Еңбекті қорғау және денсаулық сақтау
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Еңбекті қорғау
|
Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз жетілдіруге қол жеткізу үшін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін қолданамыз. |
КПО денсаулық сақтау бөлімінің қызметі үш негізгі қағидатқа негізделген: 9 – суретте көрсетілгендей, медициналық көмеккеқолжетімділік, денсаулықты қорғау және салауатты өмір салтын ілгерілету.
9-сурет.
Төменде жұмыскерлердің кәсіби денсаулығына қатысты белгілі бір қауіптерді және өндірістік факторлардың әсерін азайту бойынша жүктелген міндеттерді орындау нәтижелері берілген.
14-кесте.Денсаулық сақтау саласындағы міндеттеріміз
2023 жылға қойылған міндеттер |
Орындалу статусы |
2023 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2024 жылға қойылған міндеттер |
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ |
|||
КПО бас мердігерлерінің шұғыл медициналық әрекет ету жүйесіне аудит жүргізу |
Орындалды |
Мердігерлердің шұғыл медициналық әрекет ету бойынша минималды стандарттардың талаптарын орындауға дайындығын бағалау үшін 2 кешенді аудит («Сичим» және «KMG Parker») жүргізілді. Аудит барысында мердігер ұйымдарының шұғыл медициналық әрекет ету саласындағы басшылық қағидаттардың сақталуы бағаланып, жақсартуды талап ететін салалар айқындалды. |
ҚКЖ-1 кеңейтілуіне байланысты осы жобада қызмет көрсететін мердігерлердің медициналық пункттеріне аудит жүргізу |
Шұғыл медициналық әрекет ету тобы үшін құжаттар пакеті және оқыту бағдарламасы |
Жаңа міндет – орындалды |
Шұғыл медициналық әрекет ету тобы үшін құжаттар пакетін және оқыту бағдарламасын әзірлеу сәтті жүзеге асырылды. Тиісті топтар құжаттар пакетінде қарастырылған оқытудан өтті, бұл оларға өз функцияларын тиімді орындау үшін қажетті білім мен ресурстарды алуға мүмкіндік берді. |
– |
Автоматты сыртқы дефибрилляторларды (АСД) сатып алу және орнату |
Орындалды |
Төтенше жағдай туындаған кезде АСД-дың болуын қамтамасыз ету үшін 10 қосымша АСД сатып алынды, олар КПО-ның барлық объектілерінде тез арада орнатылды. |
АСД-ларды қолдану арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері бойынша қайта оқыту курсын өткізу |
Медициналық сақтандырудың жаңа бағдарламасын әзірлеу |
Орындалуда |
Жұмыс көлемі алдыңғы сақтандыру шартын басқару барысында алынған тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ жұмыскерлердің пікірлері мен ұқсас компаниялармен салыстырмалы талдау негізінде әзірленді. Тендер басталды. |
Коммуникацияның тиімді жүргізілуін және жұмыстағы тоқталыстарды барынша азайтуын қамтамасыз ететін жаңа медициналық сақтандыру бағдарламасына көшу |
Жаңа міндеттер |
Компания ішінде жұмыскерлердің жеткілікті санын оқыту және дәрі қобдишалары мен АСД-лардың жеткілікті санын қамтамасыз ету арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру (1-деңгей) Дәрігерлік медициналық көмек көрсету бойынша бағалау жүргізу және цифрландыру жоспарын жасау (2-деңгей) |
||
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ |
|||
Мердігерлердің санитарлық-тұрмыстық үй-жайларында инспекциялар жүргізу |
Орындалды |
|
Мердігерлердің санитарлық-тұрмыстық үй-жайларын тексеруге, сондай-ақ ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша аудиттерге қатысуды жалғастыру |
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тұрғысынан маңызды лауазымдарды атқаратын персоналды ғана емес, сонымен қатар КПО мен мердігер ұйымдардың барлық персоналын қамти отырып, қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару ережелерін жаңарту |
Орындалды |
Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару ережелері қайта қаралды. Енді олар ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тұрғысынан маңызды лауазымдарды атқаратын персоналды ғана емес, сонымен қатар компания мен мердігер ұйымдардың барлық персоналына да қатысты. Көптеген бөлімдер қажумен байланысты қауіп-қатерлерді бағалап, осы қауіп-қатерлерді басқару жоспарларын әзірледі. |
Компанияның да, мердігер ұйымдардың да қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару ережелерін қолдануын қамтамасыз ету үшін сол ережелерді одан әрі енгізуді жалғастыру |
Легионеллез ауруының қаупін азайту жөніндегі жоспардың орындалуына аудит жүргізу |
Орындалмады |
Инфрақұрылым және қызмет көрсету бөлімінің мердігерлер персоналына оқыту жүргізілді. |
|
Еңбек жағдайлары бойынша сегіз өндірістік объектіні аттестаттаудан өткізу |
Орындалды |
КПО-ның он өндірістік объектісі еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өтті. Оның нәтижелері бойынша түзету шараларының жоспарлары әзірленді. |
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері бойынша түзету шараларын орындау |
Компания жұмыскерлеріне кездейсоқ алкотест өткізу бағдарламасын жетілдіріп, оған КПО өнеркәсіптік объектілеріндегі мердігер ұйымдарды да қосу. |
Орындалуда |
Мердігер ұйымдар үшін ықтимал алкотест процесі әзірленді. Кездейсоқ бөлу құралдары таңдалып, АТ-қосымшасы әзірленді. Тестілеуді өткізу жөніндегі координаторлар тағайындалды. |
|
Иондаушы сәулеленудің әсерін бақылау |
Жаңа міндет Орындалды |
КПО-ның барлық объектілерінде иондаушы сәулеленудің әсеріне кешенді мониторинг жүргізілді. Табиғи радионуклидтер мен персоналдың сәулелену деңгейлері туралы деректер жиналып, нормативтік талаптарға сәйкестігі тұрғысынан талданды. |
«Сұраныс бойынша» радиациялық тексеру бойынша қызметтер көрсету |
Санитарлық-гигиеналық мониторинг бағдарламасын іске асыру |
Жаңа міндет Орындалды |
Санитарлық нормалар мен стандарттардың сақталуын бағалау және түзету шараларын қабылдау арқылы кез-келген сәйкессіздіктерді жою үшін санитарлық ережелердің сақталуына тексеру жүргізілді. |
Санитарлық ережелердің сақталуын бақылау және қауіп-қатер факторларын есепке алу жоспары: санитарлық ережелерді бұзу қаупі жоғары басым учаскелерді анықтау және денсаулыққа ықтимал қауіп-қатерлерді азайту |
Жаңа міндеттер |
Жаңартылған жоспарға сәйкес денсаулыққа төндіретін қауіп-қатерлерді бағалау бойынша алты бағалау жұмыстарын жүргізу; КПО объектілерінде жұмыстарды орындайтын бизнес-серіктестер (мердігер ұйымдар) персоналының денсаулық жағдайы бойынша кәсіби жарамдылығын бағалауды енгізу. |
||
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ІЛГЕРІЛЕТУ |
|||
Стреске төзімділікті дамыту бағдарламасын іске асыру үшін фасилитаторларды оқыту; Компания персоналы арасында стреске төзімділікті дамыту бағдарламасын бастау. |
Орындалды |
Бағдарлама фасилитаторларының 50 % – ы өз топтарында стреске төзімділік бойынша кемінде 4 оқыту модулін сәтті өткізді. |
Стреске төзімділік бойынша оқыту сабақтарын өткізетін фасилитаторларға қолдау көрсетуді жалғастыру, жаңа еріктілерді даярлауды қамтамасыз ету. |
Жұмыс топтары шеңберінде әртүрлі психологиялық аспектілер бойынша вебинарлар мен топтық сабақтар өткізуге қызығушылықты бағалау. Осы бағалау нәтижелері негізінде сабақтарды өткізу жоспарын әзірлеу. |
Орындалды |
EAP Lotus MHH қызмет көрсетуші компаниясы психикалық денсаулықтың әртүрлі тақырыптарына арналған 7 вебинар өткізді, оған КПО-ның 404 жұмыскері қатысты. |
Жұмыскерлердің психикалық денсаулығына қолдау көрсетудің балама тәсілдерін қарастыру |
Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайту жөніндегі пилоттық бағдарламаны қоса алғанда, жұмыскерлерді сауықтыру бойынша 2023 жылға арналған бағдарламаны іске асыру |
Орындалды |
Пилоттық науқан басталғаннан кейін 6 ай өткен соң, 40 % мақсатты топтың жүрек-қан тамырлары денсаулығының көрсеткіштері жақсарды. |
2024 жылға арналған денсаулықты нығайту жоспарын іске асыру, соның ішінде:
|
Шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын арттыру
Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бөлімі кен орнында және Ақсай қаласының кеңселерінде тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсетеді. Шұғыл шақырулардан басқа, бес медициналық пункттің дәрігерлері мен фельдшерлері пациенттерге амбулаториялық көмек көрсетеді, сондай-ақ ауысым алдындағы, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерулер жүргізеді, жұмыскерлерді өнеркәсіптік объектілердегі денсаулық және оны қорғау мәселелері бойынша хабардар етеді, төтенше жағдайларға әрекет етудің жалпы процесіне тартылған персоналмен тұрақты түрде сабақтар мен оқу-жаттығулар өткізеді.
15-кесте.2023 жылғы медициналық көмек көрсету нәтижелері
Медициналық көмек көрсету көрсеткіштері |
|
---|---|
Клиникаларда медициналық көмекке жүгінген емделушілер саны |
1 814 |
Шұғыл шақырулар саны |
102 |
Медициналық мекемелерге жеткізілген емделушілер саны |
83 |
Өткізілген оқу-жаттығулар мен практикалық сабақтар саны |
311 |
Алғашқы көмек көрсетуге оқытылған жұмыскерлер саны |
364 |
Ауысым алдындағы медициналық куәландыру (жүргізушілер/операторлар/электриктер) |
|
Тексерулер |
178 923 |
Жұмысқа жарамсыздық жағдайлары |
162 |
Кездейсоқ алкотестілеу саны ТДМ 3.5 |
1 105 |
Кездейсоқ алкотестілеудің оң нәтижелер саны |
1 |
Денсаулық сақтау бөліміндегі цифрландыру бағдарламасы
Медициналық тексерудің электрондық жүйесі (МТЭЖ) ауысым алдындағы, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерулерді қамтитын ҚР заңнамасында көзделген автоматтандырылған бағалау жүргізу арқылы ауысым алдындағы медициналық тексеру процесін оңтайландыруға арналған. МТЭЖ бағдарламалық-аппараттық кешені қан қысымын, тамыр соғуын, дене температурасын, дем шығарғанда алкогольдің болу-болмауын тиімді түрде өлшейді, сондай-ақ психикалық белсенді заттарды қолдану белгілерін 2-3 минут ішінде анықтайды, бұл әдетте 5-6 минут немесе одан да көп уақытты алатын дәстүрлі қолмен тексеру әдістерімен салыстырғанда уақытты айтарлықтай қысқартады. Барлық жиналған деректер, сондай – ақ фото және бейнежазбалар электрондық журналда сенімді сақталады.
Қазіргі уақытта КПО-ның барлық клиникаларында жеті МТЭЖ аппараты орнатылған. Тек 2023 жылы 178 923 медициналық тексеру жүргізілді, нәтижесінде 162 жұмыскер медициналық көрсеткіштер бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылды. Жүйенің жоғары дәлдігі көптеген жұмыскерлерді өз денсаулығына аса зор көңіл бөлуге итермеледі, бұл артық салмақтан арылу және қан қысымын бақылауды жақсарту сияқты бастамаларға әкелді.
ҚАЗІРГІ ТАҢДА БАРЛЫҚ КПО КЛИНИКАЛАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖҮЙЕСІ АППАРАТТАРЫ БАР.
Ақсай қаласындағы ОАА жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесін жаңғырту жобасы
Ақсай қаласының орталық аудандық ауруханасын (ОАА) жаңғырту бойынша 2020 жылғы қаңтар айында басталған және 5 жылға есептелген жоба аурухананың шұғыл медициналық көмек көрсету және қарқынды терапия саласындағы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Бұған аурухана қызметінің негізгі көрсеткіштерінің жақсаруы дәлел.
2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жедел медициналық көмек көрсету және қарқынды терапия саласында қол жеткізілген елеулі жетістіктерді ескере отырып, сондай-ақ БҚО әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Ақсай қаласының орталық аудандық ауруханасының өтініштеріне сәйкес, мүдделі тараптар үшін басым болып табылатын акушерлік, гинекология, педиатрия және неонатология салаларындағы қызмет көрсету сапасын арттыруға күш салу үшін аталмыш жоба 2023 жылы уақытша тоқтатылды.
Ақсай қаласының орталық аудандық ауруханасын жаңғырту жобасын уақытында және бекітілген бюджет аясында жүзеге асыру мақсатында жобаны 2024 жылы қайта бастау бойынша дайындық шаралары жүргізілуде.
Жұмыскерлердің ауруға шалдығуын бақылау
Денсаулық жағдайы бойынша жұмыс орнында жұмыскерлердің болмауын бақылау
2023 жылы денсаулық жағдайы бойынша жұмыс орнында болмаған КПО жұмыскерлерінің саны 2022 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 11 %-ға өсті. 2020 жылдан бастап 6-кестедегі деректер еңбекке жарамсыздық парақтарын есепке алудың электрондық жүйесін енгізуге байланысты жаңартылды. Бұрын кейбір деректер келесі есепті кезеңдерде есепке алынды, өйткені жұмыскерлер кейде еңбекке жарамсыздық парақтарын жұмыс уақытының табелін ресімдегеннен кейін тапсырды. Тиісінше, 2020 жылдан бастап деректер қайта есептелді.
5-cызба.КПО персоналының жұмыс орнында болмау көрсеткіші, 2020–2023 жж.
Ескерту: КПО-да жұмыс орнында болмау көрсеткішін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады:
- Жұмыс орнында болмау көрсеткіші = жұмыс орнында болмау (ауруына байланысты) салдарынан жоғалған күндердің нақты саны х 100 / жұмыскерлердің жалпы саны. Басқа себептер бойынша жұмыс орнында болмаған күндер туралы ақпарат жоқ.
- КПО-да жұмыс орнында болмау көрсеткіші жұмыскерлердің саны негізінде (адам-сағат емес) есептеу әдістемесі қабылданған, өйткені бұл әдістеме реттеуші органдардың талабы болып табылады.
Медициналық сақтандыру
КПО жұмыскерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді толықтыратын медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілген.
2023 жылы жергілікті персонал мен олардың отбасыларына медициналық сақтандырудың жаңа келісімшартын жасау бойынша тендер жарияланды. Оның стратегиясы бойынша сақтандырылған адамдардың таңдау мүмкіндігіне ие болу үшін екі қызмет жеткізушісін алу болып табылады. Жаңа қызмет көрсету саласы жұмыскерлердің пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып әзірленді және қазіргі қызмет түрлеріне айтарлықтай жақсартуларды ұсынады. Мысалы, стоматологиялық қызмет пен дәрі-дәрмекке шектеулер айтарлықтай ұлғайтылды, сонымен қатар жұмыскерлер үшін клиникалардың кең таңдауы берілді.
Кәсіби аурулар
Денсаулықты сақтау еңбек саласында маңызды рөл атқарады және ол компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыстағы қызметті орындау ешбір жағдайда денсаулыққа зиян келтірмеуі керек, яғни денсаулықты сақтау еңбек тиімділігінен жоғары тұрады.
Компания жұмыскерлердің денсаулығына қауіп төндірмей, өздерінің еңбек тапсырмаларын тиісті түрде орындай алатындай еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.
2023 жылы КПО жұмыскерлері арасында кәсіби аурулар тіркелген жоқ.
Жұмысқа жарамдылық
2023 жылы мердігер ұйымдардың, сондай-ақ кадрлық агенттіктер арқылы жалданған персоналдың жұмысқа жарамдылығына баса назар аударылды. Келісімшарт ұстаушылар үшін мердігер ұйымдардың кәсіби жарамдылыққа қойылатын нормативтік талаптарды сақтауын бақылауды күшейту мақсатында олардың жұмысқа жарамдылығын анықтау бойынша нұсқаулық әзірленді. Жұмыскерлердің денсаулық жағдайын үздіксіз бақылау ауруларды бастапқы кезеңдерде анықтауға, тиісті алдын-алу шараларды жүргізуге, аурулардың одан әрі дамуына жол бермеуге және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл денсаулықты сақтау және кәсіби күтім жасау үшін жақсы мүмкіндік.
КПО-да кадрлық агенттіктер арқылы жалданған персоналдың жұмысқа жарамдылығын анықтау процесін басқаруда бірқатар кемшіліктер бар. Ішкі аудит барысында анықталған мұндай кемшіліктер 2024 жылға арналған денсаулық сақтау жоспарына енгізілген түзету шараларын жүзеге асыру қажеттілігін анықтады.
Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару
Мұнай-газ саласының қажуға ықпал ететін бірқатар ерекшеліктері бар7. КПО-да өндірістік жарақаттар немесе қажумен байланысты оқиғалар қаупін азайтатын, басқару процестерін сипаттайтын «Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару ережелері» бар. Үздіксіз жетілдіру мақсатында бұл ережелер 2023 жылы қайта қаралды. Енді олар ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тұрғысынан маңызды лауазымдарды атқаратын персоналға ғана емес, сонымен қатар компания мен мердігер ұйымдардың барлық персоналына да қатысты. Қажумен байланысты қауіп-қатерлерді бағалайтын, қажумен байланысты қауіп-қатерлерді басқару жоспарларын әзірлейтін бөлімдер саны артты.
7 Қажу – аз ұйқының салдарынан туындайтын менталды қырағылықтың болмауы.
Өнеркәсіптік объектілерді өндірістік бақылау
КПО өнеркәсіптік объектілердің санитарлық-гигиеналық жағдайын үнемі қадағалап отырады. Төменгі кестеде соңғы үш жылда өткізген мониторинг нәтижелері көрсетілген.
16-кесте.Өндірістік факторларды бақылау, 2021–2023 жж.
Өндірістік факторлар |
2023 |
2022 |
2021 |
|||
Зерттеулер саны |
Сәйкессіздіктер саны |
Зерттеулер саны |
Сәйкессіздіктер саны |
Зерттеулер саны |
Сәйкессіздіктер саны |
|
Шу |
492 |
122 |
420 |
91 |
368 |
83 |
Тербеліс |
84 |
29 |
75 |
16 |
63 |
12 |
Электромагниттік өрістер |
3 964 |
63 |
3 968 |
27 |
3 676 |
50 |
Электростатикалық өрістер |
2 419 |
0 |
2 342 |
0 |
2 048 |
0 |
Жарықтандыру |
3 581 |
589 |
3 045 |
27 |
2 743 |
730 |
Микроклимат |
6 474 |
790 |
6 258 |
575 |
5 250 |
360 |
Жұмыс аймағының ауасы |
12 612 |
0 |
13 965 |
0 |
12 342 |
0 |
Барлығы |
29 626 |
1 593 |
30 073 |
736 |
26 490 |
1 235 |
Сәйкессіздік жағдайлары туралы ақпарат тиісті бөлім басшылығының назарына жеткізіліп, түзету шаралары әзірленіп, одан әрі орындалуы Synergi деректер базасында бақыланады.
Өндірістік нысандарды аттестаттау
Әр бес жыл сайын өткізілетін өндірістік объектілерді міндетті аттестаттау еңбек жағдайын бағалауға бағытталған.
2023 жылы еңбек жағдайлары бойынша жоспарлы міндетті аттестаттау ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, бас шеберхана, бас қойма, химия зертханасы, Үлкен Шағандағы сорғы станциясы, Атырау қаласындағы терминал, ұңғымаларды пайдалану және өндіру бөлімі, сондай-ақ көлік бөлімі сияқты 10 объектіде өткізілді.
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерінің маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес: ол еңбек жағдайларын нормативтік стандарттарға сәйкес бағалап қана қоймайды, сонымен қатар қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін қосымша 5 % зейнетақы төлемдері сияқты жұмыскерлерге өтемақы төлеу құқықтарының негізін қамтамасыз етеді.
Салауатты өмір салтын насихаттау
2023 жылы денсаулықты нығайту бағдарламасының құрылымы жұмыскерлер үшін интерактивті және тартымды болып өзгертілді. Оның бір бөлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген халықаралық денсаулық күндерінің күнтізбесіне негізделген:
Жұмыскерлер және қоғам үшін есту қабілетінің бұзылуының салдары қарастырылды. Сондай-ақ, шудан қорғау/есту мүшелерін қорғау бойынша «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары» бағдарламасы бойынша үздік бақылаулар енгізілген..
Жоғары қан қысымы сияқты өзгеретін қауіп факторына ерекше назар аударылды. Жұмыс орнында гипертонияға және КПО клиникаларында қан қысымын тексеруге қатысты нұсқамалар өткізілді.
Қоғам үшін қан тапсырудың маңыздылығына назар аударылды. Іс-шаралар донор болудың жолы, донордың құқықтары мен жеңілдіктері туралы КПО-ның ақпараттық хаттарды, сондай-ақ КПО-ның донор болған жұмыскерлермен сұхбатты қамтыды.
КПО және бас компаниялар жұмыскерлері үшін вебинар өткізу және тұмауға қарсы тегін екпені ұсыну арқылы вакцинацияны насихаттау.
Жұмыс орнында нұсқамалар өткізу және қосымша ақпарат көздеріне сілтемелер беру арқылы жүрек-қан тамырлары аурулары туралы хабардарлықты арттыру.
Әр адамның психикалық денсаулығын нығайтуға және қорғауға бағытталған іс-әрекеттер туралы хабардарлықты арттыру және ынталандыру. Іс-шаралар аясында жұмыскерлерді қолдау бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушінің қатысуымен вебинар өткізілді.
17-кесте.Салауатты өмір салтын ілгерілету жөніндегі бағдарламалардың нәтижелілігі
Бағдарлама атауы |
Сипаттамасы |
Орындалу нәтижесі |
Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бағдарламасы |
2023 жылы іске қосылған жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп-қатерлерін басқару бойынша пилоттық бағдарлама компания ауқымында одан әрі қолданылатын болады. Жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі жоғары жұмыскерлердің таңдалған тобының арасында 10 жыл ішінде өлімге әкелетін және өлімге әкелмейтін жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін Еуропалық кардиология қоғамының «HeartScore» қауіп-қатер дәрежесін бағалау калькуляторы пайдаланылды. Қатысушыларға денсаулық жағдайларын жақсарту бойынша жеке жоспарлар әзірленді, сондай-ақ нәтижелерді бақылау мақсатында кен орнындағы КПО клиникаларына сапарлар ұйымдастырылды. |
18 қатысушының 11-інде (61 %) қауіп-қатер деңгейі төмендеді. Жұмыскерлердің пікірін зерттеу барысында басым көпшілігі бұл бағдарламаны оң бағалады. |
Шылым шегуден бас тарту курсы |
2023 жылы денсаулық сақтау бөлімі жүрек-қан тамырлары ауруларының ең жоғары қаупі бар жұмыскерлер үшін белгілі әдіспен (Аллен Каррдың «Темекіні тастаудың оңай жолы») темекіні тастау тақырыбы бойынша офлайн режимінде екі курсты ұйымдастырды. |
Оқыту курсына 27 жұмыскер қатысты. Темекіні тастаған жұмыскерлердің саны әлі анықталған жоқ. |
Психологиялық қолдау бағдарламасы |
2020 жылы КПО-да психологиялық қолдау бағдарламасы жүзеге асырылды, оның басты мақсаты – КПО жұмыскерлерінің психикалық денсаулығын сақтау және олардың денсаулығына зиян келтірмеу. Бағдарлама ілеспелі соматикалық аурулармен байланысты, сондай-ақ, мазасыздық, депрессия және үрей шабуылдары сияқты психологиялық мәселелерден туындаған дене мүшелерін зақымдау және суицид қаупін азайтумен байланысты жұмысты қамтиды. Бағдарламаға арнайы сенім телефоны арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін мультимедиа, бейне немесе бетпе-бет кездесулер арқылы бөгде ұйымдардың білікті психологтары жүргізетін құпия консультациялар кіреді. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде топтық сабақтар мен вебинарлар өткізіледі. |
2023 жылы барлығы 868 жұмыскер әртүрлі байланыс арналары арқылы кеңес алған. EAP Lotus MHH қызмет көрсетуші компаниясы психикалық денсаулыққа қатысты әртүрлі тақырыптарға арналған 7 вебинар өткізді, оған КПО-ның 404 жұмыскері қатысты. |
Стреске төзімділікті дамыту бағдарламасы |
2018 жылы КПО-да енгізілген стреске төзімділікті дамыту бағдарламасы ерікті болып табылады және ол шағын топтарға арналған 13 модульден тұрады. Бағдарламаға қатысатын жұмыскерлер денсаулық сақтау бөлімі өткізетін қысқа дайындық курсынан өтіп, фасилитатор (куратор) бола алады. Курсты аяқтағаннан кейін фасилитаторлар денсаулық сақтау бөлімінің қолдауымен әріптестеріне модульдік оқытуды өз бетінше жүргізеді. Бұның мақсаты – жұмыскерлердің стреске төзімділік дағдыларын дамыту және депрессия, маскүнемдік, суицид қаупі сияқты стрестен туындаған аурулар мен жағдайлардың ықтималдығын азайту. Бағдарлама COVID-19 пандемиясы кезінде тоқтатылды және 2022 жылы қайта жалғасты. 2023 жылы КПО басшылығы стреске төзімділік бағдарламасының қайта жандануын құптады. Материалдар өткен тәжірибені ескере отырып қайта қаралды және 2023 жылдың басынан бастап бағдарламаны іске асыру үшін жаңа фасилитаторлар тартылатын болды. |
Бағдарлама фасилитаторларының 50 %-ы өз топтарында стреске төзімділік бойынша кемінде 4 оқыту модулін сәтті өткізді. |
Жұмысқа жарамдылық – бұл кең ұғым, өйткені ол жұмыскер мен оның лауазымдық міндеттерін қауіпсіз және сауатты түрде орындау қабілеті арасындағы байланысты қарастырады. Жұмысқа жарамдылықты тексерудің мақсаты – белгілі бір тапсырманы немесе белгілі бір жерде жұмыс істеу кезінде үйлесімсіз немесе ерекше проблемалар тудыруы мүмкін физикалық және психологиялық шектеулерді анықтау.
«Жарамсыз» немесе «шектеулі» деп танылған жұмыскерлерге Компания жұмыс орнын ауыстыруды немесе оларды балама лауазымға ауыстыруды ұсынады. Бұл шара жұмыскердің ықтимал зиянды ортада болмауын қамтамасыз етеді, бірақ оның жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Кәсіби жарамдылыққа қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау маңызды болып табылады. Бұл талаптар жұмыс берушінің медициналық тексерулерді ұйымдастыру және төлеу, жұмыскерлерді еңбек жағдайларына байланысты санаттар бойынша бөлу, мерзімді медициналық тексеруден уақытылы өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, жұмыскерлердің денсаулығын жақсарту бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ мүмкін болатын кәсіби аурулар туралы хабарлау және т. б. сияқты міндеттерін қамтиды.