Әлеуметтік инфрақұрылымға қосылатын үлес

Өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісімнің (5-қосымша) шарттарына сәйкес КПО жыл сайын Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізбесі жыл сайын КПО және БҚО әкімдігімен келісіледі. БҚО әкімдігі бұл тізімді мемлекеттік басымдықтарға және Батыс Қазақстан облысы инфрақұрылымын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін, сонымен қатар өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамыту қажеттіліктеріне сәйкес дайындайды. Әрі қарай бұл тізімді КПО-ның басқару жөніндегі бірлескен комитеті бекітеді.

Мақұлданған күннен бастап КПО сатып алу процесін қоса алғанда, жоба толықтай аяқталғанға дейін және оны Қазақстан Республикасының теңгеріміне өткізгенге дейін оны басқарады. Жобаларды жыл аяғына дейін толық орындау мүмкін болмаса, игерілмеген қаржы келесі күнтізбелік жылға қалады. Барлық әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды Қазақстандық мердігерлер орындайды. 

2023 жылы 24 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде облыс аудандарындағы 15 мектеп, дене шынықтыру және сауықтыру кешендері (ДСК) және басқалары. Жыл соңында 18 жоба іске асырылды, оның ішінде облыс аудандарындағы 13 мектеп, Ақжайық ауданындағы екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, “Хан Ордасы” визит-орталығы, Орал қ. Шолохов негізгі көлік көшесін жөндеу. Сондай-ақ Ақсай қаласының орталық аудандық ауруханасына медициналық жабдықтар жеткізілді.

БҚО әкімдігімен бірлесіп іске асырылатын ауыл тұрғындарын заманауи білім беру мекемелерімен қамту бойынша жүйелі жоба шеңберінде КПО Батыс Қазақстан облысының: Магистральное ауылында, Абай ауылында, Үлкен Еңбек ауылында және Теректі ауданының Жайық ауылында, Атамекен ауылында және Ақжайық ауданының Жайық ауылында, Өркен ауылында, Жалын ауылында, Бәйтерек ауданының Жайық және Садовое ауылдарында, Жәнібек ауданының Ақоба ауылында, Қаратөбе ауданының Ханкөл және Соналы ауылдарында жаңа мектептердің құрылысын аяқтады.

Жаңа мектептер барлық заманауи талаптарға сай келеді және білім алуға барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Мектептер барлық қажетті құрал-жабдықтармен және оқу кабинеттерімен, соның ішінде акт залы, жеке душ және дәретханасы бар спорт залы, оқу кабинеттері, қазіргі заманға сай асхана және әкімшілік бөлмелермен толық жабдықталған. Мектептер заманауи оқу құрал-жабдықтарымен толық жабдықталған және толық аяқталған күйде тапсырылады. 

Сонымен қатар, 2023 жылы бұрынғы Березовка және Бестау ауылдары жерлерінің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жобасы әзірленді.

2023 жылы орындалған жобалар тізімі 56-кестеде берілген.

56-кесте.2023 жылы жүзеге асырылған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар

Саласы

Жоба атауы

Іс жүзінде жұмсалған қаражат (млн теңге*)

Іс жүзінде жұмсалған қаражат (млн АҚШ доллары)

Азаматтық құрылыс

БҚО Бәйтерек ауданы, Өркен ауылында 60 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

697

1,5

БҚО Қаратөбе ауданы, Соналы ауылында 60 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

685

1,5

БҚО Теректі ауданы, Абай ауылында 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

1 195

2,6

БҚО, Ақжайық ауданында (Тайпақ) 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

685

1,5

БҚО, Ақжайық ауданы, Жайық ауылында 60 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

706

1,6

БҚО Теректі ауданы, Үлкен Еңбек ауылында 60 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

730

1,6

БҚО Теректі ауданы, Магистральное ауылында 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

1 089

2,4

БҚО Теректі ауданы, Пойма ауылында 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

601

1,3

БҚО Ақжайық ауданы, Атамекен ауылында 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

1 165

2,5

БҚО Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылында 60 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

734

1,6

БҚО Бәйтерек ауданы, Жалын ауылында 54 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

830

1,8

БҚО Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

1 263

2,8

БҚО Бәйтерек ауданы, Жайық ауылында 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

1089

2,4

БҚО Бәйтерек ауданы, Садовое ауылында 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы

1 099

2,4

«Хан Ордасы» визит-орталығы ғимаратының құрылысы

646

1,4

БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылында 320 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

688

1,6

Жолдарды жөндеу

Орал қ. С. Датов көшесінен Х. Есенжанов көшесіне дейін Шолохов көшесі автожолын күрделі жөндеу

4 209

9,2

Шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесін жаңғырту

Ақсай қаласындағы орталық аудандық аурухананың жедел медициналық жәрдем бөлімшесін жаңғырту

1 156

2,8

 

БАРЛЫҒЫ:

19 267

42,5