Жұмысқа орналасу тәжірибелері

ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Жұмыскерлер

Біз бір-бірімізге сыйластықпен, әділ және ізетпен қараймыз.

Біз әріптестеріміздің түрлі мәдениетін және жұмыс істейтін қауымдастықтарды қолдаймыз және құрметтейміз.

Біз мәдени-этникалық әртүрлілікті, сондай-ақ әртүрлі сенімдерді, дағдыларды, білімді және тәжірибені бағалаймыз.

Кадрлық саясат

Табысты бизнес үшін қажетті негізгі шарттардың бірі – білікті және дарынды мамандарды тарту және компанияда сақтап қалу.

КПО болашағынан үміт күттіретін үміткерлерді жұмысқа тарту және жұмыскерлердің компанияда тұрақтамау қаупін төмендету мақсатында Қазақстандағы мұнай өндіру саласындағы компаниялар арасындағы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жағдайлар ұсынады. КПО-ның жұмыс беруші ретінде тартымдылығының тағы бір себебі – Компания өзіне алған міндеттемелерін орындайды және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтайды.

КПО қызметкердің нәсіліне, түсіне, дініне, жасына, жыныстық бағдарына, гендерлік сәйкестігіне, отбасылық жағдайына, мүгедектігіне, этникалық шығу тегіне немесе ұлтына байланысты кемсітушілікке жол бермеу бойынша іс-шаралар өткізіп, әр қызметкерге тең мүмкіндік береді. Бұл бізге ең қабілетті, ең дарынды адамдарды тартуға көмектеседі. Барлық кадр шешімдері, соның ішінде жұмысқа алу, аттестаттау, жұмыс бабында жоғарылау, кәсіптік даярлау және дамыту, тәртіптік ықпал ету шаралары, өтемақы төлеу және жұмыстан шығару сияқты сұрақтардың шешімдері жұмыскердің еңбегі, біліктілігі, өндірістік көрсеткіштері және басқа да іскерлік пайымдар бойынша ғана қабылданады.

КПО-да жергілікті қамтуды арттыру процесі шетелдік қызметкерлерді жергілікті кадрлармен алмастыру және жергілікті персоналды кәсіптік оқыту және дамыту арқылы шешіледі. Бұл барлық жұмыстардың жөнді, сапалы және халықаралық стандарттарға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл шетелдік персоналды ауыстыру барысында өндірістік қызметке мейлінше аз қауіп-қатер төндіруге және қойылған мақсаттарға сапаның ең жоғары деңгейін қамтамасыз етіп қол жеткізуге ықпал етеді. Ол үшін КПО-да әрбір жұмыскердің жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылатын Кадрларды даярлау бойынша жылдық жоспар әзірленеді. Оқу бағдарламаларын ұсыну арқылы Компания:

  • ӨБТК-нің 7-қосымшасында келтірілген Қазақстандық жұмыскерлерді даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысты талаптарды мұнай-газ өнеркәсібіндегі озық халықаралық тәжірибелерге, сондай-ақ ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ және өнеркәсіптік гигиена талаптарына сәйкес орындайды.
  • Кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған және ұйымды білікті және құзыретті қызметкерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды жүзеге асырады.
  • Өндірістік мақсаттар мен міндеттерге жету үшін оқыту шараларын өткізеді.
  • Компания персоналына ҚР заңнамасының, Компанияның ішкі процедураларының және үздік халықаралық тәжірибелердің талаптарына сәйкес ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша арнайы және міндетті оқытулар өткізеді.

Әралуандық пен инклюзивтілік

Инклюзивті мәдениетті дамыту, құрметтеу және әрбір қызметкердің жынысына, жасына, ұлтына және басқа факторларға қарамастан қосқан үлесінің құндылығы компанияның табысты жұмыс істеуі үшін маңызды.

КПО компаниясының ұжымы көпұлтты. Біздің компанияда Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары еңбек етуде. Батыс Қазақстан облысының қызметкер-тұрғындары қызметкерлердің жалпы санының 82 % құрайды. Әлемнің басқа елдерінен келген шетелдік қызметкерлер бүкіл ұжымның шамамен 6 % құрайды.

Әйелдер компания қызметкерлерінің жалпы санының 27 % құрайды. Персонал арасында ер қызметкерлердің басым болуы мұнай-газ секторының ерекшеліктеріне және негізінен қауіпті факторларға байланысты өндірістік алаңдардағы жұмыстарға, сондай-ақ ерлердің дәстүрлі түрде техникалық лауазымдарға ие болуына байланысты.

Басшылық жынысына қарамастан барлық қызметкерлерге тең мүмкіндіктерді ынталандырады. Басшылар арасында (1-2 персонал санаты) әйелдер 17 % құрайды. КПО компания басшылығындағы гендерлік тепе-теңдік пен әралуандыққа ұмтылады.

Жас құрамын талдау көрсеткендей, ең үлкен топ-31 мен 50 жас аралығындағы жұмысшылар (67 %). Жаңа идеяларды енгізу үшін жас қызметкерлердің өкілдігін (8 %), сондай-ақ үлкен тәжірибе мен даналық әкелетін тәжірибелі егде жастағы қызметкерлерді (24 %) ескеру маңызды. Мұндай әр түрлі жас құрамы инновациялық және динамикалық жұмыс процесіне ықпал етеді.

Біздің ұжымда мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер де жұмыс істейді. Біз оларға қолайлы еңбек жағдайларын және компанияның жалпы табысына үлес қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін гибридті жұмыс кестесін қоса алғанда, жеке қолдау көрсетеміз. Мұнай-газ саласында қауіпсіздік бірінші дәрежелі маңызға ие болып келеді, сондықтан денсаулық жағдайы бойынша кәсіби жарамдылығын қойылатын талаптар жоғары. Мүмкіндігі шектеулі әріптестер негізінен кеңсе қызметтерін атқарады.

Жыл бойы Компанияда жұмыскерлерге басшылыққа және кадрлар бөліміне кері байланыс беруге мүмкіндік беретін әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Оларға жұмыскерлермен жалпы басшылық жиналыстары, жыл сайынғы компания жұмыскерлерінің пікірін білуге бағытталған сауалнама, HR Open Day Ашық есік күні, сондай-ақ кофе-брейк форматындағы директорлармен мерзімді кездесулер кіреді. Сонымен қатар, кері байланыс тікелей басшылармен жеке қарым-қатынас барысында және тәулік бойы жұмыс жасайтын жедел желі арқылы алынады. Кері байланыста алынған ақпаратқа талдау жүргізілгеннен кейін кадрлар бөлімі интранет желісіндегі ең өзекті сұрақтарға берілген жауаптарды жариялайды және анықталған мәселелердің шешімін ұсынады.

Жалпы КПО инклюзивтіліктің принципін корпоративтік мәдениеттің негізгі аспектілерінің бірі қылуға ұмтылады. Компания әрбір жеке қызметкердің бірегей дағдыларына назар аудара отырып, ұжымдағы инклюзивтік ойлау дағдысын әрі қарай дамытуда. Бұл тақырып жұмыскерлер үшін компанияның тәртіп кодексіне жыл сайынғы міндетті оқытуда да қамтылған.

КПО Әйелдер клубы

КПО Әйелдер клубы өз жұмысын 2019 жылдың мамырында әйелдер өз білгендерімен бөлісетін, бір-біріне өзара қолдау көрсететін және байланыстарын нығайтатын платформа ретінде бастады. Клубтың 5 жылдық жұмыс аясында, Компанияда қызметкер аруларды жұмыс пен өмірге қатысы бар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында бірқатар шаралар өткізілді.

Клубтың негізгі миссиясы – «Women Support Women» көзқарасты насихаттау.

Клубтың мақсаты – ҚПО компаниясының әйел жұмыскерлерінің арасында бір-бірін қолдауға негізделген позитивті мәдениетті қалыптастыру. Біз компаниямыздың барлық әйелдер үшін өздерінің потенциалдарын толық ашып, дарындары мен талпыныстарына сәйкес қалаған биіктеріне жете алатын қауіпсіз және тату жұмыс ортасы болғанын қалаймыз.

ESG бағытын ұстанатын компания ретінде ҚПО еңбек ресурстарына қатысты гендерлік үйлесімдікке ұмтылады. Осыған орай, Әйелдер клубы саладағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге және кейін оларды көшбасшылық қызметтерге тағайындауға бағытталған идеяларды қолдайды.

Сондай-ақ, кадрлар бөлімінің КПО-да іске асырылатын қызметкерлерді кәсіби дамыту бағдарламалары шеңберінде компанияда тәлімгерлік тәжірибесі белсенді енгізілуде. Осы ретте әйелдердің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлініп, стереотиптен арылу маңыздылығы туралы ашық диалог жүргізіледі.

2023 жылы ҚПО Әйелдер клубы үш сессия өткізді. Оларға жеке келіп қатысудан бөлек, сонымен қатар онлайн форматта да мүмкін болды, бұл барлық тілек білдірушілерді барынша қамтуға мүмкіндік берді. Бұл кездесулерде жанұя мен мансап арасындағы тепе-теңдік, өзіңе көңіл бөлу, спорт пен салауатты өмір салтына баулу және саяхаттау арқылы өзіңді дамыту туралы тақырыптар талқыланды. Клуб жиналыстарында әріптестеріне үлгі болып, шабыттандыратын басшылық лауазымды атқаратын әйелдерден бөлек, ынталы жас қызметкерлер де сөйледі. Тағы да басқа ұйымдар мен компаниялардан спикерлер шақырылады. Біз бұл секілді кездесулер өте пайдалы деп санаймыз. Олар біздің қызметкерлерге шабыт алуға, жеке өсуге ынталандыруға және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға көмектеседі.

ҚПО-ның Әйелдер Клубы жұмыс істейтін әйелдерді қолдау үшін, әрі олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін ұлғайту үшін, мұнай және энергетикалық компаниялардың озық тәжірибелерін қолданады. 2023 жылдың қазан айында ҚПО KAZENERGY Әйелдер Энергетикалық Клубының «EMPOWERHER ENERGY FORUM» VI форумына қатысты. Форумда КПО спикері ретінде Әйелдер клубы комитетінің мүшесі Клара Пыханова сөз сөйлеп, компанияның тұрақты даму саласындағы қызметіне тоқталды. Мұнай-газ саласын дамытуға көп жылғы белсенді үлесі үшін KAZENERGY қауымдастығының медалімен ҚПО-ның адам ресурстары және сервистік қолдау бөлімінің Директоры Слушаш Избасарова марапатталды. Сонымен қатар, KAZENERGY сурет байқауының нәтижесінде КПО-ның бес қызметкері мен олардың балаларының суреттері KAZENERGY Сонымен қатар, KAZENERGY кәдесый өнімдерін ресімдеуде пайдаланылды.

2023 жылдың желтоқсан айында ҚПО Әйелдер клубының делегациясы «Ембімұнайгаз» АҚ ұйымдастырған «Отын-энергетика кешеніндегі ESG күн тәртібіне әйелдердің қатысуы» форумына қатысты. Сессияларда әртүрлі әлеуметтік және экологиялық бастамаларды ілгерілету мен жүзеге асырудағы әйелдердің рөлі, кәсіпорындарда гендерлік тепе-теңдікті сақтау, ESG теңсіздікті төмендету тәсілдері және т.б. тақырыптар талқыланды. Клуб төрайымы Әйгерім Саргужиева «Қоғамның дамуындағы әйелдер қозғалысының рөлі» сессиясында спикер ретінде сөз сөйлеп, КПО әйелдер клубының қызметі мен клубтың алдағы жоспарлары туралы айтып өтті. КПО әйелдер клубының жыл соңында өткен қорытынды сессиясында делегация мүшелері форумнан алған әсерлерімен бөлісті.

Персонал бойынша статистика

2023 жылдың соңында Компаниядағы персоналдың саны 4 080 адамды құрады, оның 3 818-сі – Қазақстандық азаматтары және 262-сі – басқа ел азаматтары.

7-сызбада есеп берілген кезеңнің соңындағы Компаниядағы персоналдың жалпы тізімдік саны мен жұмыскерлердің сандық арақатынасы еңбек қатынастарының ерекшеліктері ескеріліп және жылдарға бөлініп көрсетілген.

6-cызба.КПО-дағы жұмыскерлер саны, 2021–2023 жылдар

2020–2021 жылдар бойынша деректер КПО-ның жергілікті және шетелдік персоналын есептеудің өзгертілген тәсіліне сәйкес 2022 Тұрақты даму есебі бойынша тұрақты даму есебінде түзетілді.

7-cызба.КПО жұмыскерлерінің еңбек шартының түріне қарай жіктелуі, 2021–2023 жылдар

2023 жылдың аяғында тұрақты жұмысшылар саны 4 002 адамды құрады, оның ішінде 1 031 әйел және 2 971 ер адам. Уақытша жұмысшылар саны 78 адамды құрады, оның ішінде 59 әйел және 19 ер адам. КПО-да жұмыспен қамтудың толық түрі ғана жұмыс істейді.

8-сызбада жұмыскерлер жынысы бойынша бөлініп көрсетілген. 2022 жылдың соңында Компанияда 2 990 ер адам және 1 090 әйел адам жұмыс істеген.

Картада Компания персоналының Қазақстан өңірлері бойынша пайыздық үлесі көрсетілген. 2022 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2023 жылы Орал қаласындағы персонал үлесінің 8,4 %-дан 12,6 %-ға дейін шамалы өскені көрінеді, сәйкесінше Ақсай қаласында жұмыс істейтін персонал үлесінің 89,6 %-дан 85,4 %-ға дейін төмендегені байқалады. Бұл өзгеріс негізінен өндіріске тартылмаған әкімшілік персоналға жататын жұмыскерлердің кейбір бөлігінің жұмыс орындарын Ақсай қаласынан Орал қаласына ауыстырумен байланысты. Оралдағы КПО-ның жаңа кеңсесі қоныс аударған келісімшарттар және сатып алу бөлімі мен өндірісті жоспарлау бөлімі үшін ашылды.

8-cызба.КПО жұмыскерлерінің жынысына қарай жіктелуі, 2021–2023 жылдар
10-сурет.КПО жұмыскерлерінің аймақтар бойынша жіктелуі, 2023 жыл
18-кесте.Жұмыскерлер санаттары бойынша бөлудегі жасы және жынысы бойынша жалпы санының %, 2023 жыл

Санат атауы

Әрбір санаттағы
қызметкерлердің
жалпы санынан үлесі

Ерлер

Әйелдер

30 жасқа дейін

31-50 жыл

51 жастан бастап

1

Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары

0,3

0,27

0,02

0

0,15

0,15

2

Құрылымдық бөлімшелер жетекшілері

20,3

16,8

3,5

0,05

14,2

6,05

3

Мамандар

52,2

29,9

22,3

4,6

40

7,6

4

Білікті мамандар

27,2

26,4

0,8

3,5

14,2

9,5

9-сызбада жалдамалы жұмыскерлердің тұрақтамауы бойынша 2023 жылы деректер келісімшарт түрін ескермей, жас топтары бойынша бөлініп көрсетілген.

10-сызбада 2023 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына дейін компаниядан кеткендер мен қабылданғандардың саны мен 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жалдамалы жұмыскерлердің жалпы тізімдік санының арақатынасы ерлер мен әйелдерге бөліп көрсетілген. 2023 жылы КПО-да жұмысқа жаңадан алынған жұмыскерлер саны жұмыскерлердің орташа тізімдік санының 4,9 %-ын құраған болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 5,9 %-ға жетті. Жұмыстан шыққан жұмыскерлер үлесі 5,3 %-ды құрады.

9-cызба.Кадрлардың тұрақтамауының жас санаты бойынша жіктелуі, 2023 жыл (жалдамалы жұмыскерлер)
10-cызба.Кадрлардың тұрақтамауының гендер бойынша жіктелуі, 2023 жыл (жалдамалы жұмыскерлер)

Тұрақтамау коэффициентін есептеу формуласы 2022 жылғы деректермен салыстырғанда өзгертілді: тұрақтамаудың жалпы көрсеткішіне өз қалауы бойынша жұмыстан шыққандардың, зейнетке шыққандардың және есепті кезеңде тәртіптік жаза бойынша жұмыстан шығарылғандардың саны кіреді.

2022 жылы кадрлардың тұрақтамау көрсеткіші 4,9 % болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 5,3 %-ды құрады (11-кестені қараңыз).

11-cызба.Кадрлардың тұрақтамау көрсеткіші (жалдамалы жұмыскерлер), 2021–2023 жылдар

Тұрақтамау коэффициентін есептеу формуласы = есепті жылы компаниядан кеткендердің саны / сол кезеңдегі жалдамалы персоналдың нақты саны × 100.

КПО өз жұмыскерлерінің жұмыс орнын сақтау құқығын құрметтейді. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес әрбір жұмыскер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс алуға құқылы. 2023 жылы жүктілікке және босануға байланысты, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыс алған жұмыскерлердің 204 % есепті кезеңде жұмыстарына оралды, ал жұмыскерлерді компанияда сақтап қалу пайызы 96 % құрады. Қайтып келу коэффициенті жоғары, өйткені 2023 жылы бала күтімі бойынша демалысты бір жылдан астам мерзімге рәсімдеген қызметкерлер жұмысқа оралды.

12-сызбада 2023 жылы жүктілікке және босануға, сондай-ақ, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс алған жұмыскерлердің және демалыстан шығып қайтып келген жұмыскерлердің саны жынысы бойынша бөлініп көрсетілген. Сондай-ақ, кен орнында жұмыс істейтін жүкті әйелдер қалаға жұмысқа ауыстырылады.

12-cызба.Бала күтіміне байланысты демалыстар бойынша КПО деректері, 2023 жыл.

Еңбек қатынастары 

Кері байланыс механизмдері 

Компанияда кері байланыстың бірнеше механизмдері бар: Еңбек ресурстары және қызметтер директоратына тікелей немесе кәсіподақ арқылы, сондай-ақ анонимдік «Жедел желі» арқылы жүгіну мүмкіндігі бар.

2023 жылы Еңбек қатынастары және тәртіпке қатысты мәселелерді тергеу бөлімінің жұмысы еңбек тәртібін бұзудың алдын алуға бағытталған. Атап айтқанда, есепті кезеңде компания қызметкерлерімен, оның ішінде кен орнының, Орал және Ақсай қалаларының кеңселерінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Үлкен Шаған кенті мен Атырау қаласының маңындағы терминалдарда 42-ге жуық оқыту сессиясы өткізілді. Сонымен қатар, Еңбек тәртібінің қағидалары және жұмыс берушінің басқа да актілерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы жедел хабарламалар коммуникациясы іске қосылды.

2023 жылы профилактикалық жұмыстарды жүргізудің арқасында Еңбек ресурстары және қызметтер директорат шағымдарды қосқанда 67 өтініш алды, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда еңбек тәртібін бұзу санының шамамен 30 %-ға төмендегенін көрсетті. 63 өтініштің ішінен 43 Еңбек қатынастары бөлімінің өтінімдер механизмі арқылы, ал 24 жедел желі арқылы түсті. Түскен шағымдарда еңбек тәртібінің бұзылуы, жұмысқа орналасу, дауларды шешу, қызметтік өкілеттікті асыра қолдану, мердігер қызметкеріне қатысты заңсыз әрекет мәселелері қозғалған. Келіп түскен барлық шағымдар қаралды және шешілді, шағымдардың бір бөлігі сотқа дейінгі тәртіпте және істер келістіру комиссиясында қаралғанға дейін шешімін тапты.

Сонымен қатар, қызметкерлерімізді материалдық емес ынталандыру бойынша өткізілген жұмыстарды атап өткен жөн. Осылай есепті кезең ішінде компанияның 25 ҚР Энергетика министрлігінің, Қазэнерджи қауымдастығының ведомстволық марапаттарын қоса алғанда, сондай-ақ БҚО және Бөрлі ауданы әкімінің атынан түрлі марапаттарға ие болды

Салауатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды қолдау бағдарламасы сәтті іске қосылды және іске асырылды, онда кәсіподақтармен бірлесіп тоғыз ірі спорттық іс-шара өткізілді: футболдан төрт жарыс, волейболдан турнир, баскетболдан турнир, күрестен «Қазақша күрес» турнирі, үстел теннисінен турнир, және жүзуден турнир.

Сондай-ақ, персоналмен жұмыс бөлімінің белсенді қатысуымен Ақсай қаласында екі сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді.

Кәсіподақ ұйымдарымен жүргізілетін жұмыс

Ұжымдық келіссөздер жүргізу – Компания жұмысының маңызды бір бөлігі. Жұмыскерлердің құқығын қорғау және қолдаудағы негізгі рөлдердің бірін кәсіподақ атқарады. Кәсіподақтар әлеуметтік және еңбек қатынастарының түрлі бағыттарын қамтитын Ұжымдық шарт жобаларын әзірлейді және Компаниямен жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту туралы келіссөздер жүргізеді. КПО жұмыскерлерінің мүдделерін қорғайтын төрт кәсіподақ бар:

  • «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ;
  • «КПО Б.В. және мердігер ұйымдар жұмыскерлерінің Қарашығанақ жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
  • «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы «TRUST» және мердігерлер компаниялары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ
  • «Бөрлі мұнай-газ секторы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ

КПО Ұжымдық шарты кәсіподақтарға мүше ретінде тіркелген не тіркелмегеніне қарамастан, КПО-ға қабылданған барлық қызметкерлерді қамтиды. 

2022–2024 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес бірқатар әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің мөлшері өсірілді және жаңалары қосылды. Атап айтсақ, алғы төлем, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлердің отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек, 3 және одан да көп мектеп жасындағы балаларды (18 жастағы балаларды қоса алғанда) тәрбиелеп отырған жұмыскерлердің отбасыларына көрсетілетін көмек, сондай-ақ басқа жұмыскердің қызметін қоса атқарғаны үшін төленетін төлемнің проценті мөлшері арттырылып, айлық базалық еңбекақының кемінде 10 % мөлшерінде қылып бекітілді. Сонымен қатар, «Карачаганакгазпром» АҚ немесе Компания құрамында қызмет етіп жүріп зейнеткерлікке шыққан ардагерлерге бірқатар жеңілдіктер беріледі, соның ішінде мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне төленетін сыйлықақы мөлшері арттырылады деп келісілді.

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУДАҒЫ НЕГІЗГІ РӨЛДЕРДІҢ БІРІН КӘСІПОДАҚ АТҚАРАДЫ.

2024 жылы кәсіподақ ұйымдарымен 2025–2027 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт жасасу бойынша келіссөздер жүргізу жоспарланған.

Еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасы 

Компания Ұжымдық шарт және ҚР 2017 жылғы Еңбек кодексі (52-бап) шеңберінде әрекет ететін Еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасын қолдануды қолдайды. Бағдарлама 58 бен 63 жас аралығындағы ер адамдарға және 56 пен 61 жас аралығындағы әйел адамдарға қатысты қолданылады. 2023 жылы компанияның 57 жұмыскері еңбек қатынастарын өз еркімен бұзу туралы өтініш берді (2022 жылы – 42 жұмыскер, 2021 жылы – 43 жұмыскер, 2020 жылы – 43 жұмыскер, 2019 жылы – 42 жұмыскер, 2018 жылы – 24 жұмыскер, 2017 жылы – 45 жұмыскер).

2022 және 2023 жылдары еңбек қатынастарын біржолғы ерікті түрде бұзу бағдарламасы қолданылмады және нәтижесінде жабылды. Бұл бағдарлама іске асырылған қызметкерлер санын қайта қарау жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін 2021 жылы бір рет енгізілді.

Еңбекақы және жеңілдіктер 

Кез келген бизнестің жетістікке жетуі көбіне оның жұмыскерлерінің біліктілігіне, дағдылары мен ынтасына байланысты болады, сондықтан КПО кадрлық саясаты кәсіптік ұжымды құру және оны дамыту, сондай-ақ оның ынтасын арттыру арқылы нарықта алған жетекші орынды нығайтуға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, жұмыстың тиімді орындалуын ынталандыруға бағытталған.

Жұмыскердің біліктілігіне, қызметінің күрделілігіне, орындалған жұмысының саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес ақы алу құқығын жүзеге асыру мақсатында КПО мынадай құралдарды қолданады:

  • жалақыны белгілеудегі әдістемелік тәсілге негізделген еңбекақы төлеу жүйесі;
  • ұйымдық құрылымды тиімді басқару, сондай-ақ еңбекақының негізділігін қамтамасыз ету үшін лауазымдарды бағалау жүйесі;
  • персоналдың жұмысты орындауы мен дамуын жыл сайынғы бағалау процесі;
  • еңбек етуге лайықты жағдай жасауға мүмкіндік беретін ауқымды қосымша жеңілдіктер тізімі.

Жоғарыда аталған барлық құралдарды жүйелендіру және қолдану үшін КПО-ның ұйымдық процестер мен еңбекақы төлеу бөлімі қазақстандық персоналға арналған еңбекақы, жәрдемақылар және жеңілдіктер бойынша КПО саясатын дайындайды. Ұжымдық Шарттың ережелері саясатта ескеріледі.

Бұл саясат жыл сайын Басқару жөніндегі бірлескен комитетпен (ББК) мақұлданады.8 Саясатты мақұлдау кезінде дауыс беру әдісі қолданылмайды. Егер тараптардың кем дегенде біреуі Саясаттың қандай да бір ережесімен келіспейтін болса, құжат мақұлданбайды және одан әрі қайта қарауға қайтарылады.

ӨБТК-нің 7-қосымшасының 5-тармағына сәйкес аталмыш Саясат қазақстандық мұнай-газ секторының тиісті жалақыларымен, жәрдемақыларымен және жеңілдіктерімен салыстырғанда жергілікті персоналдың жалақысының, жәрдемақылары мен жеңілдіктерінің көлемі шамалас болуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған және жергілікті персоналды тарту, компанияда сақтап қалу және ынталандыру құралы ретінде пайдаланылады.

Еңбекақыны белгілеу процесі КПО-ның ішкі аудиті, сондай-ақ, бас компаниялардың аудиті арқылы бақыланады. 2022 жылы жүргізілген аудит нәтижесі бойынша «Қанағаттарлық» деген қорытынды шығарылды9.Бұл бағалау 2023 жылға қатысты болды. Еңбекақы жөніндегі саясатқа сәйкес, қазақстандық персоналдың базалық жалақысы берілген жеке грейдке сәйкес белгіленеді, ал әр грейдтің белгілі бір белгіленген диапазоны бар. Грейд жеке лауазымның салыстырмалы маңыздылығын және оның компания лауазымдарының иерархиясындағы деңгейлерін анықтайды. Грейдтер барлық жұмыскерлерге, оның ішінде жоғары басшылыққа да тағайындалады.

8 ББК құрамы мен оның қызметтері туралы ақпарат «Ұйым құрылымы және басқару тәсілдері» тарауында берілген.

9 Аудит процестері жөніндегі толық ақпаратты «Басқару / Бизнес-процесстердің тиімділігін қамтамасыз ету» тарауынан оқуға болады.

19-кесте.Жұмыскерлер санаты бойынша әйелдердің орташа базалық жалақысының ерлердің орташа базалық жалақысына қатынасы

Санаты

2023

1 Бірінші басшылар

-*

2 Құрылымдық бөлімшелер жетекшілері

1,2

3 Мамандар

0,9

4 Білікті мамандар

1,2

*Ескерту: 1-санатты тек ер адамдар ұсынады.

КПО-ның бірінші басшылары, Бас директордың орынбасары мен үкіметтік ұйымдармен әрекеттесу жөніндегі директордан басқа, бас компаниялардың іссапарға жіберілген қызметкерлері болып табылады. Олар алатын сыйақыны және басқа да төлемдерді бас компаниялар белгілейді және төлейді. Компания директорларды қоса алғанда, КПО-мен еңбек шарты бар барлық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің тұрақты және ауыспалы бөліктерін белгілеуге бірыңғай тәсілді қолданады және жалақыны айқындау үшін негіз болып табылатын өзінің барлық қызметкерлері үшін бірыңғай еңбекақы төлеудің грейдтік құрылымын пайдаланады.

20-кесте.Ұйымдағы ең жоғары ақы алатын жұмыскердің базалық сыйақысы мен тікелей еңбек шартын жасасқан барлық қызметкерлердің орташа базалық сыйақысының арақатынасы, 2020–2023 жылдар

2023

2022

2021

2020

6,7

6,8

6,8

6,7

Ескертпе: Есепке енгізілген сыйақы түрі – базалық еңбекақы. Деректер толық жұмыспен қамту эквиваленті мөлшерлемелерін қолдану арқылы жасалды.

Сонымен қатар КПО ҚР мұнай-газ нарығындағы еңбекақы төлеу деңгейін назарға алады және жыл сайын салыстырмалы талдау жүргізеді, оның нәтижесінде белгілі бір лауазымдардағы еңбекақы деңгейін түзету қажет екені анықталуы мүмкін.

КПО жыл сайын Willis Towers Watson компаниясы өткізетін мұнайгаз саласындағы еңбекақыларға шолуға қатысады. КПО еңбекақысын 2022 жылғы мұнай-газ еңбек нарығымен салыстыру нәтижелері бойынша 2023 жылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында 1 100-ден астам қызметкердің еңбекақысын арттыру жүзеге асырылды. 2023 жылы жүргізілген нарықтық талдау Компания қызметкерлерінің орташа еңбекақысы Батыс Қазақстан облысы бойынша орташа көрсеткіштерден асып түскенін көрсетті. Осы ретте 2024 жылға персоналды компанияға тарту және компанияда сақтап қалу тәсілін өзгертуге қатысты шешімдер жоспарланған.

КПО-ға жұмысқа алынатын мамандардың ең төмен жалақысы ұжымдық шартта жазылады және жұмыскерлердің жынысына қарамастан тағайындалады.

Жіберуші тараптар (кадрлық агенттіктер) арқылы тартылатын жұмыскерлердің де, КПО жұмыскерлерінің де жалақысы КПО-да қолданылатын бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесінің негізінде белгіленеді, бұл жұмыскерлердің ең төменгі жалақы деңгейі бойынша айырмашылық жоқтығын көрсетеді.

Қолданыстағы процедураларға аясында КПО өз жұмыскерлерінің еңбекақысын жыл сайын қайта қарап отырады. Бұған жұмыскерлердің айлық базалық еңбекақысын ҚР бойынша жыл басындағы ресми инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде индекстеу, жыл бойы орындаған жұмысының қорытындысы бойынша оң баға алған жұмыскерлерге жыл сайынғы сыйлықақы төлеу, сонымен қатар еңбекақыны жекелей көтеру және қосымша бір жолғы төлемдер төлеу сияқты шаралар кіреді.

Кәсіподақтармен келісім бойынша 2022 жылғы инфляция деңгейін ескере отырып, еңбекақыны индекстеу екі кезеңге бөлінді:

  1. 2022 жылғы 1 тамыздан бастап еңбекақының мерзімінен бұрын жалпы өсуі 7,5 %;
  2. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 13 % – ға арттыру.

Осылайша, екі жалпы өсімнен кейінгі жалпы әсер 21,5 % құрады, бұл 2022 жылғы инфляция деңгейінен сәл асып, 20,3 % құрады (ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2023 жылғы қаңтарда). Компаниямен еңбек шарты бар барлық қызметкерлерге ақшалай төлемдер мен ақшалай емес сыйақылардан тұратын жеңілдіктер жиынтығы ұсынылады. Жеңілдіктердің басым бөлігі ұжымдық шарт аясында қамтылған. 2022–2024 жылдарға арнап жасалған Ұжымдық шарт талаптарына сәйкес КПО мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің күніне орай, ӨБТК-нің қол қою мерейтойына орай жұмыскерлерге сыйлықақы береді, сонымен қатар денсаулықты қалпына келтіруге арналған материалдық жәрдемақы төлейді. Бұл төлемдердің мөлшері жұмыскердің жеке грейдіне де байланысты. КПО-да жіберуші тараптар (кадрлық агенттіктер) арқылы жұмыс істейтін жұмыскерлерге қатысты олардың жұмыс берушілерінің ұжымдық шарттары қолданылады.

Ұжымдық шарттың ережелеріне сәйкес КПО компаниясы сырттай оқитын жұмыскерлеріне емтихан тапсыру мақсатында төленетін оқу демалысын (жылына 14 күн) алу құқығын береді. 2023 жылы мұндай құқығын 20 жұмыскер пайдаланды.

Персоналдың жұмысты орындауын, дамуын бағалау және тоқсандық сыйлықақы

Персоналдың жұмысты орындауын және дамуын бағалау кері байланыс беру құралдарының бірі болып табылады және еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін бақылауға және оны жақсартуға бағытталған.

Жұмыс процестерін жетілдіру және оңайлату мақсатында 2023 жылғы жұмыстардың орындалуын бағалау және персоналды дамыту процесіне өзгерістер енгізілді. Бұл өзгеріс жұмысы ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуді көздемейтін персонал санаттары үшін жұмыстың тиісінше орындалуын және еңбек тәртібінің сақталуын уақтылы ынталандыруды қамтамасыз етеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанынан бастап көмекші және қолдаушы техникалық персоналға жататын қазақстандық қызметкерлер жұмыстардың орындалуын жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша жылдық сыйлықақының орнына ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша компанияның талаптарын және жұмыс берушінің тиісті актілерін сақтаған жағдайда тоқсан сайынғы сыйлықақылар алады.

Жұмыстардың орындалуын бағалау және персоналды дамыту процесі енді мамандар мен басшылар лауазымдарын атқаратын қазақстандық қызметкерлерді ғана қамтиды. Компаниядағы жұмыс ұзақтығына қатысты талап өзгеріссіз қалады – кем дегенде алты ай.

Жыл басында тікелей жетекшілер қарамағындағы жұмыскерлерге олардан жұмысты орындау, тәртіп яғни өзін өзі ұстау және ҚТ сақталуы тұрғысынан не күтілетіндегі туралы айтады, сондай-ақ сол жылға қойылған мақсаттарды жеткізеді. Қойылған мақсаттар компания міндеттерін орындауға, сондай-ақ жұмыскерлерді біртіндеп дамытуға және олардың өнімділігін арттыруға бағытталған.

Мақсаттары тиімділіктің негізгі көрсеткіштері ретінде белгіленген басшылық лауазымдарды атқаратын жұмыскерлер үшін бағалау процесі екі кезеңге бөлініп жүргізіледі: осы лауазым үшін белгіленген ТНК-ге сәйкес жеткен жетістіктерін бағалау және жұмыскердің жұмысты жеке орындауын бағалау.

ПЖОДБ барысында «үздік», «тиімді» және «жақсартуды қажет етеді» сияқты бағалардан тұратын бірыңғай бағалау шкаласы қолданылады.

2023 жылдан бастап ПЖОДБ сыйлықақы мөлшері «Персоналдың жұмысты орындауын және дамуын бағалау қағидаларында» бекітілген.

Жергілікті персоналды дамыту

Персоналды дамыту – бұл КПО компаниясында үздіксіз жүзеге асырылатын процесс. Қолданыстағы оқыту және дамыту жүйесі арқылы қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің деңгейі сақталады және одан әрі арттырылады.

Бұл саладағы жұмыс өкілетті органмен бірлесіп бекітілген 2020–2025 жылдарға арналған Кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

Осылайша, 2023 жылы шетел мамандары атқарған 12 лауазымға жергілікті жұмыскерлер тағайындалып, 2 лауазым қысқартылды. 2023 жылдың желтоқсан айындағы мәліметке сәйкес, Компания ұжымының 95 %-ын жергілікті жұмыскерлер құрады. Жалпы, 1999–2023 жылдар аралығында 269 шетелдік маман жергілікті қызметкерлермен алмастырылды және шетелдік қызметкерлер атқарған 303 лауазым қысқартылды. 21-кестеде көрсеткіштер санат бойынша бөлініп көрсетілген.

Табл. 21.КПО-ның кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру көрсеткіштері, жұмыскерлер санаты бойынша көрсетілген

Санаты

Сипаттамасы

ҚР заңнамасына сәйкес талап

Кадрлардағы жергілікті қамту көрсеткіші

2023 ж.

2022 ж.

2021 ж.

1+2

Бірінші жетекшілер мен олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімше жетекшілері

70 %-дан кем емес

86 %

86 %

85 %

3+4

Мамандар/білікті жұмысшылар

90 %-дан кем емес

98 %

98 %

98 %

Сонымен қатар аталмыш бағдарламаның мақсаттарына сәйкес КПО Батыс Қазақстан облысында тіркелген мердігер ұйымдардағы жергілікті қамту статистикасын қосымша қадағалап отырады. 2023 жылы 30 компания КПО-ға кадрлардағы жергілікті қамту үлесі туралы мәліметтерін тоқсандық, жарты жылдық және жылдық негізде ұсынды. Бұл ұйымдардағы жергілікті қамту көрсеткіштері келесідей болды: «Бірінші жетекшілер мен олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімше жетекшілері» санатында – 89 %, ал «мамандар / білікті жұмысшылар» санатында – 98 %.

13-сызбада Жоғары және орта буын жетекшілерінің, ҚР азаматтарының және шетелдіктердің жасы мен жынысына қарай бойынша жалпы саны ұсынылған. Мұнда КПО-ның бүкіл ұйымдық құрылымы, оның ішінде уақытша жобалар да қамтылған.

13-cызба.Жоғары және орта буын жетекшілерінің саны (ҚР азаматтарының және шетелдіктердің) жасына және жынысына қарай, 2023 жыл

Жедел дамыту бағдарламасы 

Еңбек ресурстарын үздіксіз жоспарлау және кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында КПО кадр резервін жедел дамыту Бағдарламасын іске асырады.

Сондай-ақ бұл бағдарлама кадрлық резервті құрудың ажырамас бөлігі болып, еңбек ресурстарын жоспарлаудың үздіксіздігіне және кадрлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру бағдарламасының орындалуына, сондай-ақ кадрлар сабақтастығын жоспарлау Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде кепілдік береді.

Бұл процесс кадрлық резервті жоспарлау, талантты қызметкерлерді іріктеу, басым және дамытуды қажет ететін тұстар мен аймақтарды бағалау, сондай-ақ жеке даму жоспарларын іске асыру кезеңдерінен және соның салдарынан жоспарланған лауазымдарға тағайындалудан тұрады.

Бағдарламаның бірінші және екінші ағындары 2009–2014 жылдар аралығында өткізілді. Бағдарламаның үшінші ағыны 2017–2020 жылдар аралығында жалғасты. Үшінші ағынына қатысушылардың жалпы саны 161 адамды құрады. Бағдарламаның үшінші легі аяқталған кезде қатысушылардың 56 % жоспарланған рөлдерге қол жеткізді, ал жеке даму жоспарлары 77 %-ға жүзеге асырылды.

Аға және орта буын басшыларының жынысы бойынша пайызы, 2023 ж.
Аға және орта буын басшыларының жасы бойынша пайызы, 2023 ж.

2021 жылдың екінші жартысында КПО кадрлық резервті жедел дамыту бағдарламасының 2021–2024 жылдарға арналған төртінші легін бастады. Бөлім басшылары кадрлардағы жергілікті қамтуды арттыру жоспарын негізге алып, қабілеттері жоғары жұмыскерлердің кандидатураларын іріктеу кезеңдеріне одан әрі қатысуға ұсынды.

79 үміткердің 52-сі кадр резервін жедел дамыту бағдарламасының төртінші легіне сәтті өтті.

2022–2024 жылдар аралығында жеке даму жоспарларына сәйкес бағдарламаға қатысушыларды оқыту және дамыту процестерін іске асыру жүргізілуде.

2023 жылы даму бағдарламасы шеңберінде жаңа құралдарды игеру және алған білімдерін жұмыс орнында табысты қолдану мақсатында бірқатар іс-шаралар/ көшбасшылық бойынша форумдар өткізілді.

2023 жылы бағдарламаға қатысушылардың 39 % жоспарлаған позицияларына ие болды.

Біліктілікті басқару жүйесі

КПО компаниясында біліктілікті басқару жүйесі қызметкерлердің біліктілік деңгейін анықтаудың ең тиімді әдістерінің бірі ретінде қолданылады.

Бұл жүйе қауіпті өндірістік нысандарда жұмыс істейтін техникалық жұмыскерлердің біліктілігінің қажетті деңгейіне қол жеткізуге бағытталған және біліктіліктің жеткіліксіз деңгейіне байланысты орын алатын өндірістегі оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды барынша азайту және олардың алдын-алу мақсатында енгізілді. Бұл жүйе біліктілікті бағалау нәтижелерінің негізінде жұмыскерлерді одан әрі оқыту құралдарын дайындауға мүмкіндік беріп, осылайша жұмыскерлер арасында қауіпсіздік техникасы мәдениетін арттыра отырып, қаражаттың мақсатқа сәйкес жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Біліктілікті басқару жүйесінің саясаты бойынша КПО нысандарында немесе КПО жабдықтарымен жұмыс істейтін, келісімшартының қаупі жоғары немесе орта деңгейдегі әрбір мердігер ұйым өзінің біліктілікті басқару жүйесін әзірлеуге және өз жұмысы барысында қолдануға тиіс. Қауіп деңгейі жоғары жұмыстарды орындауға және бақылауға жауапты мердігер ұйымдардың жұмыскерлері жұмыстарды өз жауапкершілігінің деңгейіне сәйкес техникалық сауатты, қауіпсіз орындауға қажетті білімі мен дағдыларын көрсете алуға тиіс. 2019 жылдан бастап негізгі талаптар және енгізудің кезеңдері мердігер компаниялардағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша КПО тексерістері кезінде айқындалады және белгіленеді.

КПО-ның біліктілікті басқару жүйесі 2013 жылы OPITO ұйымы аккредитациясынан өтті. Үш жылда бір рет Компания осы жүйе бойынша OPITO ұйымының аккредитациясынан өтеді. Бұл аккредитацияның шарттарына сәйкес, Компанияда OPITO ұйымының сарапшыларының қатысуымен жүйенің жыл сайынғы қадағалау аудиті өткізіледі. 2023 жылдың қараша айында КПО біліктілікті басқару жүйесі аккредитациясының сәйкестігін 2024 жылдың қараша айына дейін растады. OPITO аккредитациясының шеңбері келесілерді қамтиды:

  • Кәсіби-бағытталған алты мамандық: өндіру операторлары, техник-электриктер, БӨАмА техниктері, техник-механиктер, шеберлер мен (өндірістегі) топ жетекшілері.
  • Кен орнындағы алты өндіріс нысаны мен бөлімшесі – ҚӨК, ГКДҚ-3, ГКДҚ-2, Экоорталық, техникалық қызмет көрсету бөлімі және ұңғымаларды пайдалану мен өндіру бөлімі.

2023 жылы техникалық біліктілікке ие 741 жұмыскер бастапқы бағалаудан өтіп, біліктілікті растау сертификаттарын алды. Нәтижесінде КПО техникалық жұмыскерлердің біліктілігі стандарттарының талаптарына сәйкестік бойынша 68 %-дық көрсеткішке қол жеткізді.

Біліктілікті басқару жүйесін кеңейтудің 2022–2024 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 2-тоқсанының соңында соңында 2022 жылы басталған ҚӨК зауытында, химия зертханасында өнеркәсіп топтарының жетекшілерінің біліктілігін қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталды. Әрі қарай, ол кен орны нысандарын модификациялау бөлімінде, сондай-ақ орталық техникалық қызмет көрсету бөлімі инженерлерінің БӨАмА мамандықтары және механикалық жабдықтар мамандықтары бойынша іске қосылды.

Құзыреттілікті бағалау процесі 220-ден астам топ басшылары үшін бекітілген 36 стандарт бойынша жүргізіледі. Нәтижелер шынайы және анық болуы үшін учаске бастықтары техникалық сарапшылар рөлін атқарады. Өнеркәсіптегі топ басшыларының, инженерлік құрамның және жұмысшы мамандықтардың құзыреттілігін бағалау туралы толық ақпарат ай сайын кен орны мен өндіріс директоратының басшылығына беріледі.

КПО-да құзыреттілік басқарудың жүйесінің тиімділігін арттыру жолындағы бағыттардың бірі ГКДҚ-3-те персонал мен жабдықты қорғайтын тосқауылдарды басқару Жобасын енгізу болды. FLBM шеңберінде кен орнының барлық өндірістік объектілерінде – ҚӨК, ГКДҚ-3, ГКДҚ-2, өнімді жинау жүйесі, ОТҚК-да қолданыстағы құзыреттілік стандарттарын талдау және оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, сондай-ақ ҚКЖ-1 жобасының персоналына арналған стандарттарды қоса алғанда, қосымша құзыреттілік стандарттары әзірленді.

Құзыреттерді басқару жүйесі шеңберінде кадрлық резервті дамыту және іссапарға жіберілген персоналға әкімшілік ету бөлімінде персоналды техникалық және мінез-құлық бағалау жүйесі жұмыс істейді. 2023 жылы құзыреттер бойынша 430-дан астам техникалық және мінез-құлық бағалаулары жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша жұмыскерлермен және олардың басшыларымен 447 жеке кері байланыс сессиялары ұсынылды. Техникалық құзыреттілік белгілі бір позицияларда талап етілетін нақты білім мен дағдыларды сипаттайды.

Сондай-ақ, жүйе шеңберінде 360 градус Бағалау әдісі жүргізіледі, ол қызметкерлердің жеке даму жоспарын анықтауға және қызметкер мен басшы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл процесс SAP жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Оқыту және кәсіби дайындық 

Персоналды оқыту 

Жыл сайын КПО келесі мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады:

  • Лауазымдық міндеттерді орындау шеңберінде жұмыскерлердің жеке құзыреттерін дамыту, өндірістік мақсаттарды орындауға, сондай-ақ жұмыскерлерді мансап тұрғысынан дамыту.
  • Қауіпті өндірістік нысандарда жұмыстарды орындау үшін міндетті білім мен дағдыларды алу. Оқыту бойынша міндеттемелер ҚР заңнамасымен, сондай-ақ Компанияның ережелерімен реттеледі.

2023 жылы Компанияның жергілікті қызметкерлерінің 97 % біліктілікті арттырудың, кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың түрлі бағдарламалары бойынша оқытулардан дан өтті, сондай-ақ онлайн семинарлар мен конференцияларға қатысты.

Бұдан басқа, 2023 жылы КПО өз қызметкерлерін арнайы халықаралық бағдарламалар (22-кестеде көрсетілген), тіл үйрету курстары, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша кәсіптік және міндетті курстар бойынша оқытуын жалғастырды.

22-кесте.2020–2023 жылдары халықаралық сертификатталған бағдарламалар шеңберінде оқытылған КПО жұмыскерлерінің саны

Бағдарламаның атауы

2020

2021

2022

2023

Газ, мұнай мен су бөлінген жағдайда ұңғыманы басқару/ұңғыманың қысымын қадағалау (IWCF)

13

61

46

59

Бұзбай сынау бойынша сертификаттау (NDT)

3

13

20

50

CIPS институтының (сатып алу және жеткізу саласындағы лицензияланған институт) халықаралық дипломы

10

13

19

19

OPITO стандарты бойынша төтенше жағдайда әрекет ету бойынша MEMIR курсы

 

17

17

11

Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы халықаралық сертификат (NEBOSH)

12

9

 

12

Сертификатталған ішкі аудитор (CIA)

3

 

 

4

Халықаралық қаржылық есептілік бойынша АССА сертификаты бойынша оқыту

3

2

 

3

Бизнесті ұйымдастыру магистрі (MBA)

1

1

1

6

API (Америкалық мұнай институты) техникалық стандарттары бойынша сертификаттау

6

10

9

8

Жобаны кәсіби басқару бойынша сертификаттау (PMP) ®

 

1

 

13

Экологиялық менеджмент саласындағы IEMA халықаралық сертификаты

 

1

1

 

ASME стандарттары сай зауыт инспекторы

 

 

23

17

Ұйым мен бизнестегі коучинг (ICF)

 

 

 

12

Сертификатталған оқыту бағдарламаларынан өткен қызметкерлердің жалпы саны

51

128

136

214

Ескертпе: 2020 жылы халықаралық сертификатталған бағдарламалар шеңберінде оқытылған КПО жұмыскерлер санының төмендеуі коронавирус пандемиясынан туындаған шектеулермен байланысты.

Оқыту бойынша статистика 

КПО жыл сайын өз персоналын, сонымен қатар мердігер ұйымдардың жұмыскерлерін де қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқытудан өткізеді.

2023 жылы 649 922 адам-сағат оқыту өткізілді (2022 жылы – 576 599 адам-сағат), оның ішінде 388 487 адам-сағат КПО қызметкерлеріне тиесілі (2022 жылы – 294 951 адам-сағат), оның ішінде азаматтық-құқықтық сәйкестік, киберқауіпсіздік және азаматтық қорғаныс тақырыптары бойынша хабардарлықты арттыруға бағытталған жалпы білім беру курстары. Оқытудың қалған 261,436 адам-сағаты мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша міндетті оқыту өткізуге жұмсалды (2022 жылы – 281,648 адам-сағат). 2023 жыл бойынша деректер жаңа онлайн оқыту курстарымен толықтырылды.

2023 жылы барлығы 26,854 адам оқытылды, оның ішінде 3,967 жұмыскер – КПО жұмыскерлері, ал 22,887 жұмыскер – мердігерлік ұйымдардың персоналы. Компаниядағы оқытулардың сағаттарының орташа саны 14-кестеде келтірілген.

14-cызба.Оқуды өтуге тағайындалған КПО жұмыскерлерінің 2023 жылы бір курсқа жұмсаған орташа сағат саны мен оның оқыту түрлері және олардың жынысы бойынша жіктелуі

Компания жұмыскерлері үшін 2023 жылы ұйымдастырылған оқыту 23-кестеде санат бойынша бөлініп келтірілген.

23-кесте.Обучение сотрудников по категориям, 2021 – 2023 гг

Санаты

2023

2022*

2021*

Адам саны

1 жұмыскерге берілетін сағат

Адам саны

1 жұмыскерге берілетін сағат

Адам саны

1 жұмыскерге берілетін сағат

1. Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары

11

13,89

0

0

2

4

2 Құрылымдық бөлімшелер жетекшілері

834

57,81

631

50,68

674

48,6

3 Мамандар

2 104

56,32

1 542

59,02

1809

47,15

4. Білікті мамандар

1 236

179,31

1 113

154,48

1 159

114,35

* Ескертпе: 2021–2022 жылдардағы статистика КПО кадрларында жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламада персоналды санаттауға сәйкес жұмыскерлер санаттарын келтіруге байланысты қайта есептелді.

КПО стипендиялық бағдарламалары және университеттермен серіктестік 

КПО өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жас кадрларды тарту үшін университеттермен өзара әрекеттесу бойынша жұмысын жүргізіп келеді.

Стипендиялық бағдарламалар 

Қазақстандық жұмыскерлер мен олардың балаларына арналған КПО стипендиялық бағдарламасы жұмыскерлерге өз біліктілігін арттыруға және қосымша кәсіптік білім алуға ынталандыратын елеулі құралдардың бірі болып табылады.

2023 жылы жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде Компанияның 11 қызметкеріне және жұмыскерлердің 30 баласына жалпы сомасы 41 млн теңгені құрайтын (85 417 АҚШ доллары) қаржы бөлінді.

15-cызба.КПО стипендиялық бағдарламасына қатысу динамикасы, 2013–2023 жылдар

Ескертпе: 2020–2021 жылдардағы стипендиялық бағдарламаға қатысушылар санының азаюы коронавирус пандемиясынан туындаған шектеулерге байланысты.

КПО-ның Қазақстандық ЖОО-мен серіктестігі

КПО Қазақстандағы 33 оқу орнымен ынтымақтасып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібіне арнап кәсіби кадрлар даярлауға өз үлесін қосады.

Халықаралық компанияда тәжірибеден өту студенттерге шын жұмысқа дайындалуға көмектеседі және қызметті әлемдік стандарттарға сәйкес бизнес-тәсілдермен танысуға көмектеседі. Оқу орнындағы теорияда алған білімдер мен кәсіпорында теориялық материалды тәжірибе жүзінде меңгеру арқылы студенттер қажетті құзыреттілікке қол жеткізеді және қызметті жүзеге асыруға дайындалады. Сондай-ақ, тәжірибеден өту студенттерге болашақ мансаптары туралы нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді

КПО компаниясында ЖОО-мен серіктестік шарттар негізінде Студенттік практика бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі.

2023 жылы 23 оқу орнынан келген 212 студент 17 мамандық бойынша КПО-ның әртүрлі бөлімдерінде өндірістік және диплом алды практикасын өтті. 2013–2023 жылдар аралығында студенттік практикадан өткен студенттер арасынан 213 адам жұмысқа алынды.

16-cызба.2016–2023 жылдар аралығында КПО-да студенттік практикадан өткен студенттер саны.

«КАЗЭНЕРДЖИ» қауымдастығы аясындағы білім беру гранттары

КПО Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, «НКОК Н.В.», «КПО Б.В.» және «KAZENERGY» қауымдастығы арасында 2015 жылдың 29 қыркүйегінде қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында білім беру гранттарына жыл сайын 500 мың АҚШ долларын бөліп отырады.

Әрбір оқу жылы бөлінетін қаражат есебінен төлеуге Үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиясының шешіміне сәйкес КПО Қазақстан Республикасының тиісті оқу орындарымен келісімдер жасайды және байқау іріктеуінен өткен студенттердің оқуын төлейді.

2023 жылы КПО Республиканың 16 университеттерінің 138 студентімен оқыту шартын жасады.

ЖОО түлектерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы 

ЖОО түлектерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының негізгі міндеті Қарашығанақ кен орнындағы объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қазақстандық ЖОО түлектерінің қатарынан кадр резервін құру болып табылады.

2008 жылдан бастап, Компания қосарлы білім беру бағдарламасының аясында OPITO мұнай-газ өнеркәсібіндегі оффшорлық компаниялардың персоналын оқыту жөніндегі британдық ұйымның стандарттарына негізделген өндіру операторы, техник-механик, техник-электрик және бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика жөніндегі техник мамандықтары бойынша кәсіби дайындық бағдарламасын жүзеге асырып келеді.

ЖАС МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 537 МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРУ ОПЕРАТОРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИК ОҚУДЫ СӘТТІ АЯҚТАП, ҚАЗІРГІ ТАҢДА КОМПАНИЯДА ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫР

Іріктеуден кейін үміткерлер теориялық әрі практикалық білім алып, халықаралық деңгейдегі оқытудан өтеді. Бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда тағылымгерлер Компанияның өндірістік объектілеріне жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастайды.

Оқыту бағдарламаларының бір артықшылығы – оқу модульдік форматта жүзеге асырылатын әдіснамаға сәйкес ұйымдастырылған. Мұндай тәсіл жұмыс орнындағы өндірістік мәселелерді шеше білуге бағытталған құзыреттер жиынтығын дамытуға мүмкіндік береді.

Жас мамандарды дайындау бағдарламасы КПО-да осы есеп шыққан сәттен 16 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Осы бағдарлама аясында 537-дан астам өндіру операторлары мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі техниктер дайындалды. Бүгінгі таңда олар компанияның өндірістік объектілерінде нәтижелі жұмыс істеуде.

2023 жылдың қаңтар және ақпан айларында өндіріс және техникалық қызмет көрсету бөліміне 2021 жылғы қабылданған 21 тағылымгер жұмысқа қабылданды.

2023 жылдың тамыз айында 2022 жылғы қабылданған 45 студент «техник-электрик», «БӨАмА технигі» және «өндіріс операторы» мамандықтары бойынша оқытудың теориялық бөлімін аяқтап, КПО өндіріс және техникалық қызмет көрсету бөліміне тәжірибелік тағылымдамадан өтуге жіберілді.

2023 жылдың 3 қазан күні КПО «техник-механик» және «БӨАмА технигі» мамандықтары бойынша осы бағдарламаға қатысу үшін тағылымгерлерді қабылдаудың кезекті процесін аяқтады. Іріктеу нәтижесінде 48 адам, ҚР жоғары және орта арнаулы оқу орындарының соңғы түлектері 10 айға созылатын оқытудың теориялық бөліміне кірісті. Одан әрі, тағылымгерлер өндіріс және техникалық қызмет көрсету бөліміне тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

2023 жылдың желтоқсан айында 10 студент геология, кен орнын игеру және ұңғымалық операциялар саласында білікті мамандарды даярлау үшін ENI Corporate University – мен бірлесіп өткізілген «Мұнай саласындағы инженерия бағыты бойынша дамыту бағдарламасын» сәтті аяқтады. Бағдарлама аяқталар кезде халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды және компанияның өндірістік бөлімдеріне тағылымдамадан өтуге жіберілді.

БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Қарашығанақ кен орнын игеру және пайдалану үшін мұнай саласының инженерлері мен техниктерден бастап бухгалтерлер мен логисттерге дейін мыңдаған білікті, жұмысына адал және талантты әртүрлі мамандық иелері болып табылатын жұмыскерлер қажет.

Жұмыскерлеріміз – біздің жетістігіміздің негізі. Акционер компаниялардың шетелдік тәжірибесін қабылдап, оны өз қызметінде қолдану арқылы, қажетті оқытулар ұйымдастырып және түрлі білім мекемелерін тарту арқылы Компания өзінің қазақстандық персоналының дамуына инвестиция салады.

КПО-ның кадрлық саясаты және жұмыскерлерімен еңбек қатынастары ҚР Еңбек кодексімен, ӨБТК ережелерімен және Мердігер комитетінің қарарларымен, Бірлесіп басқару туралы келісіммен, ұжымдық шарттармен реттеледі.