КПО басшылығы
КПО компаниясының Директорлар комитеті атқарушы орган болып табылады. Бұл ұжымдық шешімдерді қоса алғанда, компанияны басқару бойынша жедел шешімдер қабылдау жөніндегі кеңесші орган.
КПО Директорлар комитетінің құрамына барлық негізгі бөлімшелердің жетекшілері кіреді. Директорлар құрамы оператор-компаниялар тағайындаған директорлардан, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан шыққан КПО жұмыскері болып табылатын директорлардан тұрады. Директорлар Бірлескен қызмет туралы келісімнің шарттарына сәйкес тағайындалады. Директор лауазымына тағайындалу мерзімі – үш жыл. Директордың тиісті лауазымына тағайындалғандардың әрқайсысы өзінің кәсіби құзыреттері мен тәжірибесіне сәйкес оператор-компаниялар тарапынан қатаң іріктеуден өтеді.
Бас директор және өндіріс жөніндегі директор / бас директордың орынбасары лауазымдарына «Шелл» және «Эни» оператор – компанияларының өкілдері ауысып тағайындалады. КПО құрылымында тәуелсіз директор лауазымы қарастырылмаған.
Төменде 2024 жылғы маусымдағы Директорлар комитетінің мүшелері берілген. Есеп басылып шыққан кезде гендерлік қатынас ерлер үшін 82%-ды, әйелдер үшін 18%-ды құрады. КПО директорларының құрамына жеткіліксіз қамтылған әлеуметтік топтардан шыққан өкілдер кірмейді. Директорлар комитетінің құрамы туралы өзекті ақпарат КПО веб-сайтында КПО басшылығы бөлімінде берілген.
Марко Марсилидің мұнай-газ саласында жиған жиырма бес жылдан астам мол тәжірибесі бар. Халықаралық жобаларда түрлі лауазымдарды атқару барысында ол зор техникалық және өндірістік тәжірибе алды, сонымен қатар жан-жақты коммерциялық және басқару дағдыларын игерді.
«Шелл» компаниясында Марко 2002 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ол Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, Ирак, АҚШ, Канада, Мексика, Аргентина және Бразилия сияқты елдердегі жобаларда әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.
КПО бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Марко Марсили «Шелл Италия» компаниясында «Барлау және өндіру» бөлімшесінің басқарушы директоры және басқарма төрағасы қызметін атқарған. Оған дейін ол алдымен Солтүстік Америка мен Бразилияда жаңа бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті, содан кейін жаңа тақтатас кен орындары жөніндегі коммерциялық вице-президенті ретінде АҚШ-та шамамен бес жыл жұмыс істеді.
Николаның мұнай-газ саласында 17 жылдан астам халықаралық көшбасшылық тәжірибесі бар. Ол «Эни» компаниясында өз қызметін 2006 жылы өндіріс инженері ретінде бастады және қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін Мальтадағы «Эни» филиалының бас менеджері, сондай-ақ Ливияның Триполи қаласындағы ENI North Africa (ENINA) құрамында Ливия мен Мальта өндірістік бөлімшесінің басқарушысы болып қызмет етті. Никола әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Ливия, Индонезия, Египет, Нигерия, Италия және Қазақстанда жұмыс істеді. 2016 жылдан 2021 жылға дейін Никола КПО-да өндірістің техникалық мәселелері жөніндегі бөлім бастығы және кен орны бастығы қызметтерін атқарды.
Мұхтар Манкеевтің басқару саласында тәжірибесі мол, ол өзінің еңбек жолында коммерциялық құрылымдарда да, мемлекеттік органдарда да әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған. Ол шетелдік іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие, сонымен қатар Батыс Қазақстан университетінде инженерлік білім алған.
Қарашығанақ жобасында Мұхтар өз қызметін Petrofac International компаниясында кен орындарын дамыту жөніндегі инженер ретінде бастады. Сонымен қатар, ол Финляндиядағы «Finnish Business Hub» ЖШС директоры болып қызмет етті. КПО-дағы лауазымға тағайындалғанға дейін Мұхтар Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бас директоры қызметін атқарды.
Алмасбек «Эни» компаниялар тобында 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Ол Нигерия, Мексика, Түрікменстан, Алжир, Тунис, Венесуэла және Қазақстанда өнімді барлау, өндіру, тасымалдау мен сату салаларындағы әртүрлі жобаларға қатысып, халықаралық қатынастар, экономикалық талдау мен қаржы, өнеркәсіптік жобаларды әзірлеу сияқты, сонымен қатар экспорттау және коммерциялық қызмет пен келіссөздер сияқты әртүрлі міндеттерді атқарды.
Бұрынғы қызметінде Алмасбек «Аджип Карачаганак Б.В. – Қазақстандық филиал» компаниясында жаңа бизнес мүмкіндіктер мен аймақты талдау жөніндегі басшы қызметін атқарды.
Жан Вактың әлемнің көптеген елдерінде басшылық қызметтерде жиған 20 жылға жуық тәжірибесі бар. Ол 8 түрлі елде мұнай-газ саласында барлау және өндіру, сондай-ақ өнімді сақтау және тасымалдау бағыттарында қаржымен байланысты әртүрлі қызметтерді атқарған. Білікті басқарушы-бухгалтер ретінде Жан қазынашылық, қаржылық бақылау, корпоративтік қаржы және бірлескен кәсіпорынның қаржысы бойынша терең білім жинақтап, әртүрлі жоғары басшылық лауазымдарды атқарған, соның ішінде Ирактағы Basrah Gas Company кәсіпорнында 6 жыл еңбек еткен. КПО компаниясына келгенге дейін ол «Шелл» компаниясының Мексикадағы өкілдігінде қаржы директоры қызметін атқарған.
Сергейдің халықаралық компанияларда құқықтық қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Shell және оның еншілес ұйымдарында Сергей 2007 жылдан бері басшылық лауазымдарды иеленіп келеді. КПО-ға тағайындалмас бұрын, Сергей Ресейдің Мәскеу қаласындағы Shell Exploration and Production Services (RF) B.V. компаниясында құқықтық қызмет басшысы ретінде қызмет еткен.
Оскар «Шелл» компаниясында және оның еншілес ұйымдарында 1990 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұған дейін ол Үндістанның Бангалор қаласында Shell Projects & Technology ұйымында цифрландыру жобаларының бас менеджері қызметін атқарды. Оскардың инженерлік жобалау мен жобаларды басқаруда тәжірибесі мол. Өзінің еңбек жолында Оскар «Шелл» компаниясының Нидерланды, Ұлыбритания, Нигерия, Сирия, Үндістан және Қазақстандағы еншілес ұйымдарында басшылық қызметтерді атқарып келеді.
Роккантонио Eni Group компаниясында 2002 жылдан бері корпоративті деңгейде және шетелде халықаралық жобаларда әртүрлі басшылық қызметтер атқаруда. Ол энергетика және мұнай-газ салаларында тәжірибесі бар, жұмыстың нәтижелі және тиімді орындалуына ұмтылатын білікті басшы. Қазіргі тағайындалғанға дейін ол Eni компаниясының табиғи ресурстар бөлімшесінде корпоративтік вице-президент / қауіпсіздік жөніндегі басшы және GSA-да (Алжирдің Сахара шөліндегі Eni-Sonatrach бірлескен кәсіпорны) бас директор қызметін атқарды. Сонымен қатар, Роккантонионің Қазақстанда КПО компаниясында өндіріс директоратының ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің бастығы және қауіпсіздік техникасының корпоративтік мәселелері жөніндегі бөлім бастығы ретіндегі жұмыс тәжірибесі бар.
Слушаштың еңбек ресурстарын басқару саласындағы басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар. Соңғы қызметінде ол КПО компаниясының еңбек ресурстарын басқарушысы лауазымында жұмыс істеді. КПО-ға келгенге дейін Слушаш Agip Kazakhstan North Caspian Operations Company, NC Production Operations Company B.V., North Caspian Operations Company B.V. сияқты ірі мұнай трансұлттық корпорацияларда басшылық қызметтер атқарды. «Шелл» компаниясында Слушаш 2017 жылдан бері еңбек етеді.
КПО-ға тағайындалғанға дейін Жанат Жахметова Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Жанаттың Абердин қаласы университетінен алған мұнайгаз ісі бойынша магистр дәрежесі, сондай-ақ Алматы қаласы университеттерінің «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Есептеу техникасы мен бағдарламалық жасақтама» мамандықтары бойынша ғылымдар бакалавры дипломы бар. Бастапқы кәсіптік практикаларында Жанат «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі АҚ басқарма төрағасының орынбасары және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолының басында Жанат ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде жұмыс жасап, АТ технологияларын, құқық секторын дамыту, сондай-ақ электрондық үкімет ұлттық жобасын әзірлеу және ілгерілету салаларында бірқатар лауазымдарды атқарды. Жанат өзі бастаған жобалардың бірі, ол мұнай мен газ өндірісін есепке алудың ақпараттық жүйесі, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға онлайн-аукцион, электрондық келісімшарттар және т.б.
* Бұл лауазым Компания қызметінің барлық басты аспектілеріне цифрлық шешімдер енгізуге ден қоюға байланысты ұйымдық құрылымға 2023 жылы енгізілген болатын.
Норберттің өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол қоршаған орта инженериясы және экологиялық менеджмент саласындағы магистр дәрежесіне ие. Норберт Эни компаниясында 2006 жылдан бастап жұмыс істей бастады, ол көптеген елдерде, негізінен Африкада ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ және тұрақтылықты қамтамасыз ету бөлімінің менеджері ретінде еңбек етті. Бұған дейін ол «ENI», «ERM», «NAOC» және т.б. сияқты халықаралық компанияларда бірқатар басшылық қызметтерді атқарған. КПО-ға тағайындалғанға дейін Норберт Нигериядағы Эни компаниясының еншілес кәсіпорны Порт-Харкорт қаласындағы «NAOC» компаниясында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі корпоративтік бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.