ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮЛЕС

ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Жергілікті қауымдастықтар

Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын аумақтағы аудан тұрғындарының жалпы әл-ауқатын жақсартуға тікелей немесе жанама үлесімізді арттыра отырып, тату көршілік қарым-қатынасты құрудамыз.

Біз билік өкілдерімен, акционерлермен, бизнес серіктестермен және жұмыс орнымыздағы жергілікті қоғаммен тиімді, нәтижелі, бірлескен және сенімді қарым-қатынас құрамыз.

ІСКЕРЛІК ҚАҒИДА
Экономика

Біз қолданыстағы бәсекелестік туралы заңнама шеңберінде әділ және әдепті бәсекелестікке ұмтыламыз.

Жеткізілімдерді ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қарашығанақ кен орнын игеру Қазақстан үшін тек мұнай мен газ өндірісінен түсетін табыс пен салық қана емес, оның елге берері одан да көп. Бұл оң әсер тигізетін және аймақтың экономикалық дамуына ықпал ететін ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастар құру болып табылады.

Жергілікті жеткізушілермен және мердігерлермен бірлесіп жұмыс істеп, компания өңірдің және Қазақстанның жалпы экономикалық дамуына айтарлықтай қолдау көрсетеді.

2023 жылы 355 мердігерлермен және жеткізушілермен (олардың 89 %-ы – жергілікті компаниялар) келісімшарттар мен қосымша келісімдер жасалды.

2023 жылы КПО тауарларды жеткізу бойынша 0,17 млрд АҚШ долларынан жуық сомаға 172 келісімшарт пен оларға қосымшалар жасасып, қызмет көрсетуге шамамен 0,8 млрд АҚШ долларына астам сомаға 503 келісімшарт пен олардың қосымшаларына қол қойды.

КПО өз қызметінде Тәртіп кодексінде белгіленген бизнес-этика қағидаттарын, сондай-ақ барлық тиісті заңнамалық талаптар мен нормативтік ережелерді ұстанады. Осы орайда КПО өз жұмыстарына бизнесті жүргізуде жоғары стандарттарды ұстанатын, қызметтерін немесе тауарларын ұсынғанда өз персоналы мен активтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген этика, нормативтік-құқықтық сәйкестік және тұрақты даму стандарттарын сақтайтын жеткізушілер мен мердігерлерді тартуға бағытталған. Келісімшарт жасасудың және сатып алудың әр кезеңінде және келісімшарт аяқталғанға дейін жоғарыда көрсетілген негізгі қағидаттарға сәйкестік қадағаланып отырады.

ОСЫ ОРАЙДА КПО ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫНА БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУДЕ ЖОҒАРЫ СТАНДАРТТАРДЫ ҰСТАНАТЫН, ҚЫЗМЕТТЕРІН НЕМЕСЕ ТАУАРЛАРЫН ҰСЫНҒАНДА ӨЗ ПЕРСОНАЛЫ МЕН АКТИВТЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН, СОНДАЙ-АҚ БЕЛГІЛЕНГЕН ЭТИКА, НОРМАТИВТІКҚҰҚЫҚТЫҚ СӘЙКЕСТІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ СТАНДАРТТАРЫН САҚТАЙТЫН ЖЕТКІЗУШІЛЕР МЕН МЕРДІГЕРЛЕРДІ ТАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.

27-cызба.2020– 2023 жж. КПО жеткізушілері және мердігерлері
28-cызба.2020 – 2023 жж. келісімшарттар мен келісімшарттарға қосымшалар құны (млн АҚШ доллары)

КПО-мен келісімшарт жасасудың стандартты талаптары этика мен іскерлік тәжірибеге, жемқорлыққа қарсы күреске және мүдделер қақтығысына қатысты бірқатар ережелерді қамтиды. 2022 жылдан бастап мердігерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және өз жұмыскерлері үшін тұрақты әлеуметтік ортаны қамтамасыз ету мақсатында КПО мен мердігерлер арасындағы өндірістік қатынастар туралы ережелер қолданылады. Бұл туралы толығырақ «Өндірістік қатынастар» бөлімінде оқи аласыз.

КПО келісімшарттарының жалпы шарттары ҚР заңнамасының соңғы өзгертулері мен КПО талаптарын ескере отырып үнемі жаңартылып отырады.

Келісімшарттарға қатысты жұмыстар және сатып алулар заңнамаға және Қарашығанақ жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитеттің тендерлік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжат Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру аясында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру процесін реттейді.

Цифрлық құралдар келісімшарт жұмыстарында белсенді қолданылады. Тендер туралы ережелеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап КПО электронды тендер өтінімдерді қабылдайды, бұл тендер процестерді едәуір жеделдетті. Сонымен қатар, тендер туралы ережелері ерте тендерлер, сынама тапсырыстар, инвестициялар үшін келісімшарттар, мөлшерлемелерді шартты төмендету және қазақстандық тендерлерді өткізу арқылы жергілікті қамтуды дамытуға және Қазақстан Республикасында тауарларды өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған. 2023 жылдың соңында КПО электрондық сатып алу жүйесін жеткізуге, енгізуді қолдауға, сервистерді іске қосуға және оларға қызмет көрсетуге сәтті келісімшарт жасасты. Бұл КПО-ның сатып алу процесін цифрландыруға және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа жүйені енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуетті жеткізушілермен байланыс

КПО әлеуетті жеткізушілермен өзара әрекеттесудің әртүрлі мүмкіндіктерін пайдаланып, жергілікті компанияларға қойылатын талаптарға қатысты түсініктемелер береді.

Жергілікті әлеуетті мердігерлер мен жеткізушілердің бәсекеге қабілетті болуы үшін және олардың тендерден шығып қалу қаупін азайтуға көмектесу үшін КПО конкурс алдындағы өзара әрекеттесу сессияларын өткізеді, аталмыш сессиялар барысында конкурсқа қатысушылар КПО тендер талаптары бойынша нақты түсініктемелер, сондай-ақ жиналған практикалық тәжірибе туралы ақпарат алады.

Жергілікті өндірушілердің жеке дамуы және тауарлары, жұмыстары мен қызметтері халықаралық деңгейде танылған жеткізушілермен ынтымақтастығы да ынталандырылады. Қызметінің ашықтығын көрсете отырып, КПО жыл сайын сатып алу жоспарларын www.kpo.kz веб-сайтында жариялайды.

КПО тендерлеріне қатысуға қызығушылық танытушы әлеуетті жеткізушілерге КПО жеткізушілерінің дерекқорына тіркелуге және өздері туралы ақпаратты үнемі жаңартып отыруға (толығырақ КПО веб-сайтында жарияланған) немесе жеткізушілердің «АЛАШ» бірыңғай мәліметтер қоры арқылы тікелей тіркелуге кеңес беріледі. Тендерге рұқсат алу үшін әлеуетті қатысушылар КПО жеткізушілерді іздеу кезінде ескеретін материалдық-техникалық базасы және тиісті тәжірибесі туралы дұрыс әрі шынайы ақпарат ұсынуы керек.

КПО веб сайтында https://cp.kpo.kz/ сілтеме арқылы КПО-ның жауапты бөліміне жіберілетін тиісті тақырыпқа сұрақ қоюға болады. Бұл парақшада «жиі қойылатын сұрақтарға» жауаптар берілген қосымша бет бар.

КПО компаниясы «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «KazService» ассоциациациясы және мұнай-газ секторының басқа да ұйымдары немесе қауымдастықтары өткізетін іс-шараларға белсенді қатысады. Жергілікті қамту бойынша межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу КПО-ның Қазақстан Республикасы алдындағы басты міндеттемесі болып табылады.

БІЗ ҮШІН БҰЛ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

КПО-ның сатып алу процесі нарықтық бәсекенің шектеулігі, инфляция, құбылмалы айырбас бағамы, шикізат бағасының өсуі, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің белгілі бір санаттарын жеткізудің балама көздерін іздеу секілді экономикалық тәуекелдермен байланысты. Қатерлерді барынша азайту үшін КПО нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету және шарттық талаптардағы ықтимал экономикалық ауытқуларды және бұдан әрі сипатталған басқа да КПО-ның мүдделерін қорғау шаралардың орнын толтыратын түрлі тетіктерді қолдану арқылы техникалық тапсырмалар мен тендерлік талаптарды барынша ұтымды әрі ашық түрде әзірлеуге тырысады.