Биотүрлілікті сақтау

48-кесте.Биотүрлілікті сақтау саласындағы міндеттеріміз

2023 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2023 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2024 жылға қойылған міндеттер

Жерсеріктік қашықтықтан зондтау деректері негізінде ҚМГКК мен оған іргелес аумақтардың экожүйелерінің өзгеру динамикасына талдау жүргізу

Орындалды

Келесі көрсеткіштертеріне мониторинг жасау үшін қашықтықтан зондтау деректері талданды:

  • Санитарлық-қорғау аймағы шегіндегі далалық аймақтардың ауданын өзгерту;
  • Іргелес экожүйелердің уақыт бойынша өзгеруі.

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін (өзен құндызы) тіркеуді қоса алғанда, фаунаға мониторинг жүргізу.

Ихтиофаунаға және оның азық қорына (Березовка өзені және Қоншыбай жырасы) мониторинг жүргізу.

ҚМГКК аумағында 2024– 2026 жылдарға арналған БСШЖ дайындау

Орындалды

Аталмыш кезеңге жоспар құрылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері мен іс-шаралары белгіленді

Бұрынғы зерттеулермен салыстыра отырып, ҚМГКК аумағындағы жануарлар әлеміне мониторинг жасау, ихтиофауна мен гидробионттардың түрлік әралуандығын зерттеу

ҚАТЖ құбыржолы бойымен фауна мен флораны фондық зерттеуді бастау

Орындалуда

«ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау» экспорттық құбыр желісі бойымен флораны фондық зерттеу жүргізілді.

Атырау облысы (АО) аумағындағы ҚАТЖ құбыры бойымен флораны фондық зерттеуді жалғастыру

Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны (ҚМГКК) 280 км2-ден астам аумақты алып жатыр. КПО басқа табиғи ресурстарды пайдаланушылармен бір аумақты бөліседі, бірақ КПО өз қызметін тек өнеркәсіптік объектілер астында, кеніштің құбырлары мен жолдарының астында орналасқан аумақта ғана жүзеге асырады.

КПО өнеркәсіптік объектілерінен басқа, ҚМГКК аумағында КПО өндіретін шикізаттың бір бөлігін өңдеумен айналысатын (мысалы, «Конденсат» АҚ) немесе кен орындарына және инфрақұрылымдық объектілерге қызмет көрсететін басқа да кәсіпорындар бар. КПО объектілері мен үшінші тараптардан басқа, ҚМГКК аумағында бұрын пайдаланылған ауылшаруашылық жерлері мен жер телімдерінің үлкен аумақтары бар. Бұл аумақ 1956 жылға дейін жайылым және шабындық ретінде пайдаланылды. 1957 жылдан бері бұл аймақта жайылым ретінде пайдаланылған Қоншыбай мен Калминовка жыраларының жайылмалары мен беткейлерін қоспағанда, дәнді дақылдар өсіріле бастаған. Қазір ҚМГКК санитариялық-қорғау аумағының үлкен бөлігі мемлекеттік босалқы жерлер болатын. Дегенмен, жердің бір бөлігі шаруа қожалықтарымен пайдаланылады.

Осылайша, жоғарыда аталған факторлар ықтимал теріс әсерлер үшін жауапкершілік шекараларын анықтауда және белгілеуде белгілі бір қиындықтарды тудырады, сонымен қатар КПО-ның қоршаған орта мен оның биотүрлілігін қалпына келтіру бойынша практикалық әрекеттерді қабылдау мүмкіндігіне жиі шектеулер қояды.

Дегенмен, КПО табиғи экожүйелердің биологиялық әртүрлілігі адам жасаған әкімшілік-аумақтық бөліністерге бағынбайтынын мойындайды және белгілі бір аумақтың бүкіл биологиялық байлығын, түрлердің өзара әрекеттесу тізбегіндегі нәзік буындарды, барлық тартылған қауымдастықтарды сақтау үшін ортақ қағидалар мен тәсілдерді ұстану қажет. Осыған байланысты келісімшарттық аумақтарда биологиялық әртүрлілікті сақтау Компанияның ерекше назарында.

Кен орны аумағындағы биотүрлілікке әсерді барынша азайту мақсатына сүйене отырып, КПО 2012 жылдан бастап биотүрлілікті сақтау мониторингін қажет ететін ерекше сезімтал учаскелердің жоқтығына қарамастан, Биотүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеп, жүзеге асыруда. Биотүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспары қызмет қатерлерін және қоршаған ортаға ықтимал әсерлерді бағалауға негізделген экожүйелердің бұзылуын болдырмау және биотүрлілікті азайту жөніндегі шаралардың бірі болып табылады.

Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспары IPIECA/OGP «Мұнай және газ өнеркәсібі үшін биотүрлілік бойынша шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық» құжатына сәйкес әзірленген және әр үш жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл ретте берілген кезеңділікпен зерттеулер жүргізудің циклділігі қамтамасыз етіледі. Биотүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде, Компания өзендердің жағалық аймақтарындағы сезімтал экожүйелер үшін ұсынылатын іс-шаралар бойынша нұсқаулықтарды әзірледі, сондай-ақ флора мен фауна түрлерінің деректер базасын құрады. Деректер базасы әр жыл зерттеуден кейін жаңартылып отырады.

КПО ТАБИҒИ ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ АДАМ ЖАСАҒАН ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІСТЕРГЕ БАҒЫНБАЙТЫНЫН МОЙЫНДАЙДЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР АУМАҚТЫҢ БҮКІЛ БИОЛОГИЯЛЫҚ БАЙЛЫҒЫН, ТҮРЛЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ТІЗБЕГІНДЕГІ НӘЗІК БУЫНДАРДЫ, БАРЛЫҚ ТАРТЫЛҒАН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫ САҚТАУ ҮШІН ОРТАҚ ҚАҒИДАЛАР МЕН ТӘСІЛДЕРДІ ҰСТАНУ ҚАЖЕТ

Биотүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде КПО ҚМГКК аумағының биотүрлілік жағдайына әсер ететін факторларға бағалау жүргізеді.

Сонымен қатар, экожүйелердің жай-күйінің динамикасын бақылау мақсатында ҚМГКК аумағында әрбір 10 жыл сайын спутниктік суреттерге талдау жүргізіледі.

Қарашығанақ – Атырау тасымалдау жүйесі (бұдан әрі ҚАТЖ) экспорттық құбыржолы Қарашығанақ кен орнын игерудің бірден бір құрылымы. Аталмыш құбыржол 2004 жылы іске қосылған, оның ұзындығы 635,5 км. 2022 жылы КПО алғаш рет ҚАТЖ экспорттық құбыржолы бойындағы аумақ үшін 2023–2030 жылдарға арналған БСШЖ әзірлеп шықты.

2023 жылы ҚАТЖ құбыржолы бойымен флораны фондық зерттеуді КПО келесі мақсаттарда өткізді:

  • Флораның басым (негізгі) түрлерін анықтау;
  • Флораның индикаторлық түрлерін анықтау;
  • ҚАТЖ бойымен орналасқан экожүйеге әсер ететін факторларды анықтау;
  • Бақылауды жалғастыру үшін тиісті мониторинг алаңдары мен бағыттарын таңдау;
  • Флора бойынша дерекқорды жасақтау

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының шекарасындағы ҚАТЖ құбыржолы тым ұзын болғандықтан, КПО аймақтар бойынша фондық зерттеулерді кезең-кезеңмен жүргізуді ұйғарды.

ҚМГКК аумағындағы биотүрліліктің мониторингі

2023 жылдың есептік кезеңінде КПО 2021–2023 жылдарға арналған БСШЖ бойынша іс-шаралардың бекітілген көлемін орындады.

2011 жылдан бастап Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспарының барлық кезеңдері www.kpo.kz сайтында Тұрақты даму/ Биотүрлілікті сақтау/Биотүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар жоспары бөлімінде көрсетілген.

2023 жылға арналған жұмыс көлемі мыналарды қамтиды:
  • Жерсеріктік қашықтықтан зондтау деректері негізінде ҚМГКК мен оған іргелес аумақтардың экожүйелерінің өзгеру динамикасына талдау жүргізу. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – СҚА шекарасындағы далалық аумақтардың кеңістіктік таралуының өзгеруін және іргелес экожүйелердің уақыт бойынша өзгеруін бақылау. Ықтимал өзгерістердің бар-жоғын бағалау кен орнының және іргелес аумақтардың келесі кезеңдердегі жерсеріктік суреттерін талдау негізінде жүзеге асырылды: ҚМГКК қызметі басталғанға дейін (1989); орта мерзімді операциялар кезеңінде (2007, 2011); қазіргі кезең (2021 ж.).
  • 1.3.1.47 ESHIA стандартында және PIIECA мен IOGP қауымдастықтарының «Мұнай және газ өнеркәсібіне арналған биотүрлілікті сақтау жөніндегі шаралар нұсқаулығында» көзделген әдістемеге сәйкес 2024–2026 жылдарға арналған БСШЖ әзірлеу.
Қашықтықтан зондтау деректерін талдау

Ажыратымдылығы жоғары қашықтықтан зондтау деректерін (ҚЗД) өңдеу негізінде ҚМГКК аумағы мен оған іргелес аумақтар үшін 1:100 000 масштабындағы экожүйе картасы жасақталды және онжылдық кезең (2010 жылдан 2021 жылға дейін) бойынша экожүйе өзгерістеріне талдау жасалды. Әртүрлі экожүйелер алып жатқан аумақтары және олардың кеңістікте таралуының өзгерістері есептелді және салыстырылды.

2021 жылғы жерсеріктік суреттің шифрін шешу кезінде 2023 жылдың мамыр айында 45 «бақылау нүктесіне» визуалды тексеруді олар орналасқан жерге бару және аумақты суретке түсіру арқылы жүргізілді. Бұл әрекет ағымдағы жағдайды нақтылауға (растау/ теріске шығару) мүмкіндік берді.

Далалық жерүсті бақылаулар мен қашықтықтан зондтау деректерінің үйлесімі 2021 жыл бойынша ҚМГКК аумағындағы экожүйелердің жағдайына картометриялық талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, келесі жайттар анықталды:

  • Құрғақ далалық экожүйелердің ауданы 5 751 га (6,93 %) құрады.
  • Жағалау-су және су экожүйелерінің ауданы 4 923 га (5,94 %) құрады.
  • Ауыл шаруашылығы жүйелерінің ауданы 68 118 га (82,11 %) құрады.
  • Урбанизацияланған және техногендік түрлендірілген экожүйелердің ауданы 4 165 гектарды (5,02 %) құрады.

Зерттелетін кезеңдегі (1989 жылдан 2021 жылға дейін) экожүйелерді картометриялық талдау жалпы құрылымда агроэкожүйелердің басым екендігін растады, олардың ауданы 64346 гектардан 68118 гектарға дейін өзгерді. Бұл ретте егістік және өңделетін алқаптарының 47558 гектардан 10424 гектарға дейін айтарлықтай қысқаруы және ұзақ уақыт ауыл шаруашылығында пайдаланылған әртүрлі жастағы тыңайған жерлер (жыртылатын) көлемінің ұлғаюы байқалды. Қазіргі уақытта тыңайған жерлер табиғи қалпына келудің әртүрлі кезеңдерінде.

Жерсеріктік ҚЗД талдау негізінде ҚМГКК және оған іргелес аумақтардың экожүйелерінің өзгеру динамикасын далалық зерттеулер мен талдау көрсеткендей, жобалық аумақтың экожүйелері орта және жоғары дәрежеде транформацияланған. Өзгеру дәрежелері көбінесе антропогендік жүктеменің келесі факторларының нәтижесінде орын алып жатқаны байқалады:

  • ауыл шаруашылығы (жер жырту/егістік, мал жаю);
  • өнеркәсіп объектілерін салу және пайдалану;
  • жолдың ауытқуы;
  • өрттер.

Әлсін ғана бұзылған және шартты түрде байырғы күйдегі дала экожүйелері жер жыртуға қиын күрделі рельефпен шектелген жерлерде (жыралар, сайлар) жергілікті сақталған. Бұл аумақтар ерекше құндылыққа ие, өйткені олар жоғарыда аталған әрекеттерден болатын әсерлерді тоқтатқан жағдайда, бұзылған аумақтардың негізгі бөлігінде флора түрлерінің, өсімдіктер қауымдастығының және жалпы экожүйелердің алуан түрлілігін табиғи қалпына келтірудің ошақтары болып табылады.

ҚМГКК аумағының және оған іргелес жерлердің топырақ және өсімдік жамылғысының ағымдағы күйін қанағаттанарлық деп бағалауға болады. Соңғы жылдары келесі іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты экожүйелердің динамикасында оң өзгерістер орын алды:

  • төсемі қатқыл негізгі көлік жолдары салу;
  • далалық жолдар желісінің қысқаруы;
  • ҚМГКК аумағына бөгде адамдардың және көлік құралдарының кіруін шектеу;
  • егістік және өңделетін жерлерді қысқарту;
  • СҚА абаттандыру және жолдардың бойына орман белдеулерін отырғызу;
  • ҚМГКК жақын орналасқан екі елді мекендерді көшіру (Тұңғыш ауылы – 2003 ж; Березовка ауылы – 2018 ж.).
ҚМГКК аумағында биотүрлілікті сақтау бойынша 2024–2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.

2023 жылы ҚМГКК және оған іргелес аумақтардың экожүйелерінің өзгеру динамикасын талдаумен қатар ҚМГКК аумағында биотүрлілікті сақтау бойынша 2024–2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары да дайындалды.

2024–2026 жылдарға арналған БСШЖ аймақтағы биотүрлілікті сақтау бойынша КПО қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды.

49-кесте.Биотүрлілікті сақтау бойынша 2024–2025 жылдарға арналған шаралар жоспарының кезеңдері.

Кезең

Жұмыс көлемі

Мақсаты

2024

ҚМГКК аумағындағы жануарлар әлеміне мониторинг жасау, ихтиофауна мен гидробионттардың түрлік әралуандығын зерттеу

  • 2021 жылғы зерттеулермен салыстыра отырып, ҚМГКК жануарлар әлемінің түр динамикасын және сандық құрамын анықтау.
  • 2018 жылғы зерттеулермен салыстыра отырып, ҚМГКК ихтиофауна мен шидробионттардың түр динамикасын және сандық құрамын анықтау.

2025

Топырақ және өсімдік жамылғысына мониторниг жасау

  • Өсімдікжабын күйін зерттеу.
  • Топырақ пен өсімдіктердегі ластаушы заттардың (ЛЗ) құрамына талдау жасау.

2026

ҚМГКК аумағында жәндіктердің түрлік алуандығы бойынша зерттеулер жүргізу.

  • 2020 жылғы зерттеулермен салыстыра отырып, ҚМГКК жәндіктерінің түр динамикасын және сандық құрамын анықтау.

2024–2026

Географиялық ақпараттық жүйені құру және қолдау

  • Биотүрлілік бойынша географиялық ақпараттық жүйені құру

ҚАТЖ аумағындағы биотүрліліктің мониторингі 

2023 жылы КПО 2023–2030 жылдарға арналған ҚАТЖ экспорттық құбыр бағыты бойымен БСШЖ бойынша жоспарланған іс-шаралардың бекітілген көлемін орындады.

ҚАТЖ экспорттық құбыр бағыты бойымен 2023 жылғы жұмыс көлемі келесілерді қамтыды:

ҚАТЖ биотүрлілігін сақтау жоспарының бірінші кезеңі фауна мен флора түрлерін және олардың мекендейтін жерлерін КПО қызметімен және осы аумақтағы басқа да мүдделі тұлғалардың жерді пайдалануынымен үйлесімділікте сақтауға бағытталған іс-шараларды одан әрі жоспарлау мақсатында ҚАТЖ бағыты бойынша биотүрліліктің жай-күйіне бастапқы бағалау жүргізу болып табылады.

2023 жылы КПО ҚАТЖ-ның Батыс Қазақстан облысында орналасқан бөлігінің бойындағы өсімдіктердің жай-күйіне бастапқы зерттеулер жүргізді.

Жоспарға сәйкес, 2024 жылы осындай зерттеулер ҚАТЖ-ның Атырау облысында орналасқан бөлігінде жүргізіледі.

Батыс Қазақстан облысы шегіндегі ҚАТЖ құбыры бойындағы флора мен өсімдіктердің фондық жағдайын зерттеу әртүрлі типтегі нүктелерде жүргізілді:

  • су нысандарынан өткелдердің жанындағы нүктелер;
  • экожүйелер бойынша нүктелер;
  • Өндірістік экологиялық бақылау аясындағы мониторинг станцияларының жанындағы нүктелер.

Жалпы 57 нүкте тексеріліп, олардан ластаушы заттардың құрамын анықтау үшін өсімдік үлгілері алынды.

Зерттеу барысында 64 тұқымдастың 202 тұқымынан жоғары сатыдағы өсімдіктердің 326 түрі тіркелді.

Батыс Қазақстан облысы шегіндегі ҚАТЖ құбыры бойындағы өсімдік жамылғысына фондық зерттеу жүргізу кезінде флора мен өсімдіктерге әсер ететін көліктік, пирогендік, ауылшаруашылық және қоныстану сияқты факторлар анықталды.

Аталған факторлардың ішінде КПО қызметіне көлік пен қоныстану бойынша әсердің қатысы бар. Электр желілері мен желілік тораптар баяғыда салынғандықтан және қазіргі уақытта бұл нысандарға тек ағымдағы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілетіндіктен, қоныстану бойынша әсердің деңгейі төмен.

Зерттелетін аумақтың экожүйесіне әсер етудің барлық факторларының ішіндегі ең елеулісі – көліктің әсері. Бұл ретте, ҚАТЖ құбыры бойымен ҚАТЖ қауіпсіздік қызметі ғана емес, сонымен қатар «Қарашығанақ – Орал» жоғары қысымды газ құбыры мен «Орал – Атырау – Самара» мұнай құбырының күзет қызметі де өз құбыржолдары бойымен тұрақты түрде көлікпен бақылау жүргізетінін ескеру қажет. Аталмыш құбырлар ҚАТЖ құбырына іргелес орналасқан.

Пирогендік әсер (өрттер) Батыс Қазақстан облысы шегіндегі ҚАТЖ құбыры бойымен бір ғана рет және шағын аумақта (шамамен 3 м2) орын алғаны тіркелді.

Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ҚАТЖ құбыры бойында ауыл шаруашылығымен, атап айтқанда, мал шаруашылығымен, күнбағыс және кейбір дәнді дақылдар өсірумен айналысатын жер пайдаланушылардың саны көп. Олардың қызметі пайдаланылатын аймақтағы өсімдіктер қауымдастығының құрылымы мен жағдайына әсер етеді. Бұған мал жаю, шөп шабу, жер жырту, тыңайтқыштар қолдану және т.б. жатады.

Мониторингті жалғастыру кезінде КПО көліктік, пирогендік және ауылшаруашылық жекелеген факторларының әсерінен экожүйелердегі өзгерістердің сипатын және олардың бақылайды. Бұл әрекет әртүрлі жер пайдаланушылар қызметінің аймақтың экожүйелеріне әсерін азайту бойынша шараларды әзірлеуге қажетінше мүмкіндік береді.

2023–2030 жылдарға арналған БСШЖ ҚАТЖ экспорттық құбыр жолының бойында орналасқан аумақ үшін дайындалған. Ол жоспар осы аймақтағы биоәртүрлілікті сақтау бойынша КПО қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды.

50-кесте.Қарашығанақ-Атырау экспорттық құбыр жолының бойында орналасқан аумаққа 2023–2030 жылдарға арналған БСШЖ кезеңдері

Кезең

Жұмыс көлемі

Мақсаты

2023

ҚАТЖ-ның Батыс Қазақстан облысында орналасқан бөлігінің бойындағы өсімдікжабын түрлерінің әртүрлілігі мен жағдайына фондық зерттеулер жүргізу

Флораның басым (негізгі) және индикаторлық түрлерін анықтау және олардың жағдайын зерттеу.

ҚАТЖ құбыры бойымен орналасқан экожүйелерге әсер ету факторларын анықтау

2024

Атырау облысында орналасқан ҚАТЖ бөлшегі бойындағы флора күйіне фондық зерттеулер жүргізу

2025

ҚАТЖ-ның Батыс Қазақстан облысында орналасқан бөлігінің бойындағы жануарлар әлемі түрлерінің әртүрлілігіне фондық зерттеулер жүргізу

Фаунаның басым (негізгі) және индикаторлық түрлерін анықтау және олардың популяциясының жағдайын зерттеу.

ҚАТЖ құбыры бойымен орналасқан экожүйелерге әсер ету факторларын анықтау.

2026

ҚАТЖ-ның Атырау облысында орналасқан бөлігінің бойындағы жанаурлар әлемі түрлерінің әртүрлілігіне фондық зерттеулер жүргізу

2027

ҚАТЖ құбыры бойындағы биотүрлілік бойынша географиялық ақпараттық жүйені құру

КПО ГАЖ қорына ҚАТЖ құбыры бойындағы биотүрлілік бойынша деректерді енгізу

2028

ҚАТЖ-ның Батыс Қазақстан облысында орналасқан бөлігінің бойындағы топырақ және өсімдік жамылғысына мониторниг жасау

Жайылымның топырақ пен өсімдік жамылғысының жағдайына әсерін анықтау

2029

ҚАТЖ-ның Атырау облысында орналасқан бөлігінің бойындағы топырақ және өсімдік жамылғысына мониторниг жасау

Негізгі түрлерді бақылау

Биотүрліліктің жай-күйін бағалау шеңберінде КПО өсімдіктер мен жануарлардың сирек түрлерінің мониторингіне үлкен көңіл бөледі. Биотүрлілікті сақтау мәселелерінде белгілі бір түрдің басымдығы халықаралық және жергілікті заңнаманың басымдықтарымен, әсерлерге сезімталдығымен және төзімділігімен және Қоғам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін ықтимал теріс әсерінің маңыздылығымен анықталады.

1990 жылдан 2023 жылға дейінгі зерттеу кезеңінде қарастырылған негізгі тірек түрлері kpo.kz сайтында Тұрақты даму/ Биотүрлілікті сақтау/Флора мен фаунаның ҚМГКК аумағында тіркелген маңызды түрлері бөлімінде көрсетілген.

Осы түрлердің барлығы Қарашығанақ кен орны аймағынан тыс жерлерде де кездесуі мүмкін. Айта кету керек, бұл түрлердің кен орнында аумағында болуы, болмауы немесе саны аумақтың экологиялық әл-ауқатының тікелей көрсеткіші болып табылмайды. Жеке түрлердің таралуы КПО қызметіне қатысы жоқ жергілікті және ғаламдық себептерге (климаттың өзгеруі, шөлейттену және т.б.) байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл ретте өндірістік қызметті ҚМГКК және іргелес аумақтардың биотүрлілігінің маңызды бөлігі болып табылатын жекелеген түрлердің популяциясына тікелей және жанама әсер етпейтіндей етіп жоспарлау және ұйымдастыру қажет.

2023 жылы БҚО шегіндегі «Қарашығанақ-Атырау» экспорттық құбыры (ҚАТЖ) бойымен фондық зерттеулер жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және жойылып бара жатқан түрлер тізіміне енгізілген флораның бес түрі тіркелді:

  • Анджевскийдің қалампыргүлі (Dianthus andrzejowski);
  • Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana);
  • Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii);
  • Фишер құссүттігені (Ornithogalum fischeranum);
  • Ақ су лалагүлі (Nymphaea alba).

Негізгі/басым түрлер санатына берілген аумақ үшін зерттеуі мен қорғауы аса маңызды болып табылатын түрлер кіреді. Ең алдымен, бұған Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына, Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген түрлер, сондай-ақ белгілі бір аумақта сирек кездесетін немесе сирек кездесетін түрлер жатады. Бұл түрлер мекендеу ортасының жағдайларындағы өзгерістерге тез жауап беретін ең әлсіз түрлер болып келеді де, осылайша индикаторлық қасиеттерін көрсетеді. Осыған байланысты негізгі түрлерді бақылау қажет.

БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Халықаралық мұнай-газ компаниясы ретінде КПО өзінің өндірістік қызметін жүргізу барысында биотүрлілікке көп әсер тигізбеуге көп күш жұмсайды.

2012 жылдан бастап КПО биоалуантүрліліктің жай-күйіне мониторинг жүргізіп, өзінің өндірістік қызметінен туындайтын ықтимал қатерлердің деңгейін анықтап келеді. Кәсіпорын қызметінің Батыс Қазақстан облысының қоршаған орта жағдайына елеулі теріс әсер ету белгілері анықталған жағдайда, экожүйені сақтау жөніндегі шараларды уақтылы жоспарлау үшін мониторинг жүргізу қажет.

Биотүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарының бір бөлігі ретінде КПО ҚМГКК аумағындағы биотүрлілік жағдайына әсер ететін төрт негізгі факторды бағалайды:

  • Ластаушы заттардың шығарындылары;
  • Физикалық әсер (шу, жарық, діріл);
  • ҚМГКК аумағында малды жаю;
  • Механикалық әсер (құрылыс, карьерлер, жолдар және т.б.)