Жергілікті қауымдастықтар
ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Жергілікті қауымдастықтар
|
Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын аумақтағы аудан тұрғындарының жалпы әл-ауқатын жақсартуға тікелей немесе жанама үлесімізді арттыра отырып, тату көршілік қарым-қатынасты құрудамыз. Біз билік өкілдерімен, акционерлермен, бизнес серіктестермен және жұмыс орнымыздағы жергілікті қоғаммен тиімді, нәтижелі, бірлескен және сенімді қарым-қатынас құрамыз. Біз бизнес құпиялығы талаптарын сақтай отырып ашық, адал, турашыл болуға ұмтыламыз. |
КПО өндірістік қызметін жүргізу нәтижесіндегі жергілікті халыққа және өңірге теріс әсердің алдын алуды немесе мүлдем азайтуды көздейді. Жергілікті қоғамдастықтармен үнемі өзара қарым-қатынас құру арқылы Компания өзінің қатысуының жергілікті қауымдастықтар үшін мүмкін болатын артықшылықтарын қамтамасыз ету және олардың әл-ауқаты мен өсуін арттыру үшін жағдай жасау үшін жұмыс істейді.
Жергілікті халықпен қарым-қатынас бойынша қойылған міндеттер (26-кестеде берілген) негізінен Бөрлі ауданына қарасты үш ауылдық округте – Қарашығанақ кен орнының айналасындағы Приурал, Жарсуат және Успен ауылдарында, сонымен қатар Ақсай қаласында тұратын жергілікті халықты қолдауға бағытталған.
26-кесте.Жергілікті халықпен қарым-қатынас
2023 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2023 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2024 жылға қойылған міндеттер |
Мақұлданған бюджетке сәйкес 2020 жылға ауылдық округтерді дамытуға жәрдемдесу бағдарламасын орындау. |
Орындалды |
Зейнеткерлердің «Ақжайық» шипажайындағы демалысы, балалардың жазғы лагерьдегі демалысы жүзеге асырылды. Ауыл түлектеріне арналған стипендиялық бағдарлама сәтті жүзеге асырылуда. |
Бөлінген бюджетке сәйкес 2024 жылға арналған ауылдық округтерді дамытуға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде жоспарланған жобаларды іске асыру |
Дамытудың әлеуметтік және экологиялық аспектілері бойынша үш ауылдық округте 9 консультативтік кеңес отырысын өткізу |
Орындалды |
Үш ауылдық округте барлығы 14 консультативтік кеңес отырысы өткізілді. Консультативтік кеңестер отырысынан тыс кезде де ауылдық округтердің тұрғындарымен оларды қызықтырған сұрақтарға жауап беру үшін кездесулер өткізілді. |
Дамытудың әлеуметтік және экологиялық аспектілері бойынша үш ауылдық округте 9 консультативтік кеңес отырысын өткізу |
Халықтың шағымдары мен өтініштерін уақтылы қарау және жабу |
Орындалды |
Барлық келіп түскен шағымдар уақтылы қаралып жабылды |
Халықтың шағымдары мен өтініштерін қарау және олар бойынша тиісті жұмыстарды уақтылы атқару |
Әлеуметтік жауапкершілік бастамаларын жүзеге асыру үшін КПО халықаралық қаржы корпорациясының тиімділік стандарттарына негізделген саясаттарды, стандарттарды және процедураларды қолданады.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша жергілікті халықпен барынша тиімді диалог жүргізу мақсатында КПО құрамына компания қызметкерлері мен ауылдық округтердің өкілдері кіретін Консультативтік кеңестер отырысы түрінде кездесулер мен кеңестер өткізеді.
2023 ж. Приурал, Жарсуат және Успен ауылдық округтерінде Консультативтік кеңестің 14 отырысы өткізілді. Кездесулер барысында жергілікті тұрғындар КПО-ның 2022 жылға арналған жергілікті қауымдастықтарды дамытуға көмек көрсету бағдарламасы туралы, компанияның стипендиялық бағдарламасы бойынша Орал қ. университеттері мен колледждерінде білім алып жүрген ауылдық студенттердің жетістіктері жөнінде, сондай-ақ кен орнындағы экологиялық мониторинг туралы ақпарат алды.
2010–2023 жылдарда КПО стипендиялық бағдарлама барысында 20 жас жігіттер мен қыздар білім алып шықты.
Жергілікті халықты дамытуға жәрдемдесу бағдарламалары аясында КПО Бөрлі ауданы зейнеткерлеріне «Ақжайық» шипажайында демалуға 250 жолдама берді.
Сондай-ақ, 2023 жылы КПО қаржылай қолдауымен 74 бала Орал қаласындағы жазғы лагерде демалды. Жазғы лагерь бағдарламасы балаларға көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білуге, табиғатпен танысуға және жаңа достар табуға мүмкіндік беретін ойын-сауық, білім беру және спорттық іс-шаралар кешенін қамтиды.
Бұл бағдарламаны іске асырған жиырма жыл ішінде КПО жақын маңдағы елді мекендерден келген екі мың балаға демалыс ұсынды.
Шағымдар мен ұсыныстарды қарастыру
2023 жылы КПО ҚМГКК-ға іргелес жатқан ауылдық округтер тұрғындарынан жалпы саны 50 өтініш, соның ішінде газ иісіне байланысты 19 шағым болса, қалған 31 өтініш әртүрлі сипатта болды. Тұрғындарды әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдау бағдарында компанияның әлеуметтік бастамалары қызықтырды, көшірілген тұрғындар түсіндірме беруді сұрады.
Газ иісіне қатысты шағымдар бойынша өндірістік экологиялық бақылау тобы тексеріс жүргізді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде жабдықта ақаулар, ағып кетулер/шығарындылар немесе ШРК-дан асып кету фактілері анықталған жоқ. Келіп түскен шағымдар бойынша тұрғындарға кері байланыс берілді.
Көшірілген тұрғындардың жағдайын бақылау
2017 жылдың аяғында Березовка және Бестау ауылдарынан алғашқы тұрғындарды Аралтал шағын ауданына және Ақсай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге көшірген сәттен бастап Компания жыл сайын қоныстанған отбасылардың табыс көздерін қалпына келтіру барысын қадағалап отырады.
2018–2022 жж. аталған мониторинг аясында КПО Аралтал ауылындағы 100 жер үйді қоса алғанда, Ақсай қаласында көп қабатты үй тұрғындарына келесі іс-шараларды орындады:
- 2018–2019 жж. – Аралтал шағын ауданындағы 100 жер үй тұрғындары алаңдарын өңдеу үшін 11 600 тонна құнарлы жер қабаты берілді;
- 2018–2021 жж. – көшірілген тұрғындардың 800 өтініші КПО Өтініштер журналында тіркелді. Барлық мәселелер 2021 жылдың соңына дейін шешілді.
- 2019 ж. – КПО Ұлы Отан соғысының жауынгеріне арналған ескерткішті бұрынғы Березовка ауылынан Аралталға толық қайта құруға және көшіруге жәрдем көрсетті;
- 2020 ж. – COVID-19 пандемиясы кезінде КПО Бөрлі ауданы әкімдігі және Ақсай қаласы әкімімен бірлесіп, Аралталдағы 100 үйдің тұрғындарына азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды автодүкен арқылы жеткізді;
- 2020 жылдың мамырында ковид-19 пандемиясы кезінде жүргізілген мониторинг шеңберінде КПО тұрғындармен жұмыс жасау бөлімінің қызметкерлері қоныс аударған үй шаруашылықтарына бейресми телефон арқылы сауалнама жүргізді, оған Ақсай қаласындағы 10 ш/а № 24 және 25 үйлерде тұратын 226 отбасы және Аралтал кентіндегі 70 үй қатысты. Тұрғындарға қойылған сұрақтардың тізбесіне, егер қоныс аударғаннан кейін, жұмысқа орналастыру/зейнетақымен қамсыздандыру, табыс көздері, КПО-мен байланыс және т. б. болса, өмірдегі жақсартулар енгізілді. Тұрғындар КПО-ға Ұлы Отан соғысының сарбазына ескерткішті бұрынғы Березовка ауылынан Ақсайға ауыстыру туралы, мектептің және Аралталда 100 үйдің айналасына нөсерлік кәріз жүйесін орнату, сонымен қатар 10 ш/а № 24 және 25 көппәтерлі үйлердің аулаларын көгалдандыру туралы өтініш білдірді.
- 2020 ж. – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының әкімі көмегімен КПО көшірілген тұрғындар тұратын 5 және 10-шағын аудандардағы көп қабатты үйлердің аулаларын көгалдандыру үшін 150 ағаш көшеттерін жеткізді;
- 2020–2021 жж. – Березовка мен Бестау ауылдарынан көшірілген тұрғындар үшін Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының 10-шағын ауданындағы екі көп пәтерлі үй және 320 орындық балабақша, Аралтал шағын ауданындағы 100 жер үй мен 300 орындық мектеп құрылыстарының кепілдік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуы.
- 2022 ж. – Аралтал кентіндегі мектеп пен 100 тұрғын үйдің айналасына дренаж жүйесін орнату жобасы аяқталды; Березовка мен Бестау ауылдарын бұзу және жерді қалпына келтіру жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін мердігер компанияны таңдау бойынша тендер өткізілді. Біз бұл жобаның іске асырылуы туралы келесі тұрақты даму есебінде хабарлаймыз.
- 2023 жылы КПО бұзуға және кәдеге жаратудан кейінгі қалған объектілерді қарау үшін Березовка және Бестау қоныс аударған ауылдардың аумағына комиссиялық шығуды ұйымдастырды. Комиссия құрамына Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы билік органдарының, ЖСҚ, КПО және жергілікті тұрғындарды әзірлеген жобалау ұйымының өкілдері енгізілді. Кездесулер аясында комиссия мүшелері жергілікті ұйым өкілдерін және тұрғындарды жерді кәдеге жарату және жерді қалпына келтіруден кейінгі алдағы жобалық жұмыстар туралы хабардар етті.
Жерді бұзу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру жөнінде қоғамдық тыңдаулар
2023 жылы Бөрлі ауданы әкімдігі «АқсайГазСервис» жобалық ұйымымен және КПО-мен бірлесіп Березовка және Бестау ауылдарының қоныс аударған жерлерін пост-кәдеге жарату және жерлерін қалпына келтіру жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді. Тыңдауларға қоғам және шаруа қожалықтарының өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
Қоғамдық тыңдауларда мердігерлік жобалау ұйымының өкілдері қатысушыларға қандай жұмыс түрлері орындалатынын түсіндіре отырып, қатысушыларды жобалау жоспарымен таныстырды. Шаруа қожалықтарының өкілдерінде жобаның тапсырыс берушісіне жобаны орындау мерзімдеріне, қалдықтарды тасымалдауға, санитарлық-қорғау аймағындағы шектеулер мен ережелерге қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік болды.
Бұл жоба қоғамдық тыңдауларда орындауға қабылданды.
Жергілікті жағдайларды жақсырақ түсіну және олардың қажеттіліктерін ескеру мақсатында жергілікті қауымдастықтармен ынтымақтасу – КПО тұрақты даму кодексінің қағидаттарында көрсетілген.
Жергілікті билік органдарымен және халықпен тату көршілік қарым-қатынас пен сындарлы диалогты сақтау Компанияның Батыс Қазақстан аймағындағы өндірістік қызметіне қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Құрылыс жобаларын жүзеге асыру барысында КПО-ның Бөрлі ауданының жергілікті халқымен өзара әрекеттесуі Қарашығанақ кен орнындағы қызметіне байланысты туындайтын әлеуметтік және экологиялық қауіп-қатерлерді азайтуға тырысады.