Өндірістің тұтастығы және ТЖ басқару
ӨНДІРІС ТҰТАСТЫҒЫ
КПО өзінің өндірістік қызметіне әсер етуі мүмкін қауіптерді қадағалап, тосқауылдарды басқару жүйесін пайдалана отырып, объектінің тұтастығына төнетін қатерлердің ықтималдылығын азайтуға бағытталған жұмыстарды атқарады. Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімі өндірістік объектілердің персоналымен бірге салдарларды жұмсарту бойынша шаралар қабылдау және ірі апаттардың алдын алу үшін осы тосқауылдарды бастапқы қалпына дейін келтіру жоспарларын әзірлеу мақсатында қауіпсіздік тосқауылдарының осал жерлерін анықтау үшін үздіксіз бақылау жүргізеді.
Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін КПО, мердігер мен қосалқы мердігер жұмыскерлері арасында ірі апат қауіптерінің алдын алуға және өндіріс тұтастығы мен технологиялық қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі шаралар кешенін білдіреді.
Өндіріс тұтастығын басқару жүйесі төмендегі басты процестерді қамтиды:
- Тосқауылдарды басқару – құрылымдалған процесті қолдану және тосқауылдар моделі бағдарламалық жасақтамасы арқылы;
- Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету көрсеткіштерін талдау – тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы;
- Қолданыстағы объекттерді модификациялауға арналған өзгерістерді басқару жүйесі – өзгерістерді басқару дерекқорын пайдалану арқылы;
- Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету – талдау, аудит, тексеру мен бағалау жүргізу арқылы;
- Өндіріс тұтастығы мәдениетін арттыруға бағытталған бастамалар – механикалық ажырату процедурасы, технологиялық қауіпсіздік негіздері мен тосқауылдар моделі процесі бойынша электрондық оқыту модульдерін әзірлеу арқылы.
2023 жылы КПО Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімінде өндірістегі объектілердің процестің белгілі бір кезеңдері үшін жауапкершілік тұрғысынан тосқауылдар моделінің бағдарламалық жасақтамасын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ тосқауылдар моделін басқа бағдарламалық қосымшалармен біріктіру бойынша жұмыстар атқарылды. Осы мәселелерді шешу үшін қатерлерге жиынтық бағалау жүргізу әдістемесі әзірленіп, енгізілді. Объектілердегі тосқауылдар моделін қарап шолу бойынша ай сайынғы кеңестер өткізу практикасы енгізілді. Жаңа жұмыскерлерді тосқауылдар моделі бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға оқыту жалғасты.
Өндіріс тұтастығын қамтамасыз етумен байланысты қатерлер деңгейін төмендету мақсатында 2023 жылға арналған бірқатар міндеттер айқындалды. Олардың нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген.
4-кесте.Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету саласындағы міндеттер
2023 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2023 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2024 жылға қойылған міндеттер |
Тосқауылдар моделінің бағдарламалық жасақтамасын енгізуді жалғастыру, өндірістік объекттерде бұл жасақтаманы түсіну мен қолдана білу деңгейін арттыру. Тосқауылдар моделі бағдарламалық жасақтамасының кеңейтілген функционалдылығын одан әрі дамыту. |
Орындалуда |
|
|
Технологиялық процесс қауіпсіздігінің негіздерін (ТПҚН) енгізу тиімділігін талдау |
Орындалды |
|
|
Алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы
КПО талаптарына сәйкес технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалар (ТҚО) мен алғашқы қорғаныс қабаты тұтастығының бұзылуына (АҚҚТБ) әкелген оқиғалар алдымен анықталып, талданып, жіктеледі, содан кейін олардың қайталануына жол бермеу мақсатында түзету шаралары жүргізіледі.
2023 жыл – КПО тарихындағы ХМГӨҚ 456 стандартымен айқындалғандай 1-ші немесе 2-ші деңгейдегі АҚҚТБ әкелген оқиғалар тіркелмеген екінші жыл (біріншісі 2014 жылы болған). 2023 жылы 3-деңгейдегі АҚҚТБ әкелген 11 оқиға орын алды (оның 3-і ұңғыманың бақылаудан шығуымен байланысты болды). 2022 жылы 3-деңгейдегі АҚҚТБ 3-әкелген 12 оқиға тіркелді.
2023 жылы орын алған технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалардың негізгі себептері – жабдық ақаулары, бақылау жүйесі мен сапаны бақылау мәселелері.
1-cызба.Объектілер бойынша КПО технологиялық жабдығының алғашқы қорғаныш қабаты тұтастығының бұзылуы жағдайлары, 2021–2023 жж.
Технологиялық қауіпсіздікпен байланысты оқиғаның (1/2/3-деңгейлі) анықтамасымен танысу үшін ХМГӨҚ № 456 халықаралық стандартын қараңыз.
2023 жылы Компания технологиялық жабдықтың тығыздығын және қатерлерді жоюды қоса алғанда, объектінің тұтастығын қамтамасыз етудегі негізгі қатерлерді немесе тосқауылдарды жоюға бағытталған бірқатар шара өткізді. Оның ішінде технологиялық жабдықтардың бүтіндігін қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстары, кейбір қосалқы бөлшектер мен істен шыққан жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Тосқауылдар моделіне қатысты 26 қатер жойылды: 10 – жоғары деңгейлі қатер, 14 – орташа деңгейлі қатер, 2 – төмен жоғары деңгейлі қатер. Аталмыш шаралар тосқауылдар моделі қосымшасында ескерілген барлық қатерлердің салдарын азайту бойынша тиімді шараларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпсіздік моделі шеңберіндегі барлық мәселелер бойынша қажетті қалпына келтіру жоспарларын қамтамасыз етуге бағытталған. Жедел персоналды ТМ қосымшасын пайдалануға үздіксіз оқыту және нұсқау беру жалғасуда.
2024 жылы тосқауылдарды басқару үдерісі аясында келесідей негізгі шараларды іске асыру жоспарланған:
- 2024 жылға жоспарланған кестеге сәйкес үйлестірушілермен бірге объектілердегі тосқауылдар моделі бойынша алдын ала жиналыстарын және тосқауылдар моделі бойынша ай сайынғы жиналыстарды өткізуді жалғастыру.
- Салдарды азайту шараларының тиімділігін тексеруді және қалпына келтіру жоспарын іске асыруды жалғастыру.
- Тосқауылдар моделін алдағы жаңа жобалармен біріктіру процесін қолдау.
- Персоналды оқытуды және олардың хабардарлығын арттыруды жалғастыру; лауазымын ауыстырған жаңа жұмыскерлер немесе мамандар үшін ТМ бойынша таныстыру семинарларын өткізуді, сондай-ақ аталмыш тақырып бойынша электрондық оқытуды ұйымдастыру.
- Объектілердегі ТМ қатерлерін жабуға және жаңа ТМ қатерлерін есепке алуға жәрдемдесу.
- Тосқауылдарды басқару процесін күшейту. Негізгі процестердің сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар барысында анықталған ТМ қатерлері мен пайдалану тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды процестерімен байланысты қатерлерді интеграциялау.
- Объектілердегі персоналды ТМ ақпараттық панельдер мен объектілердің тұтастығын/технологиялық процестің қауіпсіздігін бақылау тақталарын пайдалануға үгіттеу, ынталандыру және оқыту.
- Қауіпсіздіктің негізгі компоненттеріне қызмет көрсетуге кешіктірілген/орындалмаған өтінімдерді қатерлерді жиынтық бағалауды талдап тексеру деңгейін арттыру мақсатында тосқауылдар моделіне біріктіру.
Өнімнің ағып кетуі/төгілуі
2023 жылы Қарашығанақ кен орны аумағында айтарлықтай төгілу жағдайлары тіркелген жоқ1.
1КПО оқиғалар жіктеліміне сәйкес, «елеулі ағып кету/төгілу» анықтамасы көмірсутектердің/химиялық реагенттердің топыраққа/су бетіне 1 000 литрдан асатын көлемде төгілуі салдарынан туындаған қоршаған ортаны ластаумен байланысты оқиғаға қатысты қолданылады.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БАСҚАРУ
КПО компаниясында оқиға, апат немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда бірінші кезектегі іс-шараларды жүргізу, ТЖ ауқымын бағалау, ТЖ оқшаулау және жою, сондай-ақ салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарды жоспарлау және іске асыру үшін қажетті сенімді үш деңгейлі апаттық әрекет ету жүйесі жұмыс істейді.
Графикалық түрде жүйе 6-суретте көрсетілген.
6-сурет.КПО апаттық әрекет ету жүйесі
2023 жылы КПО бекітілген кестеге сәйкес апаттық басқару штабтарын дайындау жұмыстарын жалғастырды.
2023 жылы келесі КПО азаматтық қорғаныс құралымдарының қатысуымен апта сайын теориялық және практикалық оқу-жаттығулар өткізілді:
- өрт сөндіру қызметтері;
- газдан құтқару қызметі;
- ерікті авариялық-құтқару құралымдары;
Медициналық құралымдар.
Оқу-жаттығу полигонында КПО азаматтық қорғаныс құралымдарының қатысуымен барлығы 43 жаттығу өткізілді.
Бұдан басқа 2023 жылы КПО ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық оқыту жүйесі базасында азаматтық қорғау бойынша персоналды оқытуды жалғастырды.
I деңгейдегі күштер мен құралдарды дайындау шеңберінде 2023 жылы Компанияның барлық қауіпті өндірістік объектілерінде ай сайын объектінің Апаттық басқару штабының, авариялық-құтқару қызметтерінің және КПО мен мердігер ұйымдар персоналының қатысуымен апатқа қарсы жаттығулар өткізді.
2023 жылы бірінші деңгейдегі апаттық басқару штабтарының және авариялық-құтқару құрамаларының әрекеттерін пысықтау үшін КПО объектілерінде 113 оқу-жаттығу өткізілді (2022 жылы 114).
2023 жылы Компанияда 13 оқу-жаттығулар өткізілді, оның 7-і 2-деңгейдегі апаттық басқару тобының (АБТ) қатысуымен өткізілді.
2023 жылы сүзгілі құтқарғыш киюдің практикалық дағдыларын пысықтау бойынша келесі жаттығулар өткізілді:
- AVON NH – 15-50 оқу-жаттығу сабағы, 1 677 адам оқытылды.
- Эвакуациялық тыныс алу аппараты – 54 оқу-жаттығу сабағы өткізілді, 802 адам оқытылды.
2-cызба.2021–2023 жылдары өткізілген апатқа қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылдары
КПО жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны мен өрт қаупі бар және қысқы кезеңдерде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда. 2023 жылдың наурыз айында апаттық-құтқару қызметтері мен КПО құрылымдарының өкілдері бірнеше күн бойы Бөрлі ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетті.
2023 жылы КПО апаттық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдері ауыл шаруашылығы объектілерінің, шаруашылық құрылыстарының дала өрттерін сөндіруге және орман белдеулерінің жануын сөндіруге көмек көрсету үшін елді мекендерге 16 рет шықты.
2023 ЖЫЛЫ БІРІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ АПАТТЫҚ БАСҚАРУ ШТАБТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚҰРАМАЛАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІН ПЫСЫҚТАУ ҮШІН КПО ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ
113ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
2023 жылы көктемгі су тасқыны болды, онда АБТ-ның II деңгейлі штабы жергілікті тұрғындар мен КПО-ны қолдау және қалпына келтіру шараларына екі рет жұмылдырылды.
ІІ және ІІІ деңгейдегі штаб мүшелері дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік берген келесі оқу-жаттығуларға қатысты:
5-кесте.2023 ж. өткізілген II және III деңгейлі оқу-жаттығулар
Оқу-жаттығу түрі |
Күні |
Міндеттер |
Қатысушылар |
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу |
20 қыркүйек 2023 ж. |
«Жайық өзені мен ҚАТЖ құбырының қиылысында мұнай төгілуін жою бойынша күштер мен құралдардың іс-әрекеттері». Оқу-жаттығу барысында мұнайды ұстап қалуға және су бетінде мұнай өнімдерін жинауға арналған жабдықты жеткізу және орналастыру бойынша апаттық-құтқару қызметтерінің іс-әрекеттері, ҚАТЖ экспорттық құбыр жолдың желілік бөлігінде мұнай өнімдерінің төгілуі туындаған кезде АБШ мен АБТ-ның бірінші кезектегі іс-әрекеттері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және БҚО ТЖД-мен өзара іс-әрекеттер пысықталды. |
АҚҚ және БҚО ТЖД-мен бірлескен КПО құралымдары |
“DIAMOND” командалық-штабтық оқу-жаттығуы |
24 қазан 2023 ж. |
«9 881 ұңғымадағы 258-ші бұрғылау қондырғысында ұңғыманы бақылаудың жоғалуы». Оқу-жаттығудың мақсаттарына мыналар кірді:
|
КПО АӘ I, II, III-деңгейлі штабтардың персоналы, PARIS тобы |
ТЖ мәселелері бойынша жергілікті халықпен қарым-қатынас
КПО елді мекен тұрғындарына ҚМГКК және ҚАТЖ экспорттық құбыр желісі аумақтарында ТЖ туындаған кезде әрекет ету тәртібі туралы елді мекендердің тұрғындарын хабардар ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Осы сияқты хабардар ету жұмыстары өрт қаупі бар кезеңдегі жалпы өрт қауіпсіздігі талаптарына қатысты жүрізіледі.
2023 жылы бекітілген жоспарға сәйкес ҚМГКК аумағы бойынша орналасқан 184 адамды қамтыған елді мекен тұрғындарымен келесі тақырыптарда 22 кездесу өткізілді: орталық мониторинг станциясының рөлі, апаттық құлақтандыру станциясы және олардың мақсаты, өрт қаупі бар кезеңде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізудегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
Атырау облысының Индербор және Махамбет аудандарындағы ҚАТЖ экспорттық құбыр жол бойындағы елді мекендердің 193 тұрғынымен 21 кездесу өткізілді.
Кен орнынан қауіп төнген жағдайда елді мекен тұрғындарын эвакуациялау кезінде ауылдық округтер әкімдіктері мен жауапты тұлғалардың бірлескен іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған 12 практикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы және апаттық құлақтандыру станциясының жабдығы іске қосылды, сондай-ақ апаттық қызмет орталығының диспетчерімен өзара іс-қимыл пысықталды. Практикалық оқу-жаттығуларға 133 адам қатысты.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНДЕРБОР ЖӘНЕ МАХАМБЕТ АУДАНДАРЫНДАҒЫ ҚАТЖ ЭКСПОРТТЫҚ ҚҰБЫР ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ 193 ТҰРҒЫНЫМЕН 21 КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.
Жыл бойы Приуральное және Жарсуат елді мекендерінде КПО барлық тұрғындарды «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналымен толық қамту мақсатында қосымша С-40 сиреналарын орнатты. Димитроводағы апаттық құлақтандыру станциясында S-40 сиренасын қашықтан іске қосу үшін GSM модулі орнатылды.
Елді мекендердегі апаттық құлақтандыру станцияларының әрдайым әзір болуын қамтамасыз үшін 2023 жыл ішінде КПО апаттық әрекет ету тобының халықты қорғау жөніндегі мамандары мердігер ұйымның өкілдерімен бірлесіп, апаттық құлақтандыру дабылдары мен дауыс зорайтқыш жүйелерін ай сайын тексеруден өткізіп, осы жабдыққа техникалық қызмет көрсетті. Аталмыш апаттық құлақтандыру станциялары кен орны периметрі бойынша орналасқан сегіз елді мекенде орнатылған.
Өндіріс тұтастығын қамтамасыз ету бөлімінің басты мақсаты – ірі апаттардың алдын алу және жұмыскерлерге, қоршаған ортаға, өндірістік объектілерге төнуі мүмкін, сондай-ақ Компания беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қауіп-қатерлерді азайту. Бұл міндеттердің орындалуына сауатты жобалау, құрылыс, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ықпал етеді.
Объект тұтастығы технологиялық процестерді жүзеге асыратын конструктивті берік және механикалық жарамды объектілер болған кезде ғана қамтамасыз етіледі. Ауқымды оқиғаның туындау қатерін іс жүзінде ең төменгі орынды деңгейге дейін төмендету мақсатында жабдыққа, персоналға және процестерге қатысты тосқауылдар айқындалады.
Апаттық әрекет ету және дағдарыс жағдайларын басқару КПО-ның басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады, өйткені апаттық жағдай ушыққан жағдайда, КПО және мердігер ұйымдардың жұмыскерлері, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары қауіпті және зиянды факторлардың ықтимал әсер ету аймағында қалуы мүмкін.
Төтенше жағдайларға дайын болу және әрекет ету ықтимал штаттан тыс жағдайлар мен апаттарды анықтауды, сондай-ақ осындай апаттар салдарының адамдарға, қоршаған ортаға, Компания активтері мен беделіне әсерін барынша азайту үшін ұйымдық құрылым мен ресурстарды қалыптастыруды болжайды. Бұл ресурстар Бөрлі ауданының мемлекеттік авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарына қоныстану аумақтарындағы және ауыл шаруашылығы жерлеріндегі өрттермен, сондай-ақ су тасқыны салдарымен күресте қолдау көрсету үшін пайдаланылады.