Күрделі жөндеу

КПО-ның күрделі жөндеу стратегиясы өндірісті оңтайландыруға және күрделі жөндеулер аралығын ұзарту мен күрделі жөндеу мерзімдерін қысқарту арқылы шығарындыларды азайтуға бағытталған. Осы міндетті іске асыру кезінде қауіпсіз, сенімді және үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету және де белгіленген нормалар мен талаптарды сақтау мәселелеріне көңіл бөлінеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, КПО объектілерінде жалпы өндірістік күрделі жөндеу әрбір үш жыл сайын жүргізіледі.

2023 жыл ішінде жабдыққа техникалық қызмет көрсету стратегиялары және нормативтік талаптарға сәйкестігі сияқты аралықтардың кезеңділігін айқындауға байланысты барлық аспектілерді қамтитын ауқымды техникалық шолу жүргізілді. Осы шолудың нәтижелері бойынша 2022 жылдан бастап 3 жылдан 4 жылға дейінгі кеңейтілген пайдалану аралығын енгізу мақұлданды. Осылайша, келесі күрделі жөндеу жұмыстары 2026 жылға жоспарланған.

2023 жылы жузеге асырылған күрделі жөндеу стратегиясы өткен жылдардың тәсіліне сәйкес келді. Әдетте, толық күрделі жөндеу – бұл көптеген техника мен жабдықтарды тарта отырып, КПО мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне айтарлықтай жүктеме түсіретін ауқымды жұмыс бағдарламасы. Мүмкіндігінше КПО компаниясы жекелеген өндірістік желілерді қысқа мерзімге тоқтатады, өйткені бұл толық күрделі жөндеу кезінде ең жоғары жүктемені барынша төмендетеді және өндірістік кешеннің барлық технологиялық желілерінде еңбекті қорғаумен және қатар орындалатын жұмыстармен байланысты тәуекелдерді азайтады.

2023 жыл ішінде УКПГ-3 «ішінара» тоқтату тәжірибесімен жөндеу және регламенттеу жұмыстары, сондай-ақ жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындау үшін барлық объектінің қысқа мерзімді тоқтатылуы жүргізілді. Жұмыстар мамырдан қыркүйекке дейін жүргізілді және E209 жылу алмастырғышын ауыстыруды, өндіру және техникалық қызмет көрсету қызметінің ағымдағы жұмыс бағдарламасын жүзеге асыруды, сондай-ақ шағын модификациялауларды енгізуді қамтыды.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 11 қыркүйекте Қарашығанақты кеңейту жобасының 5-ші газды айдау компрессорын іске қосуға дайындық шеңберінде ҚӨҚ-да қажетті технологиялық қосылуларды орындау мақсатында кен орнының барлық объектілері 24 сағатқа толық тоқтатылды: 2024 жылға жоспарланған 1А кезең (1А ҚКЖ).

ГКДҚ-2-де газды айдау компрессорларына техникалық қызмет көрсету бойынша жыл сайынғы жоспарлы жұмыс жүргізілді. 11 қыркүйек пен 30 қазан аралығында 360 C компрессорындағы құрғақ газ тығыздағыштарын ауыстыру, 360 A / B/D компрессорларындағы ППК жабдықтарын техникалық тексеру/қайта сертификаттау жұмыстары, сондай-ақ заңнамада көзделген міндетті регламенттік жұмыстар секілді жұмыстар жүргізілді.

КЕЛЕСІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН 2026 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН.

ШОЛУ

КПО компаниясы Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 км2-дан астам аумақты алып жатырған Қарашығанақ мұнай, газ конденсатты кен орнының (ҚМГКК) операторы болып табылады. Қарашығанақ – күрт континенталды климатты аймақта орналасқанына байланысты пайдалану шарттары күрделі бірегей кен орны. Кен орнының қор қалыңдығы 1 600 м-ді құрайды, әрі аса күрделі және ерекше болып табылатын үстіңгі қабаты 3 500 м. тереңдікте орналасқан. Өндірілген көмірсутектерінің құрамында 4,5 %-ға дейін улылығы жоғары күкіртті сутегі (H2S) және белгілі бір жағдайларда коррозиясы жоғары болуы мүмкін көмірқышқыл газы (CO2) бар.

Қарашығанақ кен орнындағы мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорын қайта есептеу туралы соңғы КПО есебінің бағалауы бойынша (ҚР қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның 17.11.2017 күнгі отырысында қабылданған), Қарашығанақта 13,6 млрд баррель сұйықтықтар мен 59,4 трлн. текше фут газ бар, оның ішінде сұйықтықтардың 15,5 % және газдың 14,5 %-на жуығы 2023 жылға дейін өндірілген.

КПО Компаниясы экономикалық кірісті тұрақты көбейтуге және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға едәуір қаражат салады. 1997 жылы Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге қол қойылғаннан бері 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша Қарашығанақ кен орнын игеруге жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 31,3 млрд АҚШ долларынан асты. 2023 жылдың соңында КПО ұжымында 4 080 адам еңбек етуде.