бойынша шаралар кешені арқылы реттейді және мүмкіндігінше тазартылған суды қайта пайдаланады.