ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЫҚПАЛ

ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Қоршаған ортаны қорғау

Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз жетілдіруге қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін қолданамыз.

Осы мақсатта біз осы мәселелерді қызметтің маңызды түрлері ретінде қарастыра отырып, стандарттарды белгілеп, үздіксіз жетілдіруге бағытталған мақсаттарды қойып, шараларды қолданамыз, сонымен қатар бағалау жүргізіп, жұмыс нәтижелері туралы сыртқы тараптарға есеп береміз.

Біз қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін төмендету жолдарын үнемі іздеудеміз.

Климаттың өзгеруі және энергетикалық бетбұрыс

2023 жылы КПО компаниясы Өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісімінің (ӨБТК) күші аяқталғанға дейінгі мерзім ішінде әрекет ететін (2037 ж.) Экологиялық тұжырымдаманы әзірледі. Бұл тұжырымдама КПО Жасыл стратегиясы мен «КПО 365» бизнес-стратегиясының негізіне енді.

КПО Жасыл стратегиясы 2023 жылы елдік стратегиялық жоспарларға сәйкес әзірленді және өнім өндіру кезінде көміртегі ізін азайтудың жаһандық әлемдік үрдістерді ескереді.

КПО Жасыл стратегиясы бес (5) негізгі бағыттарды қамтиды: парниктік газдар (ПГ) эмиссияларының көлемін азайту, энергетикалық стратегия, офсеттік стратегия, қалдықтар мен су ресурстарын басқару.

  • Парниктік газдар эмиссияларын азайту
    КПО ең оңтайлы инженерлік шешімдерді бағалауды және ПГ эмиссияларын төмендетуге бағытталған зерттеулер жүргізуді жалғастыруда. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру бойынша шешімдер қабылданады. 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша парниктік газдардың эмиссияларын азайтудың жоспары жылуды біріктіру шараларын және жаңартылатын энергия көздерін, офсеттік жобаларды және басқа баламаларды дамыту бойынша зерттеулерді қамтиды.
  • Энергетикалық стратегия
    Энергетикалық стратегияның негізгі мақсаты парниктік газдар эмиссияларын азайту қажеттілігін, белгіленген нормативтерге сәйкестігін және ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді ескере отырып, КПО-ның ағымдағы және болашақ талаптарына, сондай-ақ Өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісіміне (ӨБТК) сәйкес экспорттық міндеттемелерге жауап беретін тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. 2023 жылы жоба тұжырымдамасын таңдау аяқталды; жұмыстарды Жобаларды жүзеге асыру директораты жалғастыруда.
  • Офсеттік стратегия
    Көміртекті офсеттік жобалар қысқа және орта мерзімді перспективада көміртексіздендіру процесінде маңызды рөл атқарады, өйткені басқа шешімдер қарқын алуда. Осы офсеттік стратегия арқылы КПО компаниясы оның парниктік газдардың эмиссияларын азайтуға бағытталған жобаларға қосымша, парниктік газдар эмиссияларына квоталардың жетіспеушілігін өтеуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге ниетті. 2023 жылы Батыс Қазақстан облысында офсеттік жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне бағалау жүргізілді және орнықты ауыл шаруашылығы мен қалдықтарды басқару саласында әлеуетті мүмкіндіктер анықталды.
  • Су ресурстарын басқару
    Су қауіпсіздігінің жаһандық және жергілікті қауіп-қатерлерін ескере отырып, КПО өндірістік объектілердің техникалық қажеттіліктері үшін қайта өңделген суды пайдалануды көбейту, суды үнемдейтін және цифрлық технологияларды енгізу арқылы су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды мақсат етіп отыр. Ақсай қаласындағы кәріз және тазарту құрылыстарын (КТҚ) жаңғырту жобасы техникалық судың ірі баламалы ұзақ мерзімді орнықты көздерінің бірі ретінде бағаланады. 2023 жылы бұл жоба тұжырымдаманы таңдау кезеңінен өтіп, жобаларды жүзеге асыру директоратына тапсырылды.
  • Қалдықтарды басқару
    2023 жылы КПО қалдықтарды басқару жүйесіне кешенді талдау жүргізді және қалдықтарды басқару тәжірибесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспардың іс-шаралары қалдықтардың түзілуін азайтуға, олардың қашықтыққа жылжытуын барынша азайтуға, сондай-ақ озық технологияларды енгізу есебінен барынша қайта өңдеуге және қайта пайдалануға бағытталған.
БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Климаттың өзгеруі – бүкіл мұнай-газ өнеркәсібі үшін басты сын-қатерлердің бірі. Заңнамалық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету және өзгермелі жаһандық энергетикалық жүйеде бәсекеге қабілеттілік пен тұрақтылықты сақтау үшін, КПО компаниясына климаттың өзгеру мәселесін шешуге және көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптықтың мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу маңызды.

2023 жылдағы маңызды оқиғалардың бірі, бұл Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі стратегиясының шығарылуы – бұл нөлдік деңгейдегі көміртегі шығарындылары бойынша өршіл мақсаттарды белгілейтін және елді көміртексіздендіру үшін қажетті негізгі түрлендірулерді анықтайтын құжат.