Атмосфераға тасталатын шығарындылар

КПО компаниясы атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қоршаған ортаға әсер ету рұқсатында белгіленген нормативтер негізінде басқарады.

Нормативтерге сәйкестігін бақылау үшін компанияда өнеркәсіптік шығарындыларға мониторинг жүргізіледі. КПО объектілерінде шығарындылар атмосфераға негізінен шикі газды және ПФҚ-ны алауларда жағудан, турбиналарда, пештер мен қазандықтарда отын газын жағудан, дизель-генераторларда дизель отынын жағудан түседі. Жанудың негізгі өнімдері: күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксидтері.

Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі.

33-кесте.Шығарындыларды басқару саласындағы міндеттеріміз

2023 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2023 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2024 жылға қойылған міндеттер

ҚӨК пештерінен шығатын газдарды тазартудың қосымша тиімді қондырғылары бойынша талдау және зерттеулер жүргізу

Орындалды

«ҚӨК пештерінен түсетін шығарындыларды азайту мүмкіндіктерін талдау» есебі шығарылды.

Шығатын газдарды тазарту қондырғыларын жүзеге асыру бойынша қосымша мүмкіндіктерді зерделеу.

19-cызба.Атмосфераны негізгі ластау көздері бойынша 2023 жылғы КПО ластаушы заттар шығарындыларының жіктелуі

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы атмосфераға тасталатын шығарындылардың жалпы көлемі 10 % үлғайып, 5 765 мың тоннаны құрады. 2023 жылы шығарындылардың ұлғаюы өндіру көлемінің 2022 жылмен салыстырғанда конденсат бойынша 7 %-ға және газ бойынша 15 %-ға өсуіне және Компанияның жауапкершілік аймағына ҚР жаңа Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес мердігер ұйымдардың шығарындыларын енгізуге байланысты. 34-кестеде 2021–2023 жж. рұқсат етілген және нақты шығарындылар бойынша ақпарат.

2023 ЖЫЛЫ ШЫҒАРЫНДЫ АТМОСФЕРАҒА ТАСТАЛДЫ

5 765
тонна
34-кесте.2021 – 2023 жылдарға арналған шығарындылардың рұқсат етілген және нақты көлемі

Ластаушы заттар шығарындыларының жылдық көлемі, тоннамен:

2023

2022

2021

Эмиссияларға рұқсат бойынша:

11 346

12 005

13 219

Нақты, оның ішінде:

5 765

5 236

4 798

Азот оксидтері (NO)

1 362

1 182

1 197

Күкірт диоксиді (SO2)

2 251

2 143

1 989

Көміртегі диоксиді (CO2)

1 159

1 142

1 039

Ұшпа органикалық қоспалар

513

534

452

Күкіртсутек (H2S)

3

3

3

Қатты бөлшектер

441

198

71

Басқалары

36

34

47

Ескертпе: Шығарындылар көлемі туралы деректер «2-ТП ауа» статистикалық есептер деректеріне сәйкес берілген.

КПО-да ластаушы заттардың шығарындыларын есептеу рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасында айқындалған және ҚР-да қолдануға ұсынылған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады.

20-cызба.2021–2023 жылдардағы көмірсутек өндірісі және ластаушы заттар шығарындыларының көлемі

2023 жылы өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы меншікті шығарындылар көлемі, 2022 жылы сияқты өндірілген мың тонна көмірсутектің (КС) 0,19 тоннасын құрады.

Газды алау қондырғыларында жағу 

2023 жылы газды алауларда жағудың жалпы көлемі өндірген жалпы газ көлемінің 0,05 % (2022 жылы 0,07 %) немесе өндірілген көмірсутек шикізатының мыңдаған тоннасына шаққанда 0,32 тоннаны құрады. Жағу нәтижесіндегі шығарындылардың мұндай азғантай азаюы, 2022 жылғы IOGP есебінде көрсетілгендей, әрбір мың тоннаға 8,57 тоннадан келген әлемдік орташа өнеркәсіптік көрсеткішпен және әрбір мың тоннаға 2,55 тоннадан келген орташа еуропалық көрсеткішпен салыстырғандағы өте жоғары өндірістік көрсеткіштердің белгісі болып табылады. Бұл мұнай және газ өндіру жөніндегі әлемдік және еуропа кәсіпорындарының арасында осы көрсеткіш бойынша КПО-ның өте жоғары деңгейін растап, Қарашығанақты газды кәдеге жарату көрсеткіші бойынша Қазақстандағы жетекші мұнай-газ конденсатты кен орындарының қатарына шығарады.

2022 жылмен салыстырғанда, 2023 жылдағы газды жағу көлемінің 14 %-ға төмендеуі, негізгі объектілерді жоспарлы жөндеу жұмыстарына толық тоқтату кезіндегі, сонымен қатар іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі көмірсутек шиказатын жағумен байланысты ұңғымалық операциялардың болмауына байланысты.

21-cызба.2021–2023 жылдары алауда жағылған ілеспе газ көлемі, млн. м3

Газды кәдеге жарату

Заңнама талаптарына сәйкес КПО шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын әзірлеп, бақылаушы органдарында бекітеді.

2023 жылғы КПО-ның газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,95 % (ал 2022 жылы – 99,93 %) құрады. Бұл ретте, 2023 жылға Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасы шеңберінде ҚР уәкілетті органымен бекітілген мақсатты көрсеткіш 99,84 % құрайды.

22-cызба.2023 жылғы газды кәдеге жарату және жағу

Парниктік газдар

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары 

Компаниядағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі. КПО шығарындылардың меншікті коэффициенттері (бенчмарк) негізінде 2023 жылға арналған көлемі 2 299 321 тонна болатын парниктік газдар (СО2) шығарындыларына квота алды. 2023 жылы жалпы нақты шығарындылар СО2 көлемі 1 991 739 тоннасын, яғни алынған квотадағы көрсеткіштің 87 % құрады. 2024 жылғы қаңтарда Компанияның шотына 2022 жылдан қалған 480 948 СО2 тонна көлеміндегі квотасы көшірілді.

ПГ шығарындыларының деңгейін берілген квотаға сәйкестігін бақылау мақсатында, КПО көміртек диоксиді (СО2) және метан (СН4) бойынша ПГ шығарындыларын тоқсан сайынғы бағалауын жүргізеді. Шығарындыларды бағалау жұмыстары ҚР Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, 2010 жылғы 5 қарашадағы № 280 қолданыстағы әдістемелік нұсқауларды пайдаланып, кәсіпорын қызметі туралы деректер (жанармайды тұтыну мен жанармайдың құрамы бойынша зертханалық деректер бойынша) негізінде есептеу әдісімен жүргізілді.

ПГ тікелей шығарындыларын есептеу үшін пайдаланылатын коэффициенттер аттестатталған КПО химиялық зертханасының зертханалық деректері бойынша тоқсанына бір рет кезеңділікпен есептеледі.

Парниктік газдар шығарындыларын көміртегі диоксиді эквивалентіне (СО2-эквивалентіне) айналдыру үшін 2022 жылғы 17 қарашадағы 6/CP.27 Тараптар Конференциясының Шешімінің 4-тармағына сәйкем жаһандық жылыну потенциалдарының мәндері пайдаланылды.

Жыл аяқталғаннан кейін Есепті кезеңдегі түгендеу туралы есеп форматындағы мониторинг нәтижелерін тәуелсіз аккредиттелген ұйым растайды.

2023 жылғы ПГ шығарындыларын түгендеу туралы расталған есепке сәйкес ПГ шығарындыларының жалпы көлемі СО2 эквивалентінде 2 012 982 тоннаны құрады, оның ішінде СО2 үлесіне қатысты 1 991 739 тонна СО2-экв. (99 %), CH4 үлесіне – 12 805 тонна СО2-экв. (0,6 %), ал N2O үлесіне – 8 438 тонна СО2-экв. (0,4 %).

ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы туралы ақпарат 34-кестеде берілген. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдағы парниктік газдардың жалпы шығарындыларының шамалы өсуі (9 %-ға), 4-ші газды қайта айдау компрессорының және 4-ші газды қайта айдау компрессорының жоғары қысымды алауының жыл бойы жұмыс істеуіне байланысты, ал 2022 жылы бұл жабдық жеті ай жұмыс істеген болатын.

35-кесте.КПО өндірістік қызметінің салдарынан ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы, 2021–2023 жж.

Парникті газ шығарындыларының жалпы көлемі (СО2 эквивалентінде, тоннамен)

Отынды тұрақты көздерде жағудан

Отынды алаулар мен инсинераторларда жағудан

Ұйымдастырылмаған шығарындылар

2023 жылғы ПГ жалпы шығарындылары

2022 жылғы ПГ жалпы шығарындылары

2021 жылғы ПГ жалпы шығарындылары

1 867 178

135 988

9 816

2 012 982

1 851 066

1 745 768

Ұйымдастырылмаған көздерінен ПГ шығарындыларын есептеу әдістемесі.

Ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдар шығарындыларын есепке алу үшін, КПО тиімді мониторинг мақсатында әзірленген және 2020 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бекіткен өз әдістемесін пайдаланады. Бұл әдістеме КПО өндірістік объектілеріндегі жасырын көздерден метан шығарындылары туралы сенімдірек деректерді алуға және есептеулердегі белгісіздікті айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Бұл әдістеме парниктік газдар шығарындыларын жыл сайынғы түгендеу үшін қолданылады.

2-ші қамту бойынша ПГ шығарындыларын есептеу кен орнында сатып алынған электр энергиясы бойынша ғана жүргізілді.

Парниктік газдардың меншікті шығарындылары 

2023 жылы КПО бойынша ПГ меншікті шығарындылар көрсеткіші өндірілген КСШ әрбір мың тоннасына шаққандағы 66 тонна СО2 құрады. 21-кестеде КПО ПГ меншікті шығарындылар динамикасы Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығымен берілген меншікті шығарындылар көрсеткіштері салыстырылған. КПО ПГ нақты меншікті шығарындылар деңгейі еуропалық көрсеткіштер деңгейінен 14 %-ке, ал халықаралық көрсеткіштер деңгейінен 44 %-ке төмен болды.

23-cызба.Көмірсутек шикізаты өндірісінің бірлігіне шаққандағы ПГ меншікті шығарындыларының динамикасы, 2021 –2023 жж.

* Деректер көзі ретінде Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) жыл сайынғы “Экологиялық нәтижелілік көрсеткіштері бойынша 2022 жылғы деректер” есептері алынды. 2023 ж. салыстыру үшін 2022 жылғы ақпарат қолданылды, себебі осы басылымды шығару кезінде IOGP 2023 жылғы есебі әлі дайын болмаған. 2022 жылғы IOGP есебіндегі 2021 жылғы деректер өзгертілді.

Парниктік газдардың жанама шығарындылары

2023 жылы импорттық электр энергиясын тұтыну нәтижесінде пайда болатын ҚМГКК-дегі парниктік газдардың жанама шығарындыларының елеусіз бөлігін (0,1 %) құрайды, өйткені Компанияның негізгі мақсаты кен орнының барлық өндірістік кешенін және жақын маңдағы елді мекендерді өз электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылатын газ турбиналы электр станциясы бар.

Бұл шығарындылар есепке алынбайды және Қазақстан Республикасының ПГ шығарындыларының ішкі квота жүйесі шеңберінде есептілікке енгізілмейді. Олар туралы ақпарат тек құрушы компаниялардың есептерінде ұсынылады. 2023 жылы КПО-да ПГ жанама шығарындыларының көлемі 980 тонна СО2 құрады.

БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Ауаның ластануы адам денсаулығына, азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етеді, экономикалық дамуды қиындатады, биоәртүрліліктің төмендеуіне әкеледі, климаттың өзгеруіне ықпал етеді және өмірге маңызды қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. БҰҰ-да ауаның ластануы адам денсаулығы мен жер шарына негізгі қауіптердің бірі ретінде танылды.

КПО өнеркәсіптік кешенін пайдалану сөзсіз атмосфераға ластаушы заттардың бөлінуімен байланысты. Ластаушы заттар технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде түзіледі: газ және конденсатты өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау. Шығарындыларды азайту, қалдықтарды жою және жаңа технологияларды қолдану компанияның күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелер болып қала береді. КПО-ның бұл тұстағы мақсаты – өзінің қызметінен туындаған теріс әсерді барынша азайту.